Евангелиені тарату Конгрегациясы Префектісінің Қазақстан және Орта Азияны Бейбітшілік Патшайымы Мәриямға бағыштауының 25-жылдың мерейтойына арналған хабарламасы
Аса жоғары мәртебелі Хосе Луис Мумбиела Сиерра
Қазақстан Католик Епископтары Конференциясының Төрағасы
Сіздің Аса Жоғары Мәртебеңіз,
Қазақстан және Орта Азияның Мәриям Бейбітшілік Патшайымына бағышталуына 25 жыл толу уақытына жақындаған сайын, мен Қазақстандағы шіркеуге қосылып, осы жылдар аралығында берілген рақым мен игіліктер үшін Құдайға және Бейбітшілік Патшайымына алғыс айтқым келеді. Сіз арқылы Қазақстандағы Католиктік қауымға рухани жақындығымды білдіруге ниеттімін.
Бұл 25 жыл ұзаққа созылған келеңсіз кезеңнен кейін, Құдайдың адамдары жергілікті шіркеуді қайта қалпына келтіруге жұмсалған маңызды жылдар екені күмәнсіз. Рақымға толы Мәриям Бикенің аналық дұғасы және Оған сенім арту арқылы сіздер шынайы бостандық пен бейбітшілікті сыйлайтын Евангелиенің куәсі болдыңыздар. Мен Ізгі Хабарды Қазақстан халқына,әсіресе жарлылар мен қорлық көргендерге жеткізу үшін аямай күш жұмсаған Қазақстан Шрікеуін атап өткім келеді. Сонымен қатар 25 жылдық меже жаңаруға бағытталған қадамды білдіреді. Осыған орай мен барлық сенушілерді Қасиетті Иоанн Павел II –нің сөздерін есте сақтап ой түюге шақырамын: «Біз бауырымызға жасай алатын ең жақсы қызмет ол-евангелиені жеткізу, ол оған өмір сүруге, Құдайдың баласы ретінде әрекет етуге көмектеседі, әділетсіздіктен азат етіп, оның жалпы дамуына ықпал етеді» (Redemptoris Missio, 58).
Бейбітшілік Патшайымына дұға етіп, Қазақстандағы Құдай халқының сенімінің, Шіркеуге деген махаббатының , қарым-қатынас байланысының нығаюын және миссионерлік жалынының арта түсуін тілеймін,және де шын жүректен Құдай халқы үшін,әсіресе,Қазақстан жастары үшін ерекше рақым сұраймын.
Кардинал Луис Антонио Гоким Тагле
Ватикан Қаласы, 2 наурыз 2020 жыл