Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесіне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» тақырыбында Халықаралық конференция ұйымдастырылды. Бұл конференцияға Қазақстан Католик Шіркеуі атынан Қазақстандағы Ватикан елшісі архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатт,Астанадағы Қасиетті Мәриям Бике Архиепархиясының архиепископ митрополиті Томаш Пэта,нунциатура хатшысы Пшемыслав Левинский әке, сонымен қатар ҚКЕК баспасөз-хатшысы Петр Пытлованы қатысты.
«Көптеген мәселелермен бетпе-бет келе,діни көшбасшылар әділдік пен бейбітшіліктің жаршылары болып,бұлжымас адам құқығының жақтаушылары атанып,бейбітішілік пен толеранттық жайлы хабарды жария етулері керек,сонымен қатар әлсіз,қорғансыз,қорлық көрушілер,қудаланушылар мен кемсітуге ұшырағандарға қамқорлық жасап,өз құқықтарын қорғау мүмкіндігінен айырылғандардың дауысына айналулары тиіс»,- деп атап өтті өз сөзінде архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатт.
Иса бізге биліктегілер үшін дұға жасауды тапсырды. Оның өсиеттеріне құлақ аса отырып,алдағы мереке қарсаңында мемлекетіміз үшін кеше және бүгін де жауапты болып отырған адамдар үшін дұға жасауды ұмытпайық.