ОРТА АЗИЯ АСА ҚАСИЕТТІ ҚҰДАЙ АНАСЫ МӘРИЯМҒА БАҒЫШТАЛДЫ

Орта Азияның Католиктік Епископтары Конференциясының бірінші отырысының жұмысы аяқталды. Қысқаша шолу, фоторепортаж, бағыштау дұғасының мәтіні және Озерное Қасиетті Ордасындағы трансляциясының бейнежазбасы.
Конференция католических епископов Центральной Азии в Озерном

Мамыр айының бірінші күні-Мәриям Бикеге ерекше бағышталған Озерноедағы  Бейбітшілік Патшайымының  Ұлттық Қасиетті Ордасында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Ауғанстан және Моңғолияның епископтары мен ординарийлары Орта Азияны Аса Қасиетті Құдай Анасы Мәриямға бағыштады. Осылайша 26 сәуірде басталған Орта Азияның Католиктік Епископтары Конференциясының бірінші пленарлық отырысы  аяқталды.

Мұндай құрамда алғаш рет жиналған иерархтар осы күндерді өте жемісті өткізді . Ресми салтанатты ашылудан (фотогалерея) бір күн бұрын Қарағандыға сапардан (фотогалерея)  басталған бағдарлама мазмұнға бай болды.

ОРТА АЗИЯ АСА ҚАСИЕТТІ ҚҰДАЙ АНАСЫ МӘРИЯМҒА БАҒЫШТАЛДЫ

Жұмыс топтарының кездесулерінде қатысушылар қазіргі уақытта Шіркеудің алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылап, шіркеудің әлеуметтік және басқа ұйымдары мен жобаларының жұмыс тәртібін анықтап, Орталық Азия елдерінің мәдени және экономикалық контекстіндегі жұмыс тәжірибесі мен мәселелерді шешу туралы айтып, жаңадан құрылған халықаралық шіркеу құрылымы Құдайға және адамдарға қалай жақсы қызмет ете алатындығы туралы өз пікірлерімен бөлісе алды және  өзара бауырластық қарым-қатынастаста әңгімелесуге де мүмкіндік  туды.

Соңғысы өте маңызды, өйткені қазіргі жағдай мынадай, тек Қазақстанның өзінде үш епархияда және бір апостолдық администратурада 5 епископ және бір апостолдық администратор қызмет етеді, олар бұрын Қазақстанның Католиктік Епископтарының Конференциясы шеңберінде кездескен болатын. Ал басқа ОАКЕК елдерінде басшылары жалғыз. Сондықтан осы отырыста қатысушылар бірыңғай конференцияның құрылуына байланысты  қуаныштарын жиі білдірді және Шіркеу миссиясын жақсы жүзеге асыру үшін ынтымақтастық пен достықтың маңыздылығын атап өтті. Конференцияның жұмыс топтарының соңғы кездесуі кезінде Халықтар арасында Евангелие тарату Конгрегациясының префекті Кардинал Луис Антонио Гоким Тагле осындай қатынастарды дамытуға шақырды.

ОРТА АЗИЯ АСА ҚАСИЕТТІ ҚҰДАЙ АНАСЫ МӘРИЯМҒА БАҒЫШТАЛДЫ

Интерфакс-Қазақстан баспасөз конференциясы аясында ОАКЕК төрағасы, вице-төраға және бас хатшы журналистердің жаңа шіркеу құрылымының қызметі мен жұмыс жоспарларына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Қатысушылар жұмыс кездесулеріне қатысып қана қоймай, бейресми жағдайда да уақыт өткізе алды. Пленарлық отырыстың ресми ашылу күнінде Орта Азия елдері ординарийлары Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нунциатурада (Ватикан Елшілігі) болып, Нунций архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатпен кездесті.

ОРТА АЗИЯ АСА ҚАСИЕТТІ ҚҰДАЙ АНАСЫ МӘРИЯМҒА БАҒЫШТАЛДЫ

Бейсенбі, 28 сәуірде ординарийлер Нұр-Сұлтандағы ескі ғибадатханаға (тарихи тұрғыдан қаладағы алғашқы приход) сапар жасады, онда сол жерде қызмет ететін францискандар қауымдастығымен бірге Месса жүргізді. Толық фотогалерея >>

ОРТА АЗИЯ АСА ҚАСИЕТТІ ҚҰДАЙ АНАСЫ МӘРИЯМҒА БАҒЫШТАЛДЫ

29 сәуірде ординарийлер Қазақстан астанасы бойынша шолу экскурсиясын өткізді, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаевтың орталығына, «Астана-Бәйтерек» монументіне және Отан қорғаушылар монументіне («Отан-Ана») барды, 2001 жылы оның алдындағы алаңда Әулие Иоанн Павел II Қасиетті Мессаны жүргізген еді. Фотогалерея >>

30 сәуірде ОАКЕК қатысушылары астанадан 400 км жерде орналасқан   Озерное ауылына аттанды,жолшыбай Көкшетау қаласындағы Әулие Антоний приходында және Келлеровка ауылындағы Ассизилық Әулие Франциск приходында болды. Қазақстандық католиктер үшін киелі мәні бар Озерноеға келген топ Жалаңаяқ Кармелиттер монастырына, көлде орналасқан балықтармен тұрған Құдай Анасының мүсініне, Волынь шоқысындағы айқышқа (Қазақстандағы барлық қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш) барды, сондай-ақ ғибадатханада және «Қазақстан жұлдызы»мәңгілік ғибадат ету құрбантағы алдында дұға етті. Фотогалерея >>

1 мамырда салтанатты Мессадан кейін иерархтар дұға оқыды, осылайша Католиктік Епископтардың жаңа конференциясына кіретін Орта Азияның барлық елдерін Аса Қасиетті Құдай Анасы Мәриямның  шапағатына бағыштады. Фотогалерея >>

ОРТА АЗИЯ АСА ҚАСИЕТТІ ҚҰДАЙ АНАСЫ МӘРИЯМҒА БАҒЫШТАЛДЫ

Қасиетті Месса кезінде уағызды епископ Атаназиус Шнайдер оқыды. Ол былай деді:

«Иса мадақталсын! Мәсіх Қайта Тірілді! Әулие Папа Иоанн Павел II Қазақстанға сапары кезінде Қазақстан мен Орта Азия католиктерінің Аса Қасиетті Құдай Анасы және Мәриям Бикеге рухани көзқарасын ерекше аударды. Рим Папасы Мәриям Бикені екі атпен шақырды: «Үздіксіз көмек» және «Бейбітшілік Патшайымы», және келесі маңызды сөздерді айтты: «Осы сәтте мен сіздердің Озерноеда орналасқан Мәриямның Ұлттық Қасиетті Ордасына рухани ғибадатсапарын жасағым келеді. Ол жерде сіздер, қымбатты бауырлар мен әпке-қарындастар, «Бейбітшілік Патшайымы»атымен мәлім Құдай Анасына құрметпен қарайсыздар. Оның алдында тізе бүгіп, мен бүкіл Қазақстан халқы үшін дұға етемін: оның билеушілері мен азаматтары үшін, отбасылар, жастар, балалар мен қарттар, азап шеккендер мен мұқтаждар үшін. Мен барлығыңызды Мәриямға сеніп тапсырамын: христиандар мен христиандар еместер; сенушілер мен сенбейтіндер. Шынында да, Ол бәрінің Анасы, өйткені Оның Ұлы Мәсіх Құтқарушы. Қымбатты бауырлар мен әпке-қарындастар,Мәриям барлығыңызға,  күнделікті өмірде Мәсіхтің өсиетін орындауға көмектессін: «Бір-біріңді жақсы көр», бұл менің пасторлық сапарымның лейтмотиві. Қазақстанмен көршілес елдерден өздерінің сенімі мен махаббатын білдіру үшін  ғибадатсапарға келгендерге ерекше  ілтипат білдіре отырып,  Бейбітшілік Патшайымының Үздіксіз көмегіне сеніп тапсырамын» (Тәңірдің періштесі дұғасынан кейін, Астана, Отан-Ана алаңы, 23.09.2001).

1994 жылғы 25 маусымда Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі алғашқы ресми епископ  және Қазақстан мен бүкіл Орта Азияның алғашқы ординарийі атанған Ян Павел Ленга, Бейбітшілік Патшайымын Қазақстан мен Орталық Азияның Басты Қамқоршысы деп жариялады. 1995 жылы 25 маусымда Бейбітшілік Патшайымы Мәриямның салтанатты мерекесінде, Епископ Ян Павел Ленга Қазақстан мен Орта Азияны Оның қамқорлығына тапсырды. 2011 жылғы 11 шілдеде Қазақстанның Католик Епископтары Конференциясының шешімімен Озерное ресми түрде Қазақстанның Ұлттық Қасиетті Ордасы болып жарияланды.

Бүгін Қазақстан мен Орта Азияның епископтары мен ординарийлері өздерінің сенушілерімен, сондай-ақ өз елдерін Аса Қасиетті Мәриям Бике және Бейбітшілік Патшайымының аналық қамқорлығына бағыштау үшін осы киелі орынға жиналды. Папа Иоанн Павел II, Мәриям Бикенің жалынды қадірлеушісі, 2001 жылы Астанада өз сөздерінде біздің назарымызды Бейбітшілік Патшайымына және Үздіксіз Көмекке аударды. Қазақстан мен Орта Азияның жері католик дінін қудалаған жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың қанымен, көз жасымен және азабымен суарылды. Бірақ сенушілер барлық уақыттағы католиктердің ұрпақтары бастан кешкен шындықты бастан өткерді, және бұл: «Мәриямның қызметшілері, Мәриямның балалары ешқашан өлмейді»(servusMariaenumquamperibit). Бұл шындықты Озерное жерінің тұрғындары да керемет түрде бастан өткерді, 1941 жылы  Мәриям Бикенің қамқорлығы арқасында адамдар ерекше көп балыққа толы көлдің пайда болуы арқылы құтқарылды. Католиктер қудалау жылдарында дұғаның күші мен қуанышының құпиясын білді және бұл Қасиетті Раушантәж  дұғасы еді. Олар осы қарапайым және сонымен бірге осындай қасиетті дұғада қайғы-қасіретімен бірге Құдай Анасына рухани раушан гүлдерін сыйлады, және Ол оларға рухани жұбаныш, нығайту және берік үміт раушандарын төгілген жаңбыр іспетті құйды.

Қазақстан католиктерінің  жасырын  және коммунистік қуғын-сүргін кездерінен мұраға қалған рухани бет-бейнесі раушантәж дұғасы мен Аса Қасиетті Сыйға деген ерекше сүйіспеншілікпен таңбаланған. Егер символдар арқылы Қазақстан католиктерінің руханилығын бейнелеу мүмкін болса, онда еухаристиялық сыйтасушы мен раушантәждің кескінін салуға болады. Мұнда Озерноеда, Ұлттық Қасиетті Ордада «Қазақстан жұлдызы»деп аталатын Еухаристиялық Ғибадат құрбантағының жанында осындай символикалық бейне орналасқан. Онда біз Аса Қасиетті  Мәриямның бейнесін көреміз, Оның кеудесінде Мәсіхтің Еухаристиялық Денесін қоятын орын бар, Оның қолдары раушантәжбен айнала қоршалған, ал Оның жамылғысында 1941 жылы көлдегі балықтардың ғажайыптарын еске түсіретін аудағы балықтар бейнесі бар.

Бүгін Ұлттық Қасиетті Ордада Қазақстан мен Орта Азиядағы шіркеуді Аса Қасиетті Мәриям Бикеге  бағыштай отырып, біз осы әрекетпен Құдайдан сұрап және Құдай Анасының жебеушілігі арқылы осы елдердегі кішкентай дала гүлі іспетті абсолютті түрде аз Құдай шіркеуінің шынайы рухани өсуінің жемісін күтеміз . Біз бұл кішкентай дала гүлінің шынымен гүлденуін және әрдайым гүлденуін және  шынайы христиан діндарлығының хош иісін шығаруын   яғни католиктік өмірді тілейміз,  және бұл мынаны білдіреді: сенімнің тазалығын сақтау, литургиядағы Құдайдың ғибадатының қастерленуі, Құдайдың өсиеттеріне адалдық, Иса Мәсіхті жалғыз құтқарушы және жандарды мәңгі құтқарудың жалғыз құдайлық жолы деп жариялаудың жалыны. Тәңір  біздің жергілікті шіркеулерге, біздің елдеріміз бен халықтарымызға бүгінгі бағыштау арқылы жеміс берсін, атап айтқанда: балалардың күнәсіздігі, жастардың жүрек тазалығы, отбасылардың қасиеттілігі, қасиеткерлердің апостолдық рухы, христиан емес адамдардың Мәсіхке бет бұруы.

Аса Қасиетті Мәриям Бике Фатимада адамзатты Құдайды қорламауға, Оның Бейкүнә Жүрегіне құрмет көрсетуге, раушантәж  дұғасын оқып тұруға, Еухаристия  құпиясында  Исаға бәрінен бұрын ғибадат етуге, құрметтеуге және сүюге шақырды (1916 жылы Періштенің көрінуі арқылы), сол кезде  Ол өзінің аналық қамқорлығына бейбітшілік пен оның  Бейкүнә Жүрегінің жеңісін  уәде етіп берді. Ал Мәриямның Бейкүнә Жүрегінің жеңісі Иса Мәсіхтің және Еухаристиялық  Иса даңқының салтанат құруы емес пе? Әулие Иоанн Павел II Аса Қасиетті Құдай Анасы өзінің бар болмысымен Еухаристияның логикасын іске асырғанын айтты. Ол былай деді: «Мәриямға үлгі ретінде қарайтын Шіркеу Оның осы Қасиетті Құпияға  қатынасына  еліктеуге шақырылған» (EcclesiadeEucharistia, 53).

Қуғын-сүргіннің қиын кезеңінде біздің бауырларымыз бен әпке-қарындастарымыз жеркепелер және жабық есіктер мен жабық терезелі бөлмелерде қанша рет Аса Қасиетті Сыйға ғибадат етіп, қолдарында раушантәждерін ұстап, көздеріне жас алып тұрса да,  Құдай Анасына деген сүйіспеншілік пен мызғымас сенім артуды паш етті. Олардың таза әрі қарапайым сенімін  Қазақстан мен Орта Азияның осы кеңістігіндегі кейінгі ұрпаққа бере отырып, сақтайтын боламыз. Біз бүгін ежелгі мариандық әнұранның келесі сөздерін әндетеміз, біздің алдымыздағы қудаланған католиктерден бізге қалған асыл мұра: « Аса Қасиетті Анамыз, күнәһарлардың үміті, бізге қазір бұрынғыдай аяушылық таныта гөр. Біз,  Хауаның балалары, қайғыра жалбарынамыз: Мейірімді бола гөр,  Сенен жалына сұраймыз. Бұл әлемде біз қамқорлықты қайдан іздейміз? Тек Сенімен бірге біз қиындықтардан қорғана аламыз. Аналар әлсіздердің жүрегін қабылдайды, ол зардап шеккендердің барлығына ашық. Ананың үздіксіз дұғасы үшін, Сенің Ұлың біздің күнәларымызды кешіреді. Қилы жолдардағы боран мен аптап ыстықтан Сен бізді қорғап сақтайсың».

Құдайдан Қазақстан мен Орта Азияның католиктерінде әрдайым Еухаристия және Аса Қасиетті Мәриям Бике болсын деп сұраймыз. Аса Қасиетті  Еухаристия мен  Мәриям Бикеге деген махаббат жүрегімізде тамырын кең жайған және оттай тұтанған, сондықтан Қазақстан мен Орта Азиядағы шіркеу болашақтан қорықпайды. Мәриям арқылы Исаға, әсіресе Еухаристиялық Исаға. Per Mariam ad Jesum, et Jesum Eucharisticum!  Аумин.

ОРТА АЗИЯ АСА ҚАСИЕТТІ ҚҰДАЙ АНАСЫ МӘРИЯМҒА БАҒЫШТАЛДЫ

Ординарийлер сенуші адамдардан жаңа Конференцияның жұмысы Құдайдың даңқы мен барлық сенушілерге көмектесу үшін көптеген жақсы нәтижелер әкелуі үшін дұға етуді сұрайды.

Қазақстанның Католиктік ақпарат қызметі
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top