21 маусым күні Мәриям Шіркеу Анасы приходының басшысы Гжегож Бурдыньский әкенің қатысуымен, Қарағанды епсикопы Аделио Дель’Оро рақымға бөленген Владислав Буковинскийге арналған Қазақстандағы және Орта Азиядағы алғашқы ескерткіш мүсіннің қасиеттеу рәсімін жүргізді.
Мәриям Шіркеу Анасы приходының негізін қалаған Владислав Буковинский әкенің өзі,ол Қарағандының осы ауданында ерекше белсенділікпен қызметін атқарды. Шіркеуге келушілер үшін бұл ескерткіш жаңалық емес, өйткені бұрынырақта ол ғибадатхананың кіреберісінде, келушілерге өзінің олармен үнемі бірге екендігін білдіріп, қарсы алып және шығарып салып тұрған еді. Қазір болса, мүсінге ғибадатхана ауласынан арнайы орын тағайындалып, жаңа жерге орнатылуына байланысты қасиеттеу рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданды.
Рәсім жексенбілік Құлшылықтан кейін басталды. Ескерткіш жанына жиналушылар Рақымға бөленген Владислав Буквинскийге дұға оқып,ақ және қызыл раушан гүлдерін қойды,бұл Польша туының-рақымға бөленген әкейдің тағы бір отанының символы. Сонымен қатар сол жердегілер ғибадатханадағы оның қасиетті жәдігерлері жанында дұға етіп,тілектерін айту мүмкіндігіне ие болды.