Егер бұл дұғаның аты сізге таныс болса, онда сіз оның жалпы және жекелей алғанда да, Мәриям Бикеге тікелей бағытталған дұғалардың ішіндегі ең қуаттысы екендігін білетін боларсыз. Бұл туралы сенімді айту қиын шығар әрине,дегенмен осы уақытқа дейін Помпей Новеннасын сеніммен беріле оқыған жанның сұрауы орындалмай қалған жағдай болмаған.
Қазақстан Шіркеуі тарихында, онжылдықтар бойы адамдардың жүрегіндегі Құдайға деген сенімді «сөндіруге»қоғамнан алып тастауға деген қатыгез әрекеттер орын алды,сондықтан да пірадарлық және монахтық өмірге шықырылғандардың жетілуі үшін қолайлы жағдай болмады. Осыған қарамастан,сенушілердің батыл әрі үздіксіз дұғаларының арқасында,пірадарлар мен католиктік приходтардың саны кезінде қудалауға ұшыраған сенушілердің түсіне де кірмеген санға дейін жетті. Діни еркіндік жылдарында қазақстандық азаматтардың біразы пірадар атанып, біразы монах әйелдер қатарына қосылды. Бірақ әлі де болса, Қазақстанда пірадарлық және монахтық жолға шақыртулар үшін өте үлкен дұғаны талап етеді. Осы қажеттілікті ұғына келе, Астанадағы Қасиетті Мәриям Архиепархиясы Ұлы Пост уақытында осы ниетте Помпей новеннасына қосылуға ұсыныс жасады.
Жазылмайтын дертке шалдыққан Фортуната Агрэллиге Помпейлік Құдай Анасы көрініп,қалай дұға жасау керектігін үйреткен: «Әр кез Менен қандай да бір рақым алғың келген сәтте,Менің құрметіме Қасиетті Раушантәждің 15 Құпиясын оқу арқылы 3 сұрау новеннасын,сосын үш 3 алғыс новеннасын жаса».
Дұға ережелері
1. Дұғаны күн сайын, 54 күн ішінде Раушантәждің 3 бөлімін,Қасиетті Раушантәждің Жарық Құпияларын қоспай оқу керек, алайда бұл бөлімін де қосуға тыйым салынбайды.
2. Қасиетті Раушантәждің әр бөлімінің алдында өз тілегіңізді айтыңыз(интенция тек біреу болуы керек),сосын мынай айтыңыз: « О,Қасиетті Раушантәж Патшайымы,осы Раушантәж дұғасын Сенің Даңқыға бағыштаймын».
3. Алғашқы 27 күн ішінде (3 х 9 күн) Помпей Новеннасының сұрау бөлігін оқимыз,күн сайын Қасиетті Раушантәждің әр бөлімін оқып болған соң, келесіні қосамыз:
«Аса рақымды Помпейлік Қасиетті Раушантәж Бикесі,Сенің көмегіңді Раушантәж арқылы сұрап Саған жалбарына келгендердің ешқайсысын да Сен қалдырмағаныңды есіңе ал. Менің сөздерімді назарсыз қалдырма,о Мәңгілік Сөздің Анасы,Сенің Қасиетті Раушантәжің және Помпейдегі қасиетті мекеніңе рақым көрсетуің арқылы,біздің сұрауымызға құлақ сала гөр. Аумин»
4. Келесі 27 күн ішінде Помпей Новеннасының алғыс айту бөлігін оқимыз (3 алғыс новеннасы), Қасиетті Раушантәждің әр бөлімін оқып болған соң,келесі дұғаны қосамыз:
« О Патшайым,махаббатқа толы, Мен Саған не бере аламын? Саған бүкіл өмірімді бағыштаймын,шамамның жеткенінше Сені қадір тұтуды таратуды қалаймын, О Помпейлік Қасиетті Раушантәж Бикесі. Өйткені Сенен көмек сұрағанымда,маған Құдайдың рақымы түсті. Қай жерде болсам да,Сенің маған көрсеткен рақымшылдығың туралы айтамын;Қасиетті Раушантәжді қадір тұтуды таратамын,Сенің маған қалай қайырымды болғаның туралы куәлік етемін, мен сияқты лайықсыз-күнәһарлар Саған сенім арта жүгінулері үшін. О,егер де бүкіл әлем Сенің қаншалықты мейірімді екеніңді,азап шегушілерге қаншалықты рақымшыл екеніңді білсе ғой,онда бүкіл жаратылғандардың барлығы Саған келіп жүгінетін еді. Аумин».
5. 54 күн бойы Қасиетті Раушантәждің үш бөлімінің әрқайсысын оқып болған соң, Құдай Анасына 3 реттік үндеумен аяқтаймыз:
«Қасиетті Раушантәж Патшайымы, біз үшін дұға ете гөр».
Бұл новеннаның басқаша аты—«қайтарылмайтын». Қалай дегенмен де Фортуната Агрэлли ауруынан айықты. 1876 жылдан бастап,Помпейлік Құдай Ана бейнесі ғажайып деп танылды. 1890 жылы Рим Папасы Леон XIII Помпейлік Құдай Анасының қолдаушылығы арқылы орындалған ғажайыптарды ресми түрде растады.
Новеннаны 54 күн қатарынан оқу маңызды. Нәтиженің кепілі табандылық және сұрағанымыздың қажет екендігіне деген сенімділік.