Қауіпті бижутерия

Опасная бижутерия

Оларды «ХХ ғасырдың қарғысы» деп кездейсоқ атаған жоқ. Олар соншалықты танымал болғандықтан, оларды кигендер еш қысылмай жүреді. Талисмандардың бейнелерін журналдарда, кітаптарда, дүкендерде және тіпті біздің үйлеріміздің қабырғаларында кездестіруге болады. Бұл жұмбақ заттар қандай және неге соншалықты қызығушылық тудырады?

«Амулет» және «талисман» сөздерінің араб тілінде өз тамыры бар. «Амулет» атауы араб «hamila(t)» сөзінен, яғни «салпыншақ, мойыналқа»дегенді білдіреді және шамамен олардың семантикалық мағынасы бірдей – арабша «tilasm». Амулет пен талисман өз функцияларымен ерекшеленуі мүмкін.Амулеттерге, ең алдымен, қорғаныш функциясы беріледі, олар жындар мен пері күштерінен қорғау үшін пайдаланылады, ал талисманды адамдар бақыт, табыс пен ақшалай және басқа істерде сәттілік тартумен байланыстырады. Мәселен, жүрек түріндегі салпыншақты махаббат, үш шеңбер – бейбітшілік, ал Тордың балғасы жауды жеңумен байланыстырады. Олардың сиқырлы әсерін күшейту үшін зодиак белгісінің бейнесімен толықтырылған көптеген әшекейлер бар.

Амулеттер адамдарды қалай қызықтырады?

Қауіпті бижутерия

Оның екі себебі бар: эстетика және функционалдылық. Бірінші себеп – түпнұсқа әшекейлерді киюді қалау. Екінші жағдайда біз сиқырлы зат ретінде медальонды, сақинаны, тасты немесе басқа бижутерияны саналы түрде пайдалануды қарастырамыз. Яғни, бұл жағдайда адам өзінің мақсатын түсінеді және оның сиқырлы қасиеттері туралы біледі. Адамның сондай тәжірибелерге жиі ұмтылысының мақсатын түсіну оңай: байлық, билік, денсаулық, махаббат пен табысқа жету. Ол осы жер бетінде толық бақыт пен тыныштық жолын Жаратушы – сүйіспеншілікке толы Құдайдың«мазасын алмай» тауып алуға болады деп ойлайды, ең алдымен, көпшілігінде түсінбейтін, білмейтін сатушылар ұсынған кішкентай әртүрлі уақ-түйек әшекейлерді қолдану арқылы ғана.  Сөрелердегі «мағынасы бар» бижутерияны қарастыра отырып, бизнес пен махаббатта алдағы жетістіктері туралы уәделерге назар аудара отырып, Киелі Кітаптағы осындай уәделердің үлгісін еске түсіру керек:  «және шайтан Оған былай деді: мен Саған барлық патшалықтардың үстінен билік беремін, олардың даңқына бөлеймін, өйткені ол маған берілген, ал мен оны  қалаған адамға беремін; сонымен, егер сен маған табынсаң, онда бәрі Сенікі болады» (Лк 4. 6-8). Бұл амулеттердің қаншалықты қызық және зиянсыз болып көрінгеніне қарамастан, Киелі Кітап бізді бейтаныс шайтан алдында аңдаусыз табынудан сақтандырады.                   

Бірақ, өкінішке орай, мұндай әрекеттің өзін адам жиі оның өмірі мен тағдырына әсер ете алатын маңызды нәрсе деп санамайды. Әр түрлі жастағы және кәсіптегі адамдар бақытты және бай болуды армандайды, олардың кейбіреулері ауырады, кейбіреулері күрделі отбасылық мәселелерді бастан кешуде, ал кейбіреулері махаббат іздеуде үміт артып, жалғыздықтан зардап шегеді. Және адам барлық құралдар жақсы (кенеттен көмектеседі) деп ойлағанда, бірден оның жолында автоматты түрде әрекет ететін сиқырлы сылдырауықты ұсынуға дайын «мейірімді кеңесшілер» пайда болады. Көптеген адамдар оны пайдаланудың салдарының қаншалықты ауыр болуы мүмкін екенін түсінбейді.

Ол шынымен де өте қауіпті болуы мүмкін бе?          

Әлемдік даңқтың экзорцисті әке Габриэль Аморт сиқырлы заттарды пайдалану бақытсыздыққа, проблемаларға және жындармен араласуға әкелген көптеген мысалдар келтірді. Бұл сіз жау аумағына кіріп, ең асыл ниетпен оның ықпалына түскен кезде де орын алуы мүмкін.                                                                                                

Осы пірадар-экзорцистке одан бұрын өздерімен бірге экстрасенске немесе сиқыршыға барған балаларын босату туралы сұрау үшін аналар жиі келіп жүрген. Жиі олар өздеріне немесе балаға кішігірім медальон немесе білезік кию кеңесін алған. Бір қарағанда, бұл заттар мүлдем зиянсыз көрінді, қарапайым әшекейлер сияқты болды, бірақ уақыт өте келе олар сиқырдың күшті құралына айналды. Өзінің көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, әке Габриэль сиқырлы материалдың қуатты зарядталғандығын, ал барлық әртүрлі мойыналқалар мен медальондардағы нышандардың өздері осы энергияның катализаторы болып табылатынына сендірді. Экстрасенстің пікірі бойынша, бұл заттар аспан және ғарыштық күшке ие, әсіресе, егер сиқыршы оларды өзі тағып, көзге көрінбейтін жауыз күштермен«магниттесе», оларды осылай басқалар үшін дайындайды.

Адамды қорғау мақсатында тұмар ретінде алынған амулет туралы бөлек сөз  қозғаған жөн. Мұндай талисмандар үшін сиқыршыларға өз тағдырында өкінішке толы, бақытсыз, жалғыз және махаббат іздеген адамдар жүгінеді.  Олар мұндай талисмандардың өздеріне қарсы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне қарсы тұра алатын күші бар екенін түсінбей, сиқыршыға келеді.   

Бірақ сиқыршыдан емес, әдеттегі дүкеннен сатып алынған сиқырлы нышандары бар әшекейлер де ырымшылдықтың символы болып табылады, сондықтан оларды тағып жүруде қауіпсіз болмауы мүмкін. Экзорцистердің айтуы бойынша, осындай заттарды таққан көптеген ересектер мен балалар үрейлі және депрессиялық жағдайларды бастан кешіреді, оларда жақындарына қатысты тітіркендіргіш болады. Және, осындай бұзылулардан құтылу үшін адамдар кейде зор сиқырлы заттар мен салт-жоралғылардан құтқарылу жолын іздей бастайды, олар бастапқыда өздері өз өміріне тартқан жаумен күресуге тырысады және, соның нәтижесінде,көптеген үлкен бақытсыздықтар, аурулар мен ұрыс-керістер орын алуы мүмкін.

Бұл жай ғана әшекей бұйымдар ма?

Қауіпті бижутерия

Біз бұл жағдайды осымен де байланыстыра аламыз, бірақ бізді қоршаған заттардың шығу тегін немесе бастапқы тағдыры туралы білмейміз, және бізде өз қауіпсіздігімізге сенімді болу үшін заттардың сиқырлы табиғатына қатысты дұрыс пайымдауларды шығаруға мүмкіндік беретін жан-жақты рухани жарық жоқ. Біздің ниеттеріміз өте жақсы болуы мүмкін. Бірақ біз «әшекейді» жасаған адамның ниеттеріне жауап бере аламыз ба? Тағы бір сұрақ туындайды: егер біз тұмардың шынайы мәнін білмейтін болсақ, онда біздің сылдырауықтарымыздың шынайы мәнін білетін және бізді олармен байланыстыратын айналамыздағы адамдардың азғырылуына неге жол беруіміз керек?            

Неге христиандарға амулет тағуға болмайды?

Сиқырлы символикасы бар немесе арғы жақтағы әлеммен байланысты заттарды пайдалану оккультизмнің нысаны болып табылатындығын әрдайым есте сақтау керек. Ал магия мен оккультизм, өз кезегінде, бұл жай ғана бос ырымшылдық емес, ересектер үшін қызықты, жұмбақ ойын емес, сонымен қатар, өз істерін жақсартудың тәсілі емес.Сиқырлы тәжірибелерге жүгінсек, біз, жиі өзіміз оны білмей, олардың көмегімен өз өмірлеріміздегібелгілі бір жағдайларға және тіпті басқа адамдарға ықпал етуге тырысамыз. Сиқыр тек әрекет ретінде ғана емес, сонымен қатар кейбір заттарды оларға белгілі бір үміт артумен пайдалану ретінде де көрінуі мүмкін. Бірақ оның нәтижесі әрқашан бірдей: адамдың Құдайдан бас тартуы және басқа күштерге жүгінуі.

Сіздің ниеттеріңіз таза және амулет тек жақсылықты әкелуі керек деген оймен алданбаңыз. Оны тағып жүру бәрібір қылмыс пен күнә болады. Христиандық дұға оқылған болса да, ол амулетті пайдаланудың мақсатын өзгертпейді: Құдайдың емес, арғы жақтағы күштердің көмегіне сену. Бұл бірінші өсиеттің тікелей бұзылуы: «Мен сендерді Мысыр елінен, құлдық үйінен алып шыққан Құдайларыңмын, Жаратқан Иемін. Менің жүзімнен басқа ешқандай құдайларың болмайды. Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама! Оларға табынба, оларға қызмет етпе; өйткені Мен Құдаймын, Сенің Құдайыңмын, жанашырыңмын, ата-бабаларымның кінәсі үшін мені жек көретін үшінші және төртінші руға дейінгі балаларды жазалайтын және Мені сүйетін, мың руға дейін мейірімділік жасайтын және Менің өсиеттерімді сақтайтын» (Заңды қайт. 5,6-10).

Ал біздің крестеріміз бен медальондарымыз ше? Олар да талисмандардың бір түрі емес пе?

Қауіпті бижутерия

Әрине, жоқ! Амулет пен талисман өз бетінше әрекет етеді, біздің қатысуымызсыз және ерікті. Жалғыз шарты – оларды үнемі тағып жүру. Діни заттар олардан ерекшеленеді, өйткені олар біздің сеніміміздің символдық көрінісі ғана. Сол күштің көзі бұл заттарда емес. Крест таққан кезде біз Христостың ізбасарларына жататынымызды, біз крестімізді өзіміздің Құтқарушымыз сияқты алып жүруге дайын екенімізді көрсетеміз. Біздің күшіміздің көзі –  Құдайдың шегеленіп тастаған Ұлының ерлігі және оның қайта тірілуіне сенім болып табылады, ал амулеттер өз күшін жындардан алады. Және бұл басты айырмашылық. Мәриямның және басқа да әулиелердің бейнеленген крестиктері немесе медальондары – бұл біздің осы қасиетті мұраға ие болу және Евангелияға сәйкес өмір сүру ниетіміздің белгісі. Шіркеу литургиялық тәжірибені байыту үшін бұл дәстүрді қолдану қажет екенін бірнеше рет атап көрсетеді. Халық мәдениетінің барлық көріністері Литургиядан пайда болуы және оған әкелуі тиіс. Канондық құқық Кодексіне сәйкес, қасиетті заттар шіркеудің дұғасына тең және қасиетті заттар деп аталуы мүмкін.

Біз дін қызметшісінен қандай да бір діни затты дәріптеуді өтінген кезде, біз ең алдымен Құдай бізден күнделікті өмірде Оның өсиеттерін орындауды күтетінін және Ол туралы өз іс-әрекеттерімізбен куәлік етуімізді есте сақтауымыз керек. Сондықтан біздің өміріміздің өзі крест немесе медальонда көрсетілген шындықты растайды, Иса Мәсіх біздің Иеміз. Кеше және бүгін және мәңгі-бақи Сол (сал. Евр 13,8). 

Католик Шіркеуінің Катехизисінен

Қауіпті бижутерия

2115. Құдай болашақты Өзінің пайғамбарларына немесе басқа қасиетті адамдарға ашуы мүмкін. Дегенмен, әділ христиан мінез-құлқы – бұл болашаққа қатысты қаншалықты сенімді түрде алдын-ала көре білетіндіктің қолына берілу және осы мәселе бойынша кез-келген барлық жағымсыз қызығушылықтан бас тарту болып табылады. Абайсыздық жауапкершіліктің жеткіліксіздігі болуы мүмкін. 

2116. Сәуегейлік етудің кез-келген нысандары алынып тасталуы тиіс: Шайтанға немесе жындарға жүгіну, өлілерді қайта келтіру әрекеттері, сондай-ақ болашақты «ашатын» басқа да әдістер. Жұлдызнамаға жүгіну, астрология, хиромантия, ырымдармен тағдырларды интерпретациялау, алдағыны болжап білу феномендері, медиумдарға жүгіну – уақыт, тарих және, сайып келгенде, адамның үстінен билікке ие болу ниетін жасырады және бір мезгілде өзіне қандай да бір оккультті күштерді қаратып алуға ұмтылады. Бұл құбылыстардың барлығы табыну мен ізетке қайшы келеді, олар бір ғана Құдайға сай келетін сүйіспеншілікке толы қорқынышпен біріктіріледі.

2117.  Сиқырлық пен көз байлаушылықтың кез-келген қолданылуы, олардың көмегімен окульттық күштерге ие болу, оларды қолдану және жақын арадағы адамдарға билік ету, тіпті денсаулық беру үшін болса да, діни тазалыққа қатты қайшы келеді. Мұндай тәжірибе, егер оған біреуге зиян келтіру ниетімен жүгінсе немесе ол жындардың араласуы туралы болса, одан да айыптауға тұратын неғұрлым қатал болады. Амулет тағу әдеті де айыптауға лайық. Спиритизм көбіне сәуегейлік етуге немесе сиқырлыққа алып келеді. Сондықтан, Шіркеу Құдайға сенуші адамдарды одан аулақ болуға шақырады. Халық медицинасына жүгіну жындардың шақырылуын немесе біреудің сенгіштігін пайдалануды заңдастырмайды.             

Мари Цофта

Дереккөз: Қауіпті бижутерия. Бір-біріңді жақсы көріңдер! 2018, №1(23), – 48-51 б

Католическая информационная служба Казахстана

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Share on facebook
Facebook
Share on vk
VK
Share on odnoklassniki
OK
Share on whatsapp
WhatsApp
Share on print
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top