Озёрное мекеніндегі Кармельде өткен Қасиетті Месса

Кармель, Озерное

2 желтоқсан, Адвенттің бірінші жексенбісінде Озёрное ауылы, Бейбітшілік ханумы Мәриямның Ұлттық Киелі Үйінде, Кармель часовнясында екі керемет шара өткізілді.

2 желтоқсан күні Озёрное ауылындағы Ұлттық Киелі Үйінде, Босые Кармелитки монастырінде Адвент уақытының басталуына арналған салтанатты түрдегі Қасиетті Месса өтті. Құлшылық рәсімін Астана қаласы Қасиетті Мәриям Епархиясының Архиепископы Томаш Пэта жүргізді. Қасиетті Месса кезінде Митрополит арнайы Декретті оқып өтті,аталған құжатқа сәйкес Кармелиткалар монастыріне жауапты тұлға ретінде с. Елизавета от Пресвятой Богородицы с горы Кармель тағайындалды. Бұл лауазымда с. Елизавета Озёрноедағы Кармелит конгрегациясының негізі қаланған сәтінен бастап қызмет жасаған Иоанна от Иисуса Воскресшегоны алмастырады. Сондай-ақ, осы сәттен бастап, с. Елизавета монастырьдің жаңа үміткерлерінің новициат–формациясына жауапты болып табылады.

Сонымен, Озёрноедағы Ұлттық Киелі Үйінде бірден екі керемет жағдай орын алды – бірінші жағынан салтанатты Қасиетті Мессада монастырьдің бұрынғы үлкен анасына деген алғыс айту,екінші жағынан – жаңа жауапты адам үшін дұға жасап,шынайы қолдау көрсету. Озёрное және Қарағандыдағы Кармелиткалар үшін ерекше дұға жасайық.

Озёрное мекеніндегі Кармельде өткен Қасиетті Месса

Архиепископ Томаш Пэта өзінің діни өсиетінде Озёрное және Кармель христиандар үшін дұға жасаудың аса маңызды екендігінің айқын белгісі,сонымен қатар Қазақстан үшін және бүкіл әлем үшін дұға жасаудың жарқын үлгісі деп атап өтті. Осылай Аса мәртебелі Архиепископ барлығын жаңа Адвент кезінде зор ынтамен дұға жасауға шақырды.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top