Ғибадат сапары – бұл әртүрлі діндер үшін дәстүрлі деп санауға болатын іс-шара. Мұсылмандар ғибадат сапарына (қажылыққа)Меккеге барады, православиеліктер өздерінің аса қасиетті жерлеріне, католиктер өздерінікіне барады. Кейде адамдар қасиетті жерлер мен реликвияларға бармайды, ал реликвиялар өздері ғибадат сапарын жасайды. Діни ортада кең таралуына қарамастан, көптеген діндар адамдар ғибадат сапарына қатыспаған және оның не екенін біле бермейді.
Ғибадат сапар – белгілі бір мақсатпен және белгілі бір жерге сапар шегу. Католик мәдениетінде ондаған, тіпті жүздеген жылдар бойы ғибадат сапарының объектілері болып табылатын көптеген орындар бар. Иерусалим, Рим, Фатима, Лурд… Бұл тізімді жалғастыруға және жалғастыра беруге болады. Бірақ тоқтатқан дұрыс, өйткені оны аяқтау мүмкін емес. Шынында да, әлемге әйгілі ғибадат сапары орталықтарынан басқа, әрбір елдің өзінің орталықтары бар. Қазақстан да одан кенде емес.
Бұл жердегі ғибадат сапарының маңызды объекті – Озерное ауылындағы Бейбітшілік Патшайымы Мәриямның Ұлттық Ғибадатханасы болып табылады. Бір жыл ішінде бұл жерге көптеген адамдар барады, бірақ санктуарийға топтық ғибадат сапарын өткізу дәстүрі бар. Мысалы, науқастардың Озерноеға жасайтын дәстүрлі ғибадат сапары бар. Сондай-ақ, жастарға осы кездесуге келу үшін ғибадат сапары деп санауға болатын қиын жолдан өтуге тура келеді. Сонымен қатар, соңғы жылдары Келлеровка ауылынан Озерное ауылына жасалатын ғибадат сапар дәстүрге айналды, ол 6 шілдеде атап өтілетін Бейбітшілік Патшайымы Мәриямның 25 маусымдағы мерекесі күні өтеді. Қазақстанда 6 шілде күні Астана күні аталып өтілетіндіктен, бұл күн демалыс күні болып табылады және ғибадат сапар бұл күні барушылар санын барынша тарту үшін жасалады.
Бұл дәстүрді Здислав Иовик әке бастаған. Қазір ол іс жүзінде республикалық деңгейге ие болды. 30 шақырымнан асатын осы жаяу ғибадат сапарына еліміздің түкпір-түкпірінен көп қатысушылар қосылып келеді.
Әрине, ғибадат сапарына әркім өзінің жеке ниетімен барады, ол үшін ол барлық қиындықтар мен дұғаларды құрбан етеді. Бірақ ортақ ниеттер де бар. Мұндай ниет Астанадағы Әулие Мәриям Архиепархиясында қамқоршылық структурасы қалыптасқаннан бері және көптеген жылдар бойы арнайы шақырылғандардың өмірінің қасиеттілігі үшін жасалатын дұға болып табылады.
“Келлеровка-Озерное” ғибадат сапарының өз жанкүйерлері бар. Мысалы, қазіргі уақытта Омск қаласында наноинженер мамандығына білім алып жүрген, Келлеровкадан келген Ксения Олейник бұл сапарға үш рет қатысқан. Алайда, бұл ғибадаь сапары туралы құрбымнан алғаш рет естігенімде, “мен мұндай ұзақ жолдан қалайша өтуге болатынын елестете алмадым” деген еді. Және, әрине, қасиетті жерге алғаш рет жаяу барғанда, ол қорқыныш пен толқуды сезінді.
Таңертең сапарын бастаған ғибадат сапаршылары жол бойы дұға етіп, ән айтады, кейде кейбіреулерінің тіпті билеуге де күштері жетеді. Әрине, бұл жаңа қарым-қатынас құру, жаңа танысу уақыты. “Соңғы мақсат көрінген кезде, жолдың соңғы километрлері қиынға соғады, бірақ оған дейін әлі алыс”, – деп мойындады Ксения. Ғибадат сапаршыларының ауылына келуін қоңыраулардың шырқалғаны жариялайды, ол кезде, асырмай айтқанда, бұл ең керемет көрініс болып табылады.
“Жеке өзім үшін бұл уақыт — өз-өзіммен болып, көп ойланып, Құдаймен оңаша қалатын уақыт. Ұзақ жолдан кейін шаршау мен терең қуаныш, толымдылық мен соңына дейін жеткізу сезімі пайда болады. Қазір мен үшін ғибадат сапар – жаздың ең көптен күтетін оқиғаларының бірі”, – деп қорытындылады Ксения.
Биылғы жылы Ұлттық ғибадатханаға барудың ерекше себебі бар – Қазақстанның Құдай Анасының қамқорлығына берілуінің 25 жылдығы. Сондықтан егер сіз шаршағандықты сезінгіңіз келсе, күнге қатты күйіп алғың ыз келсе, егер сәті түссе әрине, ал егер жоқ болса — әбден су өтіп, аяғыңызды қажатып, бірақ қайталанбас эмоцияларды сезініп, Құдайдың рақымын, қуанышын, қанағатын сезінгіңіз келсе, онда төменде келтірілген байланыстар бойынша тікелей хабараласыңыз.
Мұқабасындағы фото Андрей Медлярскийдікі.