Римге сапардан кейін алғаш рет Қазақстанның епископтары мен ординарийлері кездесті

Впервые после визита в Рим встретились епископы и ординарии Казахстана

Нұр-сұлтанда Қазақстан Католик Епископтары Конференциясының алғашқы кездесуі өтті. Әрине, бұл қала үшін алғашқы кездесу емес, бірақ жаңа атаумен – иә. Бұл кездесу сондай-ақ Қазақстанның епископтары мен ординарийлерінің Ad limina apostolorum екінші сапарынан кейін де бірінші болып өтті, сондықтан қатысушыларға талқылауы үшін мәселелер көп болды.

3-6 мамыр аралығында өткен кездесудің күн тәртібінде 20-ға жуық сұрақ болды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы туралы ҚКЕК төрағасы епископ Хосе Луис Мумбиела Сиерра айтты.

Ең алдымен епископтар Ватиканның өкілі ретіндегі Қазақстандағы апостол нунций Фрэнсис Ассизи Чулликаттпен кездесті, ол ағымдағы кездесу барысында талқылауға қажетті негізгі мәселелерді белгіледі. Әрбір епископ өзінің епархиясында қандай жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы есеп берді. Әрине, олар Ad limina сапарын да талқылады. Қазақстандағы діни қызмет ету одан әрі жемісті болу үшін не істеуге болады деген мәселе ең басты және өзекті болды. Католик Шіркеуінің қызметін түрлі салаларда, мысалы, медиа евангелизация саласында қалай дамыту керек. ҚКЕК төрағасы епископ Хосе Луис атап өткендей, бұл мәселе өте өзекті болып табылады: «Қазір адамдар өз уақытының көп бөлігін жаңа технологиялар әлемінде өткізеді. Біз де сондай-ақ өз адамдарымызға жақсы қызмет ету үшін олар бар жерде болуды қалаймыз. Сондықтан БАҚ-да біздің қатысуымызды қамтамасыз ету өте маңызды».                                                 

Кездесуде Қазақстан Шіркеуі үшін маңызы зор екі күнді атап өтуге байланысты іс-шараларды жоспарлау маңызды орын алды. Бұл, біріншіден, ағымдағы жылы атап өтілетін, Қазақстанның қорғаушысы Мәриям – Әлем Патшайымы болып жариялануының 25 жылдығын атап өту, екіншіден, алдағы жылда Қазақстан мен Орта Азияның Құдай Анасына бағышталуының  25 жылдығын атап өту.

Сондай-ақ, епископтар мен ординарийлердің Римге сапары барысында біздің еліміздегі шіркеуге байланысты адамдардың беатификациясына қатысты айтылған мәселе де ұмытылмады. ҚКЕК басшысының пікірі бойынша, үміткерлер аз емес. Олардың арасында, мысалы, францискандық монахтар мен азапталуға ұшырыған жандар, тарихы 14 ғасырға жататын Франция, Испания, Италиядан шыққан, епископ Ричард Бургундскийдің басшылығымен Қытай мен Қазақстан шекарасында евангелиені таратумен айналысқандар. «Бізде, Қазақстанда, ата-бабаларымызды құрметтеу дәстүрге айналған. Біз осы жерді бұрыннан жақсы көретін ата-бабаларымыздың тарихын көтеруге міндеттіміз. Бұл жағдайда біз халыққа Иса Мәсіх туралы хабарды жеткізуге тырысқан адамдар туралы айтып отырмыз. Олар өз өмірін Францияға, Испанияға немесе Ватиканға бермеді, олар осында өмір сүретін адамдар үшін өлді. Бұл біздің есімізде қалуға лайықты. Шіркеу Қазақстанда тұратын адамдарды жақсы көреді және оларға деген сүйіспеншілігін тоқтатқан емес», – деді  епископ Мумбиела Сиерра. Тағы бір мүмкін үдеріс, қазіргі заманғы, тек осы қалада ғана емес, одан тыс жерлерде де белгілі Қарағанды тұрғыны Гертруда Детцельге қатысты. Ол Құдайға сенуші қарапаймы жандар қатарынан болды, бірақ Еухаристиядағы Исаға Қызмет етуші әпкелердің бүтіндей бір ұрпағын тәрбиелей алды.                         

Беатификацияның ықтимал процестері, ҚКЕК басшысының айтуынша, қазір аса маңызды, өйткені соңғы уақытта шіркеу туралы жаңалықтар теріс сипатқа ие. Епископ Хосе Луис: «Біздің жауап – шіркеудің басқа жағы бар екенін көрсету. Мұндай шабуылдарға сүйіспеншілікпен жауап беру. Сіз шіркеуде кір мен күнә бар деп айтасыз, ал біз біздің жұмысымыздың жемісі ретінде Әулиелік бар деп айтамыз. Және бұл қиял емес, нақты факт. Барлық адамдарға тән әлсіздік бар, бірақ негізінен шіркеуде әулиелік пен адалдық бар».                                                                             

Епископ Хосе Луис атап өткендей, «христиан дінінің тәжірибесін дамыту үшін өте маңызды» болып саналатын «Каритас» қайырымдылық ұйымының қызметі туралы мәселе талқыланды. «Каритастың» қызметі шын мәнінде – бұл кедейлерге киім немесе балалар үшін мектепке арналған құрал-жабдықтар сатып алуға көмектесетін шетелден келген бірнеше адамдардың көмегі емес. Бұл жергілікті христиан қауымдастықтары тарапынан көрсетілетін көмек. Бұл жерде тек материалдық көмек ғана емес. Пірадар адамдарға нұсқау бере алады, бірақ негізгі көмек адамдардан болу керек. Ең алдымен, біздің христиан қауымдарының ішінде кімге көмек көрсете алатынымызды білуіміз керек, содан кейін, әрине, біз христиан қауымдастығынан тыс, бірақ көмекке мұқтаж адамдарға да көмектесуіміз керек», – деді епископ.                                                                            

Епископтар үшін осы ретте ең маңыздысы – қазақстандықтарды осы рухта тәрбиелеу, оларға көмектесу ниетін тәрбиелеу туралы мәселе болды. Бұл жұмысты қалай ұйымдастыруға болады. «Каритас» ұйымы қызметінің айтарлықтай дамуы бар. Адамдар қайырымдылыққа қатысқан кезде өз сеніміне басқаша қарайды. Өйткені христиандық шіркеуге жексенбіде және міндетті мерекелерде барумен аяқталмайды. Сенім басқа адамдарды құтқарады. Егер сіздің сеніміңіз біреуге көмектесе алатынын байқасаңыз, оны басқаша қабылдайсыз», – деді епископ Хосе Луис. «Каритас» ұйымының соңғы сәтті жобаларының бірі –  Даун синдромы бар балалардың ата-аналарына көмек көрсету болды. Бұл жоба қазірдің өзінде үш жүзден астам адамды қамтыды. Маман Ақтөбеге екі күндік жұмыс сапары кезінде 150 адам қабылдады, бұл өте қиын болды. Біреулерге қазіргі уақытта көмек көрсетуден бас тартуға тура келді, бұл дәл осындай жұмысқа үлкен қажеттілік бар екенін көрсетеді. Қайырымдылық қызметінің мұндай бағыттары өте көп. Қазақстандағы Католик шіркеу басшыларының алдында тұрған міндет – қазіргі кездегі ең өзекті мәселелерді анықтау. «Барлығына көмек көрсету мүмкін емес. Қазір Құдай бізге қандай бағытта жүру керек екенін көрсету үшін дұға ету керек», – деп түйіндеді ҚКЕК басшысы.

Дәстүрлі литургиялық мәселелер, жастармен, отбасылармен жұмыс істеу мәселелері, басқа христиан және христиан дініне жатпайтын өкілдермен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Әңгіме барысында епископ Хосе Луис Мумбиела Сиерра Римдегі Рим Папасымен кездесуді еске алды, кездесуде қатысушылардың бірі Папа Францискті таң қалдырып: «Біз не істеуіміз керек, өз қызметімізді қалай құруымыз керек?» – деп сұрады. Оған Папа ол оракул емес екенін, сізге қандай да бір жағдайда өздерінді қалай ұстау керек екендігін айта алмаймын деп жауап берді. Ол жалғыз нәрсені ұсынуға өзіне жауапкершілік алды, бұл бар нәрсеге қуану, кішкентай нәрсеге қуана білу. Өйткені, Қазақстандағы католиктер қауымдастығы жалпы елдегі католиктер саны сияқты шағын, бірақ оған да қуануымыз керек. «Мен Пападан осы сөздерді естігенде, «Сен кішігірімге адал болғаның үшін, мен саған үлкенді беремін» – деген Евангелиедегі сөз жолдары есіме келді. Егер біз қазір бар нәрсеге жақсы қамқорлық жасайтын болсақ, Құдай бізге одан да көп береді. Мен осы сөздерден жүрегімде жауап тауып алдым. Өйткені, Еухаристиядан ләззат алу үшін ғибадатханада отыз мың адам болудың қажеті жоқ. Месса рәсімінде екі мың адам немесе екі адам болуы маңызды емес. Біз оны белгі қою үшін жасамаймыз. Мен әлі де дұға ете аламын және осы қуанышпен бөлісе аламын. Мен шіркеудің қандай да бір әдістемеге сәйкес өсуі тиіс емес екеніне сенімдімін. Ол адам сияқты өзін-өзі өсіруі керек”, – деп епископ Хосе Луис өз ойымен бөлісті.                             

Мұндай ресми кездесулер көбінесе міндетке негізделген  болып табылады және қатысушыларға әкелетін рахаты аз, бірақ бұл кездесу  емес, бұл ҚКЕК басшысының «бауырластардың бірге болғаны жақсы»деген сөзімен расталады. Мен әрдайым өзімнің бауырластарыммен кездесуге өте қуаныштымын. Біз сирек кездесеміз, бірақ бұл кездесулер, бірлескен дұғалар, қарым-қатынастар әрдайым қуанышқа бөлейді. Біз конференция ішіндегі жақсы қарым-қатынастармен мақтана аламыз. Қазақстандағы шіркеуде көп нәрсе жасалып жатқанын көргеніме қуаныштымын, жаңа жоспарлар құру, тағы да не істеу керектігін көру бақыт сыйлайды. Мысалы, Алматы епархиясында біз құрамына епископ, пірадарлар мен монах әйелдер ғана емес, сонымен бірге қарапайым сенушілер де кірестін пастырлық кеңесті құрғымыз келеді. Бұл өте маңызды, себебі приходтардағыең бастысы – пірадар емес, адамдар. Дін қызметшісі оларға қызмет етеді. Алғашқы кездесуді желтоқсан айына жоспарладық».

Римге сапардан кейін алғаш рет Қазақстанның епископтары мен ординарийлері кездесті

ҚКЕК кездесуі аясында Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице- министрі Марат Алмасұлы Әзілхановпен, сондай-ақ дін істері комитетінің жаңа төрағасы Ержан Болатқанұлы Нукежановпен бейресми кездесу өтті. Кездесу соңында АҚДМ вице-министрі Қазақстандағы Католик шіркеуінің басшыларына алғысын білдіріп, ынтымақтастыққа деген тұрақты ашықтықты белгілеп, келесіні атап өтті:  «Біздің ортақ мақсатымыз  –адам бақыты. Ал бақыт рецепті қарапайым: адамның ішетін тамағының болғаны, сүйікті адамдары қасында болғаны және жүректе тыныштық болғаны».

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Орта Азия епископтары мен ординарийлерінің сапары барысында Қазақстан мен Орта Азия Католик епископтарының жаңа конференциясын құру мәселесі талқыланды. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі жоқ, бірақ бұл кездесу ҚКЕК үшін соңғы болды, және келесі кездесу жаңа құрамда және жаңа атаумен өтеді.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top