Розарий-Исаның өмірі арқылы Мәриямның қолдауымен өту жолы. Бұл дұғаны католиктердің қабылдауы ежелгі уақыттан бері пірадарлар мен монахтар күнделікті дұғаларында 150 псаломды қолдануымен байланысты. Алайда қарапайым дүнияуи адамдар үшін бұл дұға қиын болды,оның бір-бірімен тығыз байланысты екі себебі бар. Бұрынғы кезде Псаломдар қолмен жазылды,қазіргідей басып шығару мүмкіндігі болған жоқ. Оның үстіне көптеген адамдар оқып та жаза да білген жоқ,немесе мүлдем одан хабары жоқ еді. Сондықтан да «Сәлем Саған,Мәриям» дұғасын 150 рет қайталайтын Розарий ойлап табылды,ол арқылы Исаның балалық шағы,азап шегуі мен қайта тірілуі туралы ойланамыз. Және жақында Папа Иоанн Павел II Исаның қоғамдық өмірінен бес құпияны қосып,оларды «Жарық Құпиялары» деп атады.
Мәриям Бике Лурд пен Фатимада балаларға көрінген кезде,Ол үнемі барлығын Розариймен дұға жасауға шақыратын. Дұға ыңғайлы болуы үшін санауға арналған моншақтарды пайдаланамыз. Розарийдың төрт бөлігі бізді Исаның өмірінің 4 негізгі кезеңінен өткізеді:Қуанышты құпиялар-Исаның өмірінің алғашқы 12 жылы арқылы ,Жарық құпиялары –Исаның көпшілік алдындағы өмірі арқылы,Қайғылы Құпиялар – Исаның азап шегуі арқылы, Даңқты Құпиялар-Исаның қайта тірілу кезеңі арқылы.
Біз Розарийды Апостолдық Сенім белгісінен,қолымызда крест ұстап тұрып бастаймыз. Үш кішкентай моншақты бірінен соң бірін өткізіп тұрып сенім,үміт,махаббат сұраймыз. Сосын әр ондықтың басында «Аспандағы Әкеміз» дұғасын оқимыз.Он кішкентай моншақты он рет «Сәлем Саған,Мәриям» дұғасын оқу үшін қолданамыз. Әр ондық біткен соң «Әке,Ұл және Қасиетті Рух…дәріптелсін» дұғасын оқып, сосын әдеттегідей «Фатималық дұғаны» оқимыз: «О,менің Исам,біздің күнәларымызды кешіре гөр; бізді тозақ отынан сақта;және барлық жандарды аспанға жеткізе гөр,әсіресе ,Сенің мейіріміңе көбірек мұқтаж жандарды».
Әр жылдың қазан айы Католик Шіркеуінде Мәриям Бикені ерекше қадірлеу айы деп саналады. Және бұл қадірлеуді біз осы күнделікті Розарий дұғасымен білдіреміз! Дұғаны бастау үшін барлық қажетті ақпарат төменде.