Өмірдің қызықты, тосын сыйларға толы екендігіне әрбір адам өз үлгісінде көз жеткізеді. Бірақ мұндай тосын сыйлардың кейбір оқиғалары күшті әсер қалдырады. Біздің циклдің кейіпкері – Патрик Милан Напал бір кездері ол қазір қай жерде, неге және қалай болатынын елестете алмаған. 2 сәуірде оны маңызды оқиға күтуде – пірадарлар қатарына кіру. Осы аптада қарапайым филиппин баласынан қазақстандық дьякон, ал біздің циклдың соңында – пірадарлыққа дейін өткен жолы туралы айтатын боламыз.
1-бөлім. Филиппин елі
Филиппин елі… сондай алыс және азиялық ел екеніне қарамастан, Қазақстанмен салыстырғанда, ол басқа ел. Негізінде онда католиктер тұрады. Өз отбасыңыз туралы айтып берсеңіз.
– Мен бірнеше ұрпақта католиктік болған отбасында тәрбиелендім. Менің туыстарымның арасында пірадарлар, монахтар мен монах әйелдері көп болды. Сондықтан бір жағынан, менің пірадарлық жолына тұрғаным да таңқаларлық жағдай емес шығар. Бала кезімде және жасөспірім бола тұра, мен Құдайға қызмет ету уақытында министрант ретінде қызмет еттім. Кейін мектепте сабақ беріп, катехизатор болып жұмыс істедім.
– Мұндай діни жағдайда, Құдайдың пірадар ретінде қызмет етуге шақыруын естігенді түсіну қиын болуы мүмкін. Бұл Сізбен қалай болды?
– Бұл қандай таңқаларлық болмасын, мен оны алғаш рет 5 жасымда естідім.Әрине, ол кезде мен бұл шақыру екенін түсінбедім. Тек қазір мен сол уақыттың оқиғаларын еске түсіргенде, осы болғанын түсінемін. Бір күні, біз ата-анаммен және әпкеммен бірге Месса рәсімінде болған кезде, менің жүрегімде «Сенің менімен бірге болғаныңды қалаймын” деп айтқан дауыс естілді. Мен сол кезде кішкентай бала болсам да, пірадар болатынымды түсіндім, өйткені Месса рәсімінде қызмет еткен пірадарға қарап, бөзімді оның орнына қойып, Месса рәсімінде қызмет ететінімді сездім және анық көзіме елестеттім. Ал кейін министрант болған кезде мен өзімді пірадар ретінде сезіндім, өйткені Филиппиндегі министранттардың киімі діни пірадардың киіміне өте ұқсас.
– Бірақ монастырьде де сіз өте ерте болдыңыз. Сіздің діншілдікке деген жолыңыз басталған монастырьден Сіз басқа жерге көштіңіз. Бұл осы жолға ерте қадам басуға байланысты емес пе?
– Шынында да, мен монастырьге небәрі 16 жасымда келдім. Ал монастырьден кетуі себебім де жартылай осыған байланысты. Өйткені мен нақты осы монастырьден кетпедім. Бірінші қауым мен үшін емес еді. Бірақ мен оларға қазір кім екенім үшін, менің монахтық өмірімнің алғашқы 7 жылы үшін, формация үшін өте ризамын. Осының бәрін мен олардан алдым. Менің кетуім ешқандай арнайы міндетім жоқ дегенді білдірмейді. Тек сол уақытта мен кетуім керек екенін сездім. Мен нақты бір жерден кетпедім, бірақ әйтеу бір жерге кеттім. Мен монастырьге келгенде, бәрі менің өте жас екенімді айтты. Мен өзімнің монах болуым Құдайдың еркі екенін тексергім келді, сондықтан кетуге рұқсат сұрадым да, кетіп қалдым.
– Монастырьден тыс өмір сүру тәжірибесі қандай болды?
– Мен отбасыма көмектесу үшін көп жұмыс істедім, өйткені мен кедей отбасынан шықтым. Күндіз итальян тілінен сабақ бердім, ал түнде байланыс орталығында жұмыс істедім, онда әлемнің әртүрлі елдерінің тұрғындары компанияның өнімдері туралы ақпарат алу үшін қоңырау шалатын. Мен монастырьден үш жылға кетіп қалдым. Әрине, мен монахтар сияқты өмір сүруге үйрендім. Бірақ жаңа тәжірибе өте қызықты болды. Мен түнде жұмыс істеген жерде рухани жағынан әлсіз жастар көп болды. Барлығы менің монах екенімді білетін. Менің жұмыс орным болған шағын бұрыш үнемі бос болмайтын. Жұмысымның әрбір үзілісінде адамдар маған жазба қалдырып кететін. Менімен сөйлесуге тілек білдіргендер көп болғаны сонша, қашан және кімнің келуі керектігін жазып алуға тура келді. Сол кезде мен біздің жастарымыз біраз жабайы болғанын түсіндім. Олардың қалай сөйлескендері және қандай нәрселер туралы айтып бергендері мені қатты қорқытты: олардың тілі, ретсіз жыныстық қатынас туралы әңгімелері. Кенеттен мен осы жерде өз-өзімді таптым. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды, өйткені кеңседегі менің шағын жұмыс орным адамдармен рухани әңгімелесуге арналған кабинет болды. Ал мен монастырьды тастап кеттім деп ойлаған кезде, мен монастырьдағы адамдардың қызметін еске салатын процесске жақын жүрдім. Мұндай әңгімелерге мұқтаж жастар саны қанша болғанын қазір тіпті елестету қиын.
– Демек, Сіз өзіңізді жастарға қызмет ету арқылы таптыңыз ба?
– Жоқ, тек қана ол арқылы емес. Жексенбі күндері мен ақыл-есі кем адамдарға арналған ауруханада жұмыс істедім. Мен монастырьден тыс өмір сүрген кезімде, “Қайырымдылық қызметшілері” деп аталатын шағын топты құрдым, онда екі ер адам мен үш әйел болды. Епископтың рұқсатымен біз адамдарға, балаларға көмектестік. Біз кедейлерді және аш адамдарды азықтандыру үшін жалақымыздан ақша жинадық. Олар сондай-ақ ауруханада жұмыс істеді, онда санитар ретінде көмектесіп, өзіне қызмет ете алмайтын адамдарды жуындырды. Бұл өте жемісті уақыт еді. Онда біз науқастармен бірге Қасиетті Месса рәсіміне қатысқанбыз.Бір өте әсерлі сәт болды. Біз Рождество мерекесін өз отбасымызбен емес, осы ауруханада болған адамдармен атап өтуді жөн көрдік, себебі олардың отбасылары жоқ еді. Біз «біздің Әкеміз» деп дұға жасаған кезде, ал Филиппиндегі осы дұға кезінде дәстүрлі түрде адамдар бір-бірінің қолдарын ұстап тұру керек, мен кенеттен бұл шынымен есі ауысқан адамдар менің ағаларым мен апа-сіңлілерім екенін, және біздің ортақ Әкеміз бар екенін түсіндім. Дәл сол сәтте мен діни өмірге қайта оралуды шештім.
Бұл шешім Патрикті Ресейге қалай әкелгені туралы осында оқуға болады.