Рухани келісімде

Согласны духовно

18 қазан күні Қазақстан 27-ші Рухани келісім күнін  атап өтті. Бұл мерекенің Қазақстан тәуелсіздігін ала салысымен орнауы еліміздің саяси және идеялық бағытын көрсетеді.

Мақсаты бүкілхалықтық бірлікті,бейбітшілікті қолдау мен қайырымдылық пен жақынға көмек көрсетуді дәріптеуді көздеген бұл күн орнатылғаннан бастап,бұл мереке аясындағы іс-шараларға Қазақстандағы әртүрлі дін өкілдері белсене қатысты.

Бұл жылы Келісім күніне орай Бейбітшілік және Келісім сарайында  «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізіліп,оған саясаткерлер, қоғам және дін қайраткерлері қатысты.

Рухани келісімде
Рухани келісімде

Конференция қатысушыларын құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бастады. Ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сөзінен үзінді келтірді: «Бейбітшілік пен келісім – бұл біздің тәуелсіздігіміздің басты жеңісі»,бұл сөздермен ол қазіргі сәттегі қолымызда бар,еліміздің шынайына келбетіне айналған бейбітшілікті,этностар мен әртүрлі діни ағымдар арасындағы жайлы қарым-қатынастарды бағалауға шақырды. Іс-шараға Рухани келісім күнінің бастамашысы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Мұхамеджанов та келді,ол бұл күннің пайда болу тарихын,және 3 бірдей онжылдық бойы қандай сипатқа ие болып келе жатқаны туралы айтып өтті.

Конференция спикерлері ретінде Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Мирас Шекенов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен, Дінаралық және өркениетаралық диалог департаментінің директоры Қарлығаш Калилаханова,сонымен қатар дін өкілдері:Успен кафедралды Соборы ОПШ  протоиерейі Дмитрий Байдек,ҚР Евангелиелік-лютеран шіркеуінің епископы Юрий Новгородов, Бахаи қауымдастығының қоғамдық ақпарат бюросының директоры Ляззат Янгалиева бой көрсетті.

Рухани келісімде

Православ Шіркеуінің өкілі рухани келісімді тұрақты сақтап отыру қажет екендігін және бұны өздігінен бар нәрсе деп қабылдау қателік екендігіне ерекше көңіл аударды. Ол Қазақстанға жақын көршілес ел Украинадағы саяси идеялардың енуі Православ шіркеуі ішінде алауыздық тудырғанын мысалға келтірді. Лютеран шіркеуінің басшысы барлығымызды қолымызда бар рухани келісім біздің жетістігім ғана емес,біз сақтауға міндетті арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан үлкен мұра екендігін еске түсіруге шақырды.

Конференциядағы сөз сөйлеу үрдісін «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы аяқтады,өз сөзінде жастар арасындағы рухани келісімді сақтау және тарату үшін қандай шаралар қолданылып жатқаны туралы айтып өтті. Естеріңізге сала кетейік,2019 жыл Қазақстанда Жастар Жылы деп танылған еді.

Рухани келісімде

Аталған конференцияға Католик Шіркеуі атынан ҚКЕК басапасөз-хатшысы монсеньор Петр Пытлованы қатысты. Ал бірінші қабатта қатысушылар еліміздегі әртүрлі діндер үшін ерекше маңызы бар шіркеу керек-жарақтары мен кітаптары қойылған шағын көрмемен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top