Дінаралық диалогты дамыту аясындағы тарихи қадам

Исторический шаг в рамках развития межрелигиозного диалога

Папа Франциск пен Бас имам әл-Азхар Ахмад әл-Тайеб қол қойған «Дүние жүзіндегі бейбітшілік пен ортақ өмірге шақыратын адам бауырластығы туралы құжаттағы» постулаттар  көптеген әлемдік көшбасшылар әрекеттерінң бастапқы нүктесі болуы мүмкін.

Папаның тарихта тұнғыш рет бұл елге жасаған сапары болғандықтан және осы сапар аясында көп маңызды мәселелердің талқылануы мен  шешілуіне байланысты Рим Папасы Францисктің Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған сапарына үлкен назар аударылды. 4 ақпан күні Папа Франциск пен Бас имам әл-Азхар Ахмад әл-Тайеб қол қойған және шетел БАҚ-тарында «революциялық» деп аталған «Дүние жүзіндегі бейбітшілік пен ортақ өмірге шақыратын адам бауырластығы туралы құжаттың» маңызы өте зор.

Өкінішке орай, бұл құжат осы тілде сөйлейтін елдер үшін өте маңызды болса да, әзірге оның орыс тілінде ресми аудармасы жоқ. Аударма – бұл тек уақыт мәселесі. Оның ағылшын тіліндегі нұсқасымен танысуға ешкім кедергі жасамайды. Мәтін бойынша байқалатын негізгі ұстаным кұжаттың кіріспесінен бастап көрсетілген: «Сенім сенушіні өзінің басқа бауырластарына қолдау көрсету мен жақсы көруге бағыттайды». Әрине, бұл жерде сөз тек қана бізбен бірдей дінге жататын адамдар туралы ғана емес, сонымен қатар барлық «басқа» адамдар туралы айтылған.

Авторлар барлық мейірімділік жасайтын адамдарды әлемдік саясат пен экономикаға жауапты әлемдік көшбасшыларды Құдай үшін, жазықсыз адам өмірі, кедейлер, зәбірленушілер, жетімдер, жесірлерді қорғау, бауырластық, еркіндік, әділеттілік үшін «толеранттылық мәдениетін және бейбітшілікте бірге өмір сүруді» таратуға, ал әлемнің барлық бұрышындағы зиялы қауым, философтар, діни қайраткерлер, бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдениет қызметкерлерін діни және адамгершілік жауапкершілікке негізделген, бейбітшілік пен әділдік құндылықтарын қайта ашу, мейірімділік, сұлулық, адамдық бауырластық және бірге өмір сүру – бұл құндылықтарды барлығының құтқарылуға арналған зәкірлер ретінде маңыздылығын растау және оларды барлық жерде ілгерілетуге шақырады. 

Бұл құжат дінаралық үйлесімділік мәселесіне қатысты барлық маңызды жағдайларды, сондай-ақ жалпы адамның өмірін қамтиды. Діни экстремизм мен терроризмнің дінге еш қатысы жоқ екеніне ерекше көңіл бөлінеді, өйткені олар әр діннің ішінде жатқан негіздерге сәйкес келмейді және олар шын мәнінде «тәуелділіктің және жеке немесе ұжымдық өзін-өзі жоюдың формалары» болып табылады. Құжатта мұндай идеялардың таралуы «бөлік-бөлігімен жүретін үшінші дүниежүзілік соғыс» белгісі деп саналатыны туралы айтылған. Өйткені жәбірленушілердің, жесірлердің және жетім балалардың, осы іс-әрекеттерге ұшырағандардың саны белгісіз. Сондықтан «террористік қозғалыстарды қолдауды тоқтату керек»… Осының бәрі халықаралық қауіпсіздікке және әлемдегі бейбітшілікке қауіп төндіретін қылмыс ретінде қарастырылуы керек».

Сондай-ақ, «діндер ешқашан соғыс, жек көрушілік, қастық және экстремизмге бастамашылық жасамау керек, және олар зорлық-зомбылық пен қан төгуге мәжбүр болмау керек» екеніне назар аударылған. Діни көшбасшылар «барлық қызығушылық танытқан партияларға діндерді жек көрушілікті, зорлық-зомбылықты, экстремизмді және соқыр фанатизмді ынталандыруға тыйым салуды және кісі өлтіру, қуғын-сүргін, терроризм мен қысымшылық әрекеттерін ақтау үшін Құдайдың есімін қолданудан аулақ болуға шақырады».

Сонымен қатар, саны аз ауқатты адамдар «жалпы жер халқына зақым келтіру» арқылы  пайданың көзін өзіне қалдыруы,табиғи ресурстардың ақылсыз және әділетсіз таралуынан туындаған апатты дағдарыстың құрбандары болған миллиондаған балалардың қайыршылықтан және аштықтан қайтыс болу мәселесінде «халықаралық деңгейде қолайсыз үнсіздік» бар екеніне назар аударылды, бұл өз кезегінде кедейлер санының көбеюіне әкеледі.

Құжатта «отбасына жасалған шабуыл, оның жеккөрінішпен қабылдануы немесе оның рөлінің маңыздылығына күмәндану» дәуірдің ең маңызды қауіптерінің бірі болып табылады, сондай-ақ Құдайдың бізге берген ең құнды, адам өміріне қауіп төндіреді» делінген. «Әрине, әр адам оған сый ретінде берілген өмірді басынан бастап аяғына дейін қорғауға тиіс. Сондықтан біз геноцид, террорлық актілер, мәжбүрлеп қоныс аудару, адам саудасы, түсік жасату және эвтаназия сияқты өмірге қауіп төндіретін барлық тәжірибені айыптаймыз», – деп декларацияда айтылған.

Осы құжатқа қол қойған діни көшбасшылар «шынайы діни ілімдер бізді әлем құндылықтарына негіздейді, өзара түсіністік, адамдық бауырластық пен үйлесімді өмір сүруге жетелейді» деп есептейді. Олар «диалог, өзара түсіністік пен толеранттылық мәдениетін кеңінен тарату, басқаларды қабылдау және бейбітшілікте өмір сүру көптеген экономикалық, әлеуметтік, саяси және экологиялық мәселелерді азайтуға  ықпал ететін болады…» деп санайды.

Құжатта ұлттық, нәсілдік, жыныстық немесе діни көзқарастарына қарамастан, барлық азаматтардың теңдігін сақтау қажеттілігі атап өтілген. Сонымен қатар, діни және әлеуметтік міндет болып табылатын «балалардың отбасылық ортада тәрбиелену, тамақтану, білім мен қолдау алу басты құқығы…» және «қарттар, әлсіздер, мүгедектер мен жәбірленушілердің құқықтарын қорғау» туралы айтылды. 

Осы құжаттың бастамашылары адам бауырластығы жөніндегі Жаһандық конференция шеңберінде қол қойылған бұл құжаттың кең таралануын, талданылуын және зерттелуін қалайды. Бұл жұмыс барысында барлық елдердің тұрғындары, әсіресе дінаралық диалог символы болып табылатын Қазақстанның тұрғындарының қатысқаны аса маңызды. Өйткені дәл осы жерде былтыр Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтті. Соңғы конгресстің қорытындысы бойынша декларацияда қатысушылар «әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету және жеккөрушілік пен төзімсіздікпен туындаған зорлық-зомбылық оқиғаларын болдырмау үшін белсенді күш-жігер жұмсауына толық қатысуға дайын» екенін мәлімдеді. Осы декларацияның көптеген ережелері «Дүние жүзіндегі бейбітшілік пен ортақ өмірге шақыратын адам бауырластығы туралы құжатпен» сәйкес келеді. Сондай-ақ, барлық қоғам мен халықтарға қөмек көрсету, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, саясаткерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарын «лаңкестікті дінге жатқызу тәжірибесін тастауға» шақыру туралы, жақында католик және мұсылман  көшбасшылары қол қойған құжатында көрсетілген басқа да ережелер туралы айтылған.

Фото мұқабалар: https://www.philstar.com сайтынан алынған.

Католическая информационная служба Казахстана

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top