Қазақстанның католиктік қауымдастығы Абай облысында болып жатқан табиғи апат туралы жаңалықтарды қатты қайғырып қабылдады. Барлық католиктік қауымдастықтарда шын жүректен көңіл айтумен және ынтымақтастықпен Абай облысында болған жан түршігерлік өрттің құрбандары мен зардап шеккендер үшін дұғалар жасалуда. Дұғаларда еліміздің сенушілері осы қорқынышты апатта жақындарынан, үйлерінен және басқа да мүліктерінен айырылғандармен бірге қайғырып,жан-тәнімен бірге болуға ниет білдіреді.
Көптеген адамдар үйлерінен кетуге мәжбүр болып және сұрапыл қауіппен бетпе-бет қалған кезде, үлкен қалалар мен шағын ауылдардың католиктері өршіп тұрған отқа жақын жүрген адамдар мен өртті сөндіруге қатысушылардың қауіпсіздігі мен қал-жағдайы үшін Тәңіріміз оларды нығайтып, осы сынақтарды жеңуге күш берсін деп дұға етуде.
Қазақстан Католик Шіркеуінің ординарилері барлығын табиғат пен қоршаған орта қалпына келуі және адамдар мүмкіндігінше тезірек қалыпты жағдайға оралуы үшін, осы экологиялық апаттың тоқтауы үшін дұға етуге шақырады. Олар сондай-ақ осы өрттен зардап шеккендерді қолдау үшін бірігуге шақырады. Жалпыға ортақ ынтымақтастық пен рухани бірлік қиындықтарды тез арада еңсеруге, Абай облысын қалпына келтіруге және бүкіл елдің өркендеуіне ықпал етсін деп тілейміз.