26 сәуір-бірінші пленарлық отырыстың ресми ашылуына бір күн қалғанда-Орта Азия епископтары мен ординариялары Қарағандыға бірлескен сапар өткізді. Онда олар «Мәриям — Шіркеу Анасы» Жоғарғы Рухани Семинариясына барып, грек-католик соборында дүнияуи жандармен кездесіп, оларды Мәсіхтің Қайта Тірілуі мерекесімен құттықтап, Пасха асымен бөлісті. Содан кейін Фатималық Аса Қасиетті Мәриям Бике соборында болып, Владислав Буковинскийдің жәдігерлері алдында дұға етуге мүмкіндік туды. Сапар күні Әулие Жүсіптің Кіші Базиликасында халықпен бірге Қасиетті Мессамен аяқталды.
Епископтар кездесуінің бірінші күнінің фотосуреттерін «Орта Азияның Католик Епископтары Конференциясының I отырысы» альбомынан сілтеме бойынша көруге болады.
Епископ Аделио Дель’Ороның уағызы
Қарағанды, Әулие Жүсіптің Кіші базиликасы, 26 сәуір 2022 ж. (Апост.іст. 4,32-37; Ин 3,7-15)
Мен Орта Азия епископтық конференциясының алғашқы кездесуіне орай осы салтанатты еухаристиялық қызмет үшін Тәңірге алғыс білдіремін және өте ризамын.
Өзбекстан епископы Ежи Мацулевичке, Түрікменстандағы «missio sui iuris» ординарийі Мадей Анджей, Тәжікстандағы монс. Педро Лопес, Қырғызстандағы монс. Энтони Коркоран және Қазақстан Ординарийлеріне, митрополит монс. Томаш Пэта, оның көмекшісі монс.Атаназиус Шнайдер, епископтар конференциясының президенті монс. Хосе Луис Мумбиела, Атырау Апостолдық администраторы монс. Петр Сакмар, Қазақстан мен Орта Азиядағы Византия салтының католиктері үшін Апостолдық администратор монс. Василий Говера, және де, әрине, Қарағандының көмекші епископы монс. Евгений Зинковскийге қош келдіңіздер деймін.
Бұл Ординарийлерге Моңғолиядағы Улан-Батор Апостолдық префектісі монс. Джорджио Маренго, Ауғанстан Апостолдық префектісі монс. Джованни Скалезе және Әзірбайжан Апостолдық префектісі монс. Владимир Фекете қосылды.
Сондай-ақ, Моңғолия мен Оңтүстік Кореядағы Апостолдық нунцийлер, архиепископ Альфред Ксюребке және Польшадағы Кельц епископы монс. Ян Пиотровский, Астанадағы Ватикан Нунциатурасының хатшысы монс. Микеле Тутало және монс. Петр Пытлованыға қош келдіңіздер деймін.
Бүгінгі литургия бізді христиан қауымдастықтарына үш рақым сұрауға шақырады: үндестік, кедейлік және төзім.
Иса мен Никодим арасындағы түнгі әңгіменің басты тақырыбы Рухта «қайта туу» .
Қасиетті Рух бізге Исаны қорқынышсыз жариялауға батылдық береді және Оның қоғамды қалай өзгерте алатындығы туралы түсінік береді: епархиялық, приходтық, діни және отбасылық қауымдастық.
Папа Франциск осыдан екі жыл бұрын «Кіші базилика» атағын берген Қарағандыдағы Әулие Жүсіптің бұл приходы тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының бүкіл аумағында бірегей болып табылады, өйткені бұл 1977 жылы коммунистік режим кезінде ресми тіркелген алғашқы приходтардың бірі.
2019 жылдың наурыз айының басында Орта Азия епископтарының «ad limina» сапары кезінде біз Папа Бенедикт XVI-мен кездесіп, оған Орта Азия елдеріндегі Католик Шіркеуінің ауыр, бірақ даңқты тарихы туралы айтқан кезде, парадоксалды түрде, сталиндік жер аударылу мен лагерьлердің арқасында католиктер осы суық мекндерде өмір сүре бастады деген едік, сонда ол бізге : «Құдай жамандықтың өзінен қалай жақсылық шығару керек екенін біледі» деді.
«Sanguis martyrum, semen christianorum» [Азапталушылардың қаны — жаңа христиандар тұқымы] деп жазды Тертуллиан. Құдайдың рақымымен және Исаға сенушілердің куәлігімен, қатал қудалауға қарамастан, Қарағанды қаласы кеңестік режим кезінде католицизмнің орталығы болды.
Бұл жерде ҚАРЛАГ болды, және де ауыр каторгалық еңбектен кейін аман қалғандар Қарағандыдан кете алмады, онда босатылғаннан кейін бірнеше мың неміс, поляк, украин, литва католиктері және басқа да ұлттар өмір сүрді. Алғашқы ғасырлардағыдай, бұл католиктердің азап шегуі және төгілген қаны христиандардың санын көбейтіп, осы Шіркеудің негізін қалады.
Бұл приходпен, қиын кеңестік кезеңді ескере отырып, қасиеткерлікке 16-дан астам арнайы шақырулар дүниеге келді, оның ішінде 2 Епископ [ Новосибрисктегі епископ Иосиф Верт,Қырғызстандағы және қазір жұмақтағы епископ Николай Мессмер], 7 конгрегация мен қауымдастықтардағы өмірге арналған 28-ден астам әйел адамдардың арнайы шақырулары бар, олардың көпшілігі Еухаристиядағы Исаға Қызметші Әпкелер Конгрегациясына кірді.
Қарағанды және оның айналасы әртүрлі ұлт өкілдерінің жаппай қоныс аударатын орны болды. ХХ ғасырдың 30-шы және 40-шы жылдары мұнда неміс, поляк, украин, латыш және т. б. үлкен саны көшірілді. Олар «жеркепе» деп аталатын шұңқыр қазуға мәжбүр болды, бұл олардың бірінші үйлері еді. Олардың көпшілігі, әсіресе қарттар мен балалар, алғашқы қыста-ақ аштық пен аяздан қайтыс болды.
Приходтың құрушылары деп жер аударылған сенушілерді, сондай-ақ лагерьлерден босатылған қасиеткерлерді санауға болады. Майқұдықтағы сенушілер қудалауға қарамастан, үйде және зиратта бірге дұға оқуға жинала бастаған.
1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін лагерлерден босатылған кейбір қасиеткрелер Қарағанды қаласына келе бастады: Владислав Буковинский әке, грек-католик епископы Александр Хира, Алексий Зарицкий әке[кейін қайта тұтқындалып, азапталды; ол 1963 жылы Долинкада қайтыс болды] және басқалары.
Аталған қасиеткерлердің барлығы құпия түрде (негізінен түнде) Қасиетті Мессаны жүргізді, суға шомылдыру мен неке қию рәсімдерін жасады . Оларға адамдар Қасиетті Құпияларды қабылдау үшін алыс аудандардан келетін еді.
Қасиеткерлерден басқа, діндар әйелдер де болды, олардың арасында Гертруда Детцель [біз өткен жылдың 15 тамызында беатификация процесін ресми түрде аштық] және тағы басқалары бар. Олардың барлығы ересектермен, балалармен және жасөспірімдермен катехизис жүргізді, Алғашқы Қатынасу жорасына және басқа да рәсімдерге дайындады. Мұның бәрін олар қатал қудалау жағдайында жасады. Өз үйінде Гертруда мен тағы үш әйел бірлескен (қауымдық) дұғалық өмір сүрді.
Дұға үйлері жабылғаннан кейін, сенушілер епископ Александр Хира және қасиеткер Владислав Буковинскиймен бірге (1961 жылы желтоқсанда соңғы 3 жылдық түрмеден оралған кезі) кеңес өкіметіне католик қауымдастығын ресми тіркеуге өтініш бере бастады. Олардың табандылығының арқасында 1977 жылы 28 қаңтарда Мәскеуден келген МҚК Қарағандыда рим-католиктік сенімнің діни қауымын тіркеуге рұқсат берді. Азапталушылардың жасаған құрбандықтары өз жемісін бере бастады.
Майқұдықта сенушілердің есебінен «жеркепе» сатып алынды, оның орнында ғибадатхана салу жоспарланған болатын. 1977 жылы 19 наурызда Әулие Жүсіп мерекесінде алғашқы Қасиетті Месса ресми түрде осы «жеркепеде» өтті. Сенушілер Әулие Жүсіпті приходтың жебеушісі етіп таңдап алды. Приходтың алғашқы шіркеу басшысы, Альбинас Думбляускас әке[ 09.01.91 ж.қайтыс болды] Литвадан келді.
1977 жылы қарашада сенушілердің белсенді қатысуымен болашақ католик шіркеуінің іргетасы қаланды, іргетасын епископ Александр Хира қасиеттеді. Ғибадатхананың құрылысына кішкентайдан үлкенге дейін, мүгедектер мен науқастарды қосқанда барлығы қатысты.
1978 жылдың көктемінде оның қабырғаларының құрылысы басталып, сол жылдың 8 қыркүйегінде Қарағандыдағы Әулие Жүсіптің жаңадан салынған шіркеуінде алғашқы Қасиетті Месса өтті. Ал 1980 жылы 29 маусымда епископ Александр Хира жаңа ғибадатхананы салтанатты түрде қасиеттеп, ұмытылмас сөздер айтты, бұл іргетас көптеген сенушілердің көз жасымен қаныққанын еске алды.
1999 жылы 7 шілдеде осы Әулие Жүсіп шіркеуі сол кезде құрылған Қарағанды епархиясының кафедралдық собор дәрежесіне көтерілді. Бұл атпен ол 2012 жылдың 9 қыркүйегіне , яғни «Фатималық Аса Қасиетті Мәриям — барлық халықтардың Анасы»жаңа соборының қасиеттелуіне дейін қызмет етті.
Ғибадатхананың қабырғасы сыртында Альбинас Думбляускас әке және Александр Штауб әке жерленген. Епископ Александр Хираның жәдігерлері 2016 жылы беатификациядан бұрын Владислав Буковинский әкенің жәдігерлері жатқан ғибадатхананың ішіне көшірілді.
2021 жылдың 7 тамызында біз Құдайдың қызметшісі Гертруда Детцельдің сүйегін осы базиликаға көшірдік, ол қазір епископ Александр Хираның сүйегінің қасында жатыр, ол ерекше құлшынысы үшін Гертруданы «менің епископым» деп атайтын еді.
Соңғы 30 жыл ішінде біздің католиктік қауымдастықтар саны айтарлықтай қысқарды. Немістердің барлығы дерлік, ал қазір поляктардың көбісі өздерінің тарихи отанына кетті.
Кеңес заманында салынған шіркеу айналадағы үйлерден айтарлықтай ерекшеленбеді. Дегенмен, жабдықталуы қарапайым және таңғажайып сұлулығымен таң қалдырады және жақында ішкі қалпына келтіруден кейін одан да әдеміленіп кеткен.
Бүгінде біз бұл сый үшін өте қуаныштымыз және ризамыз, осы шіркеудің және осы приходтың тарихын жасаған барлық адамдарға алғыс айтып, олар үшін дұға еткіміз келеді.
Дегенмен, мүмкін, осы 30 жылдық бостандықта біз рухани тұрғыдан аздап ұйқыға кеткен де болармыз және де жаңа бастаманы қажет етеміз.
Грек тілінен аударғанда «приход» сөзі «παρά οικία» Құдайдың « үйдің жанында» болуы дегенді білдіреді, сондықтан да адамдардың өміріне жақын.
Енді бұл ғибадатхана бізден бірлік пен мейірімді махаббат деп аталатын жанды және тәндік орын жасайды, сондықтан біздің қасымызда тұратын адамдар Исаны танып, Оны кездестіреді.
Жаһандану әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды көбінесе материалдық әл-ауқаттың соңынан қууға жетелейтін дәуірде біз үлкен жауапкершілікке шақырылғанбыз.
Бүгін Шіркеудің адамдар арасында болуы тек біздің, яғни қазіргі христиандардың шынайы куәлігінің нәтижесінде жаңарады.
Бұл жаһанданған әлемде біз тірі Шіркеуді құруға шақырамыз, сондықтан Томас Стернз Элиот «Тас» діни әнінде: «Бірлескен жұмыс бар, барлығына Шіркеу бар және барлығына жұмыс бар: әрқайсысы өз жұмысы үшін»дейді.
Қасиетті Рухта қауымның қайта туылуына тән үш ерекшелігі бар.
Үндестік: «Көптеген сенушілердің бір жүрегі мен бір жаны болды; және ешкім өз меншігінің ешқайсысын өз меншігі деп атаған жоқ, бірақ бәрі ортақ болды». Биікте Рухтан туғандар бірлік, үндестік рақымын алады.
Екінші ерекшелік бар және ол – «ортақ игілік». Біз Жазбада оқимыз: «Араларында жоқшылық көрген ешкім болған жоқ. Себебі жері немесе үйлері барлар керек болғанда меншіктерін сатып, ақша түсіріп, оны елшілердің алдына әкеліп қойып отырды.»(Апост.Іст. 4,34). Бұл мейірімді махаббат.Иса қиындықтардың, қудалаудың ортасында жүргендерге берген үшінші маңызды элемент-төзім, өйткені Иса «өз төзімдеріңмен жандарыңды сақтаңдар»дейді(Лк 21.19).Пасханың екінші аптасында, біз Пасха құпияларын мерекелеу кезінде, біздің қауымдастықтар үшін осы үш рақымды сұрайық.
Иса Никодимге Рухтан қайта туылуымыз керек екенін айтады: тек Рух бізге жаңа тұлға, жаңа күш, жаңа әрекет ету жолдарын береді.
Қасиетті Рухпен шақырылған өте маңызды белгі бар:
«Елшілер Иеміз Исаның қайта тірілгендігі туралы зор жігермен куәлік берді. Осылайша олардың бәріне Құдайдың мол рақымы жауды». (Апост.іст.4,33 ).
Шынайы қайта туылудың белгісі-барлық адамдарға қайта тірілген Тәңіріміз туралы куәлік ету батылдығы.
«Себебі бұл уәде сендерге, балаларыңа және алыстағылардың бәріне: Құдайымыз — Жаратқан Ие шақыратын барлығына да арналған»
(Апост.іст 2,39), яғни құтқарылу — бұл барлық адамдар үшін.
Біз кішігірім , күнәкар болмысымыздан, Тәңірімізді қайта тірілткен күш арқылы ғана қайта туыла аламыз: Құдайдың күші, және бұл үшін Тәңір бізге Қасиетті Рухты жіберді.
ОАКЕК Бірінші пленарлық отырысының ресми ашылуы >>
ОАКЕК жұмысы жайында шолу материалы және Орта Азия елдерін Құдай Анасына бағыштау>>