Ғимараты пирамида ретінде белгілі елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында түрлі діни бірлестіктердің өкілдері Жастар жылына арналған іс-шаралар жоспарын талқылау және республика жастарына үндеу жасау үшін жиналды. Католик Шіркеуінің атынан жиынға Архиепископ Томаш Пэта қатысты.
Жиын 13 маусымда өтті және дөңгелек үстел форматында болды, онда әркім өз идеяларын айтып, пікірлерімен бөлісті, сұрақтар қойды. Кездесуде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің жаңа төрағасы Ержан Нүкежанов жетекшілік етті. Ол министрлікте жастар мәселелерімен айналысатын жеке комитет бар екенін атап өтті.
2019 жыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылы етіп жариялануына байланысты осы жиналыстың нысаны жастар болды. Дөңгелек үстел барысында елімізде жастармен жұмыс жүргізілуі туралы, соның ішінде елімізде екі жүзден астам жастар орталықтары жұмыс істейтіні туралы айтылды. Өз кезегінде, діни бірлестіктері де осы жұмыстан тыс қалмайды.
Сонымен қатар имам Дәурен Мүслимовтың айтуынша, жастармен жұмыс істеу барысында
отбасы институтына ерекше
көңіл бөлу керек, өйткені мұсылман
тұрғындарымен жұмыс істеу тәжірибесіне сүйене отырып, олардың өз мәселелерімен және
проблемаларымен мешітке барғанда көбінесе отбасы, неке құндылықтарына қатысты
проблемалармен жүгінетінін
атап өтті. “Ажырасу санының өсуі, қарттарға арналған үйлердің толуына
байланысты руханият деңгейін арттыру қажет”, – деді Дәурен Мүслімов.
Архиепископ Томаш Пэта бұл мәселеде имаммен ынтымақтастықты білдірді, және Елбасы (ҚР Тұңғыш Президенті) отбасы институтының ерекше маңыздылығын нұсқағандығын еске салды. “Егер мықты отбасы болмаса, қандай да бір жетістіктер ешқандай елді сақтамайды. Рим Папасы Иоанн Павел II айтқандай, “бәрі отбасынан басталады”. Болашақ отбасы арқылы, және отбасысынсыз болашақ болмайды”, – деді архиепископ.
Православие Шіркеуінің өкілі Қаскелең епископы Геннадий өз сөзінде, қарым-қатынас жасауға, оқуға, қоршаған әлемге ашықтық сияқты ерекшеліктерге байланысты жастар осал болып, теріс пиғылды насихатшылардың ықпалына түсу қаупі бар екенін атап өтті. “1990-ші жылдардың аяғында – 2000-шы жылдардың басында барлық посткеңестік елдерде білім беру жүйесінде білім мен құзыреттілікті алуға ерекше көңіл аударылды, ал өкінішке орай, тәрбие туралы олар ұмытып кетті. Осыған байланысты көптеген жастар экстремистік қозғалыстарға тартылды”, – деп атап өтті православиелік епископ. Епископ Геннадий “адам не ексе, соны орады” деген Қасиетті Жазба сөзін басшылыққа ала отырып, жастарға қамқорлық жасау және олармен өз тілінде сөйлесу қажеттігіне назар аударды. Православие Шіркеуі өзінің куәліктерін виртуалды әлемге аударуға тырысады. “Діни және саяси экстремизмді жеңу үшін діни ұйымдардың аса беделді өкілдерімен тығыз өзара іс-қимыл жасау туралы ойлану қажет. Өйткені, барлық діндер зор бітімгерлік әлеуетке ие”, – деп ұсынды православиелік қызметші.
Имам Дәурен
Муслимовтың сөйлеген сөзінде жас ұрпақты тәрбиелеудің шынайы дінаралық диалогының
маңыздылығы туралы идеясы айтылды, ол бірнеше жыл бұрын әртүрлі діни
бірлестіктердің өкілдері спортпен айналысу үшін жиналған бастаманы жалғастыруды
ұсынды, бұл жас ұрпақ үшін әртүрлі діндер өкілдерінің тек қана ресми
кездесулерде жариялап қоймай, тату-тәтті өмір сүріп жатқанының жақсы дәлелі
болуы мүмкін.
Алматы қаласындағы жетінші күн христиан адвентисттер шіркеуінің жетекшісі
Даниил Павелко ересектер жастарға бастамшылдық пен жауапкершілікті өз қолына алуға
мүмкіндік беретін аға буынның жас ұрпақпен сыйластық қарым-қатынасының
маңыздылығын атап өтті. “Ересектер жақсы үлгі болуы керек, себебі жеке
мысал – бұл сенімнің ең жақсы емес, жалғыз-ақ тәсілі”, – деді Даниил
Павелко.
Жиынның маңызды мәселесі “Қазақстанның діни бірлестіктері өкілдерінен Қазақстан Республикасының жастарына үндеу” жобасын талқылау болды. Католиктік Шіркеуінің атынан Архиепископ Томаш Пэта осы үндеуде отбасының құндылығына назар аударуды ғана емес, сонымен қатар, жастардың назарын Жаратушымен жеке қарым-қатынастың маңыздылығына аударуды ұсынды.
Кездесу соңында қатысушыларға Қазақстандағы дінаралық үнқатысу орталығы болып табылатын Бейбітшілік және келісім сарайына экскурсия ұсынылды, ал өткен жылдың қазан айында осы жерде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде қонақтар қабылданды. Ол 2003 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның астанасында өткізілетін дінаралық диалог құру алаңы болып табылатын іс-шара.