БҰЛ ӘУЛИЕ ЖҮСІПКЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЕЖЕЛГІ ДҰҒА «ЕШҚАШАН ЖЕРГЕ ҚАРАТҚАН ЕМЕС»

Әрине үлкен сеніммен айтылса және белгілі бір рухан рақым түрі сұралатын болса.
Иосиф и Иисус

Қасиетті Жазбада әулие Жүсіп бірде-бір сөз айтпаса да, оның  адалдығы мен Исаның ер жетіп қалыптасу жылдарында Қасиетті Жанұяға аянбай қамқор болуының үнсіз үлгісі оны христиандықтағы ең бір сүйікті әулиелердің бірі етті.

Исаның асыраушы әкесіне деген шын берілгендігінің белгілері III және IV ғасырларда кеңінен тарала бастады,бірақ Пьета дұғалар кітабын қарасақ(Папа Пий IX  мақұлдаған, бір кітапқа жиналған,XVIII ғасырдағы католиктік дұғалар),Әулие Жүсіпке арналған б.з.д. 50 жылғы дұға бар.

Дұғалар кітабында жазылғандай: «Бұл дұға Тәңіріміз және біздің Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің Туған Күнінен кейінгі 50-ші жылы табылды. 1505 жылы Рим Папасы Александр VI бұл дұғаны император Карлға,соғысуға кетіп бара жатқанда жіберді. Бұл дұғаны оқығандар болсын,  естігендер болсын, немесе өзінде сақтап жүргендер болсын, ешқашан кездейсоқ өлімге тап болмайды, батып кетпейді,у әсер етпейді, жаудың қолына түспейді, отта өртелмейді, және ұрыста жеңілмейді. Бұл дұғаны күнде таңертең 9 күн бойы оқыңыз, дұғаңыз ескерусіз қалмайды».

Кейбір адамдардың айтуынша «ешқашан жерге қаратпаған дұға осы,әрине  рухани рақымды сұрау немесе басқа жандардың игілігі үшін дұға жасаған  болсақ».

О,Әулие Жүсіп,Құдай тағының алдында сенің қамқорлығың сондай ұлы, мықты және жылдам,саған өзімнің бүкіл қажетіліктерім мен мұқтаждығымды артамын. О,Әулие Жүсіп,маған өзіңнің құдіретті жебеушілігіңмен көмектесіп, өзіңнің Құдай белгілеген Ұлыңнан рақым мен рухани ізгіліктерді сұрай гөр,сенің қасиетті қорғанышыңда болып,шексіз сүюші Әкеге алғыс айта алуым үшін. О,Әулие Жүсіп, мен ешқашан сені және сенің қолыңда ұйықтап жатқан Исаны түйсінуден шаршамаймын. Ол сенің құшағыңда тыныштықта жатқанда, жақындауға батпаймын. Оны менің атымнан құшағыңа тартып,менің атымнан бетінен сүй, және мен соңғы демімді шығарғанда Ол да мені өз сүюімен сыйға бөлеуін сұрай гөр. Әулие Жүсіп,өлім аузындағылардың қорғанышы, біз үшін дұға ете гөр. Аумин.

Естеріңізде болсын, Құдай үнемі біздің дұғамызға жауап береді, біз үшін шын мәнінде ең жақсысын жасайды. Бірақ біз әрқашан өзіміз қалаған жауапты ғана алатынымызға сенімді бола алмаймыз.

Орталық Азияның Католиктік ақпараттық қызметі
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top