Қазақстанда өлім жазасын жоюдағы католик шіркеуінің рөлі

Қазақстанда 5 маусым күні өткен референдумның нәтижелері Республика Конституциясына ұсынылған түзетулерді енгізуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 2-тармағы жаңа редакцияда: «Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады». Қазақстанның өлім жазасын жоюдағы ұзақ жолында оны Католик Шіркеуі қолдады.
Роль Католической церкви в отмене смертной казни в Казахстане

Vatican News-тің  хабарлауынша, Қазақстандағы өлім жазасының жоғары – конституциялық деңгейінде күшін жою туралы жаңалық  «Қазақстан үкіметін 20 жыл бойы ең жоғары жаза туралы параграфты жою жолында сүйемелдеген Әулие Эгидий католиктік қауымдастығында қуанышпен қабылданды. Қауымдастық Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өмір сүру құқығын осы маңызды және түбегейлі бекітумен құттықтады».

«Бұл процесте  «бейресми» дипломатия маңызды рөл атқарды: 2007 жылы сол кезде Сенат төрағасы болған президент Тоқаев Неапольдегі Әулие Эгидий қауымдастығы ұйымдастырған бейбітшілік туралы дұғаға қатысты. Бұл байланыс Африка мен Азия елдерінің әділет министрлерінің жыл сайынғы кездесулерінде жалғасты, олар Әулие Эгидий қауымдастығының бастамасымен өтті», — дейді Vatican News.

Әулие Эгидий қауымдастығы-Римде Андреа Риккарди негізін қалаған және БҰҰ мойындаған, 50 жылдан астам тарихы бар дүнияуи жандардың халықаралық қауымдастығы, қоғамдық қайырымдылық және бітімгершілік ұйым. Қауымдастықтың қызметі қазіргі уақытта әлемнің 70-тен астам елін қамтиды, 50 000-ға жуық әр түрлі діндегі, жастағы және әлеуметтік жағдайдағы адамдарды біріктіреді. Дұға, кедейлік және бейбітшілік — қауымдастықтың негізгі бағыттары.

Vatican News-тің айтуынша, « тарихи шешім сонымен қатар «Аналар өлім жазасы мен азаптауға қарсы»қауымдастығының негізін қалаған Тамара Чикунованың көпжылдық күш-жігерінің арқасында қабылданды. Бұл ұзақ және күрделі процестің алғашқы қадамы 2003 жылдың 18 желтоқсанында, бірінші мораторийдің арқасында  Тамара Чикунованың қорғалушысы ең жоғары жазадан құтылған кезде жасалды. Ал 17 жылдан кейін, 2020 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісінің хаттамасына қосылды және екі айдан кейін парламент өлім жазасын жоюды ратификациялады.

Сол кезден бастап Қазақстанда өлім жазасы адамдардың қазасына себеп болған террористік қылмыстар үшін ғана айрықша жаза етілді. Сонымен қатар, соғыс уақытында аса ауыр қылмыс жасаған адамдар өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың соңында  өлім жазасын толық жою туралы Заңға қол қойды. Ол бірқатар құқық қорғаушылардың пікірімен келісіп, күшін жою ешқандай ескертусіз қабылдануы керек деп мәлімдеді. Қазақстанда Конституцияға енгізілген түзетулер референдумының қорытындылары бойынша елде өлім жазасына жол бермеу жоғары — конституциялық деңгейде бекітілді.

Орталық Азияның Католиктік ақпараттық қызметі
Аударған: Раушан Таупикова

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top