Құдайдың сүйікті қолөнер шебері – Маргарита Байс

Божья Рукодельница - Маргарита Байс

Рим Папасы Франциск Төтенше Миссионерлік айы уақытында 13 қазан күні 5 жаңа әулие(қасиетті) адамдардың есімін жария етті. Католиктер әуиелердің арасындағы қарым-қатынасқа сенеді,яғни Шіркеудің тірі мүшелері мен өмірдегі жолын аяқтаған мүшелерінің арасындағы байланысқа сенеді. Әулие адамдар саны бізге жария етілгеннен де көп,барлық қасиетті әулиелерді біз ана жақта,жолымыз болып жатса кезіктіреміз. Ал әзірге жер бетінде әулие екендігі жария етілгендермен таныс болайық. Бүгінгі жаңа есім- Маргарита Байс.

Маргарита Байстың өмір жолы Христос пен Құдай Анасының өмірімен тығыз байланысты. Маргарита 8 қыркүйек– Мәриям Бикенің туған күнінде, 1815 жылы,табиғаты сұлу  Ла-Пьерра мекенінде, Швейцарлық кантонның кішкентай ғана Фрибург  ауылында дүниеге келген.

Маргарита 16 жасында тігінші мамандығын игеріп алды,кейін ол оның өмір бойы айналысатын ісіне айналды. Маргарита өзінің арнайы міндетін Құдайға қызмет етуден тапты, алайда ол күйеуге де шыққан жоқ, діни серт те берген емес. Өмір сүруіне қажет тиын-тебенді бір үйден шығып,келесі үйге барып тігіншінің қызметін жасау арқылы тауып жүрді.

Францискандық-капуцин Карло Каллони әке– Маргарита Байсты канондаудың Бас Постулаторы, рухани жетекшілердің Маргаритаға монах әйел атанып,рухани жолды таңдауға кеңес бергенін айтады. Алайда Маргарита монастырьде тұрғаннан гөрі,қоғамда, отбасында, приходта болып,өзін Құдайға бағыштау әлдеқайда пайдалы деп есептеді. Қолы бос уақытында Маргарита катехизис ұстазы болып,және де отбасын құруға дайындалып жүрген жас әйелдерге көмектесумен айналысты. Жалғызбасты әйел отбасын құру туралы қайдан біледі? Карло әке бұның барлығын Маргарита Исамен терең әрі тығыз қарым-қатынасының арқасында біле алды дейді.

Ла-Пьеррадан шыққан тігінші ешкімнің назарын аударған жоқ. Ол ешкімге белгісіз әрі тыныш тіршілік етіп жатты. Бұл оның ниет – қалауы еді. Алайда Құдайдың қалауы басқаша еді. 1853 жылы Маргаритаға ауыр диагноз қойылды–ішек қатерлі ісігі. Сауығып кетуді тілеудің орнына Маргарита Мәриям Бикеден Исаның азаптарына оның азабының қосылуын сұрады. 1854 жылдың 8 қыркүйегінде,өзінің 39-шы туған күнінде, Папа Пий IX Бейкүнә ұрықталу туралы догманы жария еткен күні,Маргарита ғажап түрде ауруынан сауығып кетті.

Карло әкенің айтуынша, Маргаританың қатерлі ісігі сауығып кеткен күннен бастап, ол Христостың азаптарының жаршысына айналды. Әр жұма күні Маргарита Христостың азап шеккені тәрізді қиындықтарды басынан кешірді. Маргаритада стигматтар пайда болды.


Маргаританың денсаулығы жайлы Алекс Пегайтастың(Alex Pegaitaz) дәрігерлік қорытындысы бар.Медициналық тексеруге  35 жастағы, Булле қаласынан шыққан, өзінің скептик көзқарасымен және ғылыми тәсілдемесімен аты шыққан дәл осы дәрігер таңдап алынды. 1873 жылдың 11 сәуір күні сағат 3 шамасында Алекс дәрігер Ла-Пьерраға келді, дәрігерлік қорытындыда ол мынаны жазып қалдырды:

 «Бұл түсінуге қиын жағдай! Таң қалдырады! Мен стигматтар пайда болған адамның тылсым әрі қайран қаларлық жағдайын көріп тұрмын. Бұл ғылым шеңберіне сыймайды. Ғылым бұны түсіне алмайды және бұл құбылысты түсіндіре де алмайды». Маргаританың өмірінің соңғы 5 жылы өте ауыр өтті. Оның замандасы– диакон Франсуа Менетри Маргарита өмірінің соңында тек қана қасиетті Еухаристия арқылы өмір сүрді дейді.

Тағы бір ерекше оқиғаны бізге Филле-Дьё аббатығынан шыққан Лутгард Фазель әпке,Маргаританың немере жиендерінің бірі айтып берді. Бұл оқиғаны оған Джин ата жеткізген:

 «Мен саған бұрын ешкімге айтпаған нәрсені айтайын деп отырмын. Маргарита соңғы рет ауырған кезінде түні бойы Қасиетті Еухаристияны аңсады,біз тырысқанмен,оның тілегін орындай алмадық. Ақыры Құдай Өзінің сүйікті тыңдаушысына аяушылық танытты. Періште келіп, қасиетті Еухаристияны әкеліп берді. Мен бұны өз көзіммен көрдім және өз көзіме өзім сенбедім»

Маргарита Исаның Аса Қасиетті Жүрегі мерекесінде, 1879 жылдың 27 маусымында қайтыс болды. Маргарита Байсты 1995 жылы әулие Иоанн Павел II рақымға бөленгендер қатарына қосты.

Карло әке канондау үрдісінің аяқталуына (қасиетті деп жариялау)әкелген ғажайып туралы әңгімелейді. Екі жасар кішкентай қыз салмағы 850 келі тартатын трактордың астына құлап түскен. Дөңгелек сәбидің бүкіл денесінен жүріп өткен,алайда ол аман қалды. Баланы қараған ауруханадағы дәрігерлер қыздың сап-сау екендігінен басқа ештеңе айта алмады. Ғажайып сәбидің атасының дұғасы арқылы орындалған. Маргаританың ауылдасы болып табылатын ата,рақымға бөленген Маргаритадан немересі үшін дұға жасаған.

Осылайша Швейцариялық жай ғана тігінші Маргарита Байс Құдайға қызмет ету арқылы, еңбекқорлығымен және махаббатымен өз өмірін толықтай Құдайға бағышталған өмірге айналдырды,қазіргі күнде де жұмақтан қызмет етіп, жебеушілік сұраған жандарға көмек беруде.   

Алексей Готовский
Аударған: Таупикова Раушан

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top