Щучинск қаласында 2019 жылдың 3 қаңтарында жастар кездесуі өтті. Қатысушылар, Астана қаласындағы Қасиетті Мәриям Архиепархиясының қалалары мен ауылдарынан келген 40-қа жуық адам, олардың ішінде дін қызметкерлері мен монахинялар да бар. Бастапқыда қатысушылар 5-7 адамнан шағын топтарға бөлінді. Әр топтың өз аты, ұраны, таңдап алған капитаны және өздерін анықтайтын көк, қызыл,сары,жасыл және қызғылт сары сияқты түстері болды. Бұның бәрі тек қана кездесу барысындағы рухани жұмыс жемісті жүруі үшін ғана емес, ас үйдегі тазалық пен тәртіпті жүргізу үшін де жасалды.
Күн «Мен үшін ұят емес»( «Мне не стыдно») атты,1999 жылы «Колумбайн» мектебінде қатыгездікпен 13 оқушы өлтірілген кезде қайтыс болған орта мектеп оқушысы Рейчел Джой Скоттың күнделік жазбаларына негізделген фильмді көрумен аяқталды. Неге нақ сол фильм таңдалды? Жалпы алғанда, режиссердің назарын бұл қыз несімен аударды?
Рейчел христиан еді,христиан болғанда да тек сөз жүзінде емес,нақты іс жүзінде, ол бұл атақты өмірінің әр минутында дәлелдеп өтті. Оның өлім сәтінен бірнеше уақыт бұрын жазған сөздері: «Мен Иисус туралы айтып жүргенім үшін, ешкімнен кешірім сұрауға тиісті емеспін…Құдайдың маған сыйлаған жарығын жасырғым келмейді. Егер бәрін құрбандыққа шалу қажет болса, мен дайынмын.. Өз мінезіңізді айналадағыларыңыздың басынан өтіп жатқандарына қарап өзгертпеңіз. Өзіңіздің кім екеніңізді біліңіз, кім болуға арналсаңыз,сол адам болып қалыңыз…»
Ол христиандық өмірдің адамгершілікке толы бір ғана үлгісінің өзі көптеген жандардың өзгеруіне бастама болып, мына әлемге оң әсер ететініне сенімді еді. Өзінің 13 жасында алақанын бояп: «Мына қолдар Рэйчел Джой Скотқа тиесілі,және де олардың миллиондаған адам жүрегінде өшпес із қалдыратын күн туады..» деп жазған. Оның айтқаны келді. Рэйчел өз артынан алты күнделік,көптеген өлең жазып қалдырды. Оның жазған сөздерінен жасөспірімге тән емес ерекше күш,даналық, мінез ересектігі байқалады. Фильм негізіне оның күнделігі алынған. Оның өлімінен кейін, көптеген жастар оның Құдайға деген адалдығымен рухтанып,Жаратқанға сене бастады!
Екінші күн ғибадатханаға барумен басталып,ол жерде Аса мәртебелі Архиепископ Томаш Пэтамен кездесу өтті. Ол қатысушыларға Қасиетті Сыйды әкеліп, Құдайға құлшылық жасалды. Сонымен қатар Давид әкей жүргізген « Жұмаққа бару үшін не істеу керек?» атты конференция өткізілді. Күн түрлі ойындар мен көңіл көтеруге толы көңілді кешпен аяқталды.
Соңғы үшінші күні қорытынды жасалды. Әр адамға аталған таза жүректер кездесуі туралы өз ойларын айту мүмкіндігі берілді.