«Нұрсұлтан Назарбаевтың Бейбітшілік пен толеранттық моделі» тақырыбындағы конференциядағы архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликаттың сөйлеген сөзі

Выступление Архиепископа Фрэнсиса Ассизи Чулликатта на конференции на тему «Модель мира и толерантности Нурсултана Назарбаева»

Ең алдымен аталған конференцияның ұйымдастырушысы,- «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығына» шақырту үшін алғысымды білдіргім келеді.

Халықаралық толеранттық күніне орай, Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі жалпыға ортақ декларациясының ұстанымдарын еске сала кетейін. Бұл жыл сайынғы мерейтой бізге әлеуметтік-мәдени,діни және ғылыми қызметке,толеранттық пен зорлық-зомбылықты азайтуға елеулі үлес қосып жүрген  үкіметтік емес ұйымдар мен мекемелерді,адамдарды білуге және көтермелеуге қосымша мүмкіндік береді.

Сол себептен де, біз талқылап жатқан «Нұрсұлтан Назарбаевтың Бейбітшілік пен толеранттық моделі» тақырыбы зор маңызға ие, өйткені «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығы» дәл осы бүкіл адамзат жанұясының діндер,мәдениет пен өркениеттер арасындағы толеранттықты көтермелеу үшін құрылған,сондықтан да мұндай адамдар бүкіл әлемдегі ұлттармен,үкіметпен және мемлекеттік емес ұйымдармен қорғалуы тиіс.

Және осы тұрғыдан алғанда әрқайсысының діни дәстүріне деген құрмет пайда болады, ұлттар мен ұлыстардың арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің қарқынды дамуы үшін ол дінаралық және өркениетаралық диалогтан нәр алып,күш жинайды.Бұл диалог қазіргі күнде секулярлы менталитеттің соққысына жиі тап болып жүрген діни сана-сезімнің негізін құрайтын ұстанымдарды құрметтеуі қажет.

Міне,дәл осы мағынасында айтсақ, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығы» дамыту үстіндегі Тұңғыш Президенттің бейбітшілік және толеранттық моделі әртүрлі мәдениеттер,өркениеттер мен әлем діндері мен дәстүрлеріндегі әртүрлілік пен бірегейлікке деген толеранттық пен құрметті көбейтуге айтарлықтай үлес қоса алады.

Өз жағымыздан,біз,діни көшбасшылар ретінде,әрқайсымыз өз діни ортамызда әділдік пен бейбітшілік жасампаздары және толеранттық пен құрметтің жақтаушылары болуға шақырылғанбыз. Заманауи әлем байлар мен кедейлер арасындағы терең алшақтықтың себебінен әділетсіздіктің қауіпті формаларына ие. Дүниенің әр бұрышында болып жатқан соғыстар мен қақтығыстар бейбітшілік пен тұрақтылыққа үнемі қауіп төндіруде.

Көптеген мәселелермен бетпе-бет келе отырып,діни көшбасшылар әділдік пен бейбітшілік жетекшілері,бұлжымас адам құқығының жақтаушылары болуға шақырылған,олар бейбітшілік пен толеранттық туралы әлемге жар салулары керек,адами қадір-қасиеті мен өмір сүру құқығын  қорғаулары,әлсіздерге,қорғансыздарға, жәбір көргендерге,қуғынға ұшырағандарға,қорланғандарға қамқорлық көрсетіп, өз құқықтарын қорғай алмайтындардың дауысы болуға шақырылған.

Тек қана бейбітшіліктің,үйлесімділік пен бауырластықтың жігерлі жаршылары мен құрылысшылары болу арқылы заманауи қоғамдағы толеранттықтың авторлары бола аламыз.

Толеранттық бейбітшілік атмосферасын дамытушы,жалпы адами отбасылық өлшемді толықтай бағалайтын адамдардың өмірінен туындайды,олар жалпы бауырмалдықты,мәдениетті,рухани ынтымақтастық пен өзара сүйіспеншілікті көтермелеу жолы арқылы Құдайға жүректері ашық болып келеді.

Толеранттық,қатар өмір сүру мен үйлесімділік мәдениеті арқылы біз расымен де әлем халықтары мен ұлтары арасындағы достық пен бауырластықтың, бейбітшіліктің мәдениетін кеңінен тарата аламыз,өйткені бұл құндылықтар әділеттілік пен жалпыға ортақ игілікке негізделген,бізге барлық қайырымды адамдар ұмтылатын баршаға ортақ,қауіпсіз және бекем бейбітшілікке жетудің жолын көрсетеді.

Сол себепті мен Нұрсұлтан Назарбаев орталығының Қазақстанда,сондай-ақ бүкіл әлем бойынша бейбітшілік,халықтар мен ұлттар арасындағы достық пен бауырластықты орнату үшін толеранттық пен диалог үлгісін ары қарай да таратуға күш салатынына сенемін.

Назарларыңызға рақмет!

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top