Қырғызстанда жаңа храм апталды

Освящен новый храм в Киргизии

2019 жылдың 6 қазанында табиғаты тамаша Талас өзенінің бойында,Қырғызстанның батысында,облыс орталығында,Қазақстанмен шекараға жақын өлкеде Флюэлік Қасиетті Николайдың құрметіне арналған жаңа Католик храмы апталды.

Қырғызстанда жаңа храм апталды
Қырғызстанда жаңа храм апталды
Қырғызстанда жаңа храм апталды

 «Мереке өте керемет өтті. Біз барлығын өте салтанатты түрде өткізуге тырыстық,өйткені адамдар храмның апталуына бірінші рет куә болуда,бұл рәсім символика аса бай. Ең алдымен храмның сыртына қасиетті су себіледі,сосын епископ асатаяғымен есікті қағады,есік ашылып, барлығы бос храмға кіреді. Ішіндегі қабырғаға,алтарьға су шашылады. Сосын алтарьды миромен бес жерінен майлайды,бұл Христостың денесіндегі бес жараның белгісі. Храмның қабырғасына елеймен 12 крест жасайды,бұл Израильдің 12 буынын,сонымен қатар 12 апостолды білдіреді. Алтарьда ладан жағылады,бұл Құдайға біздің дұғаларымыз ладанның түтіні тәрізді ұшып жатқанын көрсетеді»,-дейді епископ Атаназиус.

Қырғызстанда жаңа храм апталды
Қырғызстанда жаңа храм апталды
Қырғызстанда жаңа храм апталды
Қырғызстанда жаңа храм апталды
Қырғызстанда жаңа храм апталды
Қырғызстанда жаңа храм апталды
Қырғызстанда жаңа храм апталды

Храмды салу идеясының авторы- пірадар Александр Кан әке, Suiiuris миссиясының басқарушысы. Және бұл ой Александр әкенің Швейцариядадағы Флюэлік Әулие Николайдың-Швейцарияның ұлттық жебеушісінің қасиетті ордасында болған кезінде туындаған еді. 15 ғасырда қасиетті дәруіштің  кеңестері мен әсерінің арқасында азаматтық соғыс тоқтатылған еді,сол себепті де ол бейбітшілік жебеушісі саналады. Ол дәруіш болып 20 жыл өмір сүрді. Алайда оның дәруіштік өмірі басқалардын өзгеше. Біріншіден,ол отбасылы адам еді. Ол өзінің жұбайы Доротея екеуі 10 баланы тәрбиелеп өсірген. Ол Христостың шақыртуы мен аяндарынан кейін жұбайының келісімімен дәруіш болуды қабылдаған сәтте,оның ең кіші баласы әлі бесікте болатын. Және бұл бала,саналы жас шамасында үйден алыс емес жерде дәруіш болып жүрген әкесін көрмесе де,кейіннен пірадар болуды таңдаған. Әулиенің өмірлік үлгісімен шабыттанған Александр әке Қырғызстанда да,өз өмірінің соңғы 19 жылында Еухаристия мен бұлақ суынан басқа ештеңені татпаған  Флюэлік Қасиетті Николайға арнап тым құрығанда кішкене шіркеу салса жақсы болар еді деген ойға келеді. Және пірадар бұл идеясын өзінің швейцарлық достарына да «жұқтырып» үлгіреді,табиғи ландшафтының ұқсастығына қарап Қырғызстанды Орта Азияның Швейцариясы деп жиі атайтыны да рас қой.  Клаудио Иосиф Шмидт және Викки атты тегі бар пірадар екеуі құрылысты қолдап,әсіресе материалдық жағынан көмегін тигізді,құрылыс ұзақ уақытқа созылды,алайда осы екі адамның сіңірген еңбегінің арқасында сәтті аяқталды. Аталған храмның салынуына марқұм епископ Николай Мессмердің де қосқан үлесі зор. Әрине идеямен қанаттандырған Александр Кан әкенің жүзеге асырудағы еңбегі еселі. Ал епископ Николай Мессмер қайтыс болғаннан кейін құрылысты Қырғызстанның Апостолдық администраторы Энтони Коркоран әке аяқтады.

Қырғызстанда жаңа храм апталды

Храмның құрылысын тегі қырғыздан шыққан архитектор басқарды,ол өмірінде алғаш рет католик храмын салумен айналысты,сондықтан да аса ыждаһаттылықпен қарады. Көптеген әдебиетті оқып,қаншама энциклопедияның бетін ашты,жалпы дін жайлы мағлұмат алу үшін,оның тарихын біліп,католиктік храмдардың маңызын зерттеді,католиктер үшін лайықты храмды жобалау үшін ондағы кеңістікті қалай ұйымдастырса болады деген сұрақтарға сан мәртебе басын қатырды. Тіпті,құрылысшыларға да аса қатаң қарады,олардың құрылыс кезінде спиртті ішімдік ішпеуін талап етті.

Қырғызстанда жаңа храм апталды

 «Менің ойымша,бұл өте ғажап нәрсе-осындай адамның: бейбітшілік жебеушісі,отбасының әкесі,Құдайға өзін толықтай берген жанның Орта Азиядағы храмның жебеушісі болуы. Храм өте әдемі,аса үлкен де емес,кішкентай да емес,мұнарасы мен кресі бар- әдемі ішкі көрінісі бар қасиетті жер екені бірден байқалады»,-деп атап өтті  епископ  Шнайдер.

Талас 30 мыңнан аса адам тұратын облыс орталығы болап табылады. Католик храмын аптау аталған қаланың ғана басты оқиғасы болған жоқ,басқа да жақын елді мекендердегі адамдар маңызды оқиғаның куәсі болуы үшін келіп жатты. Храм адамдарға лық толы болды.

Қырғызстанда жаңа храм апталды
Қырғызстанда жаңа храм апталды

 «Мені қуантқаны,Мессада көптеген жас отбасылар мен балалардың болуы»,-дейді епископ Атаназиус. Оның айтуынша,аталған аймақта әулие Францисктің мектептегі монах әпкелері мен приход басшысы Александр Кан әке қарқынды жұмыс жүргізуде.

Қырғызстанда жаңа храм апталды
Қырғызстанда жаңа храм апталды
Қырғызстанда жаңа храм апталды
Қырғызстанда жаңа храм апталды

 «Менің ойымша,мұндай көзге көрінерлік қасиетті ғимараттың болуы-Құдайдың рақымына бөлейді. Ал шіркеу тұрғысынан алғанда,бұл үнсіз евангелизация десе де болады.  Өйткені қауым негізінен еуропалық ұлт өкілдерінен тұрады. Әрине,бірнеше қырғыз ұлтының өкілдері де бар. Мен Әулие Николай біздің қырғыз бауырларымызды Иса Мәсіхке,ұлы бақытқа әкеледі деп үміттенемін. Бұл менің жүректегі тілегім. Мен бұл храмды аптауда аса қуанышқа бөлендім,себебі жаңа храм менің дүниеге келген елімде тұрғызылды»,-деп қорытындылады епископ Атаназиус Шнайдер.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top