Әйел, діни қызметкерлер, дұға ету, еңбек әскері, ғибадатхана, түрме, махаббат – бұл қосымша сөзді табу немесе детективтік сюжеттің сипаттамасынан суырып алынған сөздер емес. Бұл Гертруда Детцельдің есімін естігенде бірден ойға келетін ассоциациялар. Ол діни қызметкерлерге көмектескен әйел, кейде олар әдетте орындайтын қызметті өз мойнына алған, оның дұғалары өте әсерлі болып қана емес, сонымен бірге Құдайдың құлағына жеткен әйел, бұның дәлелі Қарағанды ғибадатханалары, ол еңбек әскерін басынан өткеріп, тіпті түрмеде де Құдайға деген сүйіспеншілігін сатпады, Оған адалдығы үшін жазасын өтеп, Оны тіпті тұтқындар мен бақылаушыларға таныстыруды жалғастырды.
Біз сізге Валентина Шмидтляйн әпкенің осы ерекше әйел туралы шағын куәлігін ұсынғымыз келеді: «Менің отбасым, яғни ата-анам, әжем Рождественка ауылында Гертруданың отбасымен көрші болды. Олар бір-бірімен өте тату еді. Көбінесе Гертруданың әкесі, Гертрудадан жасы әлдеқайда кіші менің әкемнің үйінде болатын. Ол Қарағандыға келгенде, біздің ата-анамыз сол жерде тұратын. Олар бір-бірін тапты, кездесті және олардың қарым-қатынасы біз облыста, ал Гертруда Еділ бойынан қуылып жер аударылған адамдар жіберілген Қарағандының өзінде тұрғанына қарамастан жалғасты . Бала кезімнен Гертруда есімде, ол жыл сайын бірнеше күн біздің үйде қонақта болатын. Бізге келген кезінде, ол дұға жасайтын, ән айтатын, сабақ беретін, кітаптарды айтып беретін, балаларды Катехизиске үйретіп,Алғашқы Қатынасуға дайындайтын, солардың ішінде мен де бар едім. Біз оны өте жақсы көрдік. Кейде Гертруда бірнеше күнге , ал кейбір кезде тек бір күнге жалғыз өзі немесе әпкесімен, немесе Клара Роммемен келетін. Клара Роммемен бірге олар әрқашан екі дауыспен ән айтатын: Гертруда екінші, Клара бірінші. Майқұдықтағы дұғаларда олар және тағы бір ер адам басты әншілер еді. Сол кезден бастап есімде көптеген суреттер мен бейнелер қалды, оларды махаббатпен жүрегімде сақтап, үлкен қуанышпен еске аламын. Оның бізге кешкі астан кейін Иоанн XXIII күнделігін , Рим Папасы Пий X және тағы басқалар туралы айтып беретіні есімде. Келген кезінде ол фортепианода жиі ойнап және ән салатын, кейде өзі сияқты фортепианода ойнай алатын Клара Роммемен бірге екі дауыспен шырқайтын. Менің әжем оның монах әйел сияқты өмір сүретіні жайлы жиі айтатыны есімде. Бала кезімде әжем екеуміз Майқұдыққа келіп тұратынбыз. Содан кейін, біз есейген кезде, әпкемізбен бірге әр жексенбі сайын Қасиетті Мессаға баратынбыз және бастапқы кездері Гертруда мен Валя тәтеде түнедік. Әпкем екеуміз Гетрудамен бірге бір бөлмеде, бір төсекте ұйықтадық, біз әлдеқашан төсекке жатып ұйқтай бастағанда, ол еденде Құдайға тағзым етіп, ұзақ уақыт бойы тізе бүгіп дұға жасайтын еді».
Гертруда Детцель 1903 жылы 8 қарашада (кейбір мәліметтер бойынша 1904 жылы) Кавказда Рождественское ауылында шіркеу органистінің көпбалалы отбасында дүниеге келді. Жас кезінде-ақ ол монастырға ену мүмкіндігі болмаған соң, өзін Құдайға және Шіркеуге қызмет етуге арнады. Антикеңестік насихаттау жүргізді деп айыпталып,еңбек әскерін және түрмені бастан өткерді. Кез-келген жерде және кез-келген уақытта дұға жасау және адамдарды Құдаймен таныстыру үшін барлық мүмкіндікті пайдаланды. Ол балалар мен ересектерді құпияларды қабылдауға дайындады, қайтыс болғандарды католик дәстүріне сәйкес соңғы сапарға шығарып салды.
7 тамызда Гертруда Детцельдің сүйегін эксгумациялау жүргізіліп, қалдықтарды канондық тексеру үшін зираттан Әулие Жүсіптің Кіші базиликасына жеткізілді.
Гертруда Детцельдің қолдаушылығымен оның беатификациясын сұрауға арналған дұға
Құдай Әкеміз, барлық қасиеттіліктің қайнар көзі,Сен жан-жақта шашыраған балаларыңды біріктіре жинау үшін бізге Өзіңнің Ұлыңды жібердің. Сенің рухтандыруыңмен сенімді құлың, Сенің Гертрудаң, католиктік сенімнің сақталуына,бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі қудалаудың қиын жағдайына ұшыраған сенушілердің бірігуіне барын сала еңбек етіп,жер аударылған адамдардың арасында шіркеулік өмірді ұйымдастыру ісіне өзін толықтай арнады. Гертруда әр адамның Саған деген ұмтылысын қолдап,көмектесуге барлық мүмкіндіктерді батыл қолдана білді, және де кейбір болашақ қасиеткерлер мен монах әйелдерің алғашқы катехизис ұстазы және тәрбиешісі болды.
Ол қазіргі уақытта да бізге өз дұғасымен көмектесуде деп сенеміз. Аса Құдіретті Құдай,Сенен сұраймыз, оның қолдаушылығымен маған қажетті рақымды бере гөр(ниет-тілегіміз),және өз өмірінде Саған зор құлшыныспен қызмет еткен құлың, Сенің Гертрудаңның баталылар қатарына қосылуын сұраймыз. Сен мәңгілік тірі және патшалық етушісің. Әмин.
Imprimatur †Adelio Dell’Oro, Episcopus Karagandensis