Қазақстан-Панама-Қазақстан

Казахстан-Панама-Казахстан

13 мың шақырым – бұл 2019-ның Панамадағы Дүниежүзілік жастар күнінде біздің елімізді және біздің шіркеуімізді таныстыру үшін қазақстандық жастардың жеңген қашықтығы. Құдай үшін мүмкін емес ештеңе жоқ.

27 қаңтарда жастардың Панамадағы Папамен кезекті XXXIV кездесуі аяқталды.

Үлкен қашықтыққа қарамастан, Дүниежүзілік жастар күніне Қазақстан атынан Алматы Епархиясының қызметшілері мен Польшадан келген миссионерлер біріге отырып, 14 адамнан тұратын шағын топ қатысты.

Папа Франциск Дүниежүзілік жастар күнін адамдар мен тілдердің керемет симфониясы деп атады. «Бір-бірімен кездесуден бақытты болған жастардың қолынан бірлесе желбіреген туларды көру – пайғамбарлық белгісі болды. Ол – қабырғалар тұрғызып, әлеммен, адамдармен кездесуден бас тартуды аңдыған ұлтшылдықтың қайғылы үрдісіне қарамастан жүріп келе жатқан белгі».

Қазақстан-Панама-Қазақстан

Панаманың күншуақты аспаны астындағы әртүрлі елдердің жастары 
XXXIV Дүниежүзілік Жастар Күнінің (бұдан әрі – ДЖК) ұраны Мәриямның Періштеге айтқан сөздері болды: «Мен Құдайдың Құлымын;Менде бәрі сен айтқандай болсын». Осылайша, бүкіл ДЖК Крест Жолы дұғасында айқын байқалған мариандық рухқа толы болды. Өз қалтасынан кішкентай Крест Жолын шығарып алып, Рим Папасы оны үнемі бірге алып жүретінін және бос уақыт болған кезде оны дұға ететінін айтты. «Сіздерге менің бұл сырымды ашуға рұқсат етіңіздер, – деді ол, – мен Крест Жолын өте жақсы көремін, себебі ол — Иса мен Мәриямның соңынан еру дегенді білдіреді».

Сонымен қатар, Рим Епископы жастардың бүгінгі қоғам үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, жастар «қабылдау бөлмесінде өз кезегін күтіп отырмау керек», өйткені олар Шіркеу мен әлем үшін «Құдайдың қазіргісі».

Сондай-ақ, Рим Папасы ересек адамдардың жас ұрпаққа жұмыс пен қоғамдағы өз орнын таба алатындай тиісті тәрбие мен білім беруінің маңыздылығына назар аударды.

Еске сала кетейік, 1986 жылы «Дүниежүзілік жастар күнін» тұрақты түрде атап өтуді ұсынған понтифик Иоанн Павел II жастардың Рим Папасымен кездесуінің бастамашысы болды. Содан бері ДЖК 2-3 жылда бір рет өткізіледі және әр уақытта әлемнің әртүрлі қалаларында өтеді. Бұл үлкен іс-шараның келесі өтетін орны Португалия болатыны белгілі.

Қазақстандық жастарының ДЖК аясында әр күнін қалай өткізгенін көбірек білу үшін Фейсбукта #ВДМ2019КАЗАХСТАНтегін және Вконтакте желісінде#ВДМ2019@catholickz.тегін басыңыз.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top