Кейбір жандарға жақында болған ғибадат сапарының еске салушысы аяқтарында әлі сыздап тұрған сүйел болуы мүмкін. Ал басқалар үшін фотосуреттер еске салады. Алайды мұндай іс-шаралардағы ең бастысы-бір емес,бірнеше жылға сақталатын естеліктер.
Биылғы жылы Келлеровкадан Озерноеға ғибадат сапарына қатысушылар саны бойынша Қазақстандағы Католик шіркеуі тарихындағы ең ауқымды ғибадат сапары болған шығар. 30 шақырымдық жолды 120-дан астам адам жаяу жүріп бағындырды.
Ғибадат сапарын Щучинсктен келген викарий Давид әке басқарды, бұл ол үшін бірінші сапар емес. Ол және онымен бірге тағы 5 жігіт өз сапарларын Көкшетаудан бастады, олардың еншісінде ұйқықаптармен,газ плитасы және арқаларына таңған шатырларымен жүріп өткен үш күнге созылған және 80 шақырымнан асатын жол бар.Сондықтан соңғы күн олар үшін ең жеңілі десек те болады,өйткені олар өздерімен үш күн бойы арқалап жүрген жүктерін ғибадат сапаршылары тізбегінің соңынан жүріп, олардың заттары мен ішетін суларын тасымалдаған арнайы көлікте қалдыра алды.
Ерте таңғы сағат 7-де ғибадат сапарын бастап, Озерноеға Құдайға құлшылық кезіне үлгеру үшін, ғибадат сапаршылары алдын ала Көкшетауға келді,ол жерде түнеуге назаретандық әпкелер және Шаттық Жанұясы әпкелері қарсы алды. Кейбіреулері Келлеровкадан аса алыста емес елді мекендерге орналасты. Және бұл арада сапаршыларды түнетіп және тамақтандырған адамдардың мейірімділігін айта кету керек.
Алайда ғибадат сапарындағы бастысы– қатысушалырдың саны немесе адамдар сыйлай тамақтандырған сорпаның дәмі емес, осы жол бойы әр адамның алып жүрген ниеті. Келлеровканың тумасы Инна үшін бұл 5-ші сапар,бірақ өте маңызды, себебі өмірдің жіберетін қиын сынақтары көп. «Мұндай дұғамен руханилыққа толы шерулерде Құдай көптеген рақымдар береді, олармен өмір сүру жеңілірек. Құдайға тілегің мен ниетіңді сеніп тапсырып, Тәңір Өзі барлығын орнына қоятынына бір тамшыдай да күмәнданбасаң, бағындыру мүмкін емес болып көрінген қиындықтарға басқаша қарай бастайсың» —дейді Инна.
Белгілі болғандай, бұл ғибадат сапарының дәсүрлі ниеті арнайы шақыртулар мен шақырылып қойғандардың қасиетті болуы үшін дұға ету. Жолда бірнеше аялдама болды, соның барысында отбасылық өмір, пірадарлық пен монахтыққа шақыртулар мен оларды танып білу жайлы ойтолғауларды Еухаристиядағы Исаның Қызметшілері Әпкелері орденінен Тереза әпке, Қарағандыдағы Жоғарғы Діни Семинарияның рухани әкесі Петер Сакмар, және Щучинсктен келген Давид әке ұсынды. Әрине ғибадат сапарға пірадарлар, монах әйелдер, және Қазақстан мен оның сыртынан келген семинаршылар қатысты. Сергей Дробышев, Қарағандылық семинаршы, ол бұдан олардың өз жолдарын қалай жүрудегі символизмді көргенін айтты.
Ғибадат сапаршыларын үш рет бүріккен жаңбыр Тәңірдің адамдарды рухани өсіруі үшін суғаруының символы болды. Ал тасқа толы бірнеше шақырым Исаның Голгофаға көтерілуінің қалай қиын болғаны туралы ойлануға мәжбүрледі. Семинаршы болып жүрген Сергей шақыртулар мен шақырылғандардың қасиеттілігі үшін дұға жасады, және жария еткісі келмейтін жеке ниеттері де бар. «Мені таң қалдырғаны бұл ғибадат сапарына қызығушылықтың артуы, алдыңғы жылдарға қарағанда қатысушылар саны әлдеқайда көбейген. Әрине, қатысушылардың мұндай дұға түрін терең қабылдап түсінгендері қуантады. Біз ауылға кірген бетте, жолдың оң жағында таяғы бар кәрі әже бізді қарсы алды, оның жүзінде тамшылған көз жасы мен қуанышты күлімсіреу болды. Ол болып жатқан дүниенің терең болмысын түсінген еді», — деп әңгімелейді Сергей.
Жол жақын емес, сондықтан уақыт тек қана ойтолғауларға ғана емес, Раушантәждің барлық 4 бөлігін оқуға да, жүректі толқытқан тақырыптарға әңгіме құруға да жетті.
Көкшетаудан келген Оксанаға,төрт баланың анасына бұл рухани оазисқа айналды. Ол былай дейді: «Мессаға балалармен қатысқан кезде, дұғада Құдайға беріле ойды шоғырлау өте қиын, өйкені барлығын аңдып отыруың керек. Ал бұл ғибадат сапарында отбасымыздың амандығы үшін дұға жасауға,өз өмірің жайлы ойлануға,болып жатқанды талдауға уақыт өте көп болды. Және Құдайға құлшылыққа толықтай қатысуға мүмкіндік те бар. Мен әр сөзді сіңіріп алып отырдым,ал өсиетсөздердің мағынасы терең болғаны соншалықты,әр адамның жүрегін қозғады. Маған әсірсе Меджугорьеден келген пірадардың өсиетсөзіндегі бір сәт қатты есімде қалды. Ол ғибадат сапарына келген бір топқа былай деп мәлімдегенін айтты: « Мен сендерді 1 000 жұлдызды қонақүйге орналастырамын». Сосын оларды шатырларға орналастырып,ал түнде барлығын көшеге шығып аспанға қарауларын сұраған. Бұл мыңжұлдызды қонақүй еді. Бұл мысал арқылы ол бізді қарапайым өмір сүруге және ақша мен материалды құндылықтардың артынан қуаламай,Құдайдың бергеніне қуанып, ақша табуға емес, осыған мән беру керектігін жеткізгісі келді. Отбасы туралы көп айтылды,мен өзім үшін мынадай тоқтамға келдім, отбасы берекелі болу үшін міндетті түрде мынадай қосынды болуы қажет: күйеу + әйел + Құдай».
Бүкіл жол бойы қатысушылардың семинарияның рухани әкесіне күнәларын мойындау құпиясын айту мүмкіндігі болды. Әрине, аялдамалар тек қана ойтолғаулар үшін ғана емес, күш жинап тамақтану үшін де тоқтауға арналды. Глубокое ауылында дәмді аспен қарсы алды,дайындауға Көкшетау қаласының және басқа да елді мекендердің сенушілері Беата Качмарек әпкемен бірге қатысты.
Нұр-Сұлтаннан келген Елена үшін бұл ғибадат сапары отадан кейінгі бесжылдық өмірінің қорытындысын жасап,осы уақыт ішіндегі жағдайларға Құдайға алғыс айту болды. Ол бұл ғибадат сапарында денсаулыққа қатысты ниетті алып жүрген жалғыз адам болған жоқ. Қазақстандықтармен қатар бұл жолды Мәриям Бикенің Бейкүнә Ұрықталуы приходынан , Челябинсктен келген екі жан Алекс пен Мириам бағындырды, бұл олардың Қазақстанға алғашқы сапары. Олардың Озерноемен таныстығы алыстан басталды. Мариам Меджугорьеге жиналған сәтінде,олардың Оксана атты аудармашысы айына бір рет Қазақстандағы миссия үшін,олардың отбасыларының амандығы үшін құрбан етіп, нан мен суды ғана ас тұтып пост ұстайтынын айтқан еді. Мариам да бұл дұғаға қосылып,әр айдың 16-шы күнін таңдады. Меджугорьеде болған кездің өзінде-ақ Қазақстан және Озерноедағы приходтық мереке туралы білген еді. «ВК» әлеуметтік желісіндегі «Католики Казахстана» тобынан ғибадат сапары туарлы хабарламаны көріп,ойланбастан ұйымдастырушыларға хабарласқан, қатысуға өтінім білдіру мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан,оларды қуана-қуана қабылдады. Мариамның досы Алекстің аталған ғибадат сапарға барамын деуі оны өте қатты таң қалдырды,өйкені ол науқас,және 2 команы бастан өткерген,соның салдарынан эпилепсия ұстамасынан азап шегуде. Бірақ ол өзінің,және ауруханада жатқан әкесі мен атасының денсаулығы үшін құрбандық жасау ниетімен ғибадат сапарына шықты.
Мариам ғажайып көлді көріп,соғыс кезінде және соғыстан соң да қаншама бақытсыз және азап шегуші жандар жүрген жолмен өтіп,осы «Голгофаға» жақындағысы келді. Оның алдында «АЛЖИР» фильмін көргеннен соң,бұл қалауы тіптен нығайып еді. Ал Аспандағы Анамыздың жергілікті халыққа, төккен жасы мен оқыған дұғалары үшін сыйлаған ғажайыбы киелі кітаптағы бес нан мен екі балық туралы сюжетті еске салды. «Біз үшін бұл үлкен сынақ болды, барлығынан тұтас бір шақырымға артта қалсақ та, біз оны еңсердік. Аяқтарым ауырып, ісіп кетті, үйге тәпішкемен қайтуға тура келді. Дегенмен сіздердің көлдеріңіздің емдік әсері бар екенін айта кету керек,аяғымды суына батырған соң,кешке дейін тағы 7 шақырым жүріп өттім. Бізге Қазақстан қатты ұнады және жылы қарсы алғандары үшін алғыс айтамыз. Келесі жылы біз тағы да келеміз,тек санымыз көбейеді. Ниет етіп келген барлық тілегіміз орындалатынына сенемін» , —деп Челябинсктен келген Мариам өз үмітін білдірді.
Мариам ғажайып көлді көріп,соғыс кезінде және соғыстан соң да қаншама бақытсыз және азап шегуші жандар жүрген жолмен өтіп,осы «Голгофаға» жақындағысы келді. Оның алдында «АЛЖИР» фильмін көргеннен соң,бұл қалауы тіптен нығайып еді. Ал Аспандағы Анамыздың жергілікті халыққа, төккен жасы мен оқыған дұғалары үшін сыйлаған ғажайыбы киелі кітаптағы бес нан мен екі балық туралы сюжетті еске салды. «Біз үшін бұл үлкен сынақ болды, барлығынан тұтас бір шақырымға артта қалсақ та, біз оны еңсердік. Аяқтарым ауырып, ісіп кетті, үйге тәпішкемен қайтуға тура келді. Дегенмен сіздердің көлдеріңіздің емдік әсері бар екенін айта кету керек,аяғымды суына батырған соң,кешке дейін тағы 7 шақырым жүріп өттім. Бізге Қазақстан қатты ұнады және жылы қарсы алғандары үшін алғыс айтамыз. Келесі жылы біз тағы да келеміз,тек санымыз көбейеді. Ниет етіп келген барлық тілегіміз орындалатынына сенемін» , —деп Челябинсктен келген Мариам өз үмітін білдірді.
Келгеннен соң ғибадат сапаршылары бірден Мессаға қатысты, оны Қазақстандағы қызметін Озерное приходынан бастаған Архиепископ Томаш Пэта жүргізді. Сіздерге сәл мәлім болған өсиетсөзді Меджугорьеден келген Миленко әке айтты. Ол Тәңір бізге жан тыныштығын сыйлайтындығын айтты, және біз Мәриямға қарай жүріп, ол бізе Құдайдағы жан тыныштығын сұрап алуын өтінеміз, ал жан тыныштығы жүрегімізде патшалық еткенде,біз бұған мұқтаж жандардың барлығымен бөлісуге міндеттіміз.
Қазақстанның Мәриям Бикеге бағышталуының 25-жылдық мерейтойына арналған салтанатты Құлшылық келесі күні орындалды. Және оған тағы да Қазақстанның басқа приходтарынан жүздеген адам , Ресейден 40 адамнан тұратын топ келді. Қасиетті Мессаның төрағасы Ауғанстандық администратор болды,Құлшылықтан соң ғибадат сапаршыларына жылы лебізін Седльце епархиясының ординариі епископ Казимир Гурда білдрді.
Осылайша Озерное аспаны астында бірнеше жүзден астам адамды, әлемнің 5-тен аса елін жинаған,120 ғибадат сапаршысының Мәриямға қарай 30 шақырымдық жолы аяқталды.