Ченстохова Құдай Анасы өмір қорғау күзетінде

Матерь Божия Ченстоховская на страже защиты жизни

Ватикан жаңалықтарының хабарлауы бойынша, 2 ақпан күні Рим Папасы Франциск Өмірді қорғау жөніндегі делегация мүшелерімен жеке аудиенция барысында, «адам өмірі басынан бастап табиғи аяқталуына дейін өз-өзіне қамқорлық жасауды  талап етеді… » деп атап өтті.

Human Life International Poland сыйы

Жыл басында Римге ғана емес, өмірді қорғау мәселесіне де назар аударылды. Қазақстанның католиктері үшін маңызды оқиға – барлық ұлттар анасы – елорданың ең ежелгі шіркеуіне Ченстохова Құдай Анасы иконасы көшірмесінің келуі болды. Томаш Пэтаның басшылығымен Астана қаласындағы деканат дін қызметкерлері бас иіп және құрмет көрсету үшін жиналды. Бұл көшірме Human Life International Poland ұйымының отбасылық құндылықтарды қорғауға арналған құлшылық жасау ниетіндегі сыйы болды.

«Жақын арада Астанадағы Қасиетті Мәриям Архиепархиясының жұмысы барысында иконаның ғибадат сапары басталады, – деп атап өтті Архиепископ Томаш Пэта. – Иконаның үйі барлық ұлттар Анасының шіркеуі болады, бірақ ол Қазақстанның әр түрлі түкпірлеріне барып, өмірді қорғау және оның қасиеттілігін дәріптейтін кездесулерге, конференция мен семинарларға қатысады».

“Мұхиттан мұхитқа”

Айта кету керек, Ченстохова Құдай Анасы иконасының дәл осындай көшірмесі «Мұхиттан мұхитқа» деп аталатын дүниежүзілік науқанның бір бөлігі ретінде ғибадат сапарын жасап жүр.  2012 жылдан бастап бұл икона 50-ден астам елде болды. Науқанның ұйымдастырушылары халық Қара Мадонна деп атайтын, поляк халқының тарихындағы бірнеше рет көрсеткен көмегінің арқасында танымал болған бұл икона әлемдегі аборт трагедиясын еңсеруге көмектеседі деп үміттенеді.  

26 қаңтар күні шіркеуде жаңа дәстүрдің іргетасы салынды: әр айдың төртінші сенбісінде, осында өмірдің қасиеттілігі жөнінде Құдайға құлшылық ету өтеді.

Аборт – жантүршігерлік қылмыс

Бұл тақырып 16 жасқа толған қыздарды өздерінің ата-аналарының рұқсатынсыз, түсік жасауға мүмкіндік беретін жаңа заңның ұсынысын ескере отырып, өзектілігін арттырады. Әулие Иоанн Павел II «Evangelium vitae» энцикликасында құрсақтағы жазықсыз адам өмірін қию әрқашан да қылмыс боп саналады деп айтқан.

Соңғы онжылдықтарда бұл генетика және эмбриология деректері арқылы расталған. Католик шіркеуі адам өміріне ұрықталудан бастап ең жақсы күтіммен қарауға үйретеді. Аборт пен бала өлтіру – бұл жантүршігерлік қылмыс. Рим Папасы Франциск «Humana communitas» мәлімдемесінде өмірді қорғаудың маңыздылығын еске алып, діндер мен сенімдердің әртүрлілігіне қарамастан өмірдің адами және азаматтық құндылықтары бар екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстан католик епископтары Конференциясы кәмелеттік жасқа жетпеген қыздардың ата-анасының келісімінсіз аборт жасауына рұқсат беруге қарсы пікірлерін ашық білдірді.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top