- Шамадан тыстұтыну әдеттерінен арылыңыз: артық заттардан бас тартыңыз
- Ақпараттық демалыс жасаңыз
- Басқа адамдарға және қоршаған ортаға тұтынушылық қарым-қатынастан арылыңыз
- Немқұрайдылықтың шипасы- Еухаристияға жиі барыңыз
- Айтатын сөздеріңізге мән беріңіз
- Жеке дұға жасау үшін уақыт табыңыз
- Өз қаржыңызды «бақытты болу рухында»жоспарлауға жақындаңыз
- Сізге «қиын түсетін»заттарды жасаңыз
- Тән мен жанның қайырымдылық істері
- Күнәларды мойындау құпиясына жүгіну
1. Шамадан тыс тұтыну әдеттерінен арылыңыз: артық заттардан бас тартыңыз
Ішімізде қалыптасқан тұтынушы жаңа нәрсе сатып алуды талап етеді. Тоқта, бірақ маған осы зат шынымен керек пе? Немесе бұны менен жарнама қалайды ма, мүмкін менің импульсивті сатып алуым – ішкі қуыстануды толтыру әрекеті ме? Ұлы Пост-заттарға шынайы бағасын беретін уақыт. Шопингтан 40 күнге, бас тартуға,тек ең керектісін ғана сатып алуға қалай қарайсың? Мұндай эксперимент тұтыну бәйгесінен шығуға және бақыт заттарға ие болуда емес екенін есте сақтауға көмектеседі. Үнемделген ақшаны қайырымдылыққа немесе шынымен маңызды нәрсеге жұмсауға болады.
«Ұлы Пост-бұл сенім уақыты, Құдайды біздің өмірімізге қабылдауға және Оған біздің арамызда «Өз мекенін құруға» мүмкіндік беретін уақыт (Ин. 14:23). Пост бізге күш түсіретін барлық нәрселерден, мысалы, тұтынушылық қарым — қатынастан немесе артық ақпараттан, шынайы немесе жалған ақпараттан арылып, жүрегімізді бізге келген, барлық жағынан кедей, бірақ «рақым мен шындыққа толы» (Ин. 1:14)Құдайдың Ұлы, Құтқарушымызға ашуды меңзейді. (Аса Мәртебелі Папа Францисктің 2021 жылғы Ұлы постқа Жолдауы)
2. Ақпараттық демалыс жасаңыз
Әлеуметтік желілер тәуелділік тудыратындығы дәлелденген және олармен шамадан тыс әуестену физикалық және психикалық денсаулығымызға теріс әсер етеді. Әлеуметтік желілерде «отыру» арқылы, біз қазіргі сәтті бастан кешірмейміз, шынайы қарым-қатынасқа аз уақыт бөлеміз және таза ауада аз серуендейміз. Мінсіз мүсіндері бар арулар, дұрыс тамақтануды насихаттаушылар, блогерлер, Балиде ресурстық күйді аулаушылар, су жаңа көлікте 2 баласымен отырған сыныптасыңның отбасы … Бұл табысты болудың соңынан ерген шексіз жарысу – мазасыздық пен депрессияға апаратын тікелей жол. Егер сіз Инстаграмм алгоритмдерінен 40 күн бойы қалу тәуекеліне барсаңыз қалай болады екен?
«Құдай әрқайсымызбен Өзінің Ұлының Пасха құпиясы арқылы қарым-қатынас орнатқысы келеді, оның Афиныдағы ежелгі тұрғындардай бос әңгімемен ешқандай байланысы жоқ, олар «жаңа бір нәрсені айтудан немесе естуден басқа ештеңемен өмірлерін өткізбеген» (Апост.Істері. 17:21). Бос және үстірт қызығушылыққа толы мұндай әңгіме кез-келген уақытта да осы дүниелік өмірді сипаттайды; қазіргі уақытта бұл бұқаралық ақпарат құралдарын дұрыс пайдаланбаудың нәтижесі болуы мүмкін». ( Аса мәртебелі Папа Францисктің Ұлы Постқа Жолдауы 2020)
3. Басқа адамдарға және қоршаған ортаға тұтынушылық қарым-қатынастан арылыңыз
Әр көктем сайын табиғат өзінің жаңаруы мен қайта тірілуін бастан кешіреді, неге оған көмектеспеске, мысалы, ауланы жиналған қоқыстардан тазарту арқылы?
«Құдайдың заңы, махаббат заңы орындалмаған жағдайда, әлсіздің үстінен жүретін күштінің заңы күшіне енеді. Бұл ддамның жүрегінде жатқан күнә (сал. Мк. 7: 20-23), ашкөздік пен жайлылыққа деген ұмтылыс, басқаларға және тіпті өз-өзіне қамқорлық жасамау түрінде болады. Бұл әр тілекті құқық ретінде қарастыратын және ерте ме, кеш пе оның билігіндегі барлық адамдарды жоятын ашкөздіктің салдарынан жаратылыстың, адамдардың да, қоршаған ортаның да жойылуына әкеледі. (Оның Қасиеттілігі Папа Францисктің 2019 жылғы Ұлы Постқа Жолдауы)
4. Немқұрайдылықтың шипасы- Еухаристияға жиі барыңыз.
Ұлы Пост өзіміз үшін құпияларды қайта ашатын уақыт болуы мүмкін. Еухаристияның емдеуші күшке ие екенін ұмытпаңыз.
«Құдайдың Махаббатты немқұрайдылық болып табылатын адамның өз басын шектен тыс ойлауын жарып шығады. .. Ұлы Пост-біз өз кезегімізде Оған көбірек ұқсауымыз үшін, Мәсіхтің бізге қызмет етуіне мүмкіндік беретін қолайлы уақыт. Бұл Құдай Сөзін естіген сайын және құпияларда,әсіресе Еухаристия кезінде жүзеге асады. Онда біз қабылдаған нәрсемізге айналамыз: Мәсіхтің Тәніне. Бұл Тәнде біздің жүрегімізді жиі иемденетін немқұрайдылыққа орын жоқ. Мәсіхтен шыққан адам бір денеге жатады және онда біз бір-бірімізге бей-жай қарай алмаймыз. «Егер бір бөлігі зардап шексе, онда барлық бөліктер зардап шегеді; егер бір бөлігі құрметке ие болса, онда барлық бөліктер оның қуанышымен бөліседі» (1 Кор 12:26). ( Оның Қасиеттілігі Папа Францисктің 2015 жылғы Ұлы Постқа Жолдауы)
5. Айтатын сөздеріңізге мән беріңіз
Біз автоматты түрде, әсіресе жақын адамдарымызбен сөйлескенде көп нәрсені айтып қаламыз. Өкінішке орай, абайсызда айтылған сөздер жүрекке мәңгілік жара салуы мүмкін. Осы Пост уақытында өз сөзіңізде сыннан, шағымдардан аулақ болуға және жақсы да жасампаз сөздерді көбірек айтуға неге тырыспасқа?
«Ұлы Пост кезінде біз қорлайтын қайғыртатын, ашуландыратын немесе жеккөрінішті білдіретін сөздерден гөрі жұбаныш, күш, және жігер беретін сөздерін айтуды көбірек қолға алайық» (Fratelli Tutti, 223). Басқаларға үміт беру үшін кейде жай ғана мейірімді болу, «қызығушылық таныту, күлкі сыйлау, жігерлендіретін сөз айту, жалпы немқұрайдылықтың арасында тыңдау үшін бәрін кейінге қалдыруға дайын болу» жеткілікті. (Оның Қасиеттілігі Папа Францисктің 2021 жылғы Ұлы постқа Жолдауы)
6. Жеке дұға жасау үшін уақыт табыңыз
Дұға тұрақты тәжірибеге айналуы үшін оны жоспарлау керек. Неге Құдаймен әңгімелесу үшін өз кестеңізден 20-30 минут уақыт бөлмеске? Ғалымдар әдетті қалыптастыру үшін 21 – ден 90 күнге дейін уақыт қажет екендігімен келіседі, 40 күн-сіздің өміріңізге дұғаны енгізу үшін жеткілікті .
«Мейірімділік тәжірибесі тек айқышқа шегеленген және қайта тірілген, «мені сүйіп, мен үшін Өз өмірін берген» (Гал 2:20)Тәңірімізбен «бетпе-бет» қарым-қатынаста, достар арасындағы жүрекке жақын диалогта мүмкін. Сондықтан Ұлы Постта дұғаның маңызы зор. Міндеттен гөрі, дұға-бұл Құдайдың сүйіспеншілігіне жауап беру қажеттілігіміздің көрінісі, ол әрқашан кездесуге бірінші болып шығады және бізді қолдайды. Христиандар біз лайықсыз болсақ та , бәрібір сүйікті екенмізіді біле тұра дұға жасаймыз. Дұға әр түрлі формада болуы мүмкін, бірақ Құдайдың көз алдында өте маңызды нәрсе-ол біздің ішімізге терең еніп, бізді Құдайға және оның еркіне бет бұруымыз үшін жүректің қаттылығын бұзатыны. (Оның Қасиеттілігі Рим Папасы Францисктің 2020 жылғы Ұлы постқа Жолдауы).
7. Өз қаржыңызды «бақытты болу рухында» жоспарлауға жақындаңыз
Жеке бюджетті жоспарлау-Құдай берген қорларға жауапкершілікпен қарау тәсілі. Мүмкін, өз қаржыңызды ретке келтіріп, қарыздарды қайтарып, жақсы нәрсеге қаражат бөлетін кез келген шығар?
«Бүгінгі таңда ізгі ниетті ерлер мен әйелдерді жақсы әлемді құруға жеке қатысу құралы ретінде қайырымдылық беру арқылы өз игіліктерін ең мұқтаж адамдармен бөлісуге шақыру қажет. Қайырымдылық бізді адами болуға мәжбүр етеді, ал жинақтаушылық бізді өзімшілдіктің түрмесінде адамилықтан ажырауымызға мәжбүр етеді. Біз одан әрі қарай қозғалып, экономикалық өміріміздің құрылымдық аспектілерін қарастыруымыз керек. Шіркеу магистраты саяси өмір қайырымдылықтың көрнекті түрі болып табылады деп жиі қайталайды (қараңыз. Пий XI, Католик университеттерінің итальяндық студенттер федерациясына үндеуі, 1927 жылғы 18 желтоқсан). Бұл евангелиялық рухта, бақыт рухында жақындауға болатын экономикалық өмірге де қатысты. (Оның Қасиеттілігі Рим Папасы Францисктің Ұлы Постқа Жолдауы 2020)
8. Сізге «қиын түсетін «заттарды жасаңыз
Егер сен веган болсаң,еттен бас тартудың дым мәні жоқ. Ұлы Постқа ниет күнделікті күш жұмсаудан асатын күш – жігерді қажет етуі керек. Бұл чемпиондардікіндей. Олар үнемі жаттығулар жасайды, бірақ жарыс алдында олар қарқынды жаттығуларға көшеді. Бұлшықеттер ауырады, спортшылар өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істейді, бірақ көздгені- жеңіс. Мүмкін сізді жерге қайта-қайта құлататын әлсіздік бар шығар? Ұлы Пост-бұл жаңа рухани шыңдарды бағындыратын және кем дегенде 40 күн Құдайдың рақымымен күнәға бейімділіктен бас тартуға тырысатын уақыт.
«Ұлы Пост – бұл өз-өзінен бас тартудың таптырмайтын уақыты; біз өз кедейлігімізбен басқаларға көмектесу және байыту үшін неден бас тартуға болатындығын сұрауымыз керек. Нағыз кедейлік жанды ауыртатынын ұмытпайық : ешқандай бас тарту тәубеге келудің бұл аспектісіз нақты болмайды. Мен қайырымдылыққа сенім артпаймын, ол көп құрбандық сұрамайды және зиянын тигізбейді (Оның Қасиеттілігі Рим Папасы Францисктің 2014 жылғы Ұлы Постқа Жолдауы)
9. Тән мен жанның қайырымдылық істері
Тағы бір идея – Ұлы Посттың әр күні бір қайырымдылық жасау. Жаңа күн жаңа мүмкіндіктер береді және сіз оларды міндетті түрде байқайсыз. Дау-дамайда біреуге жол беру керек пе, ескі досыңызға немесе туысқаныңызға бәрі жақсы ма екенін білу үшін қоңырау шалу керек пе, әлде ауруханада жатқан жанға бару керек пе, бастысы-байқампаз болу. Және де жақсылықтың бір керемет қасиеті бар-ол қайтарылады.
«Христиан халқы қайырымдылықтың физикалық және рухани істері туралы толғана алады; бұл біздің кедейліктің алдында сезімталдығын жиі жоғалтып алатын ар-ұжданымызды оятудың және Евангелиені жүрегімізге тереңірек енгізудің тәсілі, ол жерде кедейлердің Құдайдың мейірімділігінен ерекше тәжірибесі бар… Өйткені кедейлердің жүрегінде Мәсіхтің тәні «азапталған, жаншылған, ұрып-соғылған, тамақтанбаған және қуғынға ұшыраған» күйге енеді… біз оны мойындап, оған қол тигізіп, оған қамқорлық жасауымыз үшін… Бұл Бейкүнә Қозының азап шегуіне, себепсіз махаббаттың бұтасын күйдіруге дейін созылған бұрын-соңды болмаған және жанжалды құпия. Бұл сүйіспеншіліктің алдында Біз Мұса сияқты сандалымызды шешіп тастай аламыз (Мысырдан шығу 3:5), әсіресе кедейлер біздің сеніміміз үшін азап шеккен Мәсіхтегі бауырларымыз бен әпкелеріміз болған кезде». (Оның Қасиеттілігі Рим Папасы Францисктің 2016 жылғы Ұлы Постқа Жолдауы)
10. Күнәларды мойындау құпиясына жүгіну
Католик шіркеуінің катехизисіндегі бес шіркеу өсиеті «жылына кемінде бір рет күнәларын мойындауға» және «Пасха уақытында жылына кемінде бір рет еухаристия қабылдауға» бұйрық береді. Бұл Пасхаға дайындықтың керемет тәжірибесі мынадай болуы мүмкін:
1. Ұлы Посттың алдында: біз постты жүректен және рақымға бөленген күйінде бастау үшін күнәларды мойындау құпиясына барамыз.
2. 40 күн пост: біз Құдайдың рақымымен қабылдаған ниетімізді орындаймыз.
3. Пасха уақыты (Күл сәрсенбісінен бастап Қасиетті Үштік мерекесіне дейін): Қатынасу жорасын ұмытпаңыз. Әрине, егер ауыр күнә болмаса, Қатынасу құпиясын мүмкіндігінше жиі алу қажет.
«Айқышқа шегеленген Мәсіхтің айқара ашылған қолдарына қараңыз, өзіңіздің қайта-қайта құтқарылуыңызға мүмкіндік беріңіз. Сіз күнәларыңызды мойындауға барған кезде, сізді Күнәдан босататын Оның мейірімділігіне берік сеніңіз. Оның осындай үлкен сүйіспеншілікпен төгілген қанын ойлаңыз және оның сізді тазартуына мүмкіндік беріңіз. Осылайша сіз қайта туыла аласыз» (Оның Қасиеттілігі Рим Папасы Францисктің Ұлы Постқа Жолдауы 2020)
Ақыр соңында айтқымыз келетіні, рухани өмірде серпіліс жасау үшін бәріне бірдей жармасудың қажеті жоқ. Әйтпесе, ынта тез аяқталады, ал Ұлы Пост қайтадан із-түссіз өтеді. Әрқайсысы нақты, шынайы және өлшенетін бір – екі ниетті таңдау пайдалырақ.Ол әр күннің соңында сіз өзіңізден: «мен өз ниетімді орындадым ба, әлде орындамадым ба?» деп сұрай алытындай болуы қажет. Сондай-ақ, қабылданған ниетті күнәні мойындау құпиясының қасиеткері немесе рухани тәлімгермен талқылау пайдалы. Қажет болса, оны түзетуге көмектеседі және оны орындауда қолдайды. Сонымен қатар біз өзімізге ғана емес, айналамыздағы бірнеше адамға берген уәделеріміз жиі орындалады. Ең бастысы: сіздің күш-жігеріңіздің мақсаты мен марапаты посттың өзі сияқты үлкен екенін ұмытпаңыз. Алда – рухани өзгеріс және қайта тірілген Мәсіхпен кездесу күтуде.