Жақсы тамақ пен жыныстық қатынас «құдайдан берілген ғажайып ләззат» деген сөз мәнмәтіннен жұлынып алынып, тамақтану мен адамның сексуалдылығы туралы дұрыс христиандық түснікке ие емес адамдардың бұрмаланған талқысына түсуде.
Тарихта тамақ пен жыныстық қатынас туралы қарама-қайшы екі пікір болды. Бір жағынан, тамақты, жыныстық қатынас пен тәнді зұлымдықтың бейнесі ретінде көріп,оның түбірі әзәзілден шыққан деп қабылдайтындар. Мұндай пікірді атап айтсақ,гностиктар,манихейлер,монтанистер мен альбигойлардың христиандық секталары ұстанған. Католик шіркеуі үнемі мұндай пікірлерді сандырақ деп санап,айыптаған. Екінші жағынан асыра сілтеуші пікірді ұстанғандар пұтқа табынушылар, эпикуреизм мен гедонизмнің түрлі формалары, «пелагиандар» деп аталып кеткен христиандық жалған ілімге үйретушілер еді.Олар адам тәніне,тамақ пен жыныстық қатынасқа табынып, оларға құдайға көрсеткендей құрмет көрсетіп,және тура мағынасында құдайдай қарады, яғни олардан табынатын пұт жасап алды. Шіркеу тән мен сексуалдылық алдындағы пұтқа табынушылықты әркез айыптаумен келеді.
Ақиқат осы екі шетқары пікрлердің ортасында орналасқан. Адам тәні таңғажайып, өйткені оны Құдай жаратқан. Тиісінше,тамақ пен жыныстық қатынас та табиғаты бойынша жаман нәрсе емес. Жыныстық қатынас моралдық жағынан алғанда, заңды неке аясында,және Құдай белгілегендей орындалса,ол жақсы. Тамақ пен жыныстық қатынасты дұрыс түсінудің ішінде алғашқы күнә туралы ақиқат бар,ол бойынша адамның табиғаты жақсы жаратылғанымен, ол күнәмен жараланған. Адамның ұрпағы ретінде әр адам осы күнәнің жарасын өзімен алып жүр. Қасиетті Жазба және христиандық дәстүр бұл жараны «нәпсі» деп атайды. Тридент Соборы «нәпсіге» мынадай догматтық анықтама берді: «Нәпсі дегенміз,кейде апостол оны күнә деп атаса да, католик шіркеуі мұны ешқашан,күнә деп атамаған,бірақ нәпсі күнәдан туады және күнәға итермелейді» (5 сессия, 5 канон).
Күнәмен жараланған адам тамақ пен тек некеде рұқсат етілген жыныстық қатынастан өзіне «құдай» жасап алмас үшін,қанағатшылдық ізгі қасиетін дамыту қажет. Қанағатшылдық-адамның ең басты төрт ізгі қасиеттерінің бірі, даналық,батылдық және әділдікпен бір қатарда тұрады. Қасиетті Жазба адамдарға тәннен «құдай» жасамау туралы ескертеді: « Себебі сендерге бұрын да айтқанмын, қазір де көз жасымды төгіп айтып отырмын: көп адамдар Мәсіхтің айқыштағы құрбандығына қас болып жүр. Бұлардың ақыры — тозаққа түсу, құдайлары — өз құлқыны, ал мақтаныштары — ұятсыз әдеттері. Олар осы күнәлі дүниенің нәрселерін ғана ойлайды». (Фил. 3, 18-19).
Қасиетті Жазба адамды өз денесінің қажеттіліктеріне қатысты ұстамды болуға шақырады. Адам өз тәнінің қалауларына ие болып басқара алуы керек, және тәннің қалаулары адамға ие болып басқармауы керек, әйтпесе, адам өзінің әртүрлі қалауларының құлына айналады, мысалы тамақтың құлы, жыныстық құштарлығының құлы, байлық немес атақ-даңқтың құлы. Қасиетті Жазба бұл туралы былай дейді: «Себебі осы дүниеге тән нәрселердің бәрі: күнәкар адамның құмарлықтары, көзінің қомағайлығы әрі тұрмысына мастануы көктегі Әкеден емес, осы дүниеден бастау алған. Осы дүние мен оның ләззаты өткінші, ал Құдайдың еркін орындаушылар мәңгі өмір сүреді» (1 Ин. 2, 16-17). Құдай бізді тән қажеттіліктерін шектеуге шақырады: «Тәнімді ауыртпалықтарға душар еткізіп, өзіме бағындырып жатырмын» (1 Кор. 9, 27). Барлық халықтардың жақсы дәстүрлері және ең алдымен, Қасиетті Жазба адамдарды анда-санда тамақтан бас тартып тұруға шақырады. Құдайға сенбейтін адамдар мұны денсаулық үшін жасайды, ал сенушілер мұны Құдайдың даңқы үшін махаббатпен жасайды. Құдайға сенбейтін адам жыныстық қатынастан тек сезімге толы ләззатты ғана іздейді. Сенуші адам үшін жыныстық қатынас тек некеде рұқсат етілген, және ол мұны Құдайға құлақ асу үшін,адамзат ұрпағын көбейту үшін,сонымен қатар өз жұбайына махаббатын білдіру үшін жасайды, осылайша сенуші адам Құдайды мадақтайды. Бұл,христиандық ереженің нақ өзі:
«Не айтып, не істесеңдер де, бәрін Иеміз Исаның атымен жасап, Иеміз арқылы Құдай Әкемізге шүкірлік етіңдер» (Кол. 3, 17).