Рухани асырап алу дегеніміз не?
Рухани асырап алу – бұл анасының жатырында өлім қаупі төніп тұрған сәби үшін дұға жасау. Дұға жасау ұзақтығы 9 ай. Ол күн сайын Раушантәж дұғасының бір бөлігін–қуанышты,қайғылы,жарық немесе даңқты құпияларын,сонымен қатар сәби және оның ата-анасы үшін арнайы дұғаны оқудан тұрады. Дұғаға ерікті түрдегі өз ниет-әркеттерімізді қосуға болады.
Қосымша ниет-әрекеттер қандай болуы мүмкін?
Қосымша ниет-әрекеттер мынадай болуы мүмкін: жиі күнәларды мойындау құпиясын орындау және Қасиетті Қатынасу жорасын қабылдау, Қасиетті Сый алдындағы дұға, Қасиетті Жазбаны оқу, су мен нан арқылы пост, жаман әдеттермен күресу, мүмкіндігі төмен жандарға қол ұшын беру,литанийлер,новенналар және рақымшылдық тәжі тәрізді қосымша дұғалар. Жеке орындай алу мүмкіндігін ескере отырып нақты ниет-әрекеттерді қабылдау керек. Алайда қосымша ниет-әрекеттер міндетті деп саналмайды.
«Асырап алудың» мәні неде?
Теологиялық тұрғыдан алғанда «уәде» сөзі- басты нысаны үлкен қайырымды іс болып табылатын, Құдай алдындағы борышты білдіреді. «Рухани асырап алу» тақырыбына келгенде, бұл уәденің нысаны —өмірге келмеген сәби мен оның ата-анасы үшін дұға жасау. Уәде саналы түрде болуы тиіс:уәде беруші мұны ерікті түрде жасауы қажет. «Рухани асырап алу» уәдесінің мезгілі уақытша, тек 9 айға созылады(сәбидің ана жатырындағы уақытымен бірдей).
Рухани асырап алу бұл:
— ұрықталған өмірді қорғау дұғасы;
— түсік жасату күнәсінің салдарын бастан кешіріп жүрген адамдарға көмек.
Рухани асырап алу қалай пайда болды?
Рухани асырап алу Фатимадағы Ашылулардан кейін пайда болды, ол Құдай Анасының Бейкүнә Жүрегін жаралайтын күнәларды жуу үшін Раушантәж дұғасына,күнәларды мойындауға шақыруына жауапқа айналды. 1987 жылы бұл идея Польшаға келді. Алғашқы рухани асырап алу орталығы Варшавадағы Паулин Әкелерінің шіркеуінде пайда болды. Сол жерден Рухани асырап алу бүкіл Польшаға таралып және оның шекарасынан асып кетті.
Рухани асырап алудың беретін жемісі қандай?
Рухани асырап алу түсік жасау күнәсінің нәтижесіндегі жан жарасын емдейді. Ол аналарға Құдайдың Рақымшылдығына деген сенімді табуға көмектеседі, жүректеріне тыныштық пен жайлылық әкеледі. Нақты әрі риясыз жеке сый жасау(дұға,құрбан ету және пост) мінез-құлықты тәрбиелеуге,өзімшілдікпен күресуге,ана және әке болу жауапкершілігінің қуанышын түсінуге көмектеседі(әсіресе жастарға),махаббат пен секске Құдайдың көзімен қарау қабілетін береді. Жүйелі түрдегі дұға мен пайдалы іске үйретіп, Құдаймен байланысты нығайтады. Көп қолданылмайтын аскеттік жаттығулардың терең мағынасын аушға көмектеседі. Отбасындағы ортақ дұғаның және сүйіспеншіліктің қайта даму элементіне айналуы мүмкін.
«Рухани асырап алуға кім қатыса алады?
«Рухани асырап алуға» Құдайға берген уәделерін орындауға күшім бар деп санайтын кез-келген адам қатыса алады. Көбінесе бұл қарт адамдар және әртүрлі аурулардан азап шегушілер,науқастардың азаптары мен қиындықтары үлкен жеміс береді. «Рухани асырап алуға» ересектер мен жастар да тартылады. Егер жастар өмірге келмеген сәби үшін дұға жасау міндетін алатын болса, олардың өз балаларын құрсақта өлтіруге жол бермейтіндігіне үміт бар. Тіпті балалар да, ата-аналарының бақылауымен Рухани асырап алуға шешім қабылдауларына болады.
Рухани асырап алуға неше рет шешім қабылдауға болады?
Бұрынырақта алған міндеттемелерді орындаған жағдайда, көп рет алуға болады.
Әр рухани асырап алған сайын уәде беру қажет пе?
Иә.
Бір баладан артық асырап алуға бола ма?
Жоқ.
Асырап алынған баланың қай ұлттан болатынын біле аламыз ба?
Жоқ.
Құдайдың біздің дұғамызды еститініне сенміділік бар ма?
Біздің сенімділігіміз Құдайдың Құдіреттілігі мен Рақымшылдығына арқа сүйейді. Өмірді беретін Құдай, Оның еркі бойынша құрсақтағы сәби өмір сүруі және ата-анасының махаббатына бөленуі тиіс.
Егер аталған ниетте дұға жасауды бір күн ұмытып кетсек, бұл күнәға жатады ма?
Ұмытшақтық күнәға жатпайды. Күнә–Құдайға берген уәдеге саналы және ерікті түрде селқостықпен қарау және орындамау.
Егер ұзақ уақыт дұғаға селқостықпен қараған жағдайда Рухани асырап алу тоқтап қала ма?
Ұзақ уақыт үзіліс (бір немесе екі ай)Рухани асырап алуды тоқтатады. Ондай жағдайда уәдені қайтадан беріп, және оны орындауға тырысқан дұрыс. Қысқа үзіліс болған жағдайда, өткізіп алған күндерді қоса отырып,Рухани асырап алуды жалғастыруға болады.
Рухани асырап алуға шіркеу некесінде тұрмайтын адамдар қатыса алады ма?
Иә,барлығы бірдей,ажырасқандар да қатыса алады.
Рухани асырап алу уәдесі салтанатты түрде, шіркеуде,пірадардың қатысуымен берілуі қажет пе?
Салтанатты түрде берілгені дұрыс, алайда оңаша да жасауға болады.
Дайындыққа қатыса алмаған тұлғалар– науқастар, мүгедектер,қарт адамдар Рухани асырап алуды орындай ала ма ?
Иә,жеке түрде.
Жеке түрде қалай уәде беруге болады?
Уәде формуласын (икона немесе айқыш алдында оқыған дұрысырақ )және сол сәттен бастап,тоғыз ай бойы таңдауы бойынша Раушантәж дұғасының бір бөлігін,сонымен қатар сәби мен ата-анасы үшін арнайы дұғаны оқу. Дұғаның басталу және аяқталу мерзімін жазып қойған дұрыс.
Рухани асырап алу уәдесінің формуласы
Барлығы бірге: «Саған Мадақ, Әкешім, жер мен көктің Тәңірі,Сен даналар мен ақылдылардан жасырып,сәбилерге құпияны ашып бердің. Әкешім!Себебі Сенің осыған мейірімің түсті».
Шіркеу өкілінің соңынан әркім жеке түрде қайталайды: «Аса Қасиетті Бике, Құдай Анасы Мәриям,барша Періштелер мен Әулиелер. Құрсақтағы сәбилерді қорғауға көмек ниетімен, мен _______ (есімі)шешім қабылдаймын, яғни _ (дұғаның басталу күні)бастап,есімі тек Құдайға мәлім,бір баланы Рухани асырап аламын,ол үшін 9 ай бойы,күн сайын оның өмірінің сақталып қалуы және дүниеге келгеннен кейін әділ әрі заңды өмір сүруі үшін дұға етемін.
Дұғалар мынадай болады:
—Раушантәж дұғасының бір құпиясы (бір ондық);
—менің ерікті ниет-әрекетім;
— бүгін бірінші рет және күн сайын оқитын дұға :
«Иса Тәңірім, Сені махаббатпен өмірге әкелген Анаң Мәриямның,сонымен қатар сенім артудың адамы, Сені туылған сәттен бастап қамқорлығына алған Әулие Иосифтің қолдаушылығымен, Сенен, мен рухани асырап алған,бірақ өлім қаупі төніп тұрған сәби үшін сұраймын. Оның ата-анасына махаббат пен батылдық беріп, Өзің оларға тағайындаған сәбидің өмірін сақтап қалуына көмектесе гөр. Аумин».
Бұл тәжірибені байқап көру не үшін қажет?
«Дүниеге келмеген құрсақтағы сәби де адам:тіпті,Христос ең кішілермен бірге жоғары мәртебеде(сал. Мф 25,40);қалайша Оны әлі дүниеге келмеген,тірі жандардың ішіндегі ең кіші,ең әлсіз, ешқандай қорғанышы жоқ, тіпті дауыс құқығы да жоқ,өзінің негізгі құқықтарына қарсы заңсыздықтарға қарсы келуге шамасы да келмейтін тіршілік иесінен байқамауға болады?»Иоанн Павел II).
Түсік жасату кезінде ең алдымен өмірін түпкілікті жоғалтатын құрсақтағы бала құрбан болады.
«…Ең алдымен, сені құрсақта жаратпастан бұрын,Мен сені таныдым, және жатырдан шықпас бұрын білдім,Мен сені қасиетке бөледім» (Иер. 1, 5).
Ұрықталу кезінде жаңа адам,тіршілік иесі дүниеге келеді, яғни әйел адам «өз денеме құқылымын»деп айта алмайды(мұндай сөздерді түсік жасауды жақтайтын кейбір феминист әйелдер қолданады),бұл биологиялық заңға қайшы. Ол адам денесінің бөлшегі емес, Құдайға ұқсас және бейнелес жаратылған жаңа өмір иесі.
Құрсақтағы сәби барлық тірі жандардың ішіндегі ең әлсіз және ең жарлысы. Оның қорғануға еш мүмкіндігі жоқ. Тәңіріміз Иса Мәсіхтің еркіне сәйкес, Шіркеу жарлылар мен мұқтаж жандарға, әсіресе ең кішілеріне қамқорлық танытады. «Менің кіші бауырларыма не жасасаңдар, Маған да соны жасаған болып табыласыңдар»дейді Иса. Кім әлі дүние есігін ашпаған өмірді қорғаса,ол Құдайдың Өзін қорғайды. Бұның өзі өмірге келмеген бауырлар мен қарындастардың өмірін қорғауға бар күшімізді салу үшін жеткілікті себеп.