ПАПА ФРАНЦИСК ЛГБТ АЗАМАТТЫҚ  НЕКЕ ОДАҚТАРЫ ЖАЙЛЫ НЕ АЙТТЫ? ЖӘНЕ БҰҒАН ҚАЛАЙ  ҚАРАУ КЕРЕК?

Папа Францисктың сөздері әлемдік БАҚ-да резонанс тудырды, сонымен қатар көптеген сенуші адамдар арасында күмәнға әкелді. Медиа бұл жаңалықтан сенсация жасап, біржынысты неке одақтарын заңдастыру және гейлердің діни некелесуіне рұқсат беру деп көрсетті. Расымен де солай ма? Дәстүрлі құндылықтарды қолдаушыларға бұл жайында уайымдау керек пе? Басын ашып көрейік.
Папа Римский про лгбт

Мазмұны:

Жақында Папа Францисктың өмірі мен қызметі жайлы «Francesco» документалды фильмі жарық көрді,ол бірден әлемнің танымал тақырыбына айналды, өйткені фильмде біржынысты жұптардың азаматтық одағын қабылдау туралы көрініс бар.

Кейбір белсенділер және БАҚ өкілдері Папа Франциск өз сөзімен католиктік ілімді өзгертті деген ұйғарымға келді.  Папаның айтқаны көптеген католиктердің көкейінде сұрақ туғызды,шын мәнінде Папа не деді және азаматтық неке одақтары мен неке туралы Шіркеу ілімі  қандай. Католиктік жаңалық агенттігі(CNA)  осы сұрақты қарастыруға шешім қабылдады

Папа Франциск азаматтық неке одақтары жайлы не айтты?

Фильм үзіндісінде   өздерін ЛГБТ –ға жатқызатын католиктерге деген Папа Францисктың пастырлық қамқорлығы  туралы Папа түрлі пікір берді.

Алдымен ол былай деді: «Гомосексуалдар отбасының бір бөлшегі болуға құқылы.Олар Құдайдың балалары және отбасына құқығы бар. Сол үшін ешкім де қуылуға және бақытсыз болуға тиісті емес».

Қасиетті Әке бейнежазбада бұл сөздердің мағынасын нақтыламады, оның алдында ол ата-аналар мен туысқандардан өздерін ЛГБТ-ға жатқызатын балаларды остракизмге(ред:қудалау)ұшыратпауды және олардан қашпауды сұраған болатын. Яғни, Папа адамдардың отбасының мүшесі болуға құқығы туралы айтқанда,осы мағынаны көздеген болуы керек.

Кейбіреулер Папа Франциск «отбасына деген құқық» туралы айтқанда, біржынысты жұптардың бала асырауына үнсіз рұқсат берді деп тұспалдады. Алайда,  Папа оның алдында мұндай бала асырау түріне қарсы екендігін білдірген, бұл арқылы балалар « Құдайдың өсиет еткен, әке мен ана беретін адами дамуынан айырылады», және де « әр адамға сәйкесінше жетілуді қалыптастыратын әке-еркек, ана-әйел керек» деген болатын.

Азаматтық неке одақтары туралы Папа былай деді: «Біз азаматтық неке одақтары жайлы заң құруымыз керек. Сонда олар заңмен қорғалған болады».

 « Мен осы үшін сөйледім»-деп қосып өтті Папа Франциск,яғни 2010 жылы Аргентинадағы дебат кезінде, епископтарға өз ұсынысын жеткізу барысында, ол азаматтық неке одақтарын қабылдау елдегі біржынысты некелерді заңдастырудың алдын алуға көмектесетін жол болуы мүмкін деген мағынада сөздер айтқан болатын.

Папа Франциск біржынысты некелер туралы не айтты?

Ештеңе. Документалды фильмде біржынысты неке тақырыбы қозғалған жоқ. Папа Франциск өз қызметі барысында  бір рет  қана емес,Католик Шіркеуінің доктриналы ілімін,яғни неке-бір еркек пен бір әйелдің өмірлік серіктестігі екендігін құптаған.

Папа Франциск өздерін ЛГБТ-ға жатқызатын католиктерге жақсы қарым-қатынасты қолдаумен қатар, Папа «неке тек ер мен әйел арасында болады», және « отбасына аса қауіп төніп тұр, кейбіреулердің тарапынан неке институтын қайта қарауға итермелейтін күш көрсетілуде» ,осылайша некенің мағынасын өзертуге тырысу әрекеттері «Құдайдың жаратылыс жоспарын бұрмалау қаупін тудыруда»деген еді.

Неліктен Папаның азаматтық неке одақтары туралы айтқан сөзі маңызды?

Папа Франциск бұрынырақта азаматтық неке одақтары жайлы сөз қозғағанымен, бұл идеяны жұрт алдында қолдамаған еді. Алайда, документалды фильмдегі оның айтқан сөздерінің мәнмәтіні толық ашылмайды,бейнекамераға түспеген басқа да сөздерді қосуы әбден мүмкін, біржынысты азаматтық неке одақтарына рұқсат беру Папа үшін мүлдем бөтен жайт, және де оның алдындағы екі тікелей жол салушылардың позициясына қайшы келеді.

2003 жылғы Папа Иоанн Павел II қолдаған және кейінірек Папа Бенедикт XVI атанған кардинал Йозеф Ратцингер жазған құжат бойынша,сенім доктринасының Конгрегациясы «гомосексуалдарға деген құрмет гомосексуалдық әрекетке рұқсат беру немесе гомосексуалдық одақтарды заңды деп тану дегенді білдірмейді» деп үйретеді .

Конгрегация тіпті біржынысты жұптарға жатпайтын адамдар  азаматтық одақты таңдай алса да, мысалы аға және әпке,немесе жақын достар ретінде, гомосексуалды қарым-қатынастар «заңмен қаралып және рұқсат берілсе» де,азаматтық одақтар  «кейбір негізігі моралдық құндылықтарды тұмшалап, неке институтының құнсыздануына алып келеді» деп айтып өтті .

 « Гомосексуалды одақтарды заңмен мойындау немесе оларды некемен бір орынға қатар қою тек қана девиантты қылық қана емес, заманауи қоғамда қалыпты модельге айналдыруға алып келеді,және адамзаттың ортақ мұрасы саналатын негізгі құндылықтарды ысырып тастайды»,-деп түйінделген құжатта.

Конгрегацияның 2003 жылғы құжаты доктриналы ақиқаттан тұрады,сонымен қатар Иоанн Павел II және Бенедикт XVI-ның Шіркеудің доктриналы ілімін азаматтық қадағалау және неке қарым-қатынастарын реттеуге қатысты саяси сұрақтарға қолдану жайлы позияциясын көрсетеді. Бұл позициялар Шіркеудің бұл сұраққа байланысты ежелгі тәртібіне сәйкес келгенімен,олар сенім догматтары болып табылмайды.

Кейбір адамдар Папаның сөздерін сандыраққа балады. Шынымен солай ма?

Жоқ. Папаның айтқандары католиктер ұстануға және сенуге тиісті доктриналық ақиқаттардың ешқайсысын жоққа шығарып немесе күмәндануға итермелеген жоқ. Шын мәнінде, Папа Шіркеудің неке туралы доктриналы ілімін жиі құптап келді.

Папаның азаматтық неке одағы туралы заңды қабылдауға айқын шақыруы 2003 жылы Конгрегацияның көрсеткен позициясынан ерекшеленеді, бұл ежелгі моралдық пайымдаулардан алшақтау деп қабылданды,ол бойынша шіркеу көшбасшылары үнемі ақиқатты қолдауға және қорғауға үйретеді.Конгрегация құжатында азаматтық неке одағы туралы заң үнсіз түрде гомосексуалдық әрекетке рұқсат береді делінген; ал осы кезде, Папа азаматтық одақтарды қолдау ниетін білдірді; сонымен қатар өз понтификатында ол гомосексуалдық әрекеттің  көргенсіздігін айтып кетті.

Айта кететін жайт, документалды сұхбат папаның ресми ілімі деп саналмайды(ред.:  ex cathedra емес). Папаның сөзі толық көлемде ұсынылған жоқ,және ешқандай стенограмма да берілмеді, сондықтан да егер Ватикан қосымша анықтауды ұсынбаса, мұндайды тек ақпараттың жетіспеушілігі деп қабылдаған дұрыс.

Кейбір елдерде біржынысты некелер заңдастырылған. Неліктен біреулер азаматтық неке одақтары жайлы айтуда?

Әлемнің 29 елінде біржынысты «некелер» заңды түрде мойындалады. Олардың көбісі Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада орналасқан. Алайда әлемнің басқа бөлігінде неке туралы даулы мәселелер енді ғана көтерілуде. Мысалға алсақ,Латын Америкасының кейбір өңірлерінде неке бұрыннан орныққан саяси тақырыпқа жатпайды,және католиктік саяси белсенділер азаматтық неке одақтары туралы заңды қалыпты деп санауға қарсылықтарын білдіруде.

Азаматтық неке одақтарына қарсы шығушылар, әдетте бұның біржынысты некелерді заңдастыруға себепші көпір  болуы мүмкін екендігін айтады,ал кейбір елдердегі неке коалицияларының жақтаушылары (ред.: христиандық неке моделін жақтаушылар)ЛГБТ лоббистері Рим Папасының документалды фильмде айтқан сөздерін өз пайдаларына асырып, біржынысты некені ілгері жылжытуы мүмкін деген қорқыныштарын білдіруде.

Гомосексуализм жайлы Шіркеу ілімі қандай?

Католик Шіркеуінің Катехизисі (2357-2359 т.т.) өздерін ЛГБТ-ға жатқызатын адамдарға «құрметпен,рақымдылық және әдептілікпен қарауға үйретеді. Оларға қатысты әділетсіз кемсітушілік  көрсетуден аулақ болған жөн. Бұл адамдар өз өмірлерінде Құдайдың еркін орындауға шақырылған,ал егер олар христиан болса, онда  өз жағдайларының салдарынан туындайтын қиындықтарды Құтқарушының Айқыштағы Құрбандығымен байланыстыра қосулары қажет»

Катехизис психологиялық шығу тегі көп жағдайда белгісіз болып келетін және көп адамдар үшін қиын сынақ болып табылатын гомосексуалдық бейімділік «тәртіпті объективті түрде бұзады», гомосексуалдық әрекеттер «табиғат заңына қайшы келеді»,ал өздерін гей немесе лесби деп санайтындар да, басқа адамдар сияқты пәктікті сақтауға шақырылған деп нақтылайды. Ішкі бостандықты тәрбиелейтін өз-өзін ұстай білу сияқты ізгі қасиеттердің арқасында,кейде риясыз адал достықтың,дұға және құпиялардың әсерімен бұл адамдар біртіндеп және табанды түрде христиандық кемелдікке жетуі тиіс және жете алады.

Папаның азаматтық неке одағына қатысты сөздерімен католиктер келісуге міндетті ме?

Папа Францисктың «Francesco» фильміндегі сөздері ресми папалық ілім деп саналмайды.  Папаның барлық адамдардың қадір-қасиеті туралы пайымдауы және барлық адамдарды құрметтеуге шақыруы  католиктік ілім негізіне сүйеніп айтылған болса да, католиктер Папаның документалды фильмдегі пікіріне қарап, заң немесе саясатқа қатысты позициясыны қолдауға міндетті емес. 

Кейбір епископтар Папаның пікірі жайлы түсініктемелерді Ватиканнан күтетіндіктерін жариялады, ал олардың біреуі түсіндіріп өтті: « Шіркеудің неке туралы ілімі анық және өзгеріссіз қалғанмен, біржынысты қарым-қатынаста өмір сүруші адамдардың қадір-қасиетін құрметтеу жолдарын қарастырумыз керек, олар қандай да бір әділетсіз кемсітушілікке ұшырамауы қажет».

Аударған: Раушан Таупикова
Bastapqy kózi: Catholic News Agency

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top