ОРТА АЗИЯЛЫҚ КІШІ БАЗИЛИКА

Орта Азияның енді өз базиликасы бар. 2020 жылдың 6 қыркүйегінде Қарағанды қаласындағы Әулие Иосиф храмына кіші базилика мәртебесі берілді.
Малая Среднеазиатская Базилика

Салтанатты Мессаны Қарағандылық епископ Аделио Дель’Оро  әке жүргізді. Оның жанында бірге мессаны жүргізгендер – Евгений  Зиньковский  әке және Әулие Иосиф храмының басшысы– Владимир Дзуренда әке.  «Қасиетті Орда–Құдайдың Өзінің рақымы және қатысуының ерекше белгісін қалдырған межелі жері,бір жағынан адамның Құдай рақымына мұқтаждығын,ал екінші жағынан,Құдайдың адамзатқа рақым мен қайырымдылығын молынан төгу қажеттілігін еске алатын жер, —деп айтып өтті өзінің насихат сөзінде Аделио әке.   Күнәларды мойындау құпиясы ғибадат сапардың нәтижесі болуы табиғи нәрсе . Қасиетті Орданың белгілі жерде орын тебуі ғажайып құбылыстың орын алуынан,немесе Құдайдың бір сүйікті құлының қасиеттілігінен,немесе халықтың үлкен құрметі мен ізгілінен бастау алады. Бұл Қарағандыдағы Майқұдықтың әулие Иосифке арналған шіркеуі нағыз қасиетті орда болып табылады».

ОРТА АЗИЯЛЫҚ КІШІ БАЗИЛИКА

Епископ Аделионың айтуынша,базиликалардың көбісі Италияда орналасқан(шамамен 550),ал әлемнің басқа жерлерінде 1050 кіші базилика бар,және олардың біреуі енді біздің елімізде. Базиликалар Рим Шіркеуі және Рим Папасымен ерекше қарым-қатынасты білдіреді,олардың «кіші»аталу себебі,оларды Римнің төрт Ұлы базиликаларынан ажырату үшін айтылған—Ватикандағы Әулие Петр базиликасы,Қала қабырғасы артындағы Әулие Павел базиликасы, Латеран базиликасы және Санта-Мария-Маджоре.

Базиликалардың өз артықшылықтары бар. Бірінші және ең басты артықшылығы — мысалы ғибадатхананы қасиеттеу күнінің мерейтойында,ғибадатхана жебеушісінің мейрамында,қасиетті апостолдар Петр мен Павелдың күніне және кіші базилика мәртебесін беру күні құрметіне толықтай индульгенция алуға болады.  Папаның символын- айқасқан кілттер белгісін мөртаңбада, сыртқы және ішкі бұйымдар мен жабдықтарда, нышанда(хоругви)

 қолдана алады,құдайға құлшылық және процессия кезінде тинтиннабулум –қоңырауды пайдалануға рұқсат етіледі,ол және сары –қызыл қолшатыр (умбракулум) бірігіп базиликаның символын құрайды.Базилика ректорына ерекше шіркеу жамылғысы—қызыл түймелі моцеттаны (моцетта — күләпарасы бар қысқа жамылғы)киюге болады.

ОРТА АЗИЯЛЫҚ КІШІ БАЗИЛИКА

Қарағандыдағы Әулие Иосиф соборы бұл мәртебеге ерекше тарихи,мәдени және діни маңыздылығы үшін ие болды.Ол Қазақстандағы кеңес дәуірі кезеңінде салынған алғашқы храм,және ұзақ уақыт бойы бүкіл аймақ үшін католиктік сенімнің тірегі болып келді.

1930 жылдан 1959  жыл аралығында Қарағанды Қарлагтың,яғни КСРО-ның ең үлкен еңбекпен түзету лагерлерінің  бірінің астанасы болып келді.Жер аумағы Франциямен бірдей Қарағанды лагеріне 2 темір жол- Қарағанды-Балқаш және Жарық –Жезқазған қызмет етті.Осы уақыт ішінде Қарлагтың «диірменінен» 6 миллион саяси және әскери тұтқындар мен еркінен айырылғандар өтті. Осылайша Қарағандыда әртүрлі ұлттың өкілдері — немістер,поляктар,орыстар,украиндар,литвалықтар,латыштар, эстондықтар және тағы басқалары өмір сүре бастады. Арнайы жер аударылғандар кеңес үкіметінің қарсылығына қарамастан,Қазақстан даласына тыйым салынған діннің «дәнін» алып келді.Құдайға сенушілер қатыгез қудалануға ұшырады,олар өз жұмыстары мен орнын тәуекелге байлады,өз сенімдері үшін түрмелер мен лагерлерде отырды,ату жазасына ұшырады және ажал құшты. Осылайша азап шегушілер,дінді дәріптеушілер мен еңбекшілердің мекені Құдай Шіркеуінің іргетасына айналды. Қарағандыда қызмет еткен бірінші католик пірадары Иосиф Кельш әке болатын.Ол 1936 жылы Майқұдық ауылына жер аударылған соң,жергілікті католиктердің арасында белсенді қызмет жасай бастады.  Алайда оның қызметі көпке созылған жоқ, бірнеше айдан соң тұтқынға алынып,1937 жылы Қарағанды түрмесінде ату жазасына ұшырады.Сенушілер дұға жасау үшін үйлерде құпия түрде жиналуын жалғастыра берді. 1953-1954 жылдары Сталинның өлімінен кейін,Қарағандыға лагерден босатылған пірадарлар — Владислав Буковинский, Михаил Стонец, Алексий Зарицкий, епископ Адександр Хира, Иосиф Шабан және басқалары келді. Бұл пірадарлар түнде құпия түрде су рәсімінен өткізіп, Қасиетті Мессаны жүргізіп жүрді. Құпиялард ы қабылдау үшін адамдар алыс аудандардан қатынайтын еді. Катехизис сабақтары,алғашқы қатынасу жорасы және басқа да құпияларға дайындық жүргізілді.

1977 жылдың 28 қаңтарында көптеген өтініштер мен сенушілердің батылдығының арқасында,КСРО үкіметінің діндер ісі бойынша Кеңестің хаттамасымен Қарағанды қаласындағы рим-католиктік сенімнің діни қауымдастығын тіркеуге рұқсат берілді.Ғибадатхананың салынуына сенушілер өте белсенді түрде қатысты,және 1980  жылдың  29 маусымында апостолдар Петр мен Павелдың мерекесінде ғибадатхана епископ Александр Хиромен қасиеттелді. Жаңа ғибадатхана өзіне көп назар аудартпауы қажет еді. Сондықтан да сырттай өте қарапайым,және ғибадатханаға да аса ұқсамайтын,оның бар сұлулығы ішіне бағытталды. Екі қатар колонна 3 нефке бөлінген,собор молынан және бай безендірілген,әдемі мүсіндер,иконалар мен витражды 2 терезе бар. 2011 жылы ғибадатханада оның сыртқы құрылысын да қамтыған жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ ғибадатхана әлі де сол заманның белгілерін сақтап қалған. Ішке кіре сала ,келушілер бірнеше баспалдаққа төмен түсулері қажет,сондықтан да ғибадатхана нақты орнынан әлдеқайда төменірек орналасқан сияқты болып көрінеді.

ОРТА АЗИЯЛЫҚ КІШІ БАЗИЛИКА

1999 жылдан  2012 жыл аралығында  әулие Иосиф ғибадатханасы Қарағанды епархиясының кафедралды соборы болды,ал бейресми түрде 1991 жылдан бастап,ол бүкіл Орта Азияның католиктік орталғы еді,Ян Павел Ленга —Қарағандының қазіргі кезде тыныштықтағы епископының,ал сол кездегі Қазақстан және Орта Азия апостолдық администраторының  резиденциясы.

1994 жылы ғибадатхана жанынан семинаралды оқулары ұйымдастырылды,кейін бұдан Орта Азиядағы жалғыз Епархияаралық Жоғарғы рухани семинария «Мәриям — Шіркеу Анасы» өсіп шықты. 1995 жылдан бастап, “Credo”  үнқағазы жұмыс жасайды,қазір ол көп тиражды және бүкіл Қазақстан бойынша көптеген католиктердің сүйікті басылымы.

Рим Папасы  Иоанн Павел II Қазақстанға сапарында 2001 жылы Қарағандыға жеке баруа ниеттенген еді, ол өзінің досы Владислав Буковинский әкенің зиратына барып дұға оқығысы келді. Техникалық себептерге байланысты бұл сапар жүзеге аспады. Аса Қасиетті Мәртебелінің қалауын кейіннен Ватиканның Мемлекеттік хатшысы кардинал Анджело Содано орындады. 2003 ол Қазақстанға сапарында, арнайы Қарағандыға барып,  Владислав Буковинский әкенің зиратын қасиеттеді. Қазірде Владислав Буковинский әке рақымға бөленген деп жарияланған,ал оның  денесі және заттары әулие Иосиф ғибадатханасынан Қарағанды қаласының жаңа кафедралды соборына көшірілген. Осы жылы әулие Иосиф соборына  40 жыл толды, және мәртебенің берілуі Қасиетті Тақтың айтулы мерейтойға жасаған үлкен сыйлығы болды.

ОРТА АЗИЯЛЫҚ КІШІ БАЗИЛИКА
Владимир Дзуренда әке

Кіші базиликаның ректоры болып, приход басшысы Владимир Дзуренда әке тағайындалды,ол Қазақстанға Словакияның шығыс бөлігіндегі Спишск епархиясынан келген. Қарағандыда қызмет жасап жүргеніне он екінші жыл.Ғибадатханаға жаңадан жоғары мәртебенің берілуінен ол Қарағандыдағы Шіркеудің «Аса Қасиетті Әкемен байланыстыратын көпір» болу арнайы міндетін,және де евангелияны таратуға ерекше шақыртуды көреді.  «Ол кезде әлі кардинал болып жүрген Иозеф Ратцингер былай деп жазған еді: «Шіркеу бірлігіне қызметі ету мен евангелияны таратуда Папаның рөлі айрықша». Бұдан мен бізге,яғни жергілікті католиктерге деген шақыртуды көремін».

Владимир әке әулие Иосиф ғибадатханасына бұрыннан да Қазақстан және шет елден ғибадат сапаршылары келетін дейді, енді адамдарда осында келуге деген себептің салмағы арта түсті.

Айтпақшы,қарағандылық базиликаға толығымен индульгенция алу үшін ғибадат сапар жасаудың ең жақын арадағы мүмкіндігі келесі жылдың 19 наурызына, ғибадатхана жебеушісі– әулие Иосифтың мерекесіне түсіп тұр.

Ксения Готовская
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top