ПАПА ФРАНЦИСКТЫҢ  2021 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ДҰҒАЛЫҚ НИЕТТЕРІ

Ватикан Қасиетті Әкенің 2021 жылға арналған дұғалық ниеттерінің тізімін жариялады. Әр ай сайын Рим Папасы евангелиені тарату немесе жалпы адамзаттың мәселелері жайында дұға етеді.
Папа Франциск молитва
Сурет: Aleteia

Жыл сайын Қасиетті Әке белгілі бір айда нақты ниетке байлынысты дұға етеді. Біз сіздерді Рим Папасының өтінішін жауапсыз қалдырмай,бүкіл әлемдегі көптеген адамдарға қосылып,осы интенция бойынша дұғаға қосылуға шақырамыз. Кейде Қасиетті Әке екінші дұғалық ниетті қосуы мүмкін, ол қазіргі болып жатқан жағдайларға,немесе қауырт қажеттіліктерге, мысалы дүлей апатты тосын жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Екінші дұғалық ниет дұға мен осы жағдаймен байланысты іс-әрекетті бірге жұмылыдыруға көмектеседі.

Папа бұл дұғалық ниеттерді Папаның Бүкіләлемдік дұға желісіне—христиандарды Папаның шақыртуына жауап беруге және күнделікті дұғаларымызды тереңдетуге қозғау  салу үшін жұмыс істейтін ұйымға сеніп тапсырады. Папаның Бүкіләлемдік дұға желісі туралы толығырақ ақпаратты олардың веб-сайтынан   таба аласыз. Сонымен қатар аталған ақпараттық ресурста Қасиетті Әкенің кез-келген шұғыл жағдайдағы дұғалары Қасиетті Тақтан келіп түскен бойда,және әр айдағы интенцияларға түсініктемелер жарияланып отырады.

Папа  2021 жылы не жайлы дұға етуді сұрайды:

Қаңтар

Адамдар арасындағы бауырластық

Тәңіріміз бізге басқа діндегі аға-бауырлар мен әпке-қарындастармен толықтай қарым-қатынаста болып,бірі-біріміз үшін дұға жасау,барлығы үшін жүрегімізді ашық ұстау рақымын берсін.

Ақпан

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық

Біз зорлық-зомбылық құрбандары болған әйелдер үшін, қоғам оларды қорғауы, олардың шеккен азаптарына құлақ түруі және ескеруі үшін дұға етеміз.

Наурыз

Татуласу құпиясы

Біз татуласы құпиясын тереңінен түсіне бастан кешіп, Құдайдың мәңгілік рақымына ие болуымыз үшін дүға жасайық.

Сәуір

Негізгі құқықтар

Біз диктатурада, авторитарлық режимдерде және тіпті дағдарысты бастан кешіруші демократиялық елдерде негізгі құқықтар үшін күресіп, өз өмірлерін қатерге тігетіндер үшін дұға етеміз.

Мамыр

Қаржы әлемі

Қаржыға жауапты адамдардың үкіметпен қаржы саласын реттеуі және азаматтарды оның қауіп-қатерінен қорғауы  үшін жұмыс істеулері үшін дұға етейік.

Маусым

Неке сұлулығы

Христиандық қауымның қолдауымен некеге дайындалушы жастар үшін дұға жасайық,олардың махаббаты, дарқандығы,адалдығы мен төзімдері арта түссін.

Шілде

Әлеуметтік достық

Біз әлеуметтік, экономикалық және саяси қақтығыс жағдайларында диалог пен достықтың батыл және қарқынды сәулетшілері болуымыз үшін дұға етеміз.

Тамыз

Шіркеу

Шіркеудің Евангелие аясында өзгеруіне Қасиетті Рухтан күш пен рақым алуы үшін дұға етеміз.

Қыркүйек

Экологиялық тұрақты өмір салты

Барлығымыз қарапайым және экологиялық тұрақты өмір салтын сақтаушы және қатаң ұстанущы жастар үшін қуана отырып,өзіміз де осы бағытта батыл таңдау жасауымыз ұшін дұға етейік.

Қазан

Шәкірт-миссионерлер

Біз су рәсімінен өткен әр адам евангелиені таратуға қатыса алуы,және Евангелиенің хош иісі сіңген өз өмірлерінен куәлік бере отырып, миссияға дайын болулары үшін дұға етеміз.

Қараша

Депрессияға ұшыраған адамдар үшін

Біз депрессия немесе эмоционалды күйзеліске ұшыраған адамдарды өмірге шақыратын қолау мен жарыққа ие болулары үшін дұға етеміз.

Желтоқсан

Катехизаторлар

Құдай сөзін жариялауға шақырылған катехизаторлар үшін дүға етеміз:Қасиетті Рухтың күшімен Оның батыл әрі шығармашыл куәгерлері болулары үшін.

Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top