Рим Епископы Ватикандағы Әулие Петр алаңында мыңдаған ғибадат сапаршыларына былай деді:
«Өткен аптада, сейсенбіден бейсенбіге дейін мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орай Орталық Азиядағы алып ел-Қазақстанда болдым. Республика Президенті мен Қазақстанның басқа да биліктеріне шын жүректен қабылдағандары үшін және оны ұйымдастыруға зор құлшыныс білдіргені үшін тағы да алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, епископтар мен барлық қызметкерлерге үлкен жұмысы үшін, әсіресе олармен кездесуге және бәрін бірге көруге мүмкіндік берген қуаныш үшін шын жүректен алғыс айтамын.
Мен айтып өткендей, сапардың негізгі себебі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысу болды. Бұл бастаманы ел билігі жиырма жылдан бері жүзеге асырып келеді, ол әлем алдында кездесу мен диалог орны ретінде, бұл жағдайда діни деңгейде, осылайша бейбітшілік пен адам бауырластығын ілгерілету ісінде бас кейіпкер ретінде көрінеді. Бұл реті бойынша жетінші конгресс болды. 30 жылдық тәуелсіздігі бар ел әр үш жыл сайын осындай жеті съезді өткізді. Басқаша айтқанда, ол бейбітшілік құру үшін діндерді күш-жігерді жұмсаудың дәл ортасына қойды, онда олар бір-бірін тыңдайды және сан түрлілігін құрметтейді. Бұл релятивизм емес, тыңдау және құрметтеу қабілеті. Атеистік тәртіптің қамытынан босаған Қазақстан үкіметінің ендігі жерде саясат пен дінді біріктіріп, оларды араластырмай және бөлмей, фундаментализм мен экстремизмді біржақты айыптайтын өркениет жолын ұсынып отыруы-зор еңбек. Бұл бірліктің ойластырылған позициясы.
Конгресс 2019 жылдың ақпан айында Абу-Дабиде қол қойылған жалпыға ортақ бауырластық Декларациясымен жалғасатын қорытынды Декларацияны талқылап, бекітті. Мен бұл қадамды ұзақ жолдың жемісі ретінде түсіндіргенді ұнатамын: әрине, мен 1986 жылы Ассизиде шақырылған бейбітшілік үшін тарихи Дінаралық кездесуді еске аламын, көптеген алдын ойламайтын адамдар сынға алған Әулие Иоанн Павел II, әулиелер Иоанн XXIII мен Павел VI-ның көреген көзқарасы, сондай-ақ басқа діндердің ұлы рухтандырушыларының көзқарастары туралы ойлаймын, мысалы Махатма Гандиді атап өткім келеді. Бейбітшілік пен бауырластық Құдайға адалдығы үшін өмірін берген көптеген құрбандар, барлық жастағы ерлер мен әйелдер, тілдер мен халықтар туралы қалай еске алмауға болады? Бізге белгілі: салтанатты сәттер маңызды, бірақ күнделікті міндеттемелер, нақты әрекеттер барлық адамдар үшін жақсы әлем құратыныны анық.
Конгрестен басқа, бұл сапар маған Қазақстан билігімен және сол жерде тұратын Шіркеумен танысуға мүмкіндік берді.
Республика Президентіне барғаннан кейін – мен оның мейірімділігі үшін тағы да алғыс айтамын – біз жаңа концерт залына бардық, онда губернаторлармен, азаматтық қоғам өкілдерімен және дипломатиялық корпуспен сөйлесе алдым. Мен Қазақстанның кездесу елі болуға шақырылғанын атап өттім: мұнда сексеннен астам тілде сөйлейтін жүз елуге жуық этникалық топ бірге өмір сүреді. Географиялық ерекшеліктер мен тарихқа негізделген бұл міндет – кездесулер, мәдениеттер, тілдер елі болу – көтермелеу мен қолдауға лайық жол ретінде қабылданды. Сондай-ақ бүкіл қоғамның қажеттіліктеріне тиімді жауап бере алатын өсіп келе жатқан демократия құрылысының жалғасатынына үміт білдірдім. Бұл уақытты талап етеді,әрі оңай міндет емес, бірақ қазірдің өзінде Қазақстанның, мысалы, ядролық қарудан бас тартып, ізгілікті энергетикалық және экологиялық саясат жүргізе отырып, айрықша оң таңдау жасағанын мойындау керек. Бұл батыл қадам. Қазіргі қайғылы соғыс кейбіреулерді ядролық қару туралы, нағыз ақылсыздық туралы ойлауға мәжбүр ететін уақытта, Қазақстан басынан бастап ядролық қаруға «жоқ» деді.
Шіркеуге келетін болсақ, мен бақытты, қуанышты, ынталы адамдармен кездескеніме ризамын. Бұл үлкен елде католиктер саны аз. Бірақ олардың сенімі арқылы қабылданған жағдай Інжілдің жемісін бере алады: ең алдымен, бұл азшылықтың бақыты, ашытқы, тұз және жарық болу туралы, адами маңыздылықтың кез-келген түріне емес, тек Тәңірімізге үміт арту туралы. Сонымен қатар, адам санының аздығы басқа конфессиялардың христиандарымен қарым-қатынасты, сондай-ақ барлығымен бауырластықты дамытуға үндейді. Сонымен, бұл кішкентай қауым, бірақ ол жабық емес, ашық; ол өзін қорғамайды, бірақ қай жерде және қалай болса да еркін әрекет ететін Қасиетті Рухқа жүректері ашық және Оған сенеді. Біз осы қасиетті Құдай Халқының азапталушыларын еске алдық – ондаған жылдар бойы атеистік қысымнан зардап шеккен, 30 жыл бұрын босатылғанға дейін – қудалаудың ұзақ кезеңінде сенімі үшін қатты азап шеккен ерлер мен әйелдер. Өлтірілген, азапталған, сенімі үшін түрмелерге тасталған.
Осы шағын, бірақ қуанышты қауыммен біз Нұр-Сұлтанда, EXPO-2017 көрме кешенінің аумағында, ультразаманауи сәулетті ғимараттар арасында, Еухаристияны жүзеге асырдық. Қасиетті Айқыш мерекесі еді, және бұл бізді ойлануға мәжбүр етеді: прогресс пен регрессия өзара байланысты әлемде Мәсіхтің Айқышы әрдайым құтқарудың тірегі болып қала береді: үміт белгісі, ол түңілдірмейді, өйткені ол мейірімді және адал Құдайдың сүйіспеншілігіне негізделген. Біз Оған осы сапар үшін алғысымызды білдіреміз және оның Қазақстанның болашағы үшін және осы жердегі ғибадат сапаршысы Шіркеудің өмірі үшін мол жеміс әкелуіне дұға етеміз. Рахмет».