Ватикан 2022 жылдың 2 тамызы, сейсенбі күні Папа Францисктің Қазақстанға Апостолдық Сапарының бағдарламасын жариялады. Қасиетті Әке Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында іс-шараға толы үш күн өткізеді.
Қазақстанға келгеннен кейін, яғни 13 қыркүйек, сейсенбі күні ол Қазақстан Президентіне ізеттілік жолығысуын жасап, мемлекеттік билікке сөзін арнайды.
Сәрсенбі, 14 қыркүйек күні Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады. Биылғы іс-шараның тақырыбы «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» болмақ. Онда басқа да діни жетекшілермен бірге тыныштықта дұға етіп, Конгрестің ашылуы мен пленарлық отырысы кезінде сөз сөйлейді. Содан кейін Папа кейбір діни көшбасшылармен жеке кездеседі.
Күннің екінші бөлігінде ол Қазақстан католиктері үшін Қасиетті Мессаны атқарады.
Бейсенбі, 14 қыркүйек күні Папа епископтармен, қасиеткерлермен, монахтық жолдағылармен және семинаршылармен кездеседі, сонымен қатар Иса Қоғамының(иезуиттер ордені) мүшелерімен жеке кездесу өткізеді.
Ол сондай-ақ Конгресс аяқталғаннан кейін тағы бір үндеу жасайды, оның барысында іс-шараның қорытынды декларациясы оқылады.
Папа Франциск бейсенбі күні, жергілікті уақыт бойынша 20:15 шамасында Римге оралады.
Төменде Апостолдық сапардың Ватикан ұсынған толық бағдарламасы берілген:
Оның Қасиеттілігі Папа Францисктің Қазақстанға Апостолдық Сапарының бағдарламасы (2022 жылғы 13-15 қыркүйек)
Сейсенбі, 13 Қыркүйек 2022 жыл
РИМ-НҰР-СҰЛТАН
07: 15 Римнен ұшақпен ұшу / Фьюмичино Халықаралық әуежайынан Нұр-Сұлтанға
17: 45 Нұр-Сұлтан Халықаралық әуежайына қону
17: 45 Ресми қарсы алу
18:30 Нұр-Сұлтандағы Президент Сарайында қарсы алу салтанаты
18: 45 Республика Президентімен ізеттілік жолығысу
19:30 «Қазақстан» концерт залында билік, қоғам және дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесу — Қасиетті Әкенің Үндеуі
Сәрсенбі, 14 қыркүйек 2022 жыл
НҰР-СҰЛТАН
10: 00 Діни көшбасшылармен бірге тыныштықтағы дұға.
Бейбітшілік және келісім сарайында «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің» ашылуы мен пленарлық отырысы — Қасиетті Әкенің Үндеуі
12: 00 Бейбітшілік және келісім сарайында әртүрлі діни көшбасшылармен жеке кездесулер
16: 45 «EXPO» Халықаралық Көрме Орталығы аумағы алаңындағы Қасиетті Месса-Қасиетті Әкенің уағызы
Бейсенбі, 15 қыркүйек 2022 жыл
НҰР-СҰЛТАН-РИМ
09:00 Иса Қоғамының мүшелерімен Апостолдық Нунциатурада жеке кездесу
10:30 Епископтармен, қасиеткерлермен, диакондармен, монахтық жолдағылармен, семинаршылармен және шіркеу қызметкерлерімен Құдай Анасының Қалтқысыз Көмегі Кафедралдық Соборында кездесу-Қасиетті Әкенің Үндеуі
15:00 Бейбітшілік және келісім сарайында Қорытынды декларацияның жариялануы және Конгрестің жабылуы-Қасиетті Әкенің Үндеуі
16: 15 Нұр-Сұлтан Халықаралық әуежайында қоштасу рәсімі
16: 45 Нұр-Сұлтан Халықаралық әуежайынан Римге ұшу
20: 15 Римге қону / Фьюмичино Халықаралық әуежайы
Қазақстанға бірден-бір болып және соңғы келген Рим Папасы-2001 жылы «Бір-біріңді жақсы көріңдер» деген ұранымен сапарға шыққан Әулие Иоанн Павел II еді.
Pew Research Center зерттеу орталығының деректері бойынша Қазақстанда кемінде 70% мұсылмандар және шамамен 25% христиандар тұрады, олардың 1% – дан азын католиктер құрайды.