Епископтар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жолдады

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстанда Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті, онда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің барлық католиктік епископтарының атынан құттықтауды мемлекет басшысына Алматыдағы Қасиетті Үштік епархиясының ординарийі ОАКЕК төрағасы епископ Хосе Луис Мумбиела-Сиерра жолдады.
президент Казахстана и Папа Римский

Ақ Ордаға жолдаған ресми хатында Орталық Азияның Католиктік Епископтары Конференциясының басшысы,  Қазақстаннан басқа тағы алты елдің атынан жаңадан сайланған президентке мынадай сөздермен құттықтау жіберген еді:

«Жоғары Мәртебелі,

Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза,

Орталық Азияның Католиктік Епископтары Конференциясының атынан Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтауымды білдіргім келеді.

Өз мансабыңыздың жолында Сіз Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтуға, нақты демократияны жетілдіруге, сондай-ақ халықаралық саладағы диалогты ілгерілетуге және біздің көпұлтты және көпконфессиялы республикамыздың халықтары бауырлас қатар өмір сүруіне деген мызғымас ұмтылысты көрсеттіңіз. Сіздің әділеттілік идеалдарына деген адалдығыңыз, әр адамның қадір-қасиетін құрметтеу мен өмірдің құндылығын мойындауыңыз күмән келтірмейді. Қазақстан халқы Сізге үлкен миссияны  және осы қиын кезеңдерде еліміздің тағдырын бағыттауды жалғастыруды жүктеді.

Сіз біздің қолдауымыз бен дұғаларымызға, сондай-ақ біздің пасторлық қызметіміздің ортақ игілікті, бейбітшілік пен келісімді құруға қосатын үлесіміне сенім арта аласыз деп сендіреміз, оны біз заңды түрде сайланған билікпен ынтымақтастықта,  құрметпен дамытамыз.

Сіздің қызметіңізді және бүкіл Қазақстан халқын Бейбітшілік Патшайымы Мәриямның шапағатына тапсырамыз».
Епископ Хосе Луис Мумбиела-Сиерра,Орталық Азия Католиктік Епископтары Конференциясының Төрағасы

Орталық Азияның Католиктік ақпараттық қызметі
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top