Күйіктің хаты парсы тілінде ұзын (1 м 12 см), бірақ енсіз (20 см), екі кесектен жапсырып жасалған қағазға жазылған. Хаттың соңында парақтарды желімдеген жерде мөрдің қызыл бедерлері бар. Бұл хат жоғалған деп саналып, моңғолтанушылар оның мазмұны мен жазу сипаты туралы әртүрлі жорамалдар жасады. Бұл жағдайда «саррацинше» деген сөзін парсы тілінде деп түсіну керек екеніне болып шықты. Хатты 1920 ж. Ватикан мұрағатында поляк ғалымы монах Кирилл Каралевски табып, оны суретке түсірді де ирантанушы Массэға зерттеуге берді. Аталған зерттеуші бұл хаттың бірінші аударманы жасады. Ақырында Францияның ең көрнекті моңғолтанушы Поль Пелльо оны тағы да зерттеп, жаңадан аударды да парсы мәтіні мен аударманы және түсініктемелерді жариялады. Хат үлкен қызығушылық тартқандықтан, оны Пелло аудармасын пайдаланып толығымен тәржімелеміз.
Хат тәржімесі:
Мәңгі Аспанның күшімен (біз) бүкіл ұлы халығымыздың Далай ханы, біздің бұйрығымыз (бұл жолдар түркіше жазылған). Бұл ұлы папа білуі және түсінуі үшін оған жіберілген бұйрығымыз. Қарал аймағында кеңес алғаннан кейін… сендердің елшілеріңнен естігеніміздей сендер бізге өтініштерің мен бойсұнушылықтарыңды жібердіңдер. Сөйтіп, егер сөздеріңне сәйкес істесеңдер, онда, Яса әрбір бұйрығын сендерді дәл осы уақытта тыңдатқызуымыз үшін сен, ұлы пана болып табылатын, өздерің бірге біздің ерекшеімізге келіңдер.
Ал оған қоса, мен шомылдыруны қабылдасам, бұл жақсы болушеді деп айттыңдар. Осы өтінішіңді бізге жіберіп, сен ақылды істедің, бірақ біз бұл өтінішіңді түсінбедік. Оған қоса, сендер маған мынадай сөздерді жібердіңдер: «Сіз бүкіл Мажар (мадиярлар) мен Кірістан (христиандар) аумақтарын алдыңыз». Мен таң қаламын. Мұнда қандай қателігіміз болған екенін бізге айтыңдаршы? Осы сөздеріңді де түсінбедік. Шыңғыс хан мен Қаан оларды құдай бұйрығын тыңдатқызуға оларға жіберді. Бірақ олар құдай бұйрығына мойынсұнбады. Сен айтқан адамдар тіпті үлкен кеңес ұстап, өздерінің асқақ болғандығын көрсетті және біз жіберген елшілерімізді өлтірді. Бұл жерлерде мәңгі құдай күшімен адамдар өлтіріліп, жойылды. Кейбіреулер құдай бұйрығы бойынша оның ғана күшімен сақталды. Адам деген қалай өлтіре алады, қалай тұтқындай алады (және абақтыға сала алады)? «Мен – мәсіхшімін, Құдайды жақсы көремін…» деп былай айтасыңба? Құдай күнәларды жіберетінін және өзінің мейірімділігі бойынша рақымшылдығын көрсететінін қайдан білесің? Мұндай сөздерді айту үшін оны қалай таныйсын?
Құдай күшімен күн шығысы жағынан бастап батысы жағына дейін бүкіл жер бізге сыйланды. Құдай бұйрығысыз ешкім ештеңе жасай алмайды. Енді сендер шын жүректен «біз сіздің құзырыңыздамыз, барлық мүліктерімізді сізге береміз» деп айтуға тиіссіңдер. Сен патшалардың басында, барлықтарын бірге бірін қалдырмай бізге келіп қызметтерің мен бойсұнушылықтарыңды ұсыныңдар. Осы уақыттан бастап біз сендерді бізге бағынғандар деп санаймыз. Ал егер Құдай бұйрығын орындамасаңдар және біздің бұйрықтарымызға қайшы келсеңдер, онда бізге жаудар боласыңдар. Мұны сендер білулерің керек. Ал егер басқаша жасасаңдар, онда не болатынын білеміз бе? Оны тек құдай ғана біледі. 644 жылы жамада-оль-ахар соңғы күндерінде (1246 ж. 3-11 қарашасы).