Қарағандыдағы рухани семинарияның жаңа ректоры

Руслан Рахимберлинов әке Қарағандыдағы Католиктік Рухани семинарияның ректоры лауазымына тағайындалды. Ол қазіргі ректор Павел Мартыниук әкенің орнын басады
Новый ректор Духовной семинарии в Караганде

2022 жылғы 26 мамырда Қарағандыдағы «Мәриям — Шіркеу Анасы» Епархияаралық жоғары рухани семинариясында маңызды оқиға өтті. Бірнеше епархияның епископтары, қасиеткерлері мен семинаршылардың қатысуымен болашақ қасиеткерлер өздерінің рухани және пасторлық формациясын өткізетін осы католиктік білім беру мекемесінің жаңа ректорын тағайындады. Осы күннен бастап семинария басшылығын Руслан Рахимберлинов* әке қабылдады.

Қасиетті Мессадағы уағыз кезінде Епископ Хосе Луис Мумбиела Сиерра бұл күн Қазақстандағы Шіркеу үшін өте ерекше екенін атап өтті, өйткені жаңа тағайындаудан басқа, бұл кезде Епископ Ян Павел Ленганың тағайындалуының мерейтойы, Епископ Александр Хираның қайтыс болуының жылдығы, Валерий Эрмиш әке мен Александр Фуш әкенің тағайындалуының мерейтойы атап өтіледі. Епископтар  Павел Мартыниук әкенің 4 жыл** бойы қызмет еткені үшін алғыс айтты, сонымен қатар қатысушыларға жаңа ректорды таныстырды.

Қарағандыдағы рухани семинарияның жаңа ректоры

Өз кезегінде, Павел Мартыниук әке кездесуге қатысушыларға былай деді: «Ең алдымен, мен епископ әкелерге сенім артқандары үшін алғыс айтқым келеді, өйткені мен, сол кездегі жас қасиеткер, 4 жыл бұрын семинарияның ректоры болып тағайындалдым. Артқа қарасам,  мұның бәріне Құдайдың Көрегендігінің қатысуын байқаймын. Мен әрдайым оңай бола бермейтінін байқадым, бірақ көп нәрсе пайдалы болды және мұның бәрі Құдайдың даңқына қызмет етеді және жақсы жеміс береді деп үміттенемін. Сондай-ақ, бір кездері маған осы семинарияда қызмет еткен Петр әкеге рахмет айтқым келеді (ред.: П. Пытлованы семинарияны 2011 жылдан 2018 жылға дейін басқарды), әсіресе оны жақсы жағдайда тапсырғаны үшін рахмет, оны жөндеу үшін  көп уақыт пен басқа ресурстарды жұмсаудың қажеті жоқ. Осы семинарияда менімен және менен бұрын жұмыс істегендердің барлығына рахмет. Туындаған мәселелерді бейбіт және тату шеше білгені үшін семинаршыларға алғыс айтамын. Бірнеше жылдан кейін семинарияны толықтай жақсы жағдайда  қалдырғаныма қуаныштымын және осы жолмен бірге жүре аламыз деп үміттенемін».

Қарағандыдағы рухани семинарияның жаңа ректоры

Руслан Рахимберлинов әке епископтарға сенім артқаны үшін ризашылығын білдірді: «Мен Шіркеу менен қалағанның бәрін жасауға тырысамын  деп уәде беремін. Бұл қалай болатыны – тек Құдайға белгілі. Өйткені семинарияда біз ректор немесе епископ болуды үйренбейміз. Біз қасиеткерлер немесе шіркеу басшысы болуды үйренеміз. Бірақ, «адам болжайды, ал Құдай орындайды» деген сөз бар . Екінші нәрсе-қасиеткер  қайда қызмет етуді таңдамайды-Шіркеу оны  шақырады. Сондықтан мен үшін бұл жаңа және маңызды тәжірибе. Мен епископ әкелер мен семинаршылардың түсіністікпен қарауын сұраймын. Мүмкін мен бір жерде қателесетін шығармын, бірақ епископтар кеңес береді және бағыттайды деп үміттенемін. Ал семинаршылардан менің жақында ғана осы жерден шығып, қайтадан осында оралғанымды ұмытпауларыңызды сұраймын», – деді ол.

* Анықтама: Жаңа ректор 39 жаста (26.02.1983 ж.т.),  Туған жері -Қарағанды . 1989 жылы №64 мектепке барып, негізгі жалпы білім алды. 1998 жылы «электрмен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша кәсіптік училищеде оқуды бастады. 1999 жылы ол католик жастарымен және мариан әкелер қауымының қасиеткерлерімен танысты, сол жылы Пасха мерекесінде суға шомылдыру рәсімінен өту құпиясын қабылдады. 2000 жылы Қарағандыда семинарияға қабылданды, сонымен бірге кешкі мектепте жалпы орта білім беруді аяқтады. 2002 жылы Жоғары руханиСсеминарияның 1 курсына түсті. 2005 жылы ол дауыстап оқушы, 2006 жылы аколит болып, 2007 жылы диаконға айналды, содан кейін Өскемендегі Қасиетті Раушантәж Құдай Анасының приходында бір жылдық тәжірибеге жіберілді. 2008 жылы 28 маусымда Епископ Ян Павел Ленга алақан тигізу арқылы қасиеткерлікке  тағайындады. Тағайындалғаннан кейін 2008 жылдан 2010 жылға дейін Шар қаласындағы Басперіште Әулие Михаил  шіркеуінде викарий болып жұмыс істеді . 2011 жылдан 2012 жылға дейін Балқаш қаласының приходында администратор, кейінірек шіркеу басшысы болды. 2013 жылы Қарағандыдағы Фатималық Құдай Анасының шіркеуінде викарлық қасиеткер қызметін атқарды. 2014 жылдың 29 маусымынан бастап Пришахтинск қаласындағы Қасиетті Айқышты Көтеру приходынды шіркеу басшысы ретінде қызмет етті, содан кейін Римдегі Папалық Урбан университетінің студенті болды, содан кейін ол канондық құқық саласында лицентиат дәрежесін алды және Жезқазғандағы Құдайдың Түрленуі приходына епископ ретінде жіберілді. 2022 жылғы 26 мамырдан бастап Қарағандыдағы «Мәриям — Шіркеу Анасы» Епархияаралық Жоғары Рухани семинариясының ректоры болып тағайындалды.

** Епископтар өз хатында Павел әкеге семинария ректоры болған жылдары үшін алғыс білдірді. Мәтінді толығымен ұсынамыз:

«Құрметті де қымбатты Павел әке! Сіз 2018 жылдың 28 шілдесінде Халықтарға евангелиені тарату қауымының префектісі кардинал Фернандо Филонимен, Қарағанды қаласындағы «Мәриям — Шіркеу Анасы» Епархияаралық Жоғары Рухани Семинариясының ректоры ретінде тағайындалған қызметіңіздің соңында біз сізге Қазақстандағы Католиктік Шіркеуінде жүргізген пасторлық және тәрбиелік жұмыстарыңыз үшін терең ризашылығымызды және алғысымызды білдіргіміз келеді.

Осы 4 жыл ішінде сіз біздің арамызда айтарлықтай із қалдырдыңыз. Сіз Қазақстанның және Армения, Грузия, Өзбекстан сияқты басқа елдердің әртүрлі епархияларынан семинаршыларды  тәрбиелеу мақсатында ынта-жігермен және адалдықпен ынтымақтастыңыз. Осы қызметтің барлығын сіз семинарияның басқа тәрбиешілерімен және Қазақстанның Католиктік Епископтары кКнференциясының ординарийлерімен қарым-қатынаста жасадыңыз.

Біз сізге диалогқа үнемі дайын болғаныңыз үшін және ең алдымен Исаға, Құдай Анасына  және Шіркеуге берілген жүрегіңізден шыққан қуаныш үшін алғыс айтамыз.

Сіздің адалдығыңыз бен жомарт қызметіңіздің арқасында  семинаршылар арасында ашық диалог атмосферасы және өмір әрқашан алдымызыға қоятын мәселелерді бауырластықпен шешу мүмкіндігі бар.
Біз сіздің семинарияны Папаның Университетіне аффилиациялау (ред.: бұл Римдегі Папалық Урбан Университеті және Краковтағы Иоанн Павел II Папалық университеті туралы)  жолында жұмсаған күш-жігеріңізді еске түсіргіміз келеді және осылайша теологиялық білімді аяқтаған семинаршыларға бакалавриат немесе кейбір теологиялық пәндер бойынша лиценциат сияқты жоғары біліктілікке ие болуға мүмкіндік берілді.

Құрметті  Павел әке, сондай-ақ біз сіздің семинаршыларға лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін әкімшілік салада да жақсы жұмыс жасағаныңызды еске түсіргіміз келеді.

Тек Тәңіріміз ғана  сіздің барлығы үшін қанша жұмыс істегеніңізді біледі, ал біз көре алатын аз ғана нәрсе-сіз бастан өткергеннің және сізге  сол үшін де мәңгі ризашылық білдіретін Құдайға  сыйға тартқан үлкен адалдық пен мейірімді махаббат мұзтауының ұшы ғана.

Пандемияға дейін сіз Қазақстанның түрлі приходтарында көптеген жастармен кездесулер өткізіп, олардан қасиеткерлікке  ықтимал шақыру туралы сұрай алдыңыз.

Сіздің кетуіңіз, әрине, көпшіліктің жүрегінде өкініш ізін қалдырады, бірақ Сіз Қазақстандағы приходтардың бірінде Тәңіріміз қалаған миссионерлік құмарлықпен жұмыс істеуді жалғастыра бересіз.

Біз ТәңірімізгеЗамойско-Любачев епархиясының епископы, Оның мәртебелілігі монс. Мариан Роекке сізді бізге  «Fidei Donum» ретінде жібергені үшін,әсіресе сіздің жомарттығыңыз үшін, сіздің қызметіңіз арқылы, сенімнің осы бауырластық сыйы үшін алғыс айтамыз.

Сізге және сіздің қасиеткерлігіңізге Құдайдың батасын тілейміз, семинарияның қамқоршысы Мәриям Шіркеу Анасының және біздің еліміздің барлық қасиетті азапкерлерінің шапағаты арқылы, сіздің қасиеткерлігіңіз бен өміріңіз көптеген рухани жемістерге ие болсын дейміз.

Құрметпен, ризашылықпен және біздің батамызбен.

Қазақстан ординарийлері атынан: еп.Аделио Дель Оро, Қарағанды епископы, ҚКЕК атынан семинарияға жауапты., еп.Хосе Луис Мумбиела Сиерра, Алматыдағы Қасиетті Үштік епархиясының епископы, Қазақстанның Католиктік Епископтары Конференциясының Төрағасы.

Орталық Азияның Католиктік ақпараттық қызметі
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top