Католиктерге футбол не үшін қажет?

Зачем католикам футбол?

Астаналық “Құдай Анасының қалтқысыз көмегі” шіркеуінің негізінде әулие Владислав Буковинский атындағы футбол командасы өз жұмысын бастады. Осындай атаумен және жаңа мақсаттармен бұл жаңа жоба ретінде болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде, бұл он жыл бұрын іске асырылған істі қайта жаңарту.                                    

Көптеген жылдар бойы шіркеу аумағында орналасқан футбол алаңы шынымен бос болып қалған еді. Тек анда-cанда  келген қонақтар допты соғуға шығып жүрді. Ал осыдан он жыл бұрын, Астанадағы Әулие Мәриям Архиепархиясының барлық шіркеулерінен келген министранттар командасы осы алаңда өткен жарыстарда жеңімпаздар кубогы үшін күрескен еді.

Ал кеше, Қасиетті Месса рәсімінен кейін, қайтадан бутсылардың  топыры,  айқай,  дауыстар тағы да естілді: не доптың кенеттен тыныс алу түтігіне тигенінен, не кездейсоқ соққылардан, немесе мүмкін, қарсыластың тебісі немесе соғылған голдың жетістігінің қуанышы.                                                                         

Католиктерге футбол не үшін қажет?
Католиктерге футбол не үшін қажет?

Футбол командасы өз жұмысын екі топ санатындағы 6-8 жастағы және 9-12 жастағы балалар үшін тұрақты негізде бастады. Бұл жобаның мақсатты аудиториясы – шіркеуге баратын жас жігіттер мен ұлдар ғана емес, сондай-ақ қолайсыз және аз қамтылған отбасылардың балалары. Осы команданың негізгі мақсаты оларды футбол ойнауды үйрету емес, ата-ана назарынан айырылған балалардың дұрыс қоғамға енуін қамтамасыз ету және олардың тиісті тәрбиесіне қамқорлық жасау.                                                  

Католиктерге футбол не үшін қажет?
Католиктерге футбол не үшін қажет?

Сабақты “Астана” футбол клубының жаттықтырушы-тәрбиешісі өткізеді, сондықтан бұл жобаның болашағы өте зор. Команда жұмысын тез ұйымдастыруға көмектесетін базасы бар: футбол алаңы, киім ауыстыруға арналған күрке, спорттық костюмдер. Жобаға «Каритас Астаны» демеушілік етеді, сонымен қатар Қазақстан мен шет елдерден келген жеке қайырымдылықтар, соның ішінде команда қатысушыларының ата-аналары да бар.                         

Католиктерге футбол не үшін қажет?

Болашақта бұл жоба жергілікті приход деңгейінде ғана емес, сонымен қатар епархия мен епархияаралық деңгейде де жүзеге асырылады. Команда құрудың бастамашысы ҚКЕК баспасөз хатшысы  Петр Пытлованы әке және бұл идеяны Нұр-Сұлтан қаласындағы приходтың басшысы Луциан Поцалунь әке қолдады. Жазғы мектеп демалысының соңында министранттар мен  министрантқа үміткерлер арасында футбол бойынша жарыстар өткізу жоспарлануда.                                 

Католиктерге футбол не үшін қажет?
Католиктерге футбол не үшін қажет?

Кез-келген әлеуметтік жоба сияқты, әулие Владислав Буковинский атындағы футбол командасы қамқор адамдардан дұға және материалдық қолдауды қажет етеді. Егер сіз материалды соңына дейін оқып шыққан болсаңыз, онда сіз солардың қатарындасыз. Ал егер сіз өзіңіз командаға қосылғыңыз келсе, әр сенбі және жексенбі күндері сағат 14.00-де Нұр-Сұлтан кафедралық соборының аумағында сізді футбол алаңы мен жаттықтырушы күтеді.                                               

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top