Ояну – жұмыс/оқу – үй шаруасы – супермаркет – тамақ – ұйқы. Ал ертең – тағы да сол «шырғалаң шеңбер». Қайта-қайта солай. Барлығы асығыс және автоматты түрде. Уақыттың жоқтығы, тұрақты күйзеліс, өмірдің мағынасыздығы. Неліктен бұлай? Басқа жолмен жүру мүмкін бе?
Ұлы Пост әдеттегі эмоциялардан шығуға мүмкіндік береді. Жыл сайын Пост бізді тоқтап, ішкі дүниемізге қарауға, өз өмірімізге рухани өлшем тұрғысынан қарауға, болып жатқан жағдайды қайта ойлап, ең бастысын атауға шақырады.
Ұлы 40 күндік Пост 2019 жылы «Күл сәрсенбісі» деп аталатын 6 наурыз күні басталады және 20 сәуір күні Христостың Қайта Тірілуімен аяқталады. Көктемнің осы алғашқы күндерінде, күн жерді ерекше қыздыра бастаған кезде, шіркеу сенушілерді метанойяға, яғни күнәларына өкіну арқылы өз ойыңызды өзгертуге шақырады. Көктемгі 40 күн бойы пост және дұға ету; Сіздің өміріңізді өзгерту үшін бар болғаны 40 күн.
Неге дәл қырық күн және қырық па? Себебі Католик шіркеуінде Ұлы Ораза сәрсенбіде басталады және іс жүзінде ораза 47 күнтізбелік күнге созылады. Бұл сәтті Исаның Аса Қасиетті Жүрегі шіркеуінің басқарушысы Александр Калиновский әкей былай түсіндірді: «Шын мәнінде католик шіркеуіндегі пост дәл 40 күнге созылады. Өйткені, жексенбі күні – бұл «Христостың Қайта Тірілуін» еске алу күні, және бұл күн өзі мереке болып табылады, сондықтан ол пост күні бола алмайды».
Шіркеу сенушілерге көмек ретінде, өз-өздерімен жұмыс істеу үшін үш қуатты қару береді – бұл пост, қайырымдылық және дұға.
Пост тамақ ішу немесе басқа салаларда ерікті түрде шектеу дегенді білдіреді. Дәстүрлі түрде католик тәжірибесінде пост «Күл сәрсенбісі» мен «Қасиетті апта» деп аталатын күндері тамақтан бас тартуды және Ұлы Пост уақытында сәрсенбі мен жұма күндері еттен бас тартуды білдіреді. Алайда, мысалы, теледидарды көруге немесе ғаламторды пайдалануға ерікті шектеу, таңертең ерте тұру тәжірибесі, ішімдік ішуден бас тарту, ашулану немесе айыптаудан бас тарту болуы мүмкін. Ниет сонымен қатар «қайырымдылыққа», яғни жақынына деген мейірімділікке қатысты болуы мүмкін.
Біз белгілі бір қайырымды істерді
орындауда тәжірибе жинақтай аламыз. Бұл қарт адамдарға немесе науқастарға
көмек, көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету, сондай-ақ Шіркеуге немесе
мұқтаж адамдарға ақшалай қайырымдылық ету болуы мүмкін.
Пост – бұл әрқашан ерікті нәрсе,
сондықтан Шіркеу осы мәселеде сенушілерге қатаң ережелерді белгілемейді. Ұлы
Пост кезінде ниетін таңдау үшін дұға ететін адам өзіне терең қарап, өзінің
ар-ожданын сынақтан өткізуі керек. Өзіңізге адал жауап беруіңіз керек: менің ішкі
дүниемде не болып жатыр? Менде қандай қорқыныш бар? Қандай құмарлық, эмоциялар
мен іске асырылмаған тілектер маған тыныштық бермейді? Мен шынымен нені қалаймын? Және осыған
байланысты сіз өзіңіздің рухани мәселелеріңізді шешетін және бүкіл пост
уақытында қолданатын бірегей шешімді – ниетіңізді таңдауыңыз керек.
Кез-келген постты біздің ізгі еркіміз бен Құдайдың рақымы арқылы ғана ұстауға болатынын есте сақтау маңызды. Егер сәтсіздік болса немесе біз оны жеңе алмасақ, ол бізге көмектеседі, немесе керісінше, бізде бәрі жақсы болса, ол тәкаппарлықтан қорғай алады. Басқаша айтқанда, тек өз күшімізбен ғана біз шынайы өкінуге – өзімізді және өмірімізді өзгертуге қабілетті емеспіз. Құдайдың осы рақымдылығын қайдан алуға болады? Осы сәтте посттағы адамға дұға көмекке келеді — Крест жолының дұғасы, Месса, адорация, жеке дұға, Киелі кітапты оқу – оған жақын нәрселерді таңдауға әркімнің өз еркі бар. Күш пайда болу үшін, сіз өз күн тәртібіңізде Құдайға көп уақыт беруіңіз керек.
Алайда, сенушінің еркіндігі оған зиянын тигізуі мүмкін. Біз көбінесе «рухани», тек «рухани» ниетпен шектелеміз. Мен қомағайлыққа салынбаймын, сондықтан бәрін жеймін, бірақ Instagram желісінде сәл аз уақыт өткізіп, аз айыптаймын. Нәтижесінде, пост өтіп кетеді, ал біз оның қалай аяқталғанын түсінбей де қалдық. Оны шынайы орындау үшін ниет нақты болуы керек, бірақ ол сонымен бірге өте аскеттік болуы керек – яғни, біз өзімізден бір нәрсені «айырып тастап», бір нәрсені құрбан етуіміз керек.
Мұндай аскетикалық әдістер біздің ерік-жігерімізді қалыптастырады. Ерік күші – бұл рухани күресте маңызды “бұлшықет”, және оны басқа да бұлшықет сияқты жаттықтыру қажет. Пост бізді саналы етеді, Пост біздің құмарлықтарымызды тоқтатуға көмектеседі – бізді азаптайтын күшті қалау және өзімізде көргіміз келетін қасиеттер мен жақсылықтарды дамытуға көмектеседі.
«Ұлы Пост уақытында Евангелие бізге шөл далада Христосты азғыру туралы оқуды ұсынады», – деп атап өтті Александр Калиновский әкей. – Алдымен шайтан тастарды нанға айналдыруды ұсына отырып, Исаны азғырады. Бұл бірінші азғыру – материалдық өмірді қамтамасыз ету. Иса бұны «адам жалғыз нанмен ғана өмір сүрмейді» деп айтты. Екінші азғыру – даңқ. Шайтан Исаға дүниедегі барлық даңқтарды көрсетті және оның бәрін оған тағзым етуге айырбастауды ұсынды. Үшінші азғыру – адамның өз өмірін, өз өмір тарихын қабылдамаудың азғыруы: мен неге соншалықты ақылды емеспін, соншалықты әдемі емеспін, мен неге сонда емес, осында тудым.
Біз, адамдар, осы азғырулардың бәріне ұшырасақ, жалғыз Иса ғана оған көнбеген. Ұлы Пост уақыты бізге дұға, пост және мейірбандық сияқты күшті қарулар Құдайға келуге көмектеседі. Пост –сіздің денеңізді тартымды етуге арналған диета емес. Кейде біз өзімізге зиян келтіре аламыз: қандай да бір тағамнан бас тартуымызбен, ерекше құдайшылдығымызбен немесе мейірімділігімізбен мақтану арқылы. Исайя пайғамбар айтқандай: «Киімді жыртқанша, жүректеріңді жыртыңдар».
Посттың қандйа да бір сәтінде ақыл мен еркіндік сезімі пайда болады. “Quo vadis, Domine? Кіреске ме? Мен сенімен бірге жүріп, тауға көтеріліп, кішкене ғана кіресте күнәға толы бейімділіктерімді шегелеп тастаймын».
Бұдан әрі не болады? Пост алгоритмі қарапайым. Көктем келеді. Мұздың бәрі суға айналады және ағып кетеді. Әлем жарыққа толады. Әрбір адамның посты әр түрлі өтеді. Адам жаны мен Құдай арасында не болып жатқаны әрдайым құпия болып табылады. Бір нәрсе анық – ақыр соңында ИСА ҚАЙТА ТІРІЛЕДІ!