ЕУХАРИСТИЯЛЫҚ ҒАЖАЙЫПТАР

Христостың Қаны мен Тәні мерекесінің орнау тарихы,және компьютер мен еухаристияны жақсы көретін бала туралы
Евхаристические чудеса

Жүрекке айналған нан түйірі ма,әлде нан түйіріне айналған жүрек пе?

Польшада қасиеттелген Еухаристиялық Нан Түйірі адам тәніне айналған. Бұл ғажайып Легница қаласындағы әулие Гиацинт шіркеуінде орын алды. 2013 жылы рождестволық месса кезінде Еухаристиялық Нан жүзеге асыру сәтінен кейін адам тәніне айналған.

Анджей Зёмбра әке, әулие Гиацинт шіркеуінің басқарушысы оқиғаны кеңінен әңгімелейді: «Қасиетті Месса кезінде қасиеттелген Хостия жерге құлап түсті. Мұны байқаған сәтте Нан Түйірін суы бар ыдысқа салып қойды. Ал 10 күннен соң,бәрі ойлағандай Нан түйірі еріп кетпеді..бірақ түйіршікте қызыл дақ пайда болды».

Жергілікті епископ ғылыми талдау жүргізуді тапсырды. Щечинск Университетінің (Польша)Гистопатологиялық Факультетінің зерттеуі нәтижесінде,зерттелген материал миокард деп танылды-адамның жүрек бұлшық еті талшығының өзгерген түрі,ол аса зор күйзеліс немесе жанталастың себебінен болады.

Ғалымдардың қорытындысы Римдегі Сенім Доктринасы Конгрегациясымен зерттеліп, 2016 жылы Әулие Гиацинт Шіркеуі Хостияны ғибадат ету үшін қоюға ресми рұқсат алды.

Анджей әке Хостиядағы адам ДНҚ-н анықтау үшін көп зерттеу жасау күтіп тұр,бірақ қазірдің өзінде Легница  ғажайыпты өз көзімен көргісі келгендер үшін ғибадат сапарын жасаушылар орталығына айналған.

ЕУХАРИСТИЯЛЫҚ ҒАЖАЙЫПТАР

Легницадағы ғажайып- жүрекке айналған нан түйірі ме, әлде нан түйіріне айналған жүрек пе? Бұл сұраққа жауапты жәдігерге ғибадат етуге келген адамдар өз жүрегінен таба алады. Ғажайып хостиясы бар монстрация Қайырымды Исаның бейнесі алдында орналастырылған,бұл бізге адам жүрегінің Құдайға бет бұруының өзі ғажайып екендігін еске салады, ондай ғажайыптар Легница санктуарийінде жиі болып тұрады.

Қара теңбілді ай

Легница қаласында 2013 жылы болған оқиға ең соңғы еухаристиялық ғажайыптардың бірі,алайда бұл тек жалғыз ғажайып емес. Сонымен, 1264 жылы ең атақты еухаристиялық ғажайып орын алды,Христостың Қаны мен Тәні Мерекесін тойлауға алып келді.

ЕУХАРИСТИЯЛЫҚ ҒАЖАЙЫПТАР

Тарих бізді Больсена (Италия) қаласына апарады, және неміс ұлтынан шыққан Петр есімді пірадар жайлы баяндайды. Пірадар еухаристияға күмән келтірген еді,күмән сол кездегі теологтардың дауласуларының нәтижесінде туындады, олар Шіркеу тарихында алғаш рет жүзеге асырылған Қасиетті Сыйда шын мәнінде Христос болатындығына күмәнданды. Бір күні Петр әке өзінің Римге ғибадат сапыр кезінде Больсенедегі Әулие Кристина шіркеуіне Құлшылық өткізу үшін тоқтады.Ол жүзеге асыру дұғасын оқығаннан кейін Петр әкенің қолындағы Нан түйірінің тек күмәнданған пірадардың қолы қысып ұстап тұрған бөлігінен басқа жерінің барлығы қансыраған адам тәніне айналып кетті.Ғажайып шіркеуге келушлердің көз алдында орныдалып, пірадардың және ғажайыптың куәсіне айналған көптеген адамның әлсіз сенімін нығайтты. Петр әке Урбан IV Папаға болған оқиғаны жеткізді, ол Әулие Фома Аквинскиймен бірге ғажайыпты растады. Папаның тапсырмасымен Хостия, қан төгілген корпоралмен бірге Орветоға ауыстырлды. Сонымен қатар Урбан IV Фома Аквинскийге Corpus Domini мерекесіне арналған Месса тәртібі мен Литургия Сағатын жасауды тапсырды. Аквинаттың құлшылық орындау тәртібі Transiturus de hoc mundo ad Patrem булласының басып шығарылуымен тұспа-тұс келді, буллада Еухаристияның Шіркеу өмірінде маңызды орын алатыны баса айтылып, жыл сайын Христостың Тәні мерекесін тойлау бұйрық етілді.

ЕУХАРИСТИЯЛЫҚ ҒАЖАЙЫПТАР

Больсенедегі оқиғаларды бельгиялық монах әйелдің көрген аяндары болжап көрсеткенін айта кетейік. 1209 жылы Льежалық әулие Юлиана,августин монах әйел және мистик, қара теңбілді айды көрді, келесі аяндарды ескере келе, бұл Шіркеудің литургиялық күнтізбесінде еухаристиялық мерекенің жетіспей тұрғандығы деп түсіндірілді.

Больсенедегі оқиғаларды бельгиялық монах әйелдің көрген аяндары болжап көрсеткенін айта кетейік. 1209 жылы Льежалық әулие Юлиана,августин монах әйел және мистик, қара теңбілді айды көрді, келесі аяндарды ескере келе, бұл Шіркеудің литургиялық күнтізбесінде еухаристиялық мерекенің жетіспей тұрғандығы деп түсіндірілді. Өзінің құрбысы –қамауда дұға жасаушы әулие Ева визионер әйел екеуі көп жыл бойы Христостың Тәні мерекесінің орнауын сұрап жүрген еді. Ол болашақУрбан IV Папаны,сол кезде Льежеде архидиакон болып қызмет етіп жүрген кезінде аталған мерекенің керек екендігіне сендірген еді. Болашақ Урбан IV Папа алғашында Христостың Тәні мен Қаны мерекесін жергілікті деңгейде,кейін 1264 жылы бүкіләлемдік шіркеу дейгейінде орнатты.

Құдайдың математикасы, бойкүйез пірадар,және дуаланған дәрі 

Ең алғашқы еухаристиялық ғажайып 750 жылы итальядағы Ланчано қаласында орын алғаны белгілі. Мұндағы жағдайлар Больсенедегі оқиғаға көп жағынан ұқсас. Жүзеге асыру сөздерінен кейін,Мессаны өткізуші пірадардың күмәнына жауап ретінде нан түйірі тән мен қанға айналды. Ол дене міне 13 жүзжылдық бойы бүлінбей сақталып келеді, ал қан бес салмағы әртүрлі бөлікке бөлінген, олардың әрқайсысының салмағы барлығын қоса есептегендегі салмақпен бірдей. Бұның барлығы жаратылыстану және математика заңдарына қайшы келеді, тек христиандық сенім құпиясы арқылы ғана түсіндіруге болады,ол бойынша жүзеге асырылған шараптың әр тамшысында Құдай Өзінің толыққанды түрінде бар.

ЕУХАРИСТИЯЛЫҚ ҒАЖАЙЫПТАР

Алайда, еухаристиялық ғажайыптар тек  сенім әлсірген және күмәнданған жерде ғана емес,адамдарды немқұрайлылық пен селқостықтан сақтандыру үшін де жасалады.

Сонымен,1330 жылы Сиена(Италия) қаласында,бір пірадарды қауырт түрде науқастың халін білуге шақырған жағдай белгілі. Ол асығыс қасиеттелген Нан Түйірін арнайы ыдысқа салмай, бревиарий парақтарының ортасына сала салады. Пірадар кітапты ашқан кезде, ол парақтардан қан іздерін көреді, парақтардың біреуі әлі күнге шейін сақталған.

Кейде еухаристиялық ғажайыптар қасиеттіні қорлаушылық пен Қасиетті Сыйға қиянат жасауға қарсы шығу үшін жасалынады. Португалдық қала Сантаремде 1266 жылы жас әйел сиқыршыға өзінің опасыз күйеуін дуалап беруін сұрайды.Сиқыршы әйел келіседі,бірақ оған дуалайтын дәрі жасау үшін шіркеуге барып,одан жүзеге асырылған Нан Түйірін алып келу керектігін айтады. Әйел еухаристия кезінде Нан Түйірін алып, жұтпай, матаға орап әкетеді,матада бірден қан ізі пайда болады. Қорқып кеткен әйел үйіне қарай жүгіре жөнеледі. Матаны ашқан кезде, ол Нан Түйрінің ағыл-тегіл қансырап тұрғанын көреді. Әйел қансырап тұрған Нан Түйірін жатын бөлмесіне тығып қояды,ал түнде одан жарық шашырағаны соншалық,бөлме  түн ішінде дәл күндізгідей жап-жарық болып кетеді. Күйеуі не болғанын сұраған кезде, оған бар шындықты айтуға тура келді.  Келесі күні ерлі-зайыптылар пірадарға оқиғаны түгел баяндап береді. Ғажайып Хостия рәсімдік шерумен Әулие Стефан ғибадатханасына қайтарылады, ол жерде үш күн бойы қан ағып тұрады. Сол сәттен бастап және қазіргі күнге дейін Сантаремде осы оқиғаны еске алу құрметіне , әр сәуір айының екінші жексенбісінде қасиетті жәдігерді 1684 жылдан бастап кішкентай шіркеуге айналған ерлі-зайыптылардың үйінен рәсімдік шерумен Әулие Стефанның шіркеуіне дейін апарады.

Компьютер мен Еухаристияны жақсы көретін бала туралы

Еухаристиямен байланысты барлығы 100 ғажайып тіркелген. Еухаристиялық ғажайыптар географисы өте кең аумақты қамтиды,және оқиғалар бей-жай қалдырмайды. Егер сіз еухаристиялық ғажайыптар туралы көбірек білгіңіз келсе, Карло Акутистың http://www.miracolieucaristici.org/ сайтына кіруге шақырамыз. Сайтта еухаристиялық ғажайыптар картасын қарап, олардың әрқайсысы туралы тереңірек мағлұмат ала аласыз. Сонымен қатар, презентациялық материалды еркін түрде жүктеп алып, басып шығарып, әлемнің кез-келген нүктесінде еухаристиялық ғажайыптарға арналған көрме ұйымдастыруға болады.

Бұл сайттың құрылу оқиғасы да ерекше. Сайтты әзірлеуші Карло Акутис жобаны жасау сәтінде  бар болғаны 12 жаста болған. Сайтты жасауға бала 3 жылын жұмсаған, 2006 жылы ол дүниеден озды, ал 2020 жылдың қазанында рақымға бөленген болып жарияланады.

ЕУХАРИСТИЯЛЫҚ ҒАЖАЙЫПТАР

Карло Акутис 1991 жылдың 3 мамырында Лондондағы итальяндық отбасында дүниеге келген. Балалық шағы Миланда өтті. Жасөспірім кезінде Карло ақпараттық-компьютерлік технологияларға деген ерекше дарындылғын көрсетті, сонымен қатар еухаристия құпиясына деген зор махаббатымен көзге түсті.

2002 жылы Карло ата-анасымен бірге Римини қаласына барды,ол жерде бір таныс пірадар оны қысқаша еухаристиялық катехизиске үйретті. Көрген нәрсесі жасөспірмге үлкен әсер қалдырып, ол еухаристиялық ғажайыптар көрмесін құру идеясымен қанаттанып қайтты. Сол кезде ол катехизаторларға көмектесіп жүрді, және жоба оған Еухаристия Құпиясы туралы ой түюдің  жаңа жолы болып көрінді.

Риминиден оралған соң Карло бірден іске кірісті.  Ол ата –анасынан қажетті фотоматериалдарды жинақтау үшін Италия және Еуропаның басқа елдеріне саяхатты ұйымдастырып беруін сұрайды. Бұл іске біртіндеп таныс адамдар да кірісе бастайды. Көрме жайында айтылып, күтпеген жерден ол тек қана италияндық епархияларда ғана емес,бүкіл әлем бойынша қажетті нәрсеге айналады.

2006 жылдың жазында Карло анасынан сұрайды: «Қалай ойлайсыз, менің пірадар болғаным дұрыс па?»Антония оған қарапайым түрде: «Сен оны өзің түсінесің. Құдай көрсетеді» деп жауап береді.Қазан айының басында бала кенеттен ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада балаға жақсы емес диагноз қояды-жіті лейкоз. Дәрігерлер ештеңе жасай алмайды, ол өзінің ауруы мен азабын Рим Папасы, Шіркеу және жолда тазару мекеніне тоқталмай, бірден Аспанға жету үшін құрбан етуге шешім қабылдайды. Ары қарай ол азап туралы ештеңе айтпайды, халін сұраған медбикелерге «Бәрі жақсы. Бұдан да жаман жағдайдағылар бар» деп жауап қайтарады. Бұдан кейін Карло соңғы рет елеймен қасиеттеу құпиясын қабылдап, 12 қазан күні оның жаны Құдайға қайтты.

Карлоның анасы Антония жерлеу күні шіркеу лық толы болғанын айтады. «Мен бұрын мүлде көрмеген адамдар келді. Үйсіздер,қоныс аударушылар, балалар…Көбісі Карлоның жасаған істері туралы айтты,-мен олар туралы білмеймін де екен. Мен өзімді жетім қалғандай сезіндім,олар менің баламның өмірі жайлы маған куәлік етті».

Карлоның өмірі туралы куәлік ажал табалдырығын аттап, көптеген өмірді өзгертті. Достары мен ғаламтордың арқасында итальяндық жасөспірімнің оқиғалары мен ойлары оның айналасындағы адамдар шеңберінен шығып, алысқа ұзады. Акутис жанұясы ол туралы көбірек білгісі келетін адамдардан жүздеген хат алады. Жасөспірімнің жасаған көрмесі Колумб Серілері бауырластығының көмегімен әлемнің барлық жерінде болып қайтты, оның ішінде Ресей, Қытай және Латын Америкасы бар. Оны жүздеген университеттер мен көптеген приходтар қабылдап алған. Карло Акутис Ассоциациясы ерекше жасөспірімнің ісін жалғастыруда, вебсайт жаңа ақпараттармен толықтырылып, әртүрлі тілдерге аударылуда.

 «Менің ұлым Аспанда пірадар болды,- деп сенеді Антония- Ол концерттер адамдарға лық толы стадиондарды жинаған кезде, шіркеулердің бос тұратынына көндіге алмай кетті. Және үнемі: «Олар түсінулері керек» деп қайталай беруші еді».

Олар нені түсінулері керек? Бәлкім, Еухаристия- біздің ғаламшарымызда әр күн сайын орындалатын,адамзатқа берілген ең ғаламат сый және ең үлкен ғажайып екендігін болар. Рақымға бөленген Карло Акутис, біз үшін дұға ете гөр.

Ксения Готовская
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top