—Адамгершілік теологиясының қызығушылықпен зерттейтін салаларына не жатады?
— Мен ғылымның этикамен түйісетін сұрақтарына қызығушылық танытамын. Біздің миымыз,ағзамыз қалай жұмыс жасайды, біздің эмоцияларымыз, адамгершілік, этика жайлы не айтады,өйткені қазір біздің ой-өрісімізді басқаратын мидың қызмет ету функциялары процесін түсіндіретін жаңа технологиялар мен ашылулардың пайда болуына орай көптеген сұрақтар туындайды. Біздің не жейтініміз,спортпен айналысып, тәнімізге қалай қарайтынымызға жауапкершілігіміздің шекарасы қандай. Бір сөзбен айтқанда, мені ғылым мен адамгершілік теологиясының өзара әрекеттесуіне қатысты сұрақтың барлығы қызықтырады.
—Соңғы уақытта Қазақстанда, жалпы барлық әлемдегідей, ЭКҰ техникасы барынша танымал бола бастады ма? Бұл мәселенің салдары қандай? Сіз табиғи жолмен балалы болу әрекеттерінен күдер үзген ерлі-зайыптыларға қандай кеңес берер едіңіз?
—ЭКҰ мәселесінің маған жақыс таныс биоэтика деп аталатын ғылым саласына қатысы бар. Бұл техниканың пайда болуының түбірі ерлі-зайыптылардың табиғи жолмен бала туа алмауы немесе бірнеше рет нәрестенің түсіп қалуы жағдайларын бастан өткерген соң,балалы болуға деген ниетінен бастау алған. Аталған техника әйел денесінен жұмыртқа жасушасын, сондай-ақ еркек денесінен сперманы алу арқылы адам эмбрионын қалыптастыру мақсатында кейіннен оларды біріктіруді қамтиды. Эмбриондардың белгілі бір санын алған соң, олардың қайсысы өмір сүруге қабілеттірек болса, сол ақыр соңында бала болып қалыптасады деген үмітпен, мамандар олардың бірнешеуін ананың ағзасына енгізеді. Алайда мәселе,аталған процесс кезінде ұрықталған эмбирондардың басым бөлігінің өлім құшатынында. Ал Католиктік сенім іліміне сәйкес,адам өмірі ұрықталу сәтінен басталады,ер адамның сперматазоиды мен әйелдің жұмыртқа жасушасы қосылған уақытта,генетикалық код және Құдай жаратқан жаңа адам жаны дүниеге келеді. Адамға дене біртұтастығы мен қатар рухани біртұтастыққа ие болу тән. Шіркеу ЭКҰ-ға қарсы екендігін үнемі айтып келеді. Мұның мысалы «Donum vitae» атты құжаттың шығарылуы. Бұл құжат баланың ана жатырынан тыс ұрықталуы оған жасалған әділетсіздік екендігін түсіндіреді. Баланың дәрігерлер жасаған ұрықталу процедурасынан өтуіне тура келгенде, бұл жерде ана мен әке арасындағы махаббатқа орын табылмайды. Бұл жағдайда, бала өзін өнім,технология ретінде қабылдайды,себебі ата-ана оның пайда болуы үшін,біздің биологиямызға,жаратылысымызға жат, табиғи емес процедураны өтуіне тура келді. Машиналарды жасаған сияқты: біз роботты құрастыра аламыз және адамды да құрастыра аламыз. Және бұл балаға қатысты алғанда әділетсіз әрекет. Зерттеулер бойынша, осы әдіспен туылған балалар өскен кезде өзін тануда қиындықтар туындағаны анықталған,оның үстіне ата-аналар жағынан да қарама-қайшылықтар бар, олар баланы меншігі санайды, себебі баланың оларда болуы үшін ақша төленді. Ал негізінде бала деген –Құдайдың сыйы.
Сондықтан да бірінші қиындық мына мәселеге байланысты, бір жағынан ата-ана сәби сүйгісі келеді,бұл әрине жақсы ниет, ал екінші жағынан бұл ниет сәйкесінше мән -мағынамен толыққан болуы қажет. Бұл жағдайда сәйкесінше мән –мағына дегеніміз-табиғи жолмен ұрықталу. Егер жұбайлар бала жасауға қабілетсіз болса, ең бірінші ұрықталуды болдырмай тұрған себепті анықтауға тырысу керек. Ал мұндай себептер саны көп болуы мүмкін. Сондықтан да жұбайлар ең алдымен себепті анықтау үшін маманға жүгінгендері дұрыс. Көбінесе, ұрықталудағы қиындықтар әйелдердегі гормондардың және ер адамдардағы сперманың бөлінуіндегі бұзылушылықтардан туындайды. Қалай болғанда да, егер мәселені анықтау немесе шешу мүмкіндігі болмаса,онда жұбайларға Құдайға дұға ету керек. Бірақ,біз барлық нәрсені өз қолымызға ала алмайтынымызды ұмытпағанымыз дұрыс. Бала туу мүмкіндігі жоқ адамның қиындығын қабылдап, «Мен мұны медициналық жетістіктер арқылы басқара аламын» деудің орына,Құдайдың талап ететін құрбандығы пен азабы ретінде қарауға тырысу керек. Себебі,бір қатені екінші қатемен жөндеу мүмкін емес қой.
—Қоғамның бар назары гендерлік мәселелерге қадалғаны ешкімге құпия емес. Шіркеудің аталған мәселеге қатысты ұстанымы жайлы қысқаша айтып кетсеңіз.
—Біріншіден, Жаратылыстың басталуы Кітабын еске салайық: «Осылайша Құдай адамды жараты:бірін еркек,бірін әйел қылып жаратты». Бұл Құдайдың адамзат үшін түпкі ойы. Осы туралы Жаратылыстың басталуы Кітабының бірінші тарауында айтылған.Ал екінші тарауында біз Адам мен Хауа ананың қарым-қатынасы жайлы біле аламыз. Мұның барлығы Католик Шіркеуінің ойлап тапқаны емес. Әрине,оның теологиялық түбірі,сонымен бірге биологиялық түбірі де бар. Мен әдетте,адамдарға табиғатқа мән беруді ұсынамын. Кейбір өсімдіктер мен жануарлар жынысынан тыс көбейеді. Мысалы,саңырауқұлақтар споралар арқылы көбейеді. Алайда барлық сүтқоректілер,приматтар,дельфиндер мен адамдарды қоса алғанда, екі қарама-қарсы жыныс өкілдері арқылы көбейеді. Дельфиндер немесе приматтардың жыныстан тыс көбеюге еш мүмкіндігі жоқ. Бұл биология,және ол Киелі Кітапта жазылған. Егер біз жыныс түсінігін жоққа шығарсақ,онда ғылымды да,және Құдайдың Көрегендігін де жоққа шығарамыз.
Батыста осыған байланысты үлкен жаңылысу туындады. Және де ол 20 ғасырдың 60-шы жылдарындағы сексуалдық төңкерістен бастау алады. Сол кезеңде жыныстық қатынас пен репродукцияның арасына сызат түсті. Және сол баяғы ЭКҰ-мен де байланысы бар. Қазіргі кезде жыныстық қатынас биологиялық процестерді жүзеге асыруға емес, ләззат алуға бағытталған. Адамның денесі адамзаттың бөлігі ретінде емес, құрал ретінде бағалануда. Ол дегеніміз пластикке теңегенмен бірдей. Бұл пластиктің қиығы әйел немесе ер адам ба екен деп кім ойлайды. Бәрібір емес пе, бұл жай ғана пластик. Бірақ нағыз тұлғаның рухани болмысы бар, ал дене – ол болмыстың сыртқы пішіні. Және бұл сексуалдық төңкерістен бастау алатын мәселенің түбіріне тек үстіртін көз жүгірту ғана.
Батыста осыған байланысты үлкен жаңылысу туындады. Және де ол 20 ғасырдың 60-шы жылдарындағы сексуалдық төңкерістен бастау алады. Сол кезеңде жыныстық қатынас пен репродукцияның арасына сызат түсті. Және сол баяғы ЭКҰ-мен де байланысы бар. Қазіргі кезде жыныстық қатынас биологиялық процестерді жүзеге асыруға емес, ләззат алуға бағытталған. Адамның денесі адамзаттың бөлігі ретінде емес, құрал ретінде бағалануда. Ол дегеніміз пластикке теңегенмен бірдей. Бұл пластиктің қиығы әйел немесе ер адам ба екен деп кім ойлайды. Бәрібір емес пе, бұл жай ғана пластик. Бірақ нағыз тұлғаның рухани болмысы бар, ал дене – ол болмыстың сыртқы пішіні. Және бұл сексуалдық төңкерістен бастау алатын мәселенің түбіріне тек үстіртін көз жүгірту ғана.
Егер тереңдей түссек,онда Декарт айтып кеткен,философиядағы дуализмді түсінудегі қиындыққа тап келеміз. Философтардың сөздерін еске түсірсек болады,олар дене –бұл ішінде рухы бар машина деген. Және де бұл машина сенің бөлшегің емес. Сен бұл машинаны ала аласың,ауыстыра аласың,пластикпен не істесең де, дәл солай кез-келген затты жасап шығарасың. Бұл жағдайда,дене –барлық жаратылыстың бөлігі дегеніміз теріске шығады.
Папа Павел VI “Humane vitae” құжатында, егер жыныстық қатынас пен адамзаттың көбеюі арасына жік түссе,онда оның соңы ажырасуға,сексуалдық бейморальдыққа,ер мен әйел арасындағы қарым-қатынастың бұзылуына алып келеді деп болжап айтып кеткен, мұны қазір байқап та отырмыз,алайда ол дәл осылай болады деп ойламаған да шығар. Сексуалдық төңкерістен кейін не орын алды? Махаббаттың кез-келген түрі дәріптеле бастады,соның салдарынан гейлер мен лесбилар көбейді, яғни ешқандай ер немесе әйел деген түсінік жоқ дегенге тіреледі. Және бұның барлығы сол 60-шы жылдардағы сексуалдық төңкерістің салдары. Міне бұл бүкіләлемдік қозғалысқа айналғалы бері 6-7 жыл уақыт өтті. 10 жыл бұрын бұл туралы ешкім білмейтін ,тіпті талқылау нысаны да емес болатын. Ал бұл адамның санасы оңай өзгеріске ұшырайтынының белгісі. Мен мұны сексуалдық төңкерісті насихаттау деп атаймын. Және де бұл насихат саяси билікті орнату мақсатымен, бізге қарсы, дәстүрлі діндердің ұстанымын қыспаққа алу үшін қолданылуда,өйткені бұл діндер отбасылық құндылықтарға негізделген. Мен нені қаласам соны жасаймын,ешкім маған не істеу керегін үйретпейді, міне бұл–сексуалдық төңкерістің жемісі.
—Өткен айларда Папаның ажырасқандарға Қатынасу құпиясын қабылдауға рұқсат беру ісін оңайлату туралы құжаты туралы пікірталас саны аз болмады. Мұны қалай түсінген дұрыс?
—Менің ойымша, бұл жерде шатасуды тудыратын екі сұрақ бар. Біріншісі,алғашқы некелерінің растығы анық емес жағдайында болып,жаңа қарым-қатынасқа түскен адамдарға қатысты. Оған қоса некенің растығын толық зерттеуге еш мүмкіндік жоқ болу жағдайы. Яғни мұндай жағдайда орын алатын Канондық процесс аяқтала алмайды. Негізінде, осындай жағдайға тап болған бір әйелдің оқиғасын білемін. Туған жері Оңтүстік Америка,Штаттарға қоныс аударған. Бұрын тұрмыста болған, бірақ бұл неке жайлы ешқандай құжаты жоқ, бірінші неке құрған ер адаммен байланысқа шығудың ешқандай мүмкіндігі болмады. Яғни ол Құрама Штаттарда мүлдем жаңа өмір бастаған,және бұл жағдайды зерттеу үшін кері қайтуға да мүмкіндік болмаған. Канондық құқыққа сәйкес,ол Қасиетті Қатынасу құпиясын қабылдай алмайды,оның алдыңғы неке одағының жарамсыздығын көрсетуге де мүмкіндігі жоқ. Онда не істеу керек? Папа Франциск дәлелдердің болмауы және әңгіме сенім туғызатын адам туралы болған жағдайда, ол Қатынасу құпиясын қабылдай алады деп мәлімдеді. Өйткені біз заңмен ғана тұсалып өмір сүре алмаймыз.
Алайда, ер адам мен әйел бірге тұрып жатса, және алдыңғы неке одағына зерттеу жүргізу мүмкіндігі болса,бұл мүлдем басқа мәселе. Бұл жағдайда зерртеу жасалуы керек. Мақсаты–қандай жағдай болмасын,ажырасқан адам үшін әділдіктің орнауы. Иса бізге неке одағының мерзімі өлімге дейін екенін айтады. Сондықтан да, әйелі бар адам,екінші рет үйлене алмайды. Яғни,бұл жерде жаңадан ашылған ештеңе жоқ. Шіркеу некеде тұрмаған адамдарға жыныстық қатынасқа түсуге, құпияларды қабылдауға тыйым салса,сол сияқты жаңа қарым-қатынасты бастаған үйленген адамға да тыйым салады,соның ішінде құпияларды физикалық тұрғыда қабылдауға да рұқсат жоқ.
Меніңше, адамдардың шатасу себебі олардың некенің рас немесе рас емес екенін дәлелдеу мүмкіндігі жоқ жағдай мен екінші жағдайды,яғни мұндай зерттеу алдыңғы жұбайы,балаларының қатысуымен жүргізуге мүмкіндік бар жайттың айырмашылығын түсінбеуінде. Қатынасу құпиясын қабылдау шарттары–Құдайдың рақымында болу, яғни күнәларды мойындау құпиясын жиі қабылдау, және Христосқа жағатын өмір сүру. Әрине, зинадағы өмір рақымға бөленген деп саналмайды.
Осы жақында ғана мен бір әйелмен кездесіп сөйлестім, ол өзінің анасының оқиғасын баяндап берді, анасын күйеуі зорлаған және соңынан оны тастап,басқа әйелмен тұра бастаған. Ол әйелге Қасиетті Қатынасу құпиясын қабылдауға рұқсат алу үшін зерттеудің бүкіл сатысынан өтуге тура келді. Ол үшін күту қалыпты жағдай болды, өйткені процесс уақыты жүріп жатса да,ол Құдайдың жанында болатынын білді. Менің адамдарға кеңесім,Еухаристияның мәнін ұмытпау. Ол Христос. Және де Ол біздің Құдайдың рақымында болғанымызда қалайды, Онымен толықтай бірге қосылуымыз үшін, Ол біздің Қатынасу құпиясына бармағанымызды жұрт көрсе не айтар екен деп алаңдап, одан шоу жасауға ұмтылғанымызды қаламайды.
Сондықтан бұл құжат,бірінші жағдайда айтылғандай, Шіркеу адамның берген куәлігінің ақиқаттығына сенім артқан жағдайға арналған. Шіркеу үнемі адамдарға сенеді. Екі адам құрбантақтың алдында, бір-бірімен өмірлерінің соңына дейін болатындарына ант бергенде,Шіркеу оларға сенеді. Бұл пірадарлық бағыштау рәсіміне де қатысты.
Мынадай бір жағдай болған,бір пірадар өзінің қол қою рәсімінің шынайы екендігіне күмәнін білдріген,мұны ол епископтың оның басына қолын қоюды ұмытып кетуімен байланыстырды. Және бұған бейнедәлел де бар еді,епископ бұл сәтті жіберіп алған. Ең бастысы, адам ауыр күнә жағдайында Қасиетті Қатынасу құпиясын қабылдай алмайтынын ұмытпауы керек. Бірақ, сізде тіпті бірінші некенің орын алғаны туралы мүлдем дәлел болмаса, біз ол адамның айтқандарын шындық деп қабылдаймыз. Сәйкесінше, бұл мәселеге қатысты талаптар бұрынғыға қарағанда, аса қатал емес.
— Қазіргі уақытта моральдық теологияда тағы қандай мәселелер өзекті?
—Маңыздырақ және барынша өзекті тақырыптар туралы біз айтып өттік,бірақ егер жақсылап ойлансақ,тағы бір мәселе ретінде жасанды интеллект пен роботтар тақырыбын, яғни жаңа технологияларға қатысты сұрақтарды айтуға болады. Және бұл мәселелер ауқымды. Олар, әрине ең алдымен жұмысқа қатысты:роботтар жұмыс істеуші адамды алмастыра ма және жұмыссыздық мәселесі одан да қатты өршіп кетпей ме дегенге байланысты. Ал тағы да басқа сұрақ құпиялылыққа қатысты.Мысалы,Гугл немес Фэйсбук сияқты компаниялардың қолында біздің бүкіл ақпаратымыз бар. Және де іс жүзінде алсақ,олар мемлекеттің үкіметіне қарғанда көбірек әсері мен билігі бар. Сондықтан да моральдық тұрғыдағы бірнеше сұрақ бар, мысалы Гуглды жапқан дұрыс па деген сияқты. Еуропалық Одақта бұл компанияға деген сенім жоғалды, себебі оның күші басымдылыққа ие бола бастады, және оны қолдануды үдетуде,көбінесе бұл күш әділетсіз түрде басқа жарнама берушілер мен іздеу жүйелері өклдеріне қарсы пайдаланылуда. Белгілі болғандай, Гугл Қытаймен алдын ала іздеуді шектеу мәселесі бойынша бірлесе жұмыс жасайды. Осылай Гугл қытайлық үкіметке қызмет ететін Firefly атты басқа іздеу жүйесін жасап шығарды. Ол қытайлық үкіметке жақпайтын іздеу нәтижелерін көрсетпейді. Бұл диктаторларға арналған экстремальды күш, олар кез-келген жағдайда өзіне ыңғайсыз сайттарға шектеу қоя салады. Күмәнсіз, бұның Шіркеуді қозғамай өтуі мүмкін емес. Шіркеу үкіметке барлық жағынан жағатын ілімді таратпайтыны барлығына түсінікті. Мысалға алсақ, АҚШ-та неке,отбасы,әйел мен ер адамның қарым-қатынасы жайлы мәселелерді қозғау күн сайын қиындап барады. Ал Канаданы алсақ,әйел болып туған адам өзін еркекпін деп атаса, оған әйел деп атағаны үшін жазаға ұшырауға болады. Егер оны еркек деп атаудан бас тартатын болсам,онда темір торға қамалуым мүмкін. Бұл шын мәнінде,христиандардың шіркеу ақиқаттарын тарату мүмкіндігін шектейді,оның ішінде ғаламтор кеңістігінің қызметін реттейтін алпауыт компаниялар арқылы да.
– Моральдық теология саласындағы маман ретінде қазіргі заманауи ата-аналарға не кеңес бере аласыз? Балаларды тәрбиелеу процесінде олар қандай құндылықтарға баса назар аударуы керек?
–Негізінде,бұл дәстүрлі құндылықтар,жалпы ата-аналар балаларына осыны сіңіруге тырысады. Алайда, бұдан бөлек, сапалы адами қарым-қатынастарды қалыптастыру үшін адаммен тірі байланыс орнатуды заманауи техникалық құралдармен алмастыруға тырыспау мәселесіне көңіл бөлген жөн. Батыста, теледидарды қарым-қатынастың орнына қолдану кеңінен тараған, себебі баланы телеэкранның алдына отырғызған сәтте,бала бірден тыныштала қалады, ал сен асықпай тамағыңды пісіре берсең болады. Бірақ бұл мәселенің жеңіл, аз уақыттық шешімі,ол баланы жауапкершілікке, тәртіпке, пайдалы болу үшін ұмтылуға үйретпейді. Теледидар мен айтқым келген нәрсенің бірі.
Екіншісі ол – ғаламтор,бұл одан да қатты өзіне тартады. Өйткені,теледидар үйіңізде бір орында тұрады, қалай болғанда да сіз балаңыздың не қарап отырғанын бақылай аласыз. Ал ғаламтор барлық жерде бар, телефон, компьютер, ноутбук немесе басқа құралдар бар жердің барлығында. Оның өзіне тартатын әсері бар, оған қоса, ғаламтор арқылы балаңыздың қандай ақпарат алып жатқандығын үнемі бақылап отыру мүмкін емес. Сондықтан да адами қарым-қатынастар маңызды екенін ұмытпаған жөн,және балаларымызды тек ғаламтор арқылы дос табуға үйретпегеніміз абзал. Тағы бір аса маңызды, ата-аналар көңіл бөлуі керек нәрсе –балаларды Құдайды сүюге үйрету,яғни Оны өміріңізде басты орынға қою,тамақ ішер алдында дұға жасау, Шіркеу мерекелері мен салтанатты мейрамдар жайлы әңгімелеп беру. Тек қана Рождество сияқты үлкн мерекелерді ғана тойлап қоймай, кіші мерекелерді де, мысалы Әулие Николайдың күнін де тойлаңыз. Және де мерекелер біз тұрып жатқан қоғамда тойланбағаны маңызды емес. Бастысы біз тойлаудамыз. Бұл балаларға Құдайға деген сеніммен өмір сүруге және оны айналасына әкелуге қатты көмектеседі.
— Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасаған ер адамдарды химиялық кастрациялау туралы заң қабылданды. Шіркеудің бұл сұраққа көзқарасы қандай?
– Педофилия отбасы шеңберінде көбірек тараған. Яғни отбасының достары немесе алыс-жақын ағайын,немере туыстарының қатысуымен. Өте көп адамдар бұл сұрақты талқылағысы келмейді,өйткені бұл отбасының бөлшегі. Күмәнсіз,бұл ара қатынасты талқандайтын қорқынышты зұлымдық.
Католик Шіркеуінде, көбінесе батыста,педофилия гомосексуалдық сипат алады, ал жердің басқа бөлігінде бұл көбінесе ер адамның кішкентай қызға жасаған зорлығы ретінде қабылданады. Және Шіркеудің өкінішіне орай,батыстағы педофилияның гомосексуалдық сипаты дін өкілдерінің жасаған әрекеттерімен байланысты. Негізінде,әңгіме аса жас ұл балаларға емес, жасөспірім жастағы ұлдарға зорлық әрекетін жасаған епископтар мен пірадарлар туралы болып тұр. Бұл әрине заңсыз, бірақ ұл балалардың ересектеу екенін айту маңызды. Яғни, бұл жерде тағы да көбінесе батыста қозғалатын гомосексуалдық мәселесі бар. Оның шешімі пірадардың өзінің арнайы бағышталған міндеті мен қасиеттілікке шақырылғанын тереңінен түсіну. Және ең бірінші кезекте —Құдайды сүю. Екіншіден, адамдарға қызмет ету өзіңді құрбандыққа беру деген сөз, айқышта өзінің Денесін құрбандыққа шалған Иса тәрізді өмірін беру. Дәл осы жерде Папа Франциск дұрыс айтады, ол клерикализм мәселесіне,пірадарлардың өздеріне мына әлемнің ләззатын көп татып, өздерін артық қысым мен стресстен құтқарғысы келетіндеріне меңзейді. Ал осылайша өмір салтын ұстанатын болсаң, онда тыйым салынған нәрселерге берілу тіптен оңайға айналады. Сондықтан да монахтардың арасында кеңінен тараған пост пен шектеулер дін қызметкерлері арасында да таралуы қажет. Ал екіншіден,бұл сексуалдық төңкерістің салдары болып табылады: Папа Бенедикт XVI баса айтып кеткендей, жыныстық қатынастың табиғи биологиядан ажырап кетуі.
Лайықты жаза туралы айтатын болсақ,Шіркеу денеге жарақат жасау адамның табиғатына жат екенін айтады. Мысалы, біреу ұрлық жасаса, оның қолын кеспейді, ал егер біреу порнографиялық фотолар мен видеоларды көрсету арқылы күнә жасаса, оған химиялық кастрация жазасын қолданбайды. Жарақат адамды жаман істер жасау мүмкіндігінен айырады, бірақ адамның өкінуіне және түзелуіне жол бермейді. Ол тек қана күнә жасау мүмкіндігінен айырылды, ал бұл мүлдем бөлек нәрсе. Яғни бұл жерде адамды бақылауға ұмтылу туралы сөз қозғалуда, бірақ оған түзелуге мүмкіндік беру туралы емес. Шіркеу адамның өз еркімен өкініп,өзгеруіне мүмкіндік берілгенін қалайды. Егер біз химиялық кастрация туралы шешім қабылдайтын болсақ, онда мұндай әрекеттер қылмыстың басқа түрлеріне де қатысты жасалуы керек. Сондықтан, егер адам өзін басқара алмаса және қоғамға қауіп төндірсе, оны түрмеге жабуға болады. Егер сіздің бір қолыңызды алып тастаса, сіз әлі де екінші қолыңызбен басқа қылмыс жасай аласыз, ал екінші қолыңызды алып тастаса, онда сіз әлі де жаман істер жасау ниетінен арылмайсыз, сіздің ішкі әлеміңіз өзгермейді. Сондықтан Шіркеу бұл мәселенің шешімі әртүрлі жарақат түрін салу деп қарастырмайды.