БІЗ ТАТАРЛАР ДЕП АТАНДЫРҒАН МОҢҒОЛДАРДЫҢ ТАРИХЫ
Біз татарлар деп атандырған моңғолдардың тарихы басталады
Осы жазба жете алатын Мәсіх іліміне барлық адалдарына Джованни дель Плано Карпини, кіші бауырластары орденінің монахы, апостол Тағының легаты, татарлар мен басқа да шығыс халықтарына жіберілген елшісі осы кездегі Құдай мейірімін, болашақтағы даңқты және Құдай мен Тәңіріміз Иса Мәсіхтің салтанатты түрде жаударды жеңулерін тілейді.
Сәлемдесу аяқталады, кіріспе басталады
I. Апостол Тағының тапсырмасы бойынша татарлар мен басқа да шығыс халықтарға бара жатқанымызда біз, Папа мырза мен ардақты кардиналдардың еркілерін біліп, басында татарларға саяхаттауымызды таңдадық. Өйткені олар көп ұзамай Құдайдың Шіркеуіне қауіп төндіреді деп елеңдедік. Әрине татарлар не басқа да халықтар бізді өлтіре алады немесе мәңгілік тұтқынға әлде аштыққа, шөлге, суыққа, аптапқа, өлшеусіз қорлау мен еңбектерге ұшырата алады және, былай айтсақ та, күштерімізден артық бізді азапта алады деп қауіптендік (осының бәрі, өлім мен мәңгілік тұтқыннан басқа, біз бұрын ойлағанымыздан әлдеқайда да көп дәрежеде бізге болып қалды). Алайда Папа мырзаның тапсырмасына сәйкес Құдайдың еркін орындау және қалай болса да мәсіхшілерге пайда келтіру әлде, олардың шынайы ынтызарлары мен ниеттерін біліп, мәсіхшілерге хабарлау үшін өзімізді аямадық. Өйткені адамдардың күнәлары кесірінен бір рет болғандықтай татарлар кездейсоқ және кенет басып кірмесін және христиан халқының арасында үлкен қантөгісті қылмасын деп қаладық.
ІІ. Сондықтан сендердің пайдаларың мен сақтықтарың үшін жазғаңымызға артығырақ та тайсалмай сенулерің тиіс, өйткені олардың арасында және олармен бірге бір жыл мен төрт айдан астам жүріп бәрін өз көздерімізбен көрдік әлде тұтқында болған және біздің ойымызша сенуге лайықты мәсіхшілерден естедік. Өйткені, біз барлығын қоса зерттеп, түп-түгелін мұқият қарап шығу деген тапсырмасын жоғарғы бірінші пресбүтерден алдық. Бұнын біз де, кесапатттарымыздың қатысушы және тілмашымыз болған орденіміздің бауырлас Бенедикт те жете орындадық.
III. Бірақ егер біз оқырмандарды еске алғызу үшін сіздердің елдеріңізде белгісіз нәрсе жазсақ, онда сіздер оған бола бізде жалғаншылар деп айтпаңыздар, өйткені біз өздеріміз көргенімізді және біздіңше сенуге лайықты басқа адамдардан естігенімізді сіздерге баяндаймыз. Керісінше, біреу жасаған жақсылығы үшін басқалар оны масқаралап жатса өте қатал.
Кітапты тарауларына бөлу
Сонымен, оқырмандар оңайырақ ұғып алсын дегендей, татарлардың әрекеттері туралы жазғымыз келіп, біз оларды тарауларға бөліп келесі түрде сипаттаймыз: бірінші тарауында татар жері туралы, екіншісінде – адамдар туралы, үшіншісінде – әдет-ғұрыптары туралы, төртіншісінде – өнегелері туралы, бесіншісінде – мемлекеті туралы, алтыншысында – соғыстары туралы, жетіншісінде – олардың биліктеріне бағындырған елдері туралы, сегізіншісінде – олармен соғыста қалай кездесу керек екендігі туралы, соңғысында – атқарған жолымыз бен император ордасы және татар елінде бізді тапқан куәгерлер туралы баяндаймыз.
БІРІНШІ ТАРАУ
Татарлар жері тұрған орны, оның сапасы мен ондағы ауаның таратылуы туралы
Жерлері туралы біз мынадай түрде баяндау ұйғардық: біріншіден, біз ол тұрған орны; екіншіден, сапасы; үшіншіден, ондағы ауаның таралуы туралы айтамыз.
§ I. Жердің тұрған орны туралы
Сонымен, жоғарыда аталған жер шығыс солтүстікпен қосылған бөлігінде орналасқан. Бұдан шығысқа қарай қытайлықтар мен солангтар жерлері, оңтүстікке қарай сарациндер жері, оңтүстік-батысқа қарай гуирлер жері, батысқа қарай наймандар аймағы жатыр, ал солтүстікте татарлар жерін теңіз-мұхит қоршап алды. Оның бір бөлігінде ол тым таулы, екіншісінде жазық болып табылады, бірақ оның дерлік барлығы қабыршақпен араласқан, сирек сазды, көбінше құмды.
§ II. Жер сапасы туралы
Жердің бір бөлігінде бірнеше шағын ормандар бар, ал екінші бөлігі мүлдем ормансыз. Тамақты пісіріп император мен ақсүектер басқа да адамдар сияқты бұқа не жылқы көңдерімен жаққан оттың жанында [жылыну үшін] отырады. Одан әрі жоғарыда аталған жердің жүздеген бөлігі де құнарлы емес, ол тіпті өзен суларымен суланбайтын болса, жеміс әкеле алмайды. Бірақ су мен бұлақтар да аз, ал өзендер сирек, сондықтан онда әжептәуір жақсы деп атағы жайылатын Қарақаронды айтпағанда отырықшы тұрақтар мен қалалар да жоқ. Дегенмен өзіміз аталған қаланы көрмедік, тек императордың басты ордасы болып табылатын Сыр Орданы өткенде одан жарты күндік жол ашақ болдық. Басқа жағынан жер құнарлы болмаса да, мал бағу үшін әбден жарамды.
§ III. Ауа таралуы туралы
Бұл жердегі ауа таңқаларлық таралады. Нақ жаздың арасында, басқа елдерде әдетте ең жоғары жылу мол болғанда, онда көптеген адамдарды өлтіретін күшті күркірейтін найзағайлар болады. Сонымен қатар, қар да мол жауады. Сондай-ақ желдері де өте суық, ал борандары аса қатты соққандықтан, адамдар кейде атқа мініп әрең жүре алады. Сондықтан біз Ордада болған кезде (олардың императорының мен ақсүйектерінің тұрақтары былай деп аталады), жел күштілігі кесірінен жер бетінде сұлай жатып, шаң молдығынан тіпті жан-жаққа қара алмадық. Бұл жерде қыста ешқашан жаңбыр болмайды, ал жазда жиі және аз-ақ жауып, кейде шаң-тозаң мен шөптің тамырларын тек дымда алады. Өте үлкен бұршақ та жиі түседі. Мысалы біз олардың ордасында болған кезде жаңа император сайланып, тағына шыққан күнде мүлде қалың бұршақ жауды да, кейін, анық білгеніміздей, кенеттен еріп, 160 астам адам ордада суға батып кетті, ал мүліктері пен тұрғын үйлері одан да көп бұзылды. Онда жазда аңдаусыздан күшті аптап, ал сосын алапат суық баса алады. Қыста бір бөлігінде қалын, ал екіншісінде қырбақ қар жауады.
Сөйтіп бұл жер туралы қысқаша қорытынды жасасақ, ол үлкен, бірақ, өз көзімен көргеніміздей (өйткені біз бес жарым айдың ішінде оны айналып шықтық), басқа жақтарына қарағанда біз сипатта алатынымыздан да әлдеқайда нашар.
ЕКІНШІ ТАРАУ
Адамдардың өңдері, зайыптылықтары, киімдері, тұрғын үйлері мен мүлкілері туралы
Жер туралы айтып, адамдар туралы айту тиіс: біріншіден, біз олардың өңдерін сипаттаймыз; екіншіден, олардың зайыптылықтары; үшіншіден, киімдері, төртіншіден, үйлері, ал бесіншіден, олардың мүлкілері туралы баяндаймыз.
§ I. Адамдардың өңдері туралы
Адамдардың өңдері барлық басқа адамдарға қарағанда өзгеше екен. Дәлірек айтқанда, екі көзі мен екі ұртының арасында беттері басқа адамдарға қарағанда кеңірек, ал ұрттары жақ сүйектерінен шығып тұрады; мұрындары талпақтау және шағын; көздері кішкентай, ал кірпіктері қастарына дейін көтерілген. Азғана кейбіреулерді айтпағанда, белдері көбінесе қыпша, дерлік барлықтары аласа бойлы. Сақалдары дерлік барлықтарына өте кішкентай өседі, дегенмен кейбіреулері жоғарғы еріндері мен иектерінде олар мүлдем күземейтін қысқа қылдары бар. Бастарының төбелерінде клириктерде сияқты кішкентай қасқалары бар. Жалпы айтқанда, барлығы бір құлақтан екінші құлаққа дейін үш саусақтың еніне [бастарын] қырады. Бұл қырылған орындар жоғарыда аталған қасқамен жалғанады. Маңдайларының үстінде де олар шаштарын екі саусақтың еніне қырады. Ал қасқа мен жоғарыда аталған қырылған орны арасындағы шаштарын олар қастарына дейін өсіреді. Маңдайының екі жағынан жартысына дейін кесілген шашты қалдырады, ал басқа шатарын әйелдер сияқты өсіреді. Бұл шашты екі бұрым етіп өреді де, оларды құлақтарының артына байлайды. Аяқтары да үлкен емес.
§ II. Зайыптылықтары туралы
Әр еркекте өзі асыра алатына сәйкес әйелдері бар: біреуінде жүз, екіншісінде елу, үшіншісінде он, ал басқасында көбірек не кемірек, олар аналары мен қыздарынан және өзінің анасынан туған апа-қарындастарынан басқа барлық туысқан әйелдерімен некеге отыра алады. Әкелерінің туған апа-қарындастары мен қайтыс болған әйелдеріне де үйлене алады. Ал өлген ағасының әйеліне оның туған інісі немесе басқа кіші туысы үйленуге тіпті міндетті. Барлық қалған әйелдерді олар ата-аналарынан өте қымбат сатып алып, ешқандай айырмасыз алады. Ал әйелдерді айтсақ, күйеулері қаза тапқаннан кейін оларға, егер біреу өгей анасын алуға қаламаса, екінші некеге тұру қиын.
§ III. Киімдері туралы
Еркектер мен әйелдердің киімдері бірдей тігілген. Оларда не плащтар, не бөріктер, не қалпақтар, не ішіктер де жоқ. Ал шекпендері бұхараннан, қызылкүреңнен немесе балдахиннен осылайша тігілген: жоғарыдан төменге дейін кесілген болып кеудеде қаусырынады, сол жақ бүйірінде бір, ал оң жақ бүйірінде үш тоғамен түймеленеді, сол жақ бүйірінде де жеңге дейін кесілген. Тондары түрлеріне қарамастан дәл осылайша тігіледі, алайда үстіңгі тонда сыртынан жүн бар, ал артынан ол ашық, бірақ тізеге дейін бір құйрыршық ілініп тұр. Үйленген әйелдер бір өте кең және алдынан жерге дейін кесілген шекпенді киеді. Бастарына олар шыбықтардан әлде қабықтан жасалған ұзындығы бір шынтақ дөңгелек нәрсе киеді. Бұл жоғарыда төртбұрышпен аяқталатын [бас киімнің] ені бірте-бірте ұлғаяды, ал жоғарыда алтыннан, күмістен әлде ағаштан жасалған ұзын және жұқа кішкентай шыбық немесе тіпті қауырсын бар. Бұл [бас киім] иыққа дейін созылатын малақайға тігіледі. Малақай да, жоғарыда аталған бас киім де бұхаранмен әлде қызылкүреңнен немесе балдахинмен жабылған. Осы бас киімсіз олар адамдардың көзіне ешқашан көрінбейді, және оған қарап оларды басқа әйелдер таныйды. Қыздар мен жас әйелдерді ерлерден айырып алу өте қиын, өйткені олар дәл ерлер сияқты киінеді. Олардың қалпақтары басқа халықтарға қарағанда өзгеше; бұлардың түрін біз сиппата алмайтынымыз түсінікті шығар.
§ IV. Үйлері туралы
Олардың үйлері дөңгелек, шыбықтар мен жұқа таяқтардан шатырлар сияқты жасалған. Төменде күмбездің ортасында дөңгелек ойық бар, бұл ойықтан жарық түседі және түтін шығады, өйткені олар үйлерінің ішінде ылғи от жаға береді. Ал кабырғалар мен төбелер киізбен жабылған, есіктері де киізден жасалған. Адамдардың атақтары мен кедейліктеріне байланысты үйлердің біреулері үлкен, ал басқалары – кішкентай. Кейбіреулері тез бөлшектенеді, жөнделеді және жүк тиеген жануарларда тасымалданады, екіншілері бөлшектенбейді де арбамен көшіріледі. Кішкентайларын арбамен тасымалдау ішін бір бұқа жетер, ал үлкендеріне үш, төрт немесе одан да көп арбаның мөлшеріне байланысты керек. Олар қайда барса де, соғысқа ма әлде басқа жерге ме, әрқашан да өздерімен бірге үйлерін тасып жүреді.
§ V. Мүлкілері туралы
Олар малға өте бай: түйелері, бұқалары, қойлары, ешкілері мен жылқылары аса көп. Біздің ойымызша, бүкіл әлемде де жүк артатын малдың ондай орасан зор көпшілігі жоқ. Шошқалар мен басқа жануарлар оларда мүлдем жоқ.
ҮШІНШІ ТАРАУ
Құдайға қалай табынатындары, күнә деп не санайтындары, балгерліктері мен күнәлардан қалай тазаланатындары және жерлеу рәсімдері туралы
Адамдар туралы айтып, әдет-ғұрыптары туралы айту керек. Бұл туралы біз мынадай түрде талқылаймыз: алдымен Құдайға қалай табынатындары, екіншіден, олар күнә деп не санайтындары, үшіншіден, балгерліктері мен күнәлардан қалай тазаланатындары, төртіншіден, жерлеу рәсімдері туралы айтамыз.
§ I. Татарлардың Құдайға табынуылары туралы
I. Олар жалғыс Құдайға сенеді, Оны барлық көрінетін мен көрінбейтін, сондай-ақ осы дүниедегі шадымандық пен азаптаулар Жаратушы деп мойындайды, бірақ не дұғаларымен, не мадақтауларымен, не қандай да бір салттарымен құрметтемейді. Дегенмен оларда адам бейнесі бойынша жасалған киізден жасалған пұттары бар. Оларды есіктің екі жағынан қойып, оларға киізден жасалған емшек сияқты бір нәрсені қондырады да сүт молдығы мен мал төлін сыйлайтын табындары мен отарлардың қорғаушылар дейді. Басқа пұттарды жібек маталардан тігіп, оларды да өте құрметтейді. Кейбіреулер оларды тамаша жабық арбаға тұрғызып, үйлерінің кірерінде қояды да, осы арбадан бірдеңені ұрлап кеткен кез келген адамды түкте аямай өлтіреді. Ал осы пұттарды жасағысы келсе, ордада тұрған барлық қарт әйелдер бірге жиналып, оларды құрметпен жасайды, ал жасағаннан кейін қойды сойып, оны жейді де сүйектерін отқа жағады. Ал бір бозбала аурғанда, олар жоғарыда көрсетілген тәсілі арқылы пұтты жасап, баланың төсек үстінен байлайды.
Көсемдер, мыңбасылар және жүзбасылар үйлерінің ортасында ылғи теке бар. Жоғарыда аталған пұттарына олар ең алдымен кәдімгі не жүк артатын болса да әр малдың сүтін құрбандыққа береді. Тамақтанатын әлде ішетін алдында олар ең алдымен ас пен ішімдіктерінен бірәз пұттарына апарады. Ал бір аңды өлтіргенде, жүрегін ыдыста арбада тұрған пұтқа әкеліп, таңертеңге дейін қалдырады да, сосын оны әкетеді де, пісіріп, жейді.
ІІ. Дәл осылай олар императорлары үшін пұтты жасап, оны, қазіргі императордың ордасында көргеніміздей, шатырының алдында арбада тұрғызып, көптеген сыйларды оған құрбандыққа береді. Сондай-ақ олар оған аттарды бағыштап, осы бағыштаған аттардың өлімдеріне шейін оларға ешкім отыруға өжеттенбейді де. Оған басқа да жануарларды бағыштап, оларды сойғанда, бір сүйекті де бұзбайды, тек отқа жағады. Талтүсте де оған Құдайға сияқты табынады және оларға бағынышты кейбір ақсүйектерді табындырады. Сондықтан бағана Михаил деген орыстардың ұлы князьдерінің бірі Бату мен тіпті оның құлдарына басын июге келгенде, олар оны екі оттың арасында өтуге мәжбүр еткен кейін оған Шыңғыс ханға бас июін айтты. Ал ол Бату мен құлдарына шын көңілмен басын иетінді, бірақ өлі адамның бейнесіне басын имейтінді, өйткені мәсіхшілерге бұлай істеу жараспайды деп жауап берді. Сөйтіп оған басын июіне бірнеше рет бұйрық берсе де, ол көнген жоқ, сонда ұлы Ярослав арқылы оған басын имесе өлтірілетінді деп айтылды. Бірақ аталған князь лайықсызды жасағаннан гөрі өлуді ұнататынды деп жауап берді. Сонда Бату бір оққағарын жіберіп, ол Михаил қайтыс болғанынша денесіне жүрек тұсына өкшесімен ұрды. Ал қасында тұрған князьдің жауынгерлерінің бірі оған қайрат беріп былай айтты: «Берік бол, өйткені осы азабын ұзаққа созылмайды, ал одан соң мәңгі шаттық іле-шала болады». Осыдан кейін оның басын пышақпен кесіп тастады, ал аталған жауынгердің басы да пышақпен алып тасталды.
III. Сонымен қатар олар таңғы асты ішер алдында тамақ пен ішімдіктің бастамаларын күн мен айға және отқа, сондай-ақ су мен жерге табынып бағыштайды. Ал Құдайға табыну туралы ешқандай заңдары болмағандықтан, олар, біз білгенімізше, жоғарыда айтылған Михаилдан басқа әлі ешкімді өз сенімінен әлде заңынан бас тартуға мәжбүрлемеді. Бұдан әрі не істейтіндерін білмейміз, алайда кейбіреулердің пікірлері бойынша, егер, Құдай сақтасын, татарлар дара билікке қолдарын жеткізсе, барлықтарды осы пұтқа табынуға мәжбүр етеді. Сондай-ақ олардың жерлерінде жуырда болғанымызда Руссияда орналасқан Черниговтың (Cherneglove) князі Андрей татарлардың жылқыларын ұрлап әкетіп алып, басқа жерге сатқаны деп Бату алдында айыпталып, жазығы дәлелденбегеніне қарамастан өлім жазасына тартылынды. Мұны естіген оның інісі өлтірілген князьдің әйелімен бірге Батуға жерлерін тартып алмауды өтіну үшін келді. Бату бұл ұланға татарлар дәстүріне сәйкес ағасының әйеліне үйленсін, ал әйелге оған тұрамысқа шықсын деп бұйрық берді. Ал жігіт заңды бұзғанынан өлгені артық деп жауап берді. Бірақ Бату, екеуі де қарсы болса да, әйелді оған беріп, құлдары оларды төсекке апарды да жылап, айқайлаған ұланды қатынға жатқызды және шартты емес, толық қатынасумен қосылуға мәжбүр етті.
§ II. Олар күнә деп не санайтындары
Оларда әділ іс-әрекеттер немесе күнәлардан сақтандыру жөніндегі ешқандай заңнамасы болмаса да, өздері әлде бабалары ойлап шығарған күнә деген ұғымымен байланысты кейбір аңыздары бар. Біреуіне сәйкес отқа пышақ қадауға, немесе қалайша да оны пышақпен тиюге әлде пышақпен қазаннан ет алуға, сондай-ақ оттың жанында балтамен бірдемені шабуға болмайды, өйткені олар сөйтіп оттын басы кесілетіне сенеді. Сондай-ақ ат айдайтын қамшына да (оларда өкшеліктер жоқ ғой) сүйенуге, шыбыртқына жебелерді тигізуге, жас құстарды аулауға немесе өлтіруге, атты жүгенмен ұруға, сүйекті басқа сүйекке соғып сындыруға, жерге сүт пен басқа сусынды әлде тамақты төгуге болмайды. Киіз үйдің ішінде біреу әдейі пішетсе, оны өлтіреді, ал басқаша болса, онда олар дуагерге көп ақша төлеуі тиіс. Ол оларды үйдің ішіндегісімен бірге тазартып, екі оттың арасына өткізеді, ал үйдің тазаланғанына дейін ешкім оған кіріп, одан бір нәрсе алып кете алмайды. Сол сияқты егер біреунің аузына бір үзім салынса, ал ол оны жұта алмай аузынан түкіріп тастаса, онда үйдің астында тесік жасап, оны осы тесіктен алып шығарады да өкінішсіз өлтіреді. Біреу көсем үйінің табалдырығына басса, оны да сөйтіп өлтіреді. Оларда осындай сияқты басқа заңдары да көп. Бұл зандардың бәрі туралы айтсақ, тым көп уақыт керек еді. Ал адамдарды өлтіру, басқалардың жерлеріне шабуыл жасау, басқалардың мүлкін кез келген әділетсіз тәсілмен басып алу, зинақорлыққа салыну, басқа адамдарды ренжіту, Құдайдың тыйым салулары мен өсиеттеріне қарамастан әрекет ету олар күнә деп санамайды. Мәңгілік өмір мен айыпталушылық туралы олар ештеңе білмейді, бірақ өлгеннен кейін өзге әлемде өмір сүретініне, өз табындарын көбейтетініне, тамақ пен сусындарды ішетініне және осы әлемде өмір сүретін адамдар істейтін жасайтынына сенеді.
§ III. Балгерліктері мен күнәлардан қалай тазаланатындары туралы
I. Олар балгерлікті жалпы алғанда, оның ішінде құстардың ұшуы мен жануарлардың ішкі азғаларға қарап еселеп етеді, сондай-ақ арбаушылық пен сиқыршылыққа салынады. Ал жындар оларға жауап бергенде, құдайдың өзі олармен сойлеп тұрғанына сенеді. Бұл құдайды олар Итоға, ал құмандар оны Қам деп атайды. Одан олар таңқаларлықтай қорқып, оны құрметтейді де оған көптеген сыйлар әрі тамақ пен ішімдік бастамаларын әкеледі және оның жауаптарына сәйкес бәрін істейді. Жаңа істерінің барлығын олар айдың басында әлде ол толған кезінде бастайды, сондықтан оны ұлы император деп атайды да оның алдында тізелерін бүгіп дұға етеді. Ал күнді олар айдың анасы деп атайды, өйткені ол күннен жарық алады.
ІІ. Бұдан басқа олар, қысқаша айтқанда, отпен бәрі тазартылатынына сенеді. Сондықтан оларға елшілер мен ақсүйектер әлде басқа да адамдар келгенде, олардың өздерін де, әкелген сыйларын да бір улануды жасамасын деп және у мен жамандықты әкелмесін деп екі оттың арасында өткізеді. Дәл осылай оларда жиі болғандай аспаннан табынға әлде адамдарға от түссе немесе оларға һарам әлде жазған деп өздерін санататын бірдеме болса, олар дуагер көмегімен тазаланады. Сөйтіп олар осындай адамдарға бүкіл өз үміттерін артады.
III. Олардың біреуі өлердей ауырған кезде, оның үйіне найза қойып, оны қара киізбен орап алады да, сол уақыттан бастап ешкім оның үйлерінің ішіне кіруге өжеттенбейді. Ал науқас жанталасу бастағанда, бәрі дерлік одан кетеді, себебі өлген кезінде оның қасында болған ешқайсысы жаңа ай басына дейін төрелердің немесе императордың шатырларына кіре алмайды. Ол өлген кейін, егер ақсүйектерден шыққан болса, оны өздері таңдап алған жасырын жерде жерлейді. Ал жерлегенде оны өз кигіз үйінің ортасында отырғызып, алдына үстел мен етке толтырған астау және қымыз бар тостағанды қойып, онымен бірге бие мен құлынды және жүгені мен ері бар жылқыны жерлейді, ал басқа жылқыны жеп, теріні сабанмен толтырады да оны екі немесе төрт ағашқа көтеріп қояды. Олардың көзқаралары бойынша басқа әлемде өлген адамның үйі, қымыз беретін биесі, мінетін жылқысы, тіпті оларды көбейту мүмкіндігі болады. Ал өлген адамның рухы үшін жеп қойылған жылқының сүйектерін олар жағып жібереді. Өз көзімізбен көргеніміздей және басқалардан білгеніміздей, әйелдер де жиі адамдардың рухтары үшін жағып жіберуіне қатысады. Сондай-ақ қазіргі императордың әкесі Үгедей хан өз рухы үшін бұта егіп, одан ешкім ештеңе кеспесін деп бұйрық берді. Ал өзіміз көргеніміздей, біреу бір шыбықты одан кескен кейін, олар оны қамшылап, киімдерін алып тастады да өлгенше сабап кетті. Бізге атты айдайтын шыбық қатты керек болсада, біреуінді де кесуге батылымыз бармады. Алтын мен күмісті де олар онымен бірге көмеді. Оны алып апарған арбаны сындырады, ұйін бұзады және үшінші ұрпаққа дейін ешкім қайтыс болған адамның атын айтпайды.
§ IV. Жерлеу салттары туралы
I. Кейбір атақты адамдарды жерлейтің басқа да бір әдісі бар. Олар далаға жасырынып барып, тамырымен бірге шөпті алып тастайды да үлкен шұңқыр қазады. Осы шұңқырдың жанына жер астында басқа шұңқыр жасайды және марқұмның ең сүйікті деп саналатын құлын өлген қожайынының астына жатқызады. Құл өлімалдысы бастағанша сонда жатады, сосын оны дем тартсын деп шығарады. Осылайша олар үш рет жасайды, ал аман қалған құл бостандық алады, қалағаныны істейді және қайтыс болған кісінің шатыры мен туған-туысқандарының ортасында ұлы адам деп саналады. Ал мәйітті жоғарыда айтылған заттармен бірге жанында қазылған шұңқырға салады, содан кейін оның шұңқырының алдындағы шұңқырды бітеп тастайды. Сосын бұл жерді ешкім таппасын деп оның үстіне бұрын болғандай шөп қояды. Қалғанын олар жоғарыда айтылғандай істейді, бірақ оның сыртқы шатырды далада қалдырады. Олардың жерінде екі зират бар. Біреуінде императорлар, төрелер және барлық ақсүйектер жерленеді. Олар қай жерде қайтыс болса да, егер бұл ыңғайлы болса, сол зиратқа әкелінеді де, олармен бірге көп алтын мен күмісті көміледі. Екінші зиратта Венгрияда жазым болғандар жерленеді, өйткені ол жерде көптеген адам өлді. Осы зираттарды қорғап жүрген күзетшілерден басқа адамдар оларға жақында алмайды, ал егер біреу жақындаса, оны ұстайды, жалаңаштайды, қамшылайды және өте қатал соққыға ұшыратады. Сондықтан біз бір рет Венгрияда өлгендердің зиратына білмей кірсек, күзетшілер бізге қарсы шығып, бізді атып таста жаздады, бірақ біз елдерінің дәстүрлерін білмейтін елшілер болатымыздықтан олар бізге кедергісіз кетуге мүмкіндік берді.
ІІ. Қайтыс болған адамның туыстары мен оның үйлерінде тұрған бәрі отпен тазалануы тиіс. Бұл тазалану төмендегіндей жасалады. Екі отты жағады да олардың жанында екі найза қояды, найзалардың ұштарына арқан, ал оның үстіне бұхаран қиындыларды байлайды. Осы арқанның астыннан жаңағы екі оттың арасында адамдар, жануарлар және киіз үйлер өтеді. Ал екі жақтан тұрған екі әйел су себіп, дуа оқыйды және қандай да бір арба сынса немесе тіпті бір зат құлап кетсе, бұларды дуагерлер алады. Егер біреуді найзағай өлтірсе, шатырында болған барлық адамдар жоғарыда айтылған тәсілі бойынша отты өтуі тиіс. Ал оның киіз үйіне, төсенішіне, арбаларына, киіздеріне және барлық сол сияқты мүлігіне тиюге ешкімге болмайды, өйткені бәрі бұларды һарам деп бастарын тартады.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Татарлардың жақсы және жаман құлықтары, олардың тамақтары мен әдеттері туралы
Салт туралы айтып, құлық туралы айту тиіс. Бұл туралы келесі түрде талқылаймыз: біріншіден, жақсы, екіншіден, жаман құлықтары, үшіншіден, тамақтары, ал төртіншіден, әдеттері туралы айтамыз.
§ I. Татарлардың жақсы құлықтары туралы
Жоғарыда аталған адамдар, яғни татарлар, бұл дүниеде өмір сүретін діни немесе бұқара адамдардың бәріне қарағанда өз әміршілерге қаттығырақ бағынады, оларды құрметтейді және оларды оп-оңай алдамайды. Олардың арасында айғай сирек шығады, төбелес ешқашан да болмайды, соғыстар, ұрыс-керіс, жаралар, адам өлтіру де ешқашан болмайды. Қарақшылар мен маңызды заттардың ұрлықшылар да бұл елде жоқ. Сондықтан олар қазыналарын сақтайтын киіз үйлері мен арбаларына не ысырманы, не құлыпты салмайды. Егер бір мал жоғалса, тапқан кез-келген адам оны не жай жібере салады, не арнайы адамдарға апарады, ал осы малдың иелері оны сол адамдардан іздейді де оны еш қиындықсыз қайта алады. Олар бір-бірін едәуір құрметтейді және өз араларында татулықта жүреді, тамақтары аз болса да, әбден бір-бірімен ынталана бөліседі. Оның үстіне олар өте шыдамды, сондықтан бір-екі күн аш жүріп түк жемесе де, ешқандай төзімсіздікті көрсетпейді, бірақ тойып жеген болғандай ән айтып, ойнап жүреді. Атпен жүргенде қатты аяз бен қапырықты да шыдай алады. Бұл адамдар нәуетек емес. Өзара қызғаныштары жоқ сияқты; олардың арасында ешқандай дерлік айтыс-тартыс жоқ; ешкім екіншісін түкке тұрғысыз демейді, бірақ шамасы мен амалы жеткенше көмектеседі және қолдайды. Әйелдерінің мінез-құлқы таза, және араларында ұятсыздық болатыны туралы түк естімедік, алайда кейбіреулері қалжыңдап көп сұмдық және ұят сөздер айтады. Кейде олар қатты масаң болса да, арасында жанжалдар сирек әлде ешқашан да шықпайды, өйткені олар маскүнемдіктеріне қарамастан ешқашан ұрысқа не төбелеске түспейді.
§ II. Олардың жаман құлықтары туралы
Олардың жақсы құлықтарын сипаттап, енді жаман туралы айту керек. Олар басқа адамдармен салыстырғанда өте менмен және бәріні түкке бағаламайды. Басқаларды, атақты болса, болмаса да, олар тіпті тұл деп санайды. Мысалы император ордасында атақты кісі орыстардың ұлы князі Ярославқа, сондай-ақ Грузияның паташасы мен патшайымының ұлына және Солангов князіне олар ешқандай тиісті құрмет көрсетпегенін өздеріміз көрдік. Керісінше, оларға бекітілген татарлар, қандай да бір төмен атақтары болса да, олардың алдында барып ылғи ең бірінші және басты орындарға отырды, ал жаңағы кісілер жиі олардың бөкселерінің артында отыруға мәжбүр болды. Басқа адамдармен салыстырғанда олардың мінездері өте қызу және күйгелек. Сондай-ақ олар басқа адамдарға қарағанда әлдеқайда өтірікші, әрі олардың ішінде шындық деген жоқ дерлік. Олар алдымен жарамсақ болады, ал соңында сарышаян сияқты шағады. Олар аяр және алдамшы, мүмкін болса, айла-қулық асырып бәрін алдайды. Бұл адамдар тамақ пен сусын ішсе де, істерін істесе де лас. Басқа адамдар өздеріне қамқорлық немесе олардың қулығына қарсы құрал таба алмау үшін татарлар жасағысы келетін барлық зұлымдық таңқаларлық түрде жасыра біледі. Маскүнемдік оларда бір ардақты нәрсе болып саналады, сондықтан біреу көп ішіп қойса, жеген-ішкенін құсады да, бірақ одан әрі ішуді қоймайды. Олар өте ашкөз және сараң, бірдеңені сұрап алу үшін ұлы шеберлер болып табылады, бірақ бүкіл өз мүлектерін өте қатты ұстайды және сыйлық беруге өте есепқор екен. Басқа адамдарды өлтіруді оларда түк те емес деп саналады. Қысқаша айтқанда, олардың барлық жаман құлықтары кең болғандықтан бейнелеп жеткізе алу мүмкін емес.
§ III. Олардың тамақтары туралы
I. Барлық шайнауға болатын нәрсе олардың тамағына айналады: атап айтсақ, олар иттерді, қасқырларды, түлкі мен жылқыларды, ал аса қажет болса, адам етін де жейді. Мысалы татарлар бір рет император отырған қытай қаласы қарсы соғысып, оны өте ұзақ қоршап қамағандықтан өздерінің барлық азық-түліктері бітіпті. Онда олар тамақтары мүлдем жоқ болғандықтан он адамның бірінің жеуге алды. Сонымен қатар олар биелерден құлындарымен бірге шыққан шуды да жейді. Оның үстіне біз тіпті оларды бит жейтінді көрдік: «Олар менің ұлымның етін жесе және оның қанын ішсе, мен оларды неге жемеймін?» дейді. Сондай-ақ біз оларды тышқандарды жейтінді көрдік. Оларда асжаулық пен майлықтар жоқ. Нан да жоқ, көкөністер де жоқ, етінен басқа ештеңе жоқ. Бірақ етті де олар ап-аз ғана, басқа халықтар әрең деген өмір сүре алатындай жейді.
ІІ. Олар қолдарын еттің маймен өте ластайды, ал жеген кейін оларды етікке немесе шөпке не басқа сондай сияқты нәрсеге сүртіп тастайды. Бекзаттарда ет жеген кейін қолдарын сүртетін кішкентай шұғалар бар. Тамақты олардың біреуі кеседі, ал екіншісі пышақтың жүзімен үзімдерді алады да әрбіріне үлестіреді: біреуне үлкенірек, екіншісіне кішкентай, кімге құрмет көрсеткісі келетіне байланысты. Ыдыс-аяқты олар жумайды, ал кейде ет көжемен жуса да, етпен бірге қазанға қайта құйып тастайды. Қазандар мен қасықтарды әлде басқа да ыдыстар тазаласа, дәл осылай жуады. Ішімдік пен тамақтан бір нәрсені құрытуды олар үлкен күнә деп санайды, сондықтан сүйектерден майды сорып тауыспай оларды иттерге тастамайды. Киімдерін де жумайды және жууға бермейді, әсіресе күн күркіреу бастағаннан кейін ол біткенше.
ІII. Бие сүті бар болса, олар оны үлкен мөлшерде ішеді, сондай-ақ қой, сиыр және түйе сүтін ішеді. Басқа халықтар жібермесе әлде әкелмесе, шарап, сыра не бал деген оларда жоқ. Қыста бай емес халықта тіпті бие сүті де жоқ. Одан басқа олар тарыны майдалап ұнтақтап суда пісіреді де ішеді. Әрқайсысы бір-екі кесе ішіп, күндіз түк те жемейді, ал кешке әр адамға сәл ет беріледі де, олар етпен көже ішеді. Жазда, бие сүті жетерліктей болғанда, олар, егер оларға біреу кездейсоқ етті сыйламаса әлде өздері аңды немесе құсты ұстап алмаса, олар ет сирек жейді.
§ IV. Олардың заңдары мен әдеттері туралы
І. Сосын оларда айқық ойнасты жасағанда ұсталған еркек пен әйелді өлтіру деген заң немесе әдет бар. Сол сияқты қыз біреумен зинақорлыққа салынса, оны да, еркекті де өлтіреді. Оларға жатқан жерлерінде біреу қарақшылық немесе айқық ұрлық жасап ұсталса, оны да мүлдем өкінішсіз өлтіреді. Ал біреу олардың ойын, әсіресе олар соғысқа барғысы келгенде, ашса, оның бөксесіне үлкен таяқшамен бір шаруаның күші жеткенше қатты жүз соққы береледі. Сонымен қатар кішілер біреуді қорласа, үлкендері оларды аямай қатты қамшылайды. Күңнен әлде зайыптан туған ұл балалардың ешқандай айырмашылығы жоқ, бірақ олардың әкесі әр-біріне өз қалағанынды береді, ал егер ол төрелер тегінен шыққан болса, күңнің ұл баласы да зайыптан туған ұл баладай тең дәрежеде төре болады. Ал бір татардың көп әйелі болса, олардың әрқайсысында өз киіз үйімен мен бала-шағасы бар. Бір күні еркек біреуімен ішіп жейді де ұйықтайды, ал басқа күні – екіншісімен, бірақ олардың арасында бірі үлкен болып саналады да, жұбайы онымен бірге басқалармен салыстырғанда жиірек болады. Ал әйелдер көп болса да, бір-бірімен сирек араздасады.
ІІ. Ерлер жебелерден басқа түк жасамайды; тек кейбіреулері табындарды байқайды. Бірақ олар аң аулайды және атуға жаттығады, өйткені олардың барлығы еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін үздік мергендер. Екі-үш жастағы бөбектері атқа мініп жүреді және меңгереді; жастарына қарай оларға садақ беріледі, ал олар жебелерді тарту үйреніп жүреді, өйткені олар өте тәсілқой және батыл.
ІII. Қыздар мен әйелдер де атқа мініп, ерлер сияқты епті шабады. Оларды қылшан мен садақпен жүретін көрдік. Ерлер де, әйелдер де атпен ұзақ және табанды жүре алады. Үзеңгілері өте қысқа, жылқыларын қатты аяйды, оның үстіне барлық мүліктерін де құнттап ұстайды. Әйелдері бәрін жасайды: тондарды, киімдерді, кебістерді, етіктерді және былғарыдан жасалған барлық бұйымдарды. Сондай-ақ олар арбаларды меңгіреді және жөндейді, түйелерге жүк теңдеп артады және бүкіл өз істерін өте елбегей және жылдам жасайды. Әйелдердің барлығы шалбар киеді, ал кейбіреулері ерлердей атады.
БЕСІНШІ ТАРАУ
Татар мемлекетінің басталуы, олардың төрелері, император және оның төрелерінің биліктері туралы
Олардың әдеттері туралы айтып, енді мемлекеті туралы сөз қосу тиіс. Біріншіден оның басталуы, екіншіден оның төрелері, ал үшіншіден император мен төрелерінің биліктері туралы айтамыз.
§ I. Татар мемлекетінің басталуы туралы
I. Шығыс елдерінің арасында жоғарыда айтылған Моңғал деп аталатын жер бар. Бұл жерде баяғыда төрт халық болған еді: біреуі Йека-Моңғал, яғни ұлы моңғалдар деп аталатын; екіншісі Су-Моңғал, яғни су моңғалдар деп аталатын, олар өздерін өздері жерлерін кесіп өткен өзеннен атын алып татарлар деп аталған еді; үшінші халық – меркіт, ал төртінші – мекріт деп аталатын. Бұл халықтар аумақтары мен әміршілері бойынша бөлінсе де, барлықтарында бір бет пішіні мен бір тілі болды.
ІІ. Йека-Моңғал жерінде Шыңғыс деп аталатын біреу болды. Ол Тәңіріміз алдында күшті аңшы бола бастады, өйткені адамдарды ұрлауға және олжаны тонап алуға үйретті. Сосын ол басқа жерлерге барып, тұтқынға алуды және басқа елдерді шамасы келгенше өзіне қосуды қоймады. Ал өз халқыны ол өзіне көндіріп, олардың көсемі болып кетті, және олар оның артынан барлық зұлымдыққа ерді. Содан кейін ол су-моңғалдармен, яғни татарлармен шайқасты, көптеген адамдарды өзіне бағындырып, олардың көсемін өлтіргеннен кейін, ұзақ соғысып барлық татарларды қаратты да оларды құлдыққа алып, бағындырды. Одан кейін олардың барлығымен бірге татар жерінің жанында орналасқан меркіттермен шайқасты және оларды да өзіне соғысып бағындырды. Ол жерден әрі жылжып, мекріттерге қарсы шайқасты және оларды да бағындырды.
III. Наймандар Шыңғыстың соншама жоғарылағанын естігенде қатты қаһарланды, өйткені оларда да бұрын өте батыл император болған еді, және жоғарыда аталған халықтардың барлығы оған алым төледі.
Ол барлық тән жаратылыстардың ортақ парызын орындаған кейін, оның орнына ұлдары отырды, бірақ олар жас және ақымақ болып, халықты ұстай алмай, өздерінің арасында да ұрыс-керіспен және алалықпен өмір сүрді. Сондықтан жаңағы Шыңғыс соншама жоғарылағанда олар аталған жерлерге шабуыл жасады да, ерлер мен әйелдерді де және балаларды өлтіріп, олардан олжа табып жүрген. Шыңғыс бұл туралы естігенде өзіне бағынышты адамдарды бірге жинады. Біз олардың императорына бара жатқанымызда екі таудың арасына қысылған аңғармен өттік. Сол аңғарда наймандар мен қарақытайлардың үлкен саны Шыңғысқа қарсы жиналып, айқас басталды. Сонда наймандар мен қарақытайлар моңғалдардан жеңіліп, көбісі өлтірілді, ал құтылып кеткен қалғандары құлдыққа алынды.
Жоғарыда аталған қарақытайлардың жерінде Шыңғысқанның ұлы Үгедейқан император болып тағайындалғаннан кейін Омыл деп атаған қала құрды. Жұрт айтуынша, сол қаланың жанында оңтүстікке қарай орман адамдар тұратын ұлы шөл бар. Жаңағы адамдар тіпті сөлеу білмейді, және тізелерінде буындар жоқ, ал егер құлап кетсе, басқа адамдардың көмегінсіз тұра алмайды. Бірақ олардың ақылдары түйе жүнінен киізді жасап, оны киіп жүруге және тіпті желге қарсы қоюға жетеді, ал егер татарлар аламандап, оларды жебелермен жаралса, олар шөпті жараларға салып, жаулардан тезірек қашады.
IV. Ал моңғалдар өз еліне оралып, қытайларға қарсы шайқасқа дайындалды және, ордаларынан шығып, олардың жеріне кірді. Қытайлардың императоры мұны естігенде оларға қарсы өз әскерімен барды, және алапат шайқас болды. Моңғалдар бұл шайқаста жеңіліп, әскерлерінде болған ақсүйектері жеті адамнан басқа өлтірілді. Сол себепті әлі күнге дейін біреу оларды қорқытуға келсе: «Егер сол елге барсаңдар, сондағы халықтың көп сандығынан және шайқасқа жарамды адамдар бар болғандықтан өлесіңдер», – деп оларға айтады, ал олар: «Біз бір рет өлтірілген болып, тек жетеуміз ғана қалдық, ал енді біз үп-үлкен тобырға өсіп кеттік, сондықтан бізді осындай нәрсе қорқыта алмайды», – деп жауап беретін екен. Ал Шыңғыс қалған басқалармен бірге өз жеріне қашып кетті.
V. Біраз демалып, жоғарыда аталған Шыңғыс қайтадан шайқасқа дайындалды да ғұйыр еліне қарсы соғысқа шықты. Бұл адамдар – несториан дінбұзарлығын ұстанатын христиандар болатын. Татарлар, оларды да соғыспен бағындырып, олардың сауатын қабылдады, өйткені бұрын ешқандай жазба-сызулары болған жоқ, ал енді бұл сауат моңғал деп аталады. Осы жерден сары-ғұйыр, қаранит, уойрат және қоман елдеріне қарсы барып, Шыңғыс барлық осы елдерді жаулап алды, ал содан кейін өз жеріне оралды.
VI. Тағы да біраз демалған кейін өзінің барлық адамдарын шақырып, қытайларға қарсы соғысқа шықты, және олармен ұзақ күрескеннен кейін қытайлықтар жерінің көп бөлігін жаулап алып, олардың императорын бас қаласында бекітіп қойды. Татарлар бұл қаланы өте ұзақ уақыт бойы қоршап қамап тұрғандықтан, әскерлеріне жейтін азық-түліктері жетпеді, ал тамақтары мүлде таусылып біткеннен кейін Шыңғысқан оларға он адамның біреуін тамаққа беруге бұйрық берді. Ал қала тұрғындары машиналар мен жебелерді пайдаланып оларға қарсы батыл шайқасты, және тастар біткеннен кейін олар тастардың орнына көбінесе балқытылған күмісті лақтырды, өйткені бұл қала көптеген байлықтарға толы болған еді. Ұзақ шайқастан кейін татарлар, қаланы соғыспен жеңе алмай, ордаларынан қаланың ортасына дейін жер астында үлкен жол жасады да, қаланың тұрғындары байқаусызда кенеттен жерді ашып, олармен шайқасты, ал сыртында қалғандары да қалалықтарға шабуылдады. Қақпаны бұзып және қалаға кіріп, император мен көптеген адамдарды өлтіріп, қаланы жаулап алды да алтын, күміс және оның барлық байлықтарын алып кетті. Сосын қытайлардың жеріндегі сол қаланың басына өз адамдарын қойып, олар өз жеріне оралды. Дәл сол кезде, қытай императорын жеңгеннен кейін, жоғарыда аталған Шыңғысқан бірінші рет император деп аталды. Дегенмен қытайлар жерінің кейбір бөліктерін, мысалы, теңізде орналасқан аумақтарын, олар қазіргі күнге дейін ешбір жолмен жеңе алмады. Ал жоғарыда айтылған қытайлар пұтқа табынушылар болып табылады. Оларда бір ерекше сауат, сондай-ақ, жұрт айтуынша, Жаңа және Ескі Өсиеттері, Аталар мен дәруіштердің өмірбаяндары, дұға ететін шіркеулер сияқты салынған үйлері және кейбір әулиелері де бар. Олар бір Құдайға табынады, Тәңіріміз Иса Мәсіхті құрметтейді, және мәңгілік өмірге сенеді, бірақ шомылдыру оларда мүлдем жоқ. Бұдан басқа олар біздің Киелі Кітабымызды қастерлеп құрметтейді, мәсіхшілерді ұнатады және елеулі қайыр қылады, өте момын және адамгершілік адамдар болып көрінеді. Олардың сақалдары жоқ, бет бейнелері монғалдарға өте ұқсас, бірақ беттері оншама кең емес, тілдері ерекше. Бүкіл әлемде адамдар жаттығатын барлық істерде үздігірек шеберлерді табуға болмайды. Олардың жері нан, шарап, алтын, күміс және жібек, сондай-ақ әдетте адам жаратылысын сүйейтін барлық заттарға бай.
VII. Қайтадан біраз демалып, Шыңғыс өз әскерін бөлді. Ол да қан, яғни император деп аталатын Тоссық есімді ұлдарының біреуін ол қомандарға қарсы әскермен жіберді, ал анау олармен ұзақ күресіп жеңгеннен кейін өз жеріне оралды. Басқа ұлын ол үнділерге қарсы әскермен жіберіп, анау Кіші Үндістанды бағындырды; бұл эфиоптар деп аталатын қара сарациндер. Сол әскер үлкен Үндістанда тұратын мәсіхшілерге де қарсы шайқасқа барды. Мұны естігенде, халық арасында пресвитер Жохан деп аталатын сол елінің патшасы оларға қарсы біріккен әскерімен шықты. Адам бейнелерін мыстан жасап және оларды аттардың үстіндегі ер-тоқымдарға қондырып, ол олардың ішінде от жақты, ал мыс бейнелердің артынан аттарға көріктері бар адамдарды отырғызды. Сөйтіп дайындалған көптеген бейнелермен және аттармен олар татарларға қарсы ұрысқа түсті. Ұрыс орнына келгенде олар сол аттарды алға жіберген, ал артында отырған ерлер бейнелердің ішінде жанып жатқан отқа бірдеңе салып, көріктерін қатты баса бастады. Осыдан грек оты адамдар мен жылқыларды үйітіп, ауа түтіннен күңгірттенді деген әңгіме шықты. Содан кейін олар жебелерді татарларға тартты. Осы жебелер көптеген адамдарды жараландырды және өлтірді. Сөйтіп мәсіхшілер татарларды састырып өз шектерінен қуды да, олар бұл елге қайтып оралуы туралы біз ешқашан да естеген жоқпыз.
VIII. Олар шөл арқылы қайтып бара жатқанда, бір сорақы жерге келді. Олардың арасында ұзақ уақыт өткізген орыс дін кызметкелер мен басқаларда бізге анық деп айтқандай, бұл жерде татарлар әйел келбеті бар құбыжықтарды ұшырасып тапты. Олар көптеген тілмаштар көмегімен сол елдің ер адамдары қайда екенінді сұрағанда, құбыжықтар сол жердегі туған тек барлық әйелдердің адам келбеті бар, ал ерлердің келбеттері иттер сияқты екен деп жауап берді. Татарлар сол жерде бола жатқан уақытын созып жүргенде, өзенінің басқа жағында иттер бірге жиналды. Сол кезде өте сұрапыл аяз болған, сондықтан барлық ит-ерлер суға сүңген кейін қатты жерге шығып шаңға аунағанда сумен араласқан шаң олардың үстінде қату бастады. Оны бірнеше рет қайталанғаннан кейін олардың үстінде қалың мұз пайда болды, сонда олар күшті қысымымен татарларға қарсы ұрысқа түсті. Татарлар оларға жебелерді жиі жіберсе, олар тастар сияқты артқа қарай секірген болатын, ал татарлардың басқа да қарулары аналарға ешқандай зақым келтіре алмады. Иттер оларға шабуыл жасап, көп адамды тістеп жаралады және өлтірді, сосын ақырында татарларды өз шектерінен қуып шығарды. Сол себепті әлі күнге дейін оларда мақал бар: «Сенің әкеңді әлде ағаңды иттер өлтірді». Ал тұтқынға алынған әйелдерді татарлар өз еліне алып кетіп, олар онда қайтыс болғанша қалды.
IX. Қайтар жолында моңғалдар әскері Бұрітабет жеріне келіп, ондағы халықты соғыспен жеңді. Сол адамдар – пұтқа табынушылар еді. Оларда бір таңқаларлық әлде, дұрысырақ айтқанда, өкінішке тұрарлық әдет-ғұрыбы бар, өйткені, бізге шындық деп айтқандай, біреудің әкесі адам жараталысының борышын өтеп кетсе, олар барлық туыс-туғандарын жинап, марқұмды жейді. Иектерінде шаш жоқ, бұл аз болғандай, өзіміз көргеңіміздей, қолдарында ылғи бір темірді ұстап, иектерінде бір шаш кездейсоқ өссе де, оны жаңағы темірмен жұлып жүреді. Және олар өте сиықсыз. Сол жерден моңғалдар әскері өз еліне оралды.
Х. Сондай-ақ Шыңғысқан, осы әскерлерін бөлгеннен кейін, Кергіс жерімен өтіп, әлі жеңбеген Шығыс елдеріне жорық жасады және, жұрттың айтуынша, сол жерде Каспий тауларына жетті. Ал сол таулар, олар келген жағынан адамант тастан құрылған болғандықтан, олардың жебелері мен темір қаруларын өзіне тартты. Аңыз бойынша, Каспий таулары арасында қамалып тұрған адамдар әскердің айқайлайтынын естігенде, тауды бұзу бастады, сондықтан татарлар басқа уақытта, он жыл өткен соң қайтып оралғанда, тауды бұзылған күйде тапты. Бірақ татарлар сол адамдарға жақындауға тырысқанда, бұл мүмкін емес екен болып шықты, өйткені олардың алдындағы таралып жатқан бұлтты өте алмады, себебі оған жеткенде көздері мүлдем көрмей қалатын. Ал анаулар, татарлар оларға жақындаудан қорқады деп ойлай отырып, оларға қарсы шабуыл жасады, бірақ олар бұлтқа дейін жеткенде, өздері де жоғарыда аталған себебімен әрі бара алмады. Бірақ, жоғарыда аталған тауларға жеткенің алдында олар бір айдан астам байтақ шөл далада жүрді. Сол жерден шығысқа қарай бір айға артық жол жүріп, олар үлкен даладан өткен соң бір жерге жетті. Бізге мүлдем сенімді деп айтылғанына сәйкес, сол жерде олар тапталып тегістелген жолдарды көрді, бірақ бірде-бір адамды таба алмады. Дегенмен олар өте еселеп іздегендіктен бір адамды әйелімен бірге тапты және оларды Шыңғысқанға ертіп апарды. Ол осы елдің адамдары қайда екенін деп сұрағанда, жаңағылар таулардың астында жерде тұратынын айтты. Ал Шыңғысқан, әлгі еркектің әйелін қалдырып, оны өз елшілерімен бірге сол елдің халығына императордың алдына келсін деген бұйрығымен жіберді. Анау сол халыққа барып, Шыңғысқан бұйырғанының бәрін айтты. Олар сол бұйрықты орындау үшін мұндай күні келетінді айтып, өздері жер астындағы жасырын жолдармен қосылды да, татарлаға қарсы айқасқа шығып, кенеттен оларға ұмтылды және көпшілікті өлтірді. Сонда Шыңғысқан мен оның бодандары ештеңе істе алмайтынын, әрі адамдарынан айырылып қалатынын көрді. Оның үстіне олар күн шуын шыда алмады. Керісінше, күн көтерілгенде, бұл қорқынышты шуды естемеу үшін олар, жерге бір құлақты салып, екінші құлақты қатты тығындауға мәжбұр болды. Дегенмен осылайша да олардың көпшілігі өлімнен құтыла алмады. Сондықтан олар, қашып, сол елден кетіп шықты. Бірақ әлгі еркек пен әйелін татарлар өздерімен бірге алып, бұлар олардың жерінде өлгендерінше қалды. Сол жердің адамдары жер астында неге өмір сүреді деген сұраққа олар жылдың бір кезінде, күн шыққанда, шу соншама қатты болғандықтан адамдар, татарлар да сияқты, бұны шыда алмады деп жауап берді. Сол шуды естімеу үшін олар тіпті дабыл, тимпан және басқа да құралдар қақты. Ал сол жерден Шыңғысқанның қайтып оралуы кезінде азық-түлік қоры жетпей, олар қатты аштық сезді. Бірақ сол кезде олар бір жануардың балғын ішек-қарынын тапты. Бұны алып, татарлар, тек нәжісті шағарды да, пісіріп, Шыңғысқанға апарды. Ал ол, өз жақындарымен бірге сол ішек-қарынды жеп, аңнан не қанын, не ішкі азғаларын, не басқа да бірдемесін тастауға тыйым салатын заң шығарды.
XI. Сол жерден Шыңғысқан өз жеріне қайтты. Онда ол татарлар мызғымасты сақтайтын көптеген заң мен қаулыларды шығарды. Бұлардың біз тек екеуін ғана атап өтеміз. Бір қаулына сәйкес менменшілдікпен мардымсаған кез-келген адам төрелердің сайлауынсыз император болғысы келсе, оны өкінішсіз өлтіруі тиіс. Сол себепті қазіргі Гүйікқан сайланғаның алдында төрелердің бірі, Шыңғысқанның немересі, өлтірілді, өйткені ол сайланусыз әмірші болуға жағаттады. Екінші қаулы сондай: олар өздерінің жансыздандыруы шейін бүкіл жерді өзіне бағындыруы және оларға алдымен бағынбаған еш халқымен татулықта тұрмауы міндетті. Атап айтқанда, болжау бойынша олар қырық екі жыл соғысып, он сегіз жыл бойы патшалық етеді де сосын басқа бір халықтан жеңілетін болады. Алайда қай халықтан, өздері де білмейді, ал құтылып қалғандар оларды соғыспен жеңген халықтың заңын сақтауы тиіс. Сондай-ақ Шыңғысқан әскерлері мыңдық, жүздік, ондық және түмен (яғни он мың) басшылар басқаратын қолдарына бөлінуі тиіс деген қаулын шығарды. Басқада көп қаулыларды шығарды, бірақ бұлардың барлығы туралы ұзақ айту керек, ал біз [бәрін] білмейміз де. Сонан соң, Шыңғысқан өз өкімдері мен қаулыларын берген кейін жай түсіп оны өлтірді.
§ II. Татарлардың төрелері туралы
I. Шыңғысқанның төрт ұлы болды: біріншісі Оққодай, екіншісі Тоссыққан, үшіншісі Хыадай деп аталды, ал төртіншісінің атын біз білмейміз. Осы төрт кісілерден моңғолдардың барлық көсемдері шықты. Біріншісінің, яғни Оққодайқанның, келесі ұлдары болды: бірінші – Күйік, қазіргі император, Көктен және Хиренен. Оның басқа ұлдары болды ма, білмейміз. Тоссыққан ұлдары: Бату – ол императордан кейін ең бай және күшті болып табылады; Орду – ол барлық көсемдердің арасында ең үлкені; Сыбан, Бора, Берке, Фаут. Тоссыққанның басқа ұлдарының аттарын біз білмейміз. Хыадай ұлдары: Бұрын мен Қадан; басқа ұлдарының есімдері бізге белгісіз. Ал біз атын білмейтіміз Шыңғысқан баласының ұлдарының аттары келесі: біреуі Меңгу деп аталады, оның анасы Серөктан – бұл ханым барлық татарлардың арасында император анасынан басқа ең лайықты құрметке ие болды, ал Меңгу Батудан басқа бәрінен күшті болды; екіншісінің аты Бихақ. Басқа да бірнеше ұлдары болды, бірақ олардың аттарын біз білмейміз.
ІІ. Көсемдердің есімдері мынадай: Орду – ол Польша мен Венгрияда болды, Бату, Қадан, Сыбан, Бұрын және Бұйыгек – олардың барлығы Венгрияда болды; Хирподан – ол әлі күнге дейін теңіздің арғы жағында Саррацин жерінің кей солдандар және басқа да теңіздің арғы жағында тұратын халықтар қарсы соғысып жүр. Ал басқалар өздерінің жерінде қалды. Олар: Меңгу, Көктен, Хиренен, Құбылай, Серемум, Сыноқұр, Фуатемір, Қарахай, олар жауынгер деп атайтын қартайған Сібедей, Бора, Берке, Мауци, Коренц – бірақ ол басқалардың арасында ең кішісі. Басқа да көсемдер өте көп, бірақ олардың аттарын біз білмейміз.
§III. Император мен төрелердің биліктері туралы
I. Осы татарлардың императоры барлығына керемет билік етеді. Императордың нұсқаусыз ешкім қандай да бір елде бола алмайды. Өзі көсемдерге олар қайда болатындарын бұйырады, ал көсемдер – мыңдық басшыларға, мыңдық басшылар – жүздік басшыларға, жүздік басшылар – ондық басшыларға. Оның үстіне ол кез-келген уақытта кез-келген жерде соғысқа немесе өлімге әлде өмірге қатысты бірдемені тапсырса, олар еш қайшылықсыз орындайды. Сол сияқты, егер ол біреудің қызын немесе қарындасын сұраса, оған еш қайшылықсыз беріледі. Бұл аз болғандай, жыл сайын немесе бірнеше жылдан кейін ол татарлардың барлық шектерінен қыздарды жинап, олардың біреуін өзіне қалдырғысы келсе, қалдырады, ал басқаларын қалауынша өз адамдарына береді. Қандай, қанша және қайда болса да елшілерді жіберсе, оларға кідіріссіз ат-арба мен азық берілуге тиіс, ал егер қандай да бір жерден алым-салық төлеушілер немесе елшілер келсе, оларға да ат пен арба және азық берілуге тиіс. Бірақ басқа елдердің елшілері, әсіресе егер олар төрелерге келіп, олардың жанында болуы тиіс, азықты немесе киімді де айтсақ, қатты мұқтаждықты көріп жүреді, өйткені оларға арналған шығындары аз және жеткіліксіз. Он адамға берілгеніне тек екі адам өмір сүре алады. Сондай-ақ төрелердің ордаларында және саяхатта оларға күніне бір рет өте аз тамақ беріледі. Ал егер біреу оларды қалай болса да қатты забірлесе, олар үшін шағыну деген оңай емес, сондықтан олар забірлерді төзімді түрде шыдауға мәжбүр болады.
ІІ. Сонымен қатар төрелер мен басқа да адамдар, атақты болса да, болмаса да, көп сыйлықтарды олардан емініп жүреді, ал бермеген елшілерді төменнен бағалайды және түкке тұрғысыз деп санайды. Ал егер елшілер ұлы кісілерден жіберілген болса, татарлар олардан қарапайым сыйлық алғысы келмейді, дегенмен былай дейді: «Ұлы кісіден келіп, соншама аз беретіндерің нес?» Сөйтіп олардың алғысы келмейді, ал егер елшілер өз істерін жақсы ретке салуға келсе, көбірек беру керек. Сол себеппен діни адамдар бізге берген азық-түліктің көп бөлігін біз сыйлықтарға таратуға мұқтаж болдық. Сондай-ақ бәрі де императордың қолында болғандықты білу тіис, сондықтан ешкім «бұл менікі не онықы» деп айта алмайды, өйткені бәрі де, яғни мүлік, жүк мал және адамдар, императорға жатады, бұл жөнінде бағана императордың жарлығы да пайда болды.
III. Көсемдер де өз адамдарына дәл сондай билікті жүргізеді, өйткені адамдар, яғни татарлар мен басқалар да, көсемдері арасында бөлінген. Сондай-ақ көсемдердің елшілері қай жерге жіберілсе де, императордың бодандары мен басқалар да оларға ат-арбалар мен азық-түлікті және қорғайтын адамдар мен қызмет көрсететін аттарды да еш қайшылықсыз беруге міндетті. Император сүт тауып алатыны үшін көсемдер де, басқалар да оған бір, екі немесе үш жылға оның қалауынша табысқа биелерді беруге міндетті. Және көсемдердің бодандары да мырзаларына бірдей жасауға міндетті, өйткені олардың арасында біреуі де азат емес. Қысқаша айтқанда, император мен көсемдері олардың мүліктерінен қалайтындарын қанша болса да бәрін алады. Сондай-ақ әміршілері өздеріне қолайлы болатындай олардың жеке бастарына да иелік етеді.
IV. Жоғарыда айтылғандай, император өлген кейін, көсемдер жиналып, аталған Шыңғысқанның ұлы Оққодай императорға сайланды. Ол төрелерді жинастырып, оған екінші буындағы туыс болып табылатын Батуның әскерін бөліп, Жоғары Сұлтанның жеріне және бисерминдер жеріне қарсы жіберді; өйткені олар, саррациндер болып, қоманша сөйлеген. Олардың жеріне кірген соң, Бату олармен соғысып өзіне бағындырды. Бірақ Барқым деген бір қала оған ұзақ қарсылық көрсетті: қаланың айналасында үлкен орларды қазып жапты, ал татарлар қалаға келгенде, сол орларға құлады. Сондықтан олар орларды толтырғанша осы қаланы ала алмады. Ал Янкент деген қаланың адамдары, мұны естігенде, олардың алдынан шығып, өз еріктерімен татарлардың қолдарына берілді, сондықтан олардың қаласы бұзылмады, бірақ татарлар олардың көпшілігін өлтіріп, басқаларын көшірді, ал қаланы тонап, басқа адамдарға толтырды. Олар Орнас деген қалаға да шабуыл жасады. Бұл өте көп халқы қала болды, өйткені онда өте көп мәсіхшілер тұрды, атап айтқанда хазарлар, орыстар, аландар және басқалар да, сондай-ақ қалаға билігін еткен саррациндер. Бұл қала көптеген байлықтарға да толы болды, өйткені Янкент пен бисерминдер жерімен ағып өткен және теңізге құйылатын бір өзенде орналасқан болатын. Сондықтан осы қала айлақ ретінде пайдаланып, онда басқа саррациндердің үлкен базары болды. Татарлар оны басқаша жеңе алмай, қаламен ағып өткен өзенді қазып, оны мүлігімен және адамдарымен бірге сұға батырды.
V. Мұны жасаған соң, олар пұттарға табынатын түріктердің жеріне кірді. Оларды жеңген соң, Руссияға қарсы барды және сол елде үлкен соққы жасады, қалалар мен бекіністерді бұзды және адамдарды өлтірді, Руссия астанасы бола жатқан Киевті қоршап қамады және ұзақ уақыт қоршаған кейін оны алып, қала тұрғындарын өлтірді. Сол себепті біз, бұл елмен өтіп жатқанда, далада жатқан өлі адамдардың сансыз бастары мен сүйектерін таптық. Өйткені Киев өте үлкен және халқы көп қала болған еді, ал енді ол дәнемеге қасы кемітіліп, мұндағы үйлерінің саны әрең-әрең екі жүзге жетеді, ал адамдарды олар ең ауыр құлдықта ұстайды. Сол жерден әрі жылжып, татарлар соғысып барлық Руссияны ойран қылды. Ал Руссия мен Қоманиядан жоғарыда аталған көсемдер алға басып, мажарлармен және поляктармен шайқасты. Осы татарлардың көбісі Польша мен Венгрияда өлтірілді; және, егер мажарлар қашып кетпей батылдықпен қарсы шықса, татарлар олардың шегінен шығушеді, өйткені олардың барлығы, қатты қорқып, қашып кетуге тырысқан еді. Бірақ Бату оларға қарсы тұрды және, семсерін суырып, былай деді: «Қашпаңдар, өйткені қашып кетсеңдер, ешкім құтыла алмайды. Сонымен, өлуіміз керек болса, бәріміз өлейік, өйткені біз қаза табатынымыз туралы Шыңғысқанның болжағаны осылай орындалады. Сондықтан өлетініміздің уақыты келсе, шыдай тұрайық». Сөйтіп олар жігерленіп қалды да Венгрияны талқандады.
VI. Сол жерден оралып, олар пұттарға табынатын Мордвандардың жеріне келді және олармен соғысып жеңді. Содан кейін олар билерге, яғни Ұлы Бұлғарияға қарсы жылжып, бұл елді мүлдем талқандады. Сол жерден солтүстікке әрмен қарай жылжып, басқарттарға, яғни Ұлы Венгрияға қарсы шықты және оларды да жеңді. Сол жақтан шығып, олар солтүстікке қарай әрі барды және паросситтерге жетті. Бізге айтқандай, паросситтердің асқазандары мен ауыздары кішкентай; олар етті жемейді, бірақ оны пісіреді. Ет пісіріп, олар бақырашқа жатады да түтінді сіңіреді және осымен ғана өздерін қоректендіреді, ал егер бірдеңе жесе де, өте азғана жейді. Сол жерден шығып, олар самоедтерге келді. Жұрт айтуынша, бұл адамдар тек аңшылықтың арқасында өмір сүреді; шатырлары мен көйлектері де тек аң терісінен жасалған. Одан әрі қарай жылжып, олар мұхит жағындағы жеріне келді және кей құбыжықтарды тапты. Бізге шындық деп айтылғаның бойынша бұл құбыжықтарың бейнелері түгелімен адам бейнесіне ұқсас, тек аяқтарының ұштары бұқалардың тұяқтарындай, бастары – адамдыкыдай, ал беттері – иттің тұмсығындай болды. Екі сөз адамша айтып, үшіншісін орнына ит сияқты үреді. Сөйтіп әңгіме барысына олар үрісті салады, бірақ сосын ойларына қайта оралады, осылайша олар айтқан нәрсені түсінуге болады. Сол жерден олар Қоманияға оралып, әлі күнге дейін олардың кейбірлері сонда тұрады.
VII. Ал Хирподанды сол уақытта Оққодайқан әскерімен оңтүстіктегі Кергіске қарсы жіберіп, ол соғыста жеңіске жетті. Бұл адамдар пұттарға табынады, сақалдарында шаш жоқ; оларда бір мынадай дәстүрі бар: біреудің әкесі қайтыс болғанда, олар қайғыдан беттерінде уайым ретінде бір құлақтан екінші құлаққа дейін қайыс сияқты кесіндіні кесіп тастайды. Оларды жеңіп, ол Армендерге қарсы оңтүстікке барды. Бірақ шөл даладан өткенде олар да, бізге шындық деп айтылғаның бойынша, адам бейнесі бар құбыжықтарды тапты. Бірақ бұл құбыжықтардың шынтаққа дейін де, шынтақтан кейін де кеуденің ортасында жуан тек бір ғана қол мен бір аяқ болды, және екеу бір садақпен атып жүрді. Жылқылар оларды қуып жете алмады, өйткені олар бір аяқпен ұршықтай үйіріліп жүгірді, ал мұндай жүруден шаршаған кезде қол мен аяқты алмастырып жүгірді, Исидор оларды циклопед деп аталатын. Ал олар осылайша жүгіруден шаршағанда, баяғыдай жүгіреді. Бәрі де татарлар олардың кейбіреулерін өлтірді, және, жоғарыда аталған император қасында жүрген орыс діни кісілер бізге айтқандай, бұл адамдардың көбісі императордың ордасына хабаршылар ретінде бітім жасау үшін келетін. Содан кейін олар Арменияға жетіп, оны соғысып жеңді. Оған қоса Георгианияның бір бөлігін де жаулап алды, ал қалған бөлігі олардың бұйрығы бойынша өзі келді және жыл сайын оларға қырық мың иперперлерден алым төледі; мұны олар бүгінге дейін де істейді. Сол жерден олар әжептәуір ұлы және құдіретті Ұрым солданның жеріне өтті және, онымен шайқасып, жеңіске жетті. Сөйтіп соғысып және жеңіске жетіп, олар Халапия солданның жеріне келді, енді осы жерді де иеленеді. Оның үстіне олар басқа сондағы жерлерді де жаулап алуға даярланады. Қазіргі күнге дейін олар өз жеріне оралып қайтпады. Дәл сол әскер Балдах халифаның жеріне қарсы барып, оны да өздеріне бағындырды, ал ол енді балдахиндер мен басқа да сыйларына қоса күн сайын алым ретінде төрт жүз бизанций төлейді, және олар жыл сайын халифаға елшілерді жіберіп, оны өздеріне келгізеді. Ол алыммен бірге ұлы сыйларды жіберіп, оларжан кешірім сұрайды, ал императордың өзі сыйларды қабылдап, соған қарамастан оны келгізу үшін адамдарын жібереді.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Соғыс, әскерлерін бөлуі, қарулары мен қақтығыстағы айлары, бекіністерін қоршау әдістері және оларға берілгендеріне қатысты арамзылығы мен тұтқындарға қарсы қатыгездігі туралы
Биліктері туралы айтып, соғыс туралы келесі түрде айтуға тиіс: біріншіден, әскерлерін бөлуі туралы; екіншіден, қарулары туралы; үшіншіден, қақтығыстағы айлары туралы; төртіншіден, бекіністерді қамау әдістері туралы; бесіншіден, оларға берілгендеріне көрсеткен армазылықтары мен тұтқындарға қатысты қатыгездіктері туралы.
§ I. Әскерлерін бөлуі туралы
Әскерлерін бөлуі туралы осылайша айтамыз: Шыңғысқан он адамның басына бір адамды (біз оны онбасы дейміз), он ондықтың басына жүзбасы деп аталатын бір адамды, он жүздіктің басына мыңбасы деп аталатын бір адамды, ал он мыңдықтың (бұл сан оларда түмен деп аталады) басына бір адамды қойылуын бұйырды. Ал бүкіл әскердің басшылығында екі немесе үш көсем қойылады, бірақ олар да бір адамға бағынады. Әскер соғыста болған кезде, ондықтан біреу, екеу, үшеу немесе одан да көп адам қашса, барлықтарының жандары алынады, ал бүкіл ондық қашса, жүздігіндегі басқалары қашпаса да, барлықтарының жандары алынады. Сөйтіп, қысқаша айтқанда, егер олар бірге арқаларын бермесе, қашқандарының барлығы өлтіріледі. Дәл солай, егер біреу, екеу немесе одан да көп батыл ұрысқа түссе, ал ондықтағы басқалары олардың артынан ермесе, онда олардың жандары да алынады. Ал егер ондықтан біреу немесе одан да көп тұтқынға түсіп, басқалары оларды босатпаса, онда олардың жандары да алынады.
§ II. Қарулары туралы
I. Барлықтарында, ең азы, мынадай қарулары болуы тиіс: екі-үш, не болғанда бір жақсы садақ, үш үлкен жебелерге толы қылшан, бір балта және зеңбіректерді тартуға арналған арқандар. Байларда ұштары өткір, тек бір жағынан кесетін және біраз қисық семсерлері бар. Сондай-ақ оларда қарулы жылқылар, жіліншік қорғаныштар, дулығалар және сауыттар бар. Кейбіреулерінде жалқыларын сақтайтын сауыттар мен қорғаныштар бар. Бұлар былай жасалады: олар бұқадан немесе басқа жануардан жалпақтықтары адамның қолындай қайыстарды алады, олардың үш-төртеуін бірге қаттап салады да шайырды үстіне құяды және белбеулермен немесе баулармен байлайды. Жоғарғы қайыстың ұшына бауларды бекітеді, ал төменгісіне – ортасында, осылай олар соңына дейін істейді. Сондықтан төменгі қайыстар жантаяғанда, жоғарғы қайыстар тұра келеді, сөйтіп денеде екі немесе үш есе көбейтіледі. Жылқының панасын олар бес бөлікке бөледі: жылқының бір жағынан бірі, ал екінші жағынан екіншісі, олар құйрығынан басқа дейін созылып, ер жанында, ал ердің артынан арқаға және мойына байланады. Сондай-ақ бөктеріншекке екі жақтың байланған орнына басқа бөлік салынады. Бұл бөлікте олар құйрықты шығаратын тесік жасайды, ал кеудеге басқа бөлікті салады. Барлық бөліктері тізелерге дейін немесе жіліншіктерің байламдарына дейін созылады, ал маңдайдың алдына мойынның екі жағынан жоғарыда аталған бөліктермен байланған темір тілкем қойылады. Ал сауыттар төрт бөліктен тұрады. Бір бөлігі саннан мойынға дейін созылады, бірақ ол адам денесінің орналасуына сәйкес жасалған, өйткені кеуденің алдында сығылған, ал қолдардан төмен дененің айналасына қона кетеді. Артынан бөктеріншекке олар мойыннан дененің айналасына қона кететін бөлігіне дейін созылатын басқа бөлік салынады. Иықтарда осы екі бөлік, атап айтқанда алдыңғы және артқы, екі иықта тұрған екі темір тілкемге тоғалармен бекітіледі. Екі қолында да иықтардан қолдардың ашық білезіктеріне дейін созылатын бөліктер бар. Және әрбір тізеде де бөліктер бар. Осы бөліктердің барлығы төғалармен бекітіледі. Үстіндегі дулыға темірден немесе мыстан жасалған, ал мойын мен тамақты қорғайтын нәрсе терінен жасалған. Және бұл тері бөліктердің барлығы жоғарыда көрсетілген тәсілмен қосылған.
ІІ. Кейбіреулерінде жоғарыда аталғандарының бәрі темірден сөйтіп жасалған: олар жіңішке, ені бір саусақтай, ал ұзындығы бір алақандай тілкемді жасап, осылайша көп осындай тілкемдерді дайындайды; әрбір тілкемде олар сегіз кішкентай тесік жасап және олардан үш тығыз және мықты қайыс өткізіп, тілкемдерді кемерлер бойынша көтерілгендей бір біріне салады және жоғарыда аталған тілкемдерді тесіктерден өткізген жіңішке баулармен қайыстарға байлайды; жоғарыда бір бауды ендіре тігеді, бұл бау ұштарында екіге бөлінеді және басқа баумен тігіледі; сөйтіп жоғарыда айтылған тілкемдер жақсы және мықтап жуысып, тілкемдерден бір қайысты құрастырады, ал сосын барлық бөліктерді жоғарыда айтылғандай бірге байлайды. Осылайша олар ат пен адамдарды да қаруланыру үшін істейді. Және олар адам өз бетін көре алатына дейін бәрін жылтыр етеді.
III. Олардың кейбіреулерінде найза бар, ал найзаның темір мойында мүмкін болғанда ерден адамды сүйреп түсіретін бір ілгек бар. Олардың жебелерінің ұзындығы екі фут, бір алақан және екі саусақ, ал фут басқа-басқа болғандықтан, біз мұнда геометриялық фут өлшемін келтіреміз: арпаның он екі дәні саусақтың кесе-көлденең енідей, ал саусақтың он алты кесе-көлденең ені геометриялық футты құрайды. Жебелердің темір ұштары өте өткір және екі жүзді семсер сияқты екі жақтан кеседі. Олар қылшандармен бірге жебелерді өткірлеуге арналған егеулерді өздерімен бірге ылғи тасыйды. Жоғарыда аталған темір ұштарда ағашқа салынатын бір саусақтай ұзындығы үшкір құйрық бар. Қалқандары тал немесе басқа да шыбықтардан жасалған, бірақ біздің ойынызша олар қалқандарын тек ордаларында императоры мен төрелерін қорғау үшін және тек түнде ғана пайдаланады. Сондай-ақ оларда құстар мен аңдарды және қарусыз адамдарды атуға арналған үш саусақтай ені басқа да жебелері бар. Оларда құстар мен аңдарды атуға арналған тағы да әртүрлі жебелері бар.
§ III. Қақтығыстағы айлары туралы
I. Соғысқа барғысы келгенде олар алдына киізден, жылқыдан және қарудан басқа ештеңе жоқ ізашарларды (praecursores) жібереді. Олар ештеңе тонамайды, үйлерді өртемейді, аңдарды өлтірмейді, тек адамдарды жараландырады да өлтіреді, ал егер басқаша мүмкін болмаса, жауларды қаштырады. Бірақ олар қаштыруның гөрі әлдеқайда ынталана өлтіреді. Олардың артынан, керісінше, барлық тапқан нәрселерді алып кететін әскер еріп жүреді; адамдарды да тапса, тұтқынға алады немесе өлтіреді. Осыдан кейін, әскерлердің басшылығында тұрған кісілер адамдар мен бекіністерді табуға міндетті және бұл мәселеде өте шебер хабаршыларды жібереді.
ІІ. Өзендерге жеткенде, тіпті үлкен болса да, олардан келесі түрде өтеді: атақтар дөңгелек және тегіс терді алып, шеңбер бойы тұтқаларды жиі жасайды және, оларға арқанды салып, дөңгелек қап сияқты нәрсені түзеді және бұл қапты киімдері мен басқа да мүліктерімен толтырады және өте берік байлайды; осыдан кейін ортасында ерлер мен басқа да қатты заттарды салады; адамдар да ортасына отырады. Сосын осылайша дайындалған кемені жылқы құйрығына байлап, бұл атты бағындыратын адамның атымен қатар алға жүздіртеді. Кейде олар екі ескекті алып, еседі де осылайша өзеннен өтеді, ал аттарды суға қуады, бір адам алғы аттын қасында жүзіп, оны бағындырады, ал қалған аттар олардың артынан ереді және осылайша су мен үлкен өзендерден өтеді. Ал кедейлерде мықты тігілген былғары дорбалар бар; мұндай дорба әрбірінде болуы тиіс. Бұл дорбаға немесе қапқа олар киімдері мен барлық мүліктерін салады да, оны өте берік байлап, аттың құйрығына іледі және жоғарыда айтылғандай өзеннен өтеді.
III. Олар жауларын көргенде әрдайым шабуыл жасайтынын білу тиіс. Әрқайсысы қарсыластарына үш-төрт жебелерді тартады, ал оларды жеңе алмайтынын көрсе, өздердікіне қайтып оралады. Бірақ мұны жаулары оларды торуыл жасалған жеріне дейін қусын деп алдап жасайды. Егер жаулары жоғарыда аталған торуылға дейін қуса, оларды қоршап алады да жаралап өлтіреді. Дәл осылайша, егер олар өздеріне қарсы үлкен әскер тұратынын көрсе, кейде одан бір немесе екі күндік жолға кетеді де елдің басқа бөлігіне жасырын шабуыл жасайды, оны тонап, адамдарын өлтіреді және, елді бұзып, оны ойран қылады. Ал егер олар мұны істей алмайтынын көрсе, онда он немесе он екі күндік жолға кері шегеді. Кейде олар жаулардың әскері бөлінгенінше қауіпсіз жерде тұрып, содан кейін жасырын келеді де бүкіл жерді ойран қылады. Сөйтіп соғыста олар өте қулықты болады, өйткені басқа халықтармен қырық жылдан аса шайқасып жүр.
IV. Ал шайқасқа кірісудінің алдында олар тиісті түрде барлық әскерлерін орналастырады. Көсемдері және әскер басшылары ұрысқа түспей, жаулардың әскерлеріне қарсы алыста тұрады, ал олардың жанында балалар мен әйелдер және жылқылар болады. Кейде олар адамдар бейнелерін жасап, оларды аттарға отырғызады. Мұны олар соғысушылары санының үлкендігі туралы адастыру үшін жасайды. Жаулардың алдына олар араларында жүретін тұтқындар мен басқа халықтардың жасақтарын жібереді; олармен кейбір татарлар да бара алады. Батыл адамдардан құрылған басқа жасақтарын олар қарсыластары көрмейтіндей үшін оңға және солға алысқа жіберіп, сөйтіп қарсыластарын қоршайды да ортасында жабады және барлық жақтан шабуылдайды. Кейде олардың сандары кем болса да, қоршалған қарсыластары олардың көп екенін елестетеді. Әсіресе жаулары жоғарыдай айтылғандай көсем немесе әскер басшысы жанында жиналған балалар мен әйелдерді және жылқылар мен адамдар бейнелерін көргенде, оларды жауынгерлер деп қорқып және абыржап кеткенде былай болады. Ал егер қарсыластар сәттілікпен шайқаса, татарлар оларға қашуға жол беріп, аналар қашып, бір-бірінен ажыраса бастағаннан кейін, татарлар оларды қуып, жаулар қашқан кезде, әдеттегі ұрыста өлтіре алатынан гөрі көбірек өлтіреді.
Алайда, егер басқаша мүмкін болса, олар ұрысқа түспеуді артығырақ ұнатады, бірақ адамдар мен жылқыларды жебелермен жаралап өлтіреді, ал адамдар мен жылқылар жебелер кесірінен әлсіреп кеткенде, татарлар шабуыл жасайды.
§ IV. Бекіністерді қамау туралы
Бекіністерді олар мына жолмен жаулап алады. Бір бекініске жетіп, олар оны қоршайды, кейде ешкім кіре немесе шыға алмайтына дейін қоршайды. Сосын зеңбіректермен және жебелермен өте батыл соғысып, бір күнге не түнге де шайқасты тоқтатпай, бекіністердегі демалтпайды, ал татарлардың өздері әскерлерін бөліп және бір-бірін алмастырып, демалады және сөйтіп көп шаршамайды. Егер олар мына жолмен бекіністі баса алмаса, онда оған грек отын лақтырады. Оның үстіне кейде олар өлтірілген адамдардың майын алады да, оны ерітіп үйлерге құйып алады, ал осы майға өрт түскен барлық жерде ол тұтанып қалады да сөнбей жанып тұрады. Дегенмен, шарапты немесе сыраны бұл отқа құйып, оны өшіруге болады, ал егер ол денеге құлап қалса, алақанмен сипап оны сөндіруге болады. Ал егер олар былай да жеңе алмаса, қамалған қалада бір өзен болса, онда оны бөгеттейді немесе басқа арнаны жасайды және, мүмкін болса, бұл бекіністі суға батырады. Егер мұны істе алмаса, онда бекіністің астынан үңгіржолды қазып, қаруларымен оған кіреді. Ал кірген кейін олардың бір бөлігі қаланы өртеп жіберу үшін от лақтырады, ал екіншісі сол бекіністегі адамдарымен шайқасады. Егер былай да оны жеңе алмаса, онда қарсысында өз ордаларын немесе жау жебелері келтіретін найзасынан қорғайтын өз бекінісін қояды да, егер олармен күресетін әскер жәрдем алып, оларды күштеп қуа алмаса, сөйтіп ұзақ уақыт тұрады.
§ V. Татарлардың арамзылығы мен тұтқындарға қарсы қатыгездігі туралы
Бірақ олар бекініске жеткенде, оның тұрғындары қолдарына берілуі үшін олармен еркелетіп сөйлейді және көп уәде береді. Егер анаулар берілсе, оларға былай дейді: «Біздің салт-дәстүрімізге сәйкес сендерді санаумыз үшін шығыңдар». Ал олар шыққан кейін, татарлар қолөнерші кім екенін сұрайды да оларды және құлдарға айналдыратын адамдарды қалдырады, ал басқаларды балтамен өлтіреді. Бірақ кейбіреулерді аяса да, бекзат және мәртебелі кісілерді ешқашан да аямайды, ал егер қандай да бір жағдайларға байланысты ақсүйектерді қалдырса, онда олар не жалыныштар, не төлемдер арқылы тұтқыннан кете алмайды. Соғыс кезінде олар тұтқынға алынғандардың барлығын өлтіреді, тек құлдарға айналдыратын адамдарды қалдырады.
Өлтіруге тағайындалған адамдарды жүз басшылардың арасында бөледі, ал олар өз қалауынша әрбір құлына он немесе одан да көп не аз береді, ал анаулар тұтқындарды екі жүзді айбалталармен өлтіреді.
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
Татарлар адамдармен қалай бітім жасайтыны, жаулап алған елдердің атаулары, оларға қарсылық көрсеткен елдер және өз бодандарына көрсеткен қатыгездігі туралы
Олар қалай соғысатынын сипаттап, өз билігіне бағындырған жерлер туралы айту керек. Бұл туралы біз мынадай түрде жазамыз: алдымен, олар адамдармен қалай бітім жасайтыны; екіншіден, өздеріне бағындырған елдердің атаулары; үшіншіден, оларға батыл қарсылық көрсеткен елдер; төртіншіден, өз бодандарына көрсеткен қатыгездігі туралы айтамыз.
§ I. Адамдармен қалай бітім жасайтыны туралы
I. Өздеріне бағынбаған адамдармен олар бітімді жасамайтынын білу тиіс, себебі, жоғарыда айтылғандай, Шыңғысқан берген бұйрығына сәйкес олар, мүмкін болса, барлық халықтарды өздеріне бағындыруға міндетті. Міне олардан талап ететіні: татарлардың қалауынша әскері мен бірге кез-келген адамға қарсы бару және барлық адамдар мен бүкіл мүліктерінен оннан біреуін беру. Атап айтқанда, татарлар он бозбаланы санап, біреуін алып кетеді, дәл осылайша қыздармен да істейді. Бұларды олар өз еліне апарады да құл ретінде ұстайды. Қалғандарын санап, өз салт-дәстүрлеріне сәйкес бөледі. Ал оларға толық билікке жеткенде, ешбір берген уәделерінде тұрмай, керісінше бодан халқыға кез келген жолмен зақым келтіруге тырысады. Мысалы, Руссияда болғанымызда, сол елге, жұрт айтуынша, Күйікқан мен Бату партиясына жатқан бір саррацин жіберіліп, үш ұлы бар әр адамнан біреуін алып кетті. Cонымен қатар, ол әйелдері жоқ барлық ер адамдарды алды және де заңды күйеулері жоқ әйелдермен де дәл осылай істеді және тіленшілікпен азықтандыратын қайыршыларды да көшіріп қондырды. Ал қалғандарын өз дәстүріне сәйкес санап, әрбіріне, үлкені мен кішісіне де, тіпті бір күндік сәбиге де, кедей не бай болса да, мынадай алымды төлеуге бұйырды: ақ аюдың бір терісі, бір қара құндыз, бір қара бұлғын, бір қара түлкі терісі және сол жерде тұратын кей қара жануардың бір терісі. Жаңағы жануардың атауын латын тілінде біз жеткізе білмейміз; немістер оны „Iltis”, ал поляктар мен орыстар «дохорь» дейді. Ал мұны бермеген кез келген адам татарларға апарылып, құлға айналуы тиіс.
ІІ. Сондай-ақ татарлар, елдердің әміршілеріне жіберіп, оларды өздеріне келтіреді, ал анаулар келгенде, еш тиісті құрмет көрмейді, бірақ басқа жеккөрген адамдардың қатарына қоса саналады және көсемдерге де, олардың әйелдеріне де, төрешілдерге де, мың мен жүз басшыларына да ұлы сыйларды беруге мәжбүр болады. Бұл аз болғандай, татарлардың түгелдері, тіпті құлдардың өздері де масқара беймазылықпен олардан да, олар жіберілген елшілерінен де сыйлық сұрайды. Михаил мен басқаларға болғандай, татарлар кейбіреулерді өлтіруге сылтау табады, кейбіреулерге басқаларды келтіру үшін оралып қайтуға жағдай береді, ал кейбіреулерді сусындармен немесе улармен құртып жібереді. Өйткені олардың ойлары – бүкіл жер бетінде үстем болу, сондықтан олар атақты кісілерді өлтіру сылтау іздейді. Қайтып оралуға мүмкіндік алатын адамдардан татарлар ұлдарын немесе бауырластарын талап етіп, оларды ешқашан да босатпайды. Мыс осылай Ярославтың ұлына, кей аландар көсеміне және көптеген басқаларға да болды. Ал егер бір тұтқынның әкесі немесе ағасы мұрагерсіз қайтыс болса, татарлар ешқашан да оның ұлын немесе бауырласын жібермейді; керісінше, олар оның мемлекетін толығымен жаулап алады. Солангтардың бір көсеміне былай болғанын өздеріміз көрдік.
III. Қайтып оралуға рұқсат алған адамдардың елдеріне татарлар башафтарын, яғни наменгерлерін қояды. Көсемдер де, басқалар да олардың әр ишаратына бағынуға мәжбүр, ал егер бір қаланың немесе бір жердің халығы олардың қалауынша жасамаса, жаңағы башафтар оларды татарларға қарсы опасыздық жасаған деп айыптайды және олардың қаласы мен жерін құртады, ал татарлардың күшті жасағы бұл жердің өкім жүргізушінің бұйрығы бойынша байқаусызда келіп және кенеттен онда тұрған адамдарға атылып, оларды өлтіреді. Біз татарлардың жерінде болғанымызда дәл осылай олардың өздері орыстарға билік жүргізуге қойған құмандар еліндегі қалаға болды. Тек қана жерді басып алған татар әміршісі немесе оның наменгері емес, бірақ бұл жерден немесе қаладан өтетін әр татар да, әсіресе олардың атағырақ деп саналатын адамдары жергілікті халқына мырза секілді болады. Сондай-ақ олар алтын мен күмісті және басқа нәрселерді талап етеді де кез келген шартсыз не болса да және қанша болса да зорлап алады.
IV. Бұған қоса, егер берілген билеушілерде бір даулы жағдайлар пайда болса, олар татарлардың императоры қарауына келу тиіс. Георгиания патшасының екі ұлы да бағана солай істеді. Атап айтқанда, біреуі заңды болды, ал екіншісі аты Дәуіт зинақорлықтан туды, ал заңды ұлының аты Мәлік болды. Зинақор әйелдің ұлына әкесі жердің бір бөлігін қалдырды, ал кіші болған басқа ұлы жоғарыда аталған Дәуіт бірінші болып жетпесін деп анасымен бірге татар императорына барды. Кішісінің, яғни Мәліктің анасы Георгианияның патшайымы болатын, ал оның күйеуі ол арқылы патшалыққа ие болды, өйткені бұл патшалық әйелдер арқылы иеленілетін. Бұл әйел жолда қайтыс болды. Ал екі бауырластар келген соң, үлкен сыйлықтарды таратты, әсіресе әкесі Дәуітке қалдырған жер бөлігін талап еткен заңды ұлы, өйткені анау, зинақор әйелдің ұлы болғандықтан, бұл бөлікке ие болмауы тиіс еді. Ал жаңағы былай деп жауап берді: «Күңнің ұлы болсам да, бірақ заңды зайыл мен күңнің ұлдарының арасында ешқандай айырмашылық жасамайтын татарлар дәстүріне сәйкес маған әділдік көрсетілуіңізді сұраймын». Сондықтан үкім заңды ұлына қарсы шығарылды: ол, ағасы Дәуітке бағынып, тыныштық пен жанжалсыздықта әкесі оған берген жерге иелік ету тиіс. Сөйтіп Мәлік таратқан сыйлардан айырылып, ағасына қарсы жүргізген ісінде де ұтылды.
V. Олар алыста қоныстырған және оларға бағынбайтын басқа елдермен шектес халықтардан да алым алады. Ал айтылған елдерге, әскерлерінің басқындарынан белгілі дәрежеге дейін қорқып және басқалар оларға берілуден күдіктенбесін деп, татарлар тілектестік көрсетеді. Дәл осылай олар обездер мен георгиандарға істеп, анаулар енді, жоғарыда айтылғандай, алым ретінде қырық-елу иперпер немесе бизанций төлейді. Басқа халықтарға олар әзірше тыныштықта өмір сүруілеріне мүмкіндік береді, алайда, өздеріміз олардан білгеніміздей, оларды да жаулап алуға ниеттері бар.
§ II. Өздеріне бағындырған елдердің атаулары туралы
Олар жаулап алған елдердің атаулары мынадай: Қытайлар, Наймандар, Солангтар, Қарақытайлар, Қомана, Тумат, Уойрат, Қараниттер, Ғұйыр, Су Моңғал, Меркіттер, Мекріттер, Сары Ғұйыр, Басқарт, яғни Ұлы Венгрия, Кергіс, Касмир, Саррациндер, Бисерминдер, Түрікмендер, Билерлер, яғни Ұлы Бұлғария, Корола, Қомуқтар, Буритабет, Паросситтер, Қасса, Якобиттер, Аландар немесе Асстар, Обездер немесе Георгиандар, Несториандар, Армендер, Қанғиттер, Қомандар, яһуди дініне жатқан Брутахтар, Мордвалар, Түріктер, Хазарлар, Самоди, Парсылар, Тарқтар, Кіші Үндістан немесе Эфиопия, Чиркастар, Рутендер, Балдах, Сарттар. Басқа да көптеген елдер бар, бірақ олардың атауларын біз білмейміз. Жоғарыда аталған елдерден келген ерлер мен әйелдерді де көрдік.
§ III. Оларға батылықпен қарсылық көрсеткен елдер туралы
Оларға батылықпен қарсылық көрсеткен және әлі бағынбаған елдердің атаулары мынадай: Ұлы Үндістан, Маңғия, кейбір Аландардың бір бөлігі, Қытайлардың бір бөлігі, Сакстер. Осы Сакстерді айтқанда, татарлар бұл елдегі бір қаласын қоршап қамады да оларды жеңіп алуға тырысты. Бірақ жаңағылар олардың машиналарына қарсы өз машиналарын жасап, барлық татарлардың машиналарын сындырып тастады. Сондықтан машиналар мен баллисталарына бола татарлар қалаға шайқас үшін жақындай алмады. Ақырында олар жер астында жол жасап, қалаға қарғып кірді және оны жағуға тырысты. Ал қала тұрғындары халқының бір бөлігін өрт сөндіруге тағайындады, ал басқа бөлігі қалаға кірген татарлармен шайқасып, көпшілігін өлтірді, ал басқаларды жараландырып, шегінуге мәжбүр етті. Сонда татарлардың өздері ештеңе істей алмайтынын және көпшілігінің қаза тапқанын көріп, сол жақтан кетті.
§ IV. Олар өз бодандарына көрсеткен қатыгездігі туралы
Саррациндер жерінен және басқа да Татарлар иеленетін елдерден олар барлық үздік қолөнершілерді алып кетеді және өз істеріне тағайындайды. Ал қалған қолөнершілер өз кәсібінен салық төлейді. Барлық егіндерді олар өз мырзаларының қоймаларына жинап қояды, бірақ анаулар оларға азықтану үшін жеткілікті дәндер мен нанды да береді. Ал қалғандарының әрбіріне олар наннан өте азғантай күндік өлшемін және аптасына үш рет еттен шағын ғана үлесін береді. Сөйтіп олар тек қалаларда тұрған қолөнершілер үшін істейді. Бұған қоса әміршілері қалағанда олар барлық жігіттерді әйелдерімен және ұлдарымен бірге алып, артынан малайларының арасында еруге мәжбүр етеді. Дегенмен, бұл жігіттер татарлар я, дұрысырақ айтқанда, тұтқындар қатарына жатады, өйткені олар татарлар деп саналса да, татарлардың өздері сияқты қадірлі болмай, құлдарға теңестіріледі және басқа тұтқындардай барлық қауіп-қатерлерге жіберіледі. Өйткіне соғыстарда олар бірінші болып жүреді, ал батпақтан не қауіпті судан өтуге керек болса, онда олар өткелді алдымен байқап қарау тиіс. Олар да бүкіл жұмысты істеу керек. Ал егер олар біреуді қорласа немесе оның ишаратына бағынбаса, онда есектердей соққыға ұшырайды. Қысқаша айтқанда, егер өздері зергерлер не басқа да жақсы қолөнершілер ретінде бірдеңе таба алмаса, жейтіндері аз, ішетіндері де аз, ал киімдері масқара. Бірақ кейбіреулерінің қожалары оларға ештеңе бермейтіне шейін жаман, және, бірдеңені ұрлап кетпесе, мырзалары тапсырған істердің көпшілігінен қаржы табуға да уақыттары жоқ. Тек демалатын немесе ұйықтайтын уақытта олар қосымша жұмыс істе алады, бірақ мұны да жасауға тек әйелдер мен өз үйлері бар тұтқындардың мүмкіндіктері бар. Ал құлдар ретінде үйлерінде ұсталатын қалғандары кез келген аяушылыққа лайық: біз оларды аяқтарында үлбір шалбар, бірақ денелері қатты аптапқа не аязға қарамастан жалаңаш жүретіндерін жиі көрдік. Сондай-ақ қатты үскірік кесірінен саусақтарынан немесе башпайларынан айрылып қалғандарын да көрдік, ал басқаларының өлгендерін немесе денелері барлық мүшелерінің жарамсыз болып кеткендерін естедік.
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
Соғыс кезінде татарларды қалай қарсы алуға тиіс екені, ниеттенетін істері, қару-жарақтары мен әскерлерінің құрылымы, шайқас кезінде олардың қулықтарына қалай жауп қайтару керегі, бекіністер мен қалаларды нығайтылуы және тұтқындармен не істеу керегі туралы
Оларға бағынған жерлері туралы баяндап, татарларды соғыс кезінде қалай қарсы алуға тиіс екені туралы айту керек. Бұл туралы біз мынадай түрде хабарлайық: алдымен олардың ниеттері туралы, екіншіден, қару-жарақтары мен әскерлерінің құрылымы туралы, үшіншіден, қақтығыс кезінде олардың қулықтарына қалай жауап қайтару керегі туралы, төртіншіден, бекіністері мен қалаларын нығайтулары туралы, бесіншіден, тұтқындармен не істеу керегі туралы жазамыз.
§ I. Татарлардың ниеттері туралы
I., Шыңғысқан бұйрығына сәйкес татарлар мүмкінінше бүкіл әлемді бағындырып алуға ниеттенеді. Сондықтан олардың императоры өз жарлықтарында: «Құдайдың батылдығы, барлық адамдардың императоры» деп жазады, ал мөрінің жазуында былай тұр: «Құдай аспанда, ал Күйікқан жер бетінде, Құдайдың батылдығы. Барлық адамдар императорының мөрі». Сол себепті қолдарына өз еркімен берілуге қадамайтын адамдармен олар бітім жасамайды. Ал әлемде христиандықтан басқа олар басып алмаған бірде-бір ел қалмағандықтан, олар бізге қарсы соғысына дайындалып жатыр. Сондықтан да біз татарлар жерінде болған кезде Күйікті олардың императорына (олар оны өз тілінде «қан» дейді) сайлаған салтанатты отырысқа өздеріміз қатысқанымызды барлықтарың біліңдер. Сонда жаңағы Күйікқан барлық төрелерімен бірге былай деді: егер Құдай Шіркеуі мен Рим Империясы, христиандардың барлық патшалықтары және Батыс халықтары Папа мырза мен Батыстағы христиан әміршілеріне және барлық халықтарына берген Күйіктің бұйрығын орындамаса, онда татарлар оларға қарсы туын көтереді. Біздің ойымызша, мұны өз көзімізбен көрген және олар барлық бағынышты халықтарды айналдырған шектен тыс және төзгісіз, құлақ естімеген құлдыққа қарап істеуге болмайды. Оларға ешқандай сенім жоқ, және бірде-бір халық олардың сөздеріне сенім бермеуі тиіс, өйткені олар жағдайдың олар үшін қолайлы екенін көргенде, барлық істері мен уәделерінде зұлым болып шығады, әрі тіпті, жоғарыда айтылғандай, барлық әміршілерді, ақсүектерді, жауынгерлерді және асыл қайраткерлерді жер бетінен құртып тастауға ниеттеніп, мұны өз бодандықтарына қатысты жауыздықпен және ептілікпен істейді. Бұдан басқа, жексұрындықтарына қарап, оларға бағынуы христиандар үшін лайқсыз болып көрінеді. Себебі Құдайды құрметтеу дегені оларда түкке шығады, жандары құриды, денелері сенбейтін азаптарды шегеді. Дұрысын айтқанда, басында олар жарамсақ болып, кейін қаршаяндардай шағады да қинап қорлайды. Оның үстіне олар христиан халықтарына қарағанда аз, ал денелері әлсіз.
ІІ. Ал жоғарыда ескерілген жиналыста жауынгерлер мен әскерінің басшылары тағайындалды. Мемлекетінің әр жерінен он адамнан үшеуі малайларымен бірге жібереледі. Бізге айтқандай, бір әскері Венгриямен, ал екіншісі Польшамен өтіп, 18 жыл бойы үздіксіз шайқасу тиіс. Жорық мерзімі де тағайындалды: өткен наурыз айында біз барлық татарлардан жиналған әскерін Руссия жерінің жанында таптық. Үш-төрт жылдың ішінде олар Қоманияға жетеді, ал Қоманиядан жоғарыда аталған елдерге шабуыл жасайды. Алайда, біз олар үшінші қыстан кейін бірден келеді ме әлде аяқ астынан шабуыл жасау үшін біраз күтеді ме, білмейміз. Егер, татарлар Венгрия мен Польшаға келгенде болғандай, Тәңіріміз Өз мейірімінен оларға бір бөгелісті жасамаса, жоғарыда айтылған барлығы міндетті түрде шынында орындалады. Нақтырақ айтқанда, олар, отыз жыл соғысып, алға жылжуы тис еді, бірақ олардың императоры сол кезде умен уланып өлді, сондықтан олар әзірше соғыспай тынышталды. Бірақ қазір, жаңа император сайланған кейін, олар қайтадан соғысқа дайындала бастады. Император өз әскерін Ливония мен Пруссияға жібергісі келетінін өз аузымен айтты.
III. Ол бүкіл жерді жұтату я құлдыққа айналдыру қалағандықтан және бұл құлдық халығымыз үшін төзгісіз болғандықтан, оны, жоғарыда айтылғандай, соғыспен қарсы алу тиіспіз. Бірақ, егер бір аумақ екіншісіне көмек көрсеткісі келмесе, онда олар шабуылдап жатқан жерді жұтатып, сонда тұтқындаған адамдарды сол екінші жерге қарсы соғысқа жетелеп апарады, және бұл тұтқындар алдыңғы саптарында жүреді. Егер олар нашар шайқасса, ажалдарын табады, ал жақсы шайқасса, татарлар оларды жалған уәделерімен және жарамсақ сөздерімен ұстауға тырысады, сондай-ақ олар қашпауы үшін оларды ұлы мырзалар етуге уәде береді, ал олар кетпейтіне сенімді болғанда, ең сорлы құлдарға айналдырады. Дәл осылай олар малайлар және күңдер ретінде ұстағысы келетін әйелдерге де істейді. Сөйтіп олар жеңген аумақтың адамдарымен бірге басқа жерді жұтатады. Және, біздің ойымызша, егер Құдайдың өзі адамдар үшін шайқасқысы келмесе, татарларға өзімен өзі қарсылық көрсете алатын бірде-бір аумақ жоқ, себебі, жоғарыда айтылғандай, соғысқа олар бүкіл олардың мемлекетінен жиналады. Сондықтан, егер христиандар өздерін, өз жерін және христиандықты сақтағысы келсе, онда, татарлар жер бетінде тарала бастағанша, елдеріміздің патшалары, төрелері, барондары және әміршілері бірге жиналып, ортақ шешім қабылдап, оларға қарсы шайқасуға адамдарды жіберуі тиіс, өйткені, егер олар жер бетінде тарала бастаса, біреу де басқаларға көмек көрсете алмайды, себебі татарлар бірнеше топқа бөлініп әрқайда да ададмарды табып өлтіреді, ал егер біреулер бекініске жабылса, онда олар бекіністің немесе қаланың айналасына үш-төрт мың әлде одан да көп адам қояды да, қалғандары бәрібір жер бетінде таралып, адамдарды өлтіреді.
§ II. Қару-жарақтары мен әскерлерінің құрылымы туралы
I. Олармен шайқасқысы келетіндерде мынадай қару-жарақтары болуы тиіс: жақсы және мықты садақтар, олар өте қорқатын баллисталар, жебелердің жеткілікті саны, жақсы темірден жасалған күрзі немесе ұзын сапты айбалта. Садақтар мен баллисттарға арналған жебелердің ұштары, татарлардықыдай сияқты сауыттарын түйре алатыны үшін, ыстық болғанда тұз қосылған сумен шынықтыру керек. Дәл солай семсерлер және жауларды ерлерінен сүйреп түсіретін ілгекті найзаларды жасау да тиіс, өйткені татарлар өте оңай ерден құлайды. Сонымен қатар кездіктер мен қосарланған сауыттарды да сөйтіп шынықтыру керек, себебі олардың жебелері сондай қорғаныш пен дұлығаларды және басқа да дене мен атты сақтайтын қаруларды әрең түйрейді. Ал жақсы қаруланбаған адамдар, татарлар істегендей, басқалардың артынан жүріп, садақтарымен немесе баллисталарымен оларға атуға тиіс. Тұжыра айтқанда, жандарымызды, денелерімізді, бостандығымызды және бүкіл басқа нәрселерімізді де сақтау үшін қарулар дайындауға ақша аямауымыз тиіс.
ІІ. Саптарды, татарлар сияқты, мыңдық, жүздік және ондық басшылары мен әскер көсемдеріне бағындыру тиіс. Бұл көсемдер, татарлардың көсемдері де сияқты, шайқасқа ешқандай түрде түспей, әскерін бақылап, жөн сақтау керек. Сонымен қатар олар ұрысқа бір шақта шығу деген заңды қабылдаулары тиіс, әйтпесе, тұрғызылғанына қарай, шайқасқа бара жатқандарды немесе шайқасып жүретіндерді тастап немесе, барлықтары арқаларын бермегенде, қашып кеткен әрбір адам ауыр жазаға тартылуы тиіс. Өйткені олай болғанда, соғысатын татарлардың бір бөлігі қашқындарды қудалап, жебелерімен өлтіреді, ал басқа бөлігі қалатындармен соғысады, және осылайша қалатындар да, қашатындар да састырылып, қырылып жойылады. Сонымен бірдей қарсыластардың әскерін біржолата жеңгеннен бұрын олжаны жинауға бастаған кез келген адам ең ауыр айаппұлға тартылуы тиіс. Мысалы, татарлар мұндай адамды еш аянышсыз өлтіреді.
§ III. Шайқас кезінде олардың қулықтарына қалай жауап қайтару керек екені туралы
I. Мүмкін болса, шайқасқа таңдап алған орны татарларды барлық жерден көруге жағдай беретін тегіс жазық болуы керек. Мүмкінінше, артынан әлде бүйірден үлкен орман, бірақ татарлар әскер мен орман арасына кіре алмайтындай болуы керек. Бұдан басқа барлығына бірдей жиналуға болмайды, бірақ өзарадан бөлінген, алайда бір-бірінен өте қашық емес көп жасақтарды құру керек. Бірінші болып келе жатқандарға қарсы бір жасақты жіберілуі тиіс. Ал егер татарлар өтрік қашуды жасаса, олардың артынан алысқа барудың қажеті жоқ, әйтпесе жаулар, әдетінше істегендей, тосқауылға алдап әкелуі мүмкін. Ал басқа жасақ бұл жасаққа керек кезде көмектесуге дайын болу тиіс. Оның үстіне артынан, оң не сол жағынан келе алатын татарлардың басқа жасақтарын байқау үшін барлаушыларды әр жерде қою керек, және олардың бір жасағына қарсы әрдайым бір жасақты жіберу тиіс. Өйткені, олар әрқашан да қарсыластарын ортада жабуға тырысатынан, мұны істеуге оларға мүмкіндік бермеу тиіс, себебі былай бола қалса, әскеріміз оңайырақ жеңіледі. Татарлар әдетінше жасайтын тосқауылдарынан сақтану үшін жасақтарымыз оларды алысқа қуудан тартынуы тиіс, өйткені олар батылдықтан гөрі зұлымдыққа сүйеніп күреседі.
ІІ. Әскер көсемдері ұрыста жүрген адамдарға, қажет болса, көмек жіберуге әрқашан да дайын болуы тиіс. Міне татарларды тым алысқа қумауға тағы бір себебі, өйткені біздікілер былай сөйтсе, онсыз да аз болған аттарын шаршатады, ал татарлар, атпен бір күн жүрсе, сосын үш-төрт күн бойы оған мінбейді. Сондықтан олар, аттары мол болғандықтан, олар шаршап қалады деп алаңдамайды. Татарлар шегіне бастаса де, біздікілерге кетуге не бір-бірімен бөлінуге болмайды, өйткені олар жауларының әскерлерін бөліп, жерлеріне кедергісіз кіру және оны бүтіндей ойрандау үшін мұны өтрік жасайды. Сондай-ақ азық-түлікті әдетінше артықтау жұмсаудан сақтану тиіс, әйтпесе олардың жетіспеушілігінен біздікілер, қайтып оралуына мәжбүр болып, әскерімізді қырып жойып бүкіл жерімізді ойрандауға және татарлардың таралуынан Құдай атын қорлауға жол ашып кетеді. Бірақ мұны, кейбір жауынгерлердің шегінулеріне жазым шықса, басқалар олардың орнын алатындар үшін ынтамен істеу керек.
III. Сонымен қатар көсемдеріміз әскерін күні-түні қорғауға мәжбүр ету тиіс, өйткені татарлар, жын-шайтандар сияқты, көптеген арам қастықтар мен зияндау тәсілдерін үздіксіз ойлап табып жүреді және кенеттен байқаусызда шабуыл жаса алады. Оның үстіне әрқашан да күні-түні дайын болу керек, шешініп жату және салқындаған кейін үстел басына отыруға да болмайды, себебі ешқашан да ұйықтамай зиян келтіруге мүмкіндік қарап жүретін татарлар бізді даярлықсыз күйде таба алмауы тиіс. Татарларды күтіп әлде олар келіп қалама деп қорқып отырған бір елдің тұрғындары егіндері мен басқа нәрселерін салып қоятын жасырын шұңқырларды қазып алу тиіс. Мұны жасауға екі себеп бар: біріншіден, бұл заттар татарлардың қолдарына түспеуі үшін; екіншіден, Құдай рақым етсе, татарлар қашқан соң мұнын бәрін қайтадан шығарып алу үшін. Сондай-ақ, татарлардың жылқылары мүмкінінше азырақ жем тапсын деп, пішен мен сабанды жағып жіберу әлде жақсылап тығып қою тиіс.
§ IV. Бекіністер мен қалаларды нығайту туралы
Қалалар мен бекіністерді нығайтуды қаласаңыз, ең алдымен олар орналасқан жерін қарау керек. Бекіністердің орналасқан жері мынадай болуы тиіс: қарулар мен жебелер көмегімен жаулап алуға және кіреберіс пен шығаберісті кесіп тастауға мүмкін бермеуі, сондай-ақ су мен отын және кезекпен шайқаса алатын адамдар жеткілікті болуы тиіс. Сонымен қатар татарлар бекіністі қулықпен жаула алмасын деп мұқият байқау керек. Көп жылға жеткілікті азық-түлік қоры болуы тиіс. Дегенмен, бұл қорды мұқият сақтап, белгілі бір мөлшерде тұтыну керек, өйткені бекіністе қанша уақыт қамалуға тура келетіні белгісіз. Аландар жерінде осы күнге бола жатқандай, татарлар бекіністі қорша бастап, көп жылдар бойы айнала тұр. Біздің есебімізше, олар аландардың бекінісін он екі жыл бойы қоршап тұр, және, айта кетсек, анаулар батыл қарсылық көрсетіп, көптеген татарларды, олардың арасында ақсүйектерін де өлтірді. Осылайша орналастырмаған бекіністер мен қалаларды терең орлармен және жақсылап салынған қабырғалармен қатты күшейту керек. Оған қоса садақтар мен жебелердің және тастар мен сақпандардың жеткілікті саны болуы тиіс. Және машиналармен татарлардың машиналарын тойтарып, оларды қоюға мүмкіндік бермеу керек, ал егер, бір амалды ойлап шығарып, татарлар өз машиналарын қоя алса, онда, мүмкін болса, оларды машиналармен бұзу қажет. Сондай-ақ баллисталардың, сақпандардың және қарулардың көмегімен қарсылық көрсетіп, оларды қалаға жақындамау тиіс. Бұлайша, жоғарыда айтылғандай, барлық жағынан дайын болу керек. Сонымен қатар өзендерде орналасқан бекіністер мен қалаларды батыра алмайтына мұқият байқау керек. Оның үстіне татарлар жауларымен айдалада шайқасуынан гөрі олардың қалалар мен бекіністерде жабылатынды ұнатады. Солай болғанда олар былай дейді: «Бұл қораға қамалған торайларымыз, оларды қарауылдауымыз керек».
§ V. Тұтқындармен не істеу керегі туралы
Соғыста аттарынан құлатылған татарларды дереу тұтқындау керек, өйткені олар, жерде тұрса, қатты атып, ат пен адамдарды жаралайды және өлтіреді. Ал егер оларды сақтап қалдырсақ, олар үшін мәңгілік бейбітшілік пен үлкен ақшаға жетуге болады, өйткені олар бір-бірін өте жақсы көреді. Татарларды қалай анықтап тануға болатыны туралы олардың сыртқы келбетін сипаттайтын жоғарыдағы жерінде айтылған. Дегенмен тұтқынға алынған татарларды қалдырып сақтау керек болса, олар қашып кетпес үшін қырағы күзетшілерді қою керек. Олармен бірге көптеген басқа халықтардың адамдары болуы мүмкін, оларды жоғарыдағы сыртқы келбетінің сипаттамасының арқасында айырып тануға болады. Сонымен қатар олардың әскерінің барлық бөліктерінде, ыңғайлы уақытты таба алса және біздікілердің оларды өлтірмейтіне сенімді болса, татарлармен шайқасуына дайын адамдар бар. Бұл адамдар басқа күшті жауларына қарағанда оларға көбірек зұлымдық келтіре алатыны өздері бізге айтқан болатын.
Жоғарыда жазылғаның бәрін әскерде қызмет еткендіктен соғыс қулықтарды өздері білген адамдарды үйрету үшін емес, тек өзіміз көргендер және естігендер ретінде ғана келтіруге қажетті деп ойладық. Нақтырақ айтқанда, мынадай шаруаларда тәжірибелі және білімді кісілер бізден гөрі көп жақсы және пайдалы тәсілдерді ойлап таба алатына сенімдіміз. Алайда олар жоғарыда айтылғанның арқасында толғану үшін жағдай мен мазмұнға жетеді. Өйткені Киелі Кітапта: «Тыңдайтын данышпан одан да гөрі дана бола кетеді, ал ақылды меңгеріктерді ұстайды» деп айтылған емеспе?
СОҢҒЫ ТАРАУ
Біз өткен аумақтар, олардың орналасуы, татарлар императоры мен оның төрелерінің ордалары және біз сол жерде тапқан куәгерлер туралы
Оларды соғыста қалай қарсы алуға керек екеніні айтып, соңында жасалған сапарымыз бен өткен жерлердің орналасуы, император мен оның төрелері ордаларының тәртіптері және біз татарлар жерінде тапқан куәгерлер туралы айтайық.
§ I. Жасаған сапарымыз бен өткен жерлердің орналасуы туралы
I. Жоғарыда айтқанымыздай, татарларға баруды ойлағанымыз кезде, біз Богемия патшасына бардық. Бұл әмірші баяғыдан бізге ықыласты болғандықтан, сапарымыз үшін қай жол дұрысырақ екені жөнінде кеңес одан сұрадық. Оның ойынша Польша мен Руссия арқылы бару дұрысырақ болар еді деп жауап берді, өйткені Польшада болған туыстары бізге Руссияға өтуге көмектесе алу шеді. Сөйтіп грамотасы мен жақсы қосшыларды бізге беріп, өз жерлері мен қалаларында Болеслав деген Силезия князіне жеткенімізше бізге азық-түлік беруге бұйрық берді. Жаңағы князь Болеслав оның бауырласы болған еді, және біз де оны танып, достасқанбыз.
ІІ. Ол да бізге грамотасы мен қосшыларын берді және біз Ланц князі Конрадқа жеткенімізше өз жер иеліктері мен қаларында азық-түлікпен қамтамасыз етті. Дәл осы уақытта, Құдай бізге көрсеткен мейірімділігінің арқасында, сол жаққа Руссияның князі Василько мырза да келді. Ол бізге татарлардың көңіл-күйлерін толығырақ білдірді. Князь татарларға елшілерін жіберген екен, ал анаулар оған және оның інісі Даниил мырзаға оралған кейін, Батуға жол ашатын сақтау грамотасын әкелді. Василько бізге былай деді: егер біз оларға барғымыз келсе, онда бізде оларға тарату үшін ұлы сыйлар болуы керек, өйткені олар үлкен жабысқыштықпен сыйлықтарды талап жүреді, ал егер елші бермесе, онда міндетті түрде өз шаруаларын ретке сала алмайды да түкке бағаланбайды. Папа мырза мен Шіркеудің ісі осы салдарынан қиындықтарды кездеспесін деп, бізге садақа ретінде өмірімізді қолдауымыз үшін берілгеніне бірнеше құндыз бен басқа да түрлі жануарлардың терлерін сатып алуға бұйрық бердік. Князь Конрад пен Краков княгинясі, кей жауынгерлер және Краков епискобы мұны біліп, одан да көп терлерді бізге сыйлады. Оған қоса князь Конрад ұлымен бірге және Краков епискобы жоғарыда аталған Васильконы шамасынша бізге татарларға өтуімізге көмектесуін өте сұрады, ал ол мұны ынталана жасайтыны айтып жауап берді.
III. Сол жақтан ол бізді өз жеріне алып келді және бізді бірнеше күн бойы өз асырауында ұстап қалдырды, сөйтіп біз біраз демалдық. Князь өтінішіміз бойынша епископтарына бізге келуіне бұйрық берді, ал біз оларға қасиетті ана Шіркеумен бірлігіне оралуы тиіс деп ақыл айтатын Папа мырзаның хатын оқыдық. Біз де князьге, епископтарға және барлық жиналған басқаларға мүмкін болғанша сөйтіп ақыл айттық және үгіттедік. Бірақ, жоғарыда аталған князь Польшаға барған кезде оның інісі князь Даниил Батуға кеткендіктен, олар кесімді жауап бере алмады, сондықтан тұжырымды жауап үшін біз Даниилдің қайтып оралуын күтуге мәжбүр болдық.
IV. Осыдан кейін жоғарыда аталған князь Киевке бізбен бірге бір қызметшісін жіберді. Дегенмен де, біз литвалықтардан ұшырайтын өлім қауібімен үнемі жүрдік. Өйткені олар Руссия жеріне, әсіресе біз өткен аумақтарына мүмкінінше жиі және жасырын жортуыл жасайды. Ал Руссия адамдарының көбірегін татарлар қырып кеткендіктен немесе тұтқынға алғандықтан, олар литвалықтарға күшті қарсылық көрсете алмады, ал орыстар өздерінің жағынан біз жоғарыда аталған қызметші арқасында қауіпсіз болдық. Сөйтіп Құдайдың мейірімі арқылы біз, Мәсіх айқышының жауларынан құтылып, Руссия астанасы Киевке жеттік. Сол жерге келіп, біз сонда бола жатқан мың басшысымен және басқа да атақты адамдармен саяхатымыз туралы ақылдастық. Олар бізге былай деп жауап берді: егер біз Татарияға бізде болған аттарымызбен барсақ, терең қар жататындықтан олар, қар астындағы шөпті татарлардың аттары сияқты тұяқтарымен қаза алмай, өледі, ал басқа жемді оларға табуға болмайды, себебі татарлардың сабаны да, шөп те, басқа да азық жоқ. Сондықтан біз ақылдасқан кейін аттарымызды екі қызметшілердің күзетуге қалдыруды шештік. Сондықтан мың басшысы бізге арбалар мен қосшыларды беретіні үшін оған сыйлықтар беруге мәжбүр болдық. Киевке жеткеніміздің алдында біз Даниловта өлердей ауырып қалдық. Дегенмен, біз христиандық ісі кедергі таба алмайтыны үшін қатты үскірікке қарамастан арбада қарды жарып өзімізді апаруды бұйырдық.
V. Сонымен, барлық осы мәселерімізді шешіп, Ханымыңыз тазалу мейрамынан кейін екінші күні біз мың басшысының аттарында және қосшылармен бірге Киевтен басқа варвар халықтарға асығып шықтық. Біз татарлардың тікелей билігінде болған Канов деген мекенге жеттік. Мекеннің бастығы бізге аттар мен басқа мекенге дейін бізді шығарып салғандар қосшыларды берді. Бұл басқа мекеннің бастығы бүкіл ыза мен зұлымдыққа толы адам Михей аты алан болды. Ол өзі кейбір оққағарларын Киевке жіберіп, біз елшілер саналуымыз және оған келуіміз тиіс деп бізге өтірік Коренца атынан хабар берді. Бұл хабар жалған болса да, ол бізден сыйларды іліктіру мүмкіндігін алу үшін мұны жасады. Біз оған жеткен соң, ол бізге қатысты өте асқақ болып шықты және, егер оған сыйлықтарды бермесек, бізді шығарып салғысы келмеді. Сондықтан біз, одан әрі бара алмайтынымызды көріп, оған бірнеше сыйлықтар беруді жөн көрдік, бірақ біз оған лайықты көрінгенімізді берсек те, ол, егер оған көбірек сыйламасақ, алғысы келмеді. Сол себепті біз оның қалауынына сәйкес бірдемені қосуға мәжбүр болдық, ал кей нәрселерімізді тура жауыздықпен, ұрыларша және кекті ұрлап әкетті.
VI. Осыдан кейін біз Төрт ондық оразаның дүйсенбі күні шығып, ол бізді татарлардың бірінші сақшы жасағына апарды. Ал Күл күнінен кейінгі бірінші жұмасында біз түнейтін жерінде тоқтасақ, қарулы татарлар бізге ентелеп, біз кім екенбіз деп сұра бастады. Біз Папа мырзаның елшілеріміз деп жауап берген кейін, олар бізден жейтін нәрсені алып, дереу кетті. Таңертеңгілікте, біз тұрып біраз жылжығаннан кейін, сақшы жасағынан олардың бастықтары біздің алдымызға шығып, оларға не үшін келдік және бізге бірген тапсырма қандай екен деп сұрады. Біз мәсіхшілердің әміршісі мен әкесі болып табылатын Папа мырзаның елшілеріміз деп оларға жауап бердік. Ол бізді патшаларына да, төрелеріне де және барлық татарларға жібереді, өйткені ол барлық мәсіхшілердің татарлармен достар болуын және бейбітшілік сақтауын жаратады. Оның үстіне ол татарлар Тәңірдің алдында аспанда ұлы болатыны қалайды. Сондықтан Папа мырза біз арқылы да, оның хаты арқылы да мәсіхшілер болып, Тәңіріміз Иса Мәсіхтің сенімін қабылдауға оларды шақырады, өйткені басқаша олар құтқарыла алмайды. Оның үстіне, ол адамдардың, көбінесе оған бағынған мәсіхшілердің, әсіресе венгрлердің, моравтардың және поляктардың соншама орасан зор санын татарлар қырып-жоюына таң қалады, өйткені жаңағы адамдар татарларды ешқашан да ренжітпеді және ренжітуге талпындамады. Құдай оларға қатты қаһарланғандықтан Папа мырза оларға күнәларін мойындап мұндай әрекеттерден қауіптендер деп ақыл айтады. Сондай-ақ болашақта не істегісі келетіндері, ниеттері қандай екені және жоғарыда айтқаңымыз туралы хатыңда жауап беруілерін Папа мырзаның өтінішін айтып бердік. Себептерімізді тыңдап және жоғарыдағын түсініп, олар осы сөздерімізге қатысты арбалар мен бізді Коренцаға дейін шығарып салатын адамдарды бізге бергісі келетіндерін айтты және дереу сыйлықтарды сұрады. Біз мұны орындадық, өйткені қыспақтарын ниетімізге айналдыруымызға мәжбүр болдық.
VII. Сонымен біз оларға сыйлықтарды бердік, ал олар, аттарынан түсіп, оларды бізге арбалар үшін берді, ал біз қосшылармен бірге Коренцаға асығып шықтық. Алайда олар жоғарыда аталған көсеміне сөздерімізді айтып беруіне үшін жүйрік атпен хабаршыны жіберді. Ал жаңағы көсемі Батыстағы халықтар аңдаусызда шабуыл жаса алмасын деп қойылған барлық сақшы жасақтардың бастығы болған еді. Біз естігеніміздей, бұл көсемнің билігінде алпыс мың қарулы адамдар бар. Біз оған жеткенде, ол бізге өзінен алыста шатырларымызды қоюға бұйрық берді және оған немен табынуға келетінімізді, яғни қандай сыйлықтар беруді қалайтынымызды бізден сұрауға бас құлдарын жіберді. Біз татарларға жете алатынымызға сенімді болмағандықтан Папа мырза ешқандай сыйлықтарды жіберген жоқ деп жауап бердік. Оның үстіне біз Польша мен татарлар жерінің арасындағы жолдарын кезіп жүрген литвалықтардың өте қауіпті елінен өттік. Бірақ біз оны, Құдай мен Папа мырзаның мейірімділіктері арқылы, шамамызша бізде болған заттарынан құрметтейміз. Алайда, біз оған өте көп берген болсақ та, оған бұл жеткіліксіз болып көрінді, және, егер біз оның өтінішін орындасақ, ол бізді құрметпен өткізуді бұйрық беретіне үшінші тұлғалар арқылы уәде етті. Сөйтіп, тірі қалғымыз және Папа мырзаның бұйрығын тиісті түрде жүзеге асырғымыз келгендіткен, біз оған келісуімізге мәжбүр болдық.
VIII. Сыйлықтарымызды алып, олар бізді оның ордасына апарды және бізге шатырына кіре берісте сол тізелерімізді үш рет бүгіп, кіру есігінің табалдырығына аяқпен басудан байқап сақ болыңдар деп үйретті. Біз мұны мұқият түрде орындадық, өйткені көсемдердің табалдырықтарына әдейі басқан адамға өлім жазасы төндіреді. Сөйтіп кіргенімізде көсемнің және бұл себеппен әдейі шақырылған барлық ел ағаларының алдында тізелерімізді бүгіп, оған Папа мырзаның хатын ұсындық. Бірақ Киевте жалданған тілмашымыз хаттың мағынасын ойдағыдай ұғындыра алмады, ал басқа жарамды тілмаш болмады, сондықтан олар оның мазмұнын түсіне алмады. Осыдан кейін олар бізге жылқылар мен он басшылар болып табылатын үш татар берді. Сондай-ақ бір Батуның адамы оған бізді жылдамырақ жеткізу үшін бізбен барды. Ал айтылған Бату, тек императорға бағынуға міндетті болып, басқа татарлардың барлық төрелерінің арасында ең күшті еді.
IX. Төрт ондық оразаның бірінші жексенбіден кейін дүйсенбі күні біз асығып жолға аттанып, жылқылардың шамалары жеткенше шаптық. Күнде үш-төрт рет жылқыларды ауыстырғандықтан, біз әдетте таңертеңнен бастап түнге дейін және өте жиі түнде де жүре жататын болдық, бірақ Азап аптасының сәрсенбіден бұрын Батуға жете алмадық. Сөйтіп біз бүкіл құмандар елімен өттік. Бұл ел бір жаппай жайылып жататын дала екен, және сол далада төрт үлкен өзендер бар. Біріншісі – Днепр, оның Руссия жағынан Коренца көшіп жүрді, ал екінші жағынан сол жақтағы далада Коренцадан жоғары болатын Мауци көшіп жүретін. Екіншісі – Дон, оның жанында Бату әпкесінің күйеуі Қартан аты төре көшіп жүреді. Үшіншісі – Еділ, бұл өзен өте үлкен, оның қасында бір орынан басқа орнына Бату өтіп жүреді. Төртіншісі Яйық деп аталады, оның жанында екі мың басшылары көшіп жүреді – біреуі өзеннің бір жағынан, ал екіншісі басқа жағынан. Олардың барлығы қыста теңізге қарай түседі, ал жазда осы өзендерді жағалай тауларға көтеріледі. Теңіз дегеніміз – бұл Ұлы Теңіз, одан Константинопольге дейін ағатын Әулие Георгийдің саласы шығады. Ал Днепрде біз көп күн бойы мұз үстімен жүрдік. Бұл өзендер, әсіресе Еділ, үлкен және балықтарға толы. Олар Ұлы Теңіз деп аталатын Грециянің теңізіне құйылады. Осы теңіздің жағалауларында біз көптеген жерлерде едәуір күн бойы үлкен қауіппен мұз үстімен жүрдік, өйткені ол жағалаудан үш левкаға жақсы қатады. Бірақ Батуға жетпес бұрын біздің татарларымыздың екеуі біз Коренцада айтқан барлық сөздерімізді айтып беру үшін алға кетті.
X. Ал біз Батуға жақындап келгенде, олар бізді оның ордаларынан бір левка алшақ құмандар жерінің ішінде ыңғайлылықпен орналастырды. Оның ордасына бізді апаратын уақыт келгенде, бізге екі оттың арасына өтуіміз керек екені айтылды. Біз кей нанымдарымызға байланысты мұны жасағымыз келмеді. Бірақ олар бізге былай деді: «Тыныш жүріңдер, өйткені біз сеңдерді екі оттың арасынан өтуге мәжбүрлейтініміздің тек бір себебі бар: егер сеңдер мырзамызға қарсы бір жамандыққа ниеттенсеңдер немесе у әкелсеңдер, от барлық зұлымдықты алып кетеді». Сонда «Мұнадай шүбәні туғызбау үшін өтеміз» деп жауап бердік. Ал ордаға жеткен соң, оның орда басқарушысы аты Елдеғай Батуға немен табынуға ниеттенеміз, яғни оған қандай сыйлықтар береміз деп сұрады. Біз бұрын Коренцаға айтқандай, оған да Папа мырза сыйларды жібермегенін, ал біз оны Құдай мен Папа мырзаның мейірімділктері арқылы азық-түлікке алғанымыздан оны құрметтеуге қалағанымызды айттық. Сыйлықтарды ұсынғанымызда Батуның орда басқарушысы Елдегай біздің келуіміздің себебі туралы сұрады. Біз бұрын Коренцаға айтқан себептерімізді оған да айттық.
XI. Себептерімізді тыңдап алып, ол табалдырық туралы естерімізге салды және, алдын ала тізелерімізді бүккен кейін, бізді ордаға кіргізді. Кіріп, біз тізелерімізді бүктік және сөзімізді сөйледік, ал сосын грамотаны ұсындық және оны аудара алатын тілмаштарды бізге беруді сұрадық. Олар бізге Ұлы жұма күні берілді, ал біз олармен бірге орыстар мен саррацин жазуларына және татар жазуына грамотаны мұқият түрде аудардық. Бұл аударма Батуға ұсынылды, ал ол, оқып, оған назарын көрсетті. Ақырында олар бізді ордамызға апарып салды, бірақ келгеніміздің бірінші түні тостағанда бір рет берілген аздап сөктен басқа бізге ешқандай тамақ бермеді.
XII. Ал жаңағы Бату, олардың императоры да сияқты, әбден сәнді-салтанатты тұрады, және оның дарбазашылары да, барлық бишікештері де бар. Ол әйелдерінің біреуімен бірге таққа ұқсас дөң орында, бауырластары мен ұлдары және басқа да кішілері төменірек сәкіде, ал қалғандар олардың артынан жерде отырады. Айта кетейік: ерлердің орындары оң жақтан, ал әйелдердің – сол жақтан. Оның шатырлары үлкен және өте әдемі, зығыр матадан тоқылған. Бұрын олар венгр королдікі болған. Бірде-бір бөтен адам, қандай ұлы не күшті болса да, Батудың шатырына жақындай алмайды. Тек оның отбасы әлде ол өзі шақырған кісілер. Ал біз өз ісімізді айтқан кейін, сол жақта отырдық: дәл осылай оларға келген барлық елшілер істейді, ал императордан қайтып келген кейін бізді әрдайым оң жақта отырғызады. Ортада, шатыр кіре берісіне жақын жерде үстел қойылады, ал оған алтын және күміс ыдыстарда ішімдіктер әкеленеді. Бірақ не Бату, не бірде-бір татар төресі, егер олардың алдында ән айтылмаса немесе гитара тартылмаса, ешқашан да ішпейді. Ал ол жүргенде, оның басының үстінен әрдайым күннен қорғайтын қалқан немесе найзаға бекітілген кішкентай шатыр көтеріліп тасылады. Айта кететіні, мұны татарлардың барлық аса маңызды төрелері мен тіпті олардың әйелдері де жасайды. Жоғарыда аталған Бату өз адамдарына қатысты өте қайырымды, дегенмен оларда күшті қорқыныш тудырады. Ұрыста ол өте қатал, соғыста өте ұғымтал, тіпті өте сұңғыла, өйткені көп жыл бойы шайқасты.
XIII. Ұлы сенбі күні біз ордаға шақырылған болдық, және бізге жоғарыда аталған Батуның орда басқарушы шығып, оның атынан олардың өз жерінде тұратын император Күйікке баруға бізге тиіс екенін айтты. Оның үстіне біздікілердің кейбіреулерін Папа мырзаға кері қарай жіберілетінін үмітпен қалдыруға бұйырды. Біз оларға бүкіл әрекеттеріміз туралы баяндайтын Папа мырза үшін жазылған хатымызды бердік, бірақ олар Мауциге қайтып оралғанда, анау оларды біздің қайтып оралғанға дейін ұстап қалды. Ал біз Тәңіріміз қайта тірілген күні түскі литургияны өткізіп және аздап тамақ ішіп, не өлімге, не өмірге бара жатқанымызды білмегенімізден еңіреп жылап, Коренца бізге белгілеген екі татарлармен бірге шықтық. Алайда біз әбден әлсіз болғандықтан әрең деген бара алатынбыз: бүкіл сол Төрт ондық ораза бойы, басқа да ораза күндердегідей сияқты, біз тек қана сумен және тұзбен сөкті жедік, ал ішетініміз қазанда ерілген қардан басқа болмады.
XIV. Ал тура Руссия, мордва және білер, яғни Ұлы Бұлғария, елдерінің арғы жағында солтүстік жақтан Құмания мен басқарттар елі, яғни Ұлы Венгрия, шектесіп жатады. Басқарттардан әрі қарай паросситтер мен самоедтер, ал сосын мұхит жағасындағы баябандарда тұрған, жұрт айтқандай, ит беттері бар тағы бір ел. Оңтүстік жақтан Кұманиямен аландар, черкестер, хазарлар, Греция мен Константинополь, сондай-ақ иберлер, кахилер, Брутахия (олар яһудилер деп саналады және бастарын қырады), ал тағы да цикктер, георгиандар мен армендер және түріктер жері шектесіп жатады. Ал батыс жақтан – Венгрия мен Руссия. Жоғарыда аталған жер өте үлкен және ұзын. Біз күніне бес-жеті рет жылқыларды ауыстырдық, тек, жоғарыда айтылғандай, шөл далаларымен өткенімізде бізге үздіксіз еңбек ете алатын ең жақсы және күшті жылқылар берілетін болатын. Соның арқасында біз құмандар жерімен мүмкін болғанша ең қысқа уақытта өттік, атап айтқанда Төрт ондық оразасынан басынан Пасха кейінгі бірінші аптаға шейін. Сол кұмандарды татарлар талқандады. Кейбіреулері тіпті олардан қашып кетті, ал басқаларын олар құлдыққа салды. Алайда қашқандарының көбелері оларға оралады.
XV. Осыдан кейін біз қанғиттер еліне жеттік. Онда көптеген жерлерде судың жеткіліксіздігі қатты сезіледі, тіпті бұл елдің халқының саны да судың жетіспеуінен аз. Сондықтан орыс князі Ярослав адамдарының көбілері, татар жеріне бара жатырып, сол шөлде қаза тапты. Сол жерде және Кұманияда да біз жер бетінде көң сияқты жатқан өлі адамдардың көптеген бастары мен сүйектерін таптық. Осы жермен біз Пасхадан кейінгі сегізінші күннен бастап Тәңіріміздің Көтерілуі мейрамына дейін өтіп жүрдік. Бұл адамдар пұтқа табынатын және, құмандар мен қанғиттер сияқты, жер өңдемей, тек малмен тамақтанатын. Сондай-ақ олар үй де салмай, шатырларда жатып жүрді. Оларды да татарлар қырып жойып, олардың жерінде тұрады, ал қалғандарын құлдыққа салды.
XVI. Қанғиттер жерінен біз биссерминдер еліне кірдік. Бұл адамдар әлі де құман тілінде сөйлейді, бірақ саррациндық заңдарын ұстайды. Сол жерде біз сансыз қырып жойылған қалаларды, қираған бекіністерді және көптеген ойрандалған ауылдарды таптық. Онда бір үлкен өзен бар, оның атауы бізге белгісіз. Оның жағаларында Янкинт деген қала және Бархин деген екіншісі, ал үшіншісі – Орнас, бұған қоса атаулары бізге белгісіз басқа да көптеген қалалар бар. Бұл жердің Алтисолдан деп аталатын әміршісі болатын. Оны барлық ұрпақтарымен бірге татарлар өлтірді. Оның өз есімі бізге белгісіз. Сол жерде аса ұлы таулар бар. Оңтүстік жақтан онымен Иерусалим, Балдах және Саррациндердің бүкіл жері шектесіп жатады. Олардың шекараларының жанында екі көсем – туған бауырластары Бурин мен Қадан тұрады. Солтүстік жақтан ол қара қытайлар жерімен және мұхитпен шектеседі. Сонда Батуның інісі Сыбан тұрады. Сол жермен біз Көтерілу мейрамынан бастап бақытты Жақия Шомылдырушы мейрамының алдындағы апта шейін дерлік өттік.
XVII. Содан кейін біз қара қытайлар жеріне кірдік. Онда татарлар жаңадан тек бір ғана қаланы құрды. Бұл қаланың атауы – Омыл. Император мұнда салған үйіне біз ішуге шақырылған болдық, ал сол жерде император жағынан болған адам қала ағалары мен өз екі ұлын да біздің алдымызда билеуге мәжбүр етті. Сол қаладан кетіп бара жатқанда, біз оншама үлкен емес теңізді таптық, бірақ оның атауын сұрамағандықтан оны білмейміз. Осы теңіздің жағалауында бір кішкентай тау, ал оның ішінде тесік бар. Сол тесіктен қыста адамдар әрең және үлкен қауіппен қасынан өте алатындай қатты дауылдар мен желдер шығады. Ал жазда тесіктен желдердің шуы үнемі естіледі, бірақ, тұрғындар бізге айтқандай, бұл шу сәл ғана шығады. Осы теңіздің жағалауларымен біз көп күн бойы өттік. Теңізде өте көп аралдар бар, ал біз оны сол жағынан қалдырдық. Жердің көптеген, бірақ шағын өзендері мол. Олардың жағаларында екі жақтан да ормандар өседі, бірақ олар да кең емес. Сол жерде Орду тұрады – Батуның ағасы, оның үстіне ол татарлардың барлық төрелерінен үлкен. Сондай-ақ сонда әкесінің ордасы бар, бұл ордада оны басқаратын әйелдерінің бірі тұрады. Өйткені татарлардың дәстүрі бойынша төренің немесе ақсүйектің ордасы бұзылмайды, тек әрқашан да оны басқару үшін бір әйел тағайындалып, әміршіне әдетінше берілген сыйлықтардың бөлігі оған беріледі. Осыдан кейін біз императордың бірінші ордасына жеттік. Мұнда оның әйелдерінің бірі болды, ал біз императорды әлі көрмегендіктен, олар бізді оның ордасына шақырғысы келмеді, бірақ шатырымызда татарлар дәстүрінше өте жақсы сияпат бізге әзірледі және демалуымызға мүмкіндік беру үшін бізді бір күнге ұстап қалдырды.
XVIII. Біз әулие Петрге арналған күннің қарсаңында осы жерден шыққан соң, пұттарға табынатын наймандар жеріне кірдік. Ал Петр мен Пауыл апостолдардың күні сол жерде терең қар жауып, біз қатты тоңып қалдық. Бұл жер тым таулы және суық, ал тегіс орындары аз. Бұл екі ел егіншілікпен айналыспайтын, бірақ татарлар сияқты шатырларда тұратын, ал татарлар оларды да жойды. Осы жермен біз көп күн бойы өттік.
ХІХ. Содан кейін біз татарлар деп аталатын моңғалдар еліне кірдік. Біздің ойлауымызша, осы жер арқылы біз үш аптадай жылдам жол жүрдік, ал әулие Мәриям Магдалина күні қазіргі император Күйікке жеттік. Бүкіл жол бойы біз үлкен асығыспен жүрдік, өйткені біздің татарларымыз бізді бірнеше жыл бұрын императорды сайлау үшін тағайындалған салтанатты отырысқа тез апаруға бұйрық алды. Сондықтан біз таңертең ерте тұрып, тамақсыз түнге дейін бардық. Және өте жиі біз тым кеш келіп, түнде де жеген жоқпыз, ал кешкі асымыздың тамағы бізге таңертең берілген болатын, ал сосын біз жылқылар шаба алатынша жүрдік. Жылқыларды біз дым аямадық, өйткені күндіз біз жиі жаңа жылқыларды көрдік, ал, жоғарыда айтылғандай, құрып шаршағандары қайтып оралған болатын. Сөйтіп біз үзіліссіз тез жүріп жаттық.
§ II. Император мен оның төрелері ордаларының құрылысы туралы
I. Біз Күйікке келген соң, ол бізге шатыр мен азық-түлік беруге бұйырды. Татарлар әдетінше былай жасайды, дегенмен басқа елшілер үшін жасағандарына қарағанда бізде жақсырақ болды. Алайда оның өзіне біз шақырылған жоқпыз, өйткені ол әлі сайламағандықтан, басқару мәселеріне қатысты ешкімді қабыл алмады. Дегенмен, жоғарыда аталған Бату оған Папа мырзаның грамотасының аудармасын тапсырып, біз айтқан басқа да сөздердің мазмұнын айтып берді. Біз сонда бес-алты күн болғаннан кейін, ол бізді салтанатты отырыс жиналатын анасының ордасына жіберді. Ал біз онда келгенде, үлкен ақ шатыр да көтерілген болатын. Біздің ойымызша, үлкендігіне қарағанда бұл шатырда екі мыңнан астам адам орын алушеді, ал айнала әртүрлі суреттермен безендірген ағаш шарбақ қойылған болатын.
ІІ. Екінші немесе үшінші күні біз онда бізді күзетуге тағайындалған татарлармен сонда барғанда, барлық көсемдер жиналған болатын. Олардың әрқайсысы өз адамдарымен бірге айналадағы белестер мен жазықтарда қыдырды. Бірінші күні барлықтары ақ, ал екінші күні қызыл киімдерді киді, сонда жаңағы шатырға Күйік келді. Үшінші күні барлықтары көгілдір киімдерді, ал төртінші күні ең үздік балдахиндарды киді. Ал айналадағы шарбақтың қасында шатырдың жанында екі үлкен қақпалар қойылды. Бір қақпадан тек император ғана кіре алатын болды. Олар ашық болса да, олардың жанында ешқандай күзет болмады, өйткені олардан кіруді немесе шығуды ешкімнің батылы жетпеді. Басқа қақпадан барлық рұқсат алған адамдар кіріп жатқан, осы қақпаның қасында семсерлермен, садақтармен және жебелермен күзетшілер тұрды. Ал егер біреу шатырға белгіленген шекаралардың жуығырақ жақындап қалса, онда ол, ұсталса, қамшылауға ұшырады, ал егер қашайым десе, онда оған темір ұшы жоқ жебе жіберілді. Біздіңше, жылқылар жебенің екі ұшуы жерде тұрды. Барлық жақтан көптеген адамдарымен бірге қаруланған көсемдер келетін, бірақ көсемдерден басқа ешкім жылқыларға жақындай алмады. Оның үстіне арасында қыдыруға тырысқан адамдар қатты соққыға ұшырады. Көп жылқылардың жүгендерінде, өмілдіріктерінде, ерлерінде және тартпаларында, біздің есептеуіміз бойынша, шамамен жиырма маркаға алтын болды. Сөйтіп, көсемдер шатырдың ішінде сөйлесіп отырған және, біздің ойлауымызша, сайлау туралы пікірлескен болатын. Ал барлық қалған халық жоғарыда аталған шарбақтың әр жағында тұрды. Осылайша түске дейін болды, ал сосын олар бие сүтін ішуді бастап, кешке дейін таңғаларлықтай көп ішіп қойды.
III. Ал біз ішке шақырылып, бізге сыра берілді, өйткені біз бие сүтін тіпті ішпедік. Сөйтіп олар бізге үлкен құрмет көрсетті. Алайда олар бізді бие сүтін ішкізетін, ал біз әдеттенбегендіктен мұны тіпті шыда алмадық. Сондықтан біз оларға мұның бізге қиын екенін айттық, сонда олар бізді мәжбүрлеуді қойды. Шарбақтың сыртынан Суздальдан келген орыс князі Ярослав және қытайлар мен солангтардың бірнеше көсемдері, сондай-ақ Грузия патшасының екі ұлы, Балдах халифаның елшісі ретнінде келген сұлтан, сондай-ақ, біздің ойлауымызша және бізге айтқанындай, басқа да оннан астам саррациндер сұлтандары тұрған еді. Сонда алым не сұлтандардың сыйлықтарын әкелген төрт мыңнан астам елші, оларға бағынуға келген басқа көсем, өздері шақырған адам және елдер билеуші болды. Олардың барлығы бірге шарбақтың әр жағынан қойылып, ішуге бірге алып тұрды. Ал бізге және князь Ярославқа, шарбақтың әр жағында тұрғанымызда, ылғи жоғары орын берілген. Естеріміз бізді алдамаса, біз онда төрт аптадай молшылықта өткіздік, және, біздің ойлауымызша, олар сол уақыт бойы сайлауды тойлады, бірақ оны жарияламады. Бұған ең алдымен мұныдан түсініп жетуге болады: Күйік шатырдан шығып, шарбақ сыртына барғанда, басқалар оның алдында әрдайым ән айтатын және жоғарыда шымқай қызыл жүн бар әдемі шыбықтарды иетін. Басқа көсемдердің алдында былай істелмейтін. Ал бұл орданы олар Сыра Орда деп атайды.
IV. Осыдан шыққан соң, біз бәріміз бірге үш-төрт левка алшақ басқа жерге бардық. Мұнда бір тамаша жазықта таулар арасындағы бір жылғаның жанында олар Алтын Орда деп атайтын басқа шатыр дайындалды. Сол жерде біздің Ханымыңыздың Көтеруі күні Күйік тағына көтерілуіне тиіс еді, бірақ жоғарыда айтылған бұршаққа байланысты бұл кейінге қалдырылды. Ал жаңағы шатыр ағашқа алтын шегелермен қағылған алтын табақтармен қапталған бағаналарда қойылды. Оның үсті және ішкі қабырғалар балдахинмен жабылған болатын, ал сыртынан басқа маталар болды. Онда біз әулие Варфоломей мейрамына дейін болдық, ал сол күні сонда үлкен тобыр жиналып, барлықтар беттерін оңтүстікке қарай бұрып тұрды. Кейбіреулер басқалардан тастың ұшу қашықтығында болды және, дұға жасап, тізелерін оңтүстікке қарай бүкті. Ал біз олардың арбап жатқаның ма немесе Құдайымыздың әлде басқа біреудің алдында тезелерін бүккенін білмей, тізелерімізді бүгуге қаламадық. Олар мұны ұзақ уақыт жасаған соң, шатырға оралып, Күйікті император тағына отырғызды, ал көсемдер оның алдында тізелерін бүкті. Осыдан кейін оларға бағынбаған бізді қоспағанда бүкіл халық дәл осылай жасады.
Сосын олар іше бастап, әдеттері бойынша кешке дейін үздіксіз ішті. Содан кейін арбаларда тұзсыз пісірілген ет әкеліліп, олар төрт-бес адамдарға бір бөлігін берді. Ал шатырда тұз қосылған ет пен көже берілді, және осылайша олар той жасаған күн сайын болды.
V. Сол кезде біз император алдына шақырылып, бірінші хатшысы Хингай біздің және бізді жіберген кісілердің, сондай-ақ солангтар көсемі мен басқалардың да аттарын жазып, император мен барлық көсемдердің алдында оларды қатты дауыспен оқып берді. Осыдан кейін әрқайсымыз төрт рет сол тізені бүгті, ал олар бізге табалдырықты тимеуімізді естерімізге салды. Олар бізді, пышақтарды іздеп, мұқият түрде тінткен кейін, біз шығыс есікпен кірдік, өйткені батыс жағынан императордан басқа ешкім кіре алмайды. Дәл осындай тәртіп әрбір көсемнің шатырында да қалыптасқан, ал кемірек маңызды адамдар бұған оншама қарамайды. Және ол император болған соң біз оның көзінше ордасына кіргеніміздің бұл бірінші рет болды. Ол мұнда елшілерді қабылдады, бірақ оның шатырына мүлдем өте аз кісілер кіретіне рұқсат алды. Ал елшілер таңғаларлықтай көп сыйлар әкеліп берді: жібек, барқыт, қызылкүрең мата, балдахин, алтынмен кестеленген жібек белдіктер, асыл терілер мен басқа да сыйлықтар. Олардың арасында меруертпен бедерленген күннен қорғайтын қалқанша, яғни кішкентай шатыр болды. Бір аумықтың басшысы балдахиннен жасалған жабулары бар түйелерді алып келді. Олардың ерлеріне ішінде адамдар отыруға болатын кей сауыттар бекітілген болатын, ал түйелердің саны, біздің ойлауымызша, қырық немесе елу болды. Оның үстіне көптеген қаңылтырлармен қалқаланған немесе қаруланған жылқылар мен қашырдар болды, ал кейбіреулерінің қаңылтырлары былғарыдан, ал басқаларының темірден жасалған болатын. Бізді де сыйлар беруге қалаймызба деп сұрады. Бірақ біз бәрін дерлік таратып қойғандықтан бізде оған беретін ештеңе болмады. Тауда, ордаларының жанында, алтын мен күміске және жібек көйлектеріне толы бес жүз астам арба тұратын. Олардың барлығы император мен көсемдер арасында бөлінді, ал кейбір көсемдер өз бөліктерін өз адамдарының арасында, бірақ өздерінің қалауынша таратты.
VI. Сол жерден кетіп, біз басқа жерге келдік. Сонда қытайлар сыйлаған жалынды қызылкүрең матамен жабылған таңғажайып шатыр қойылған болатын. Онда да біз ішке кіргізілдік. Әрқашан да, біз кіргенде, бізге сыра немесе шарап берілді және, біз оны алғысы келсе, пісірілген ет ұсынылды. Сондай-ақ императордың тағы қойылған биік тақтай тұғыр салынды. Ал тақ таңғаларлық ойылған піл сүйегінен жасалған болды. Бұған қоса онда алтын, асыл тастар және, естеріміз бізді алдамаса, інжу болатын. Артынан дөңгелек болған таққа император баспалдақпен шығатын. Оны айнала сәкілер тұратын. Оларда сол жағында ханымдар отырған, ал оң жағында ешкім отырған жоқ. Көсемдер төменірек ортадағы сәкілерде, ал басқалар олардың артынан отырды. Күн сайын ханымдардың үлкен саны жиналды. Жоғарыда айтылған үш шатыр өте үлкен болды. Ал басқа ақ киізден жасалған шатырлар, едәуір өте үлкен және әдемі, оның әйелдеріне жататын. Сонда олар бөлініп, императордың анасы бір жаққа, ал ол өзі екінші жаққа сот өндірісін жүргізу үшін кетті. Оның әкесін умен өлтірген қазіргі императордың апасы ұсталды. Олардың әскері сол кезде Венгрияда болатын, бірақ осы салдарынан артқа қарай шегінді. Жаңағы апасы басқа да көптеген адамдармен бірге сотталып өлтірілді.
VII. Дәл сол кезде Суздаль деп аталатын Руссияның бір бөлігінің ұлы князі Ярослав қайтыс болды. Оны императордың анасы шақырып, құрмет белгісі ретінде өз қолынан оған жеп-ішуге берді. Өз үй-жайына қайтып, ол дереу сырқаттанды және жеті күн өткен соң қайтыс болды, ал оның барлық денесі таңқаларлық түрде көгеріп кетті. Сондықтан бәрі де оның жерін еркінірек біржолата иелену үшін оны улатуына сенімді болды. Императордың анасы сол жерде болған адамдардың білуінсіз оның ұлы Александрға әкесінің жерін сыйлаймын деп оны келгізу үшін хабаршыны Руссияға жібергені бұған дәлел болып табылады. Ол барғысы келмей қалды, бірақ жаңағы ханым оған әкесінің жерін алу үшін келсін деп хаттарын жіберді. Алайда бәрі, егер ол келсе, оны жансыздандыруына әлде мәңгі тұтқынға ұшыратуына сенімді болды.
VIII. Егер уақытты шатырстырмасақ, Ярослав қайтыс болғаннан кейін, татарларымыз бізді императорға апарды. Ал император татарларымыздан оған келгенімізді естігенде, анасына қайтып оралуға бізге бұйрық берді. Өйткені, мұны анық білетіндер айтқандай, келесі күні ол Батыстың бүкіл жеріне қарсы туды көтергісі келген еді және біз бұл туралы біліп қойғанымызды қаламады. Біз қайтып келіп, біраз күн өткен соң, қайтадан оған оралдық. Онымен бірге біз бір ай бойы аман-есен болдық, бірақ төрт адамға берілетін азық-түлік әрең деген біреуімізге жеткендіктен және, базар өте алыс болып, бірдеңені сатып алуға мүмкіндігіміз болмағандықтан, қатты ашығып-шөлдеп өмір сүрдік. Егер Тәңіріміз бізді біраз қолдаған аты Косма бір орысты алдын ала әзірлеп қоймаса әлде басқа біреу арқылы көмек көрсетпесе, өлер едік деп ойлаймыз. Жаңағы Косма императордың зергері болып, анау оны қатты жақсы көретін. Ол бізге өзі жасаған императордың тағын да, таңбасын да көрсетті және сол таңбадағы жазуды түсіндірді. Оның үстіне императордың басқа да көптеген құпияларын басқа көсемдермен келген адамдар, латын және французша білетін көптеген орыс пен венгрлер, орыс дін қызметшілері олармен бірге болған басқалар да арқылы білдік. Олардың кейбіреулері соғыс пен басқа да татарлардың әрекеттері кезінде отыз жыл жүріп, тілің біліп және олармен кетпей жиырма не он, не бұдан да көп жыл өткізіп, олар туралы барлығын білетін. Олардан біз бәрін барла алдық, кейбіреулері тіпті сұрақсыз та, біздің ниетімізді біліп, өздері баяндады.
IX. Осыдан кейін император бірінші хатшысы Хингайды бізге жіберді және, сөздеріміз бен тапсырмаларымызды жазып, ол арқылы оған беруіне бұйрық берді. Сөйттік те Батуға бұрын айтылған барлық сөздерімізді жаздық. Бірнеше күн өткен соң ол бізді қайтадан шақыруға бұйрық беріп, бүкіл мемлекеті басқарушысы Қадан арқылы бірінші хатшылары Бала мен Хингай және басқада көптеген жазғышылардың көздерінше барлық сөздердімізді айтуымызды әмір етті. Біз мұны өз еркімізбен және ықыласпен орындадық. Біздін тілмашымыз бұл жолы, басқа жолы да сияқты, Ярославтың жауынгері Темер болатын, ал сұхбатымызға Темермен болған дін қызметшісі және императормен болған дін қызметшісі қатысты. Ол бізден Папа мырзада орыс, саррацин немесе татар сауаттарын түсінетін адамдар бар ма деп сұрады. Біз не орыс, не татар, не саррацин сауаттарын білмейміз, бірақ саррациндер, Папа мырзадан алыс тұрсада, елімізде бар деп жауап бердік. Дегенмен, бізге пайдалы болып көрінгенін айттық: олар татарша жазып, бізге аударсын, ал біз оны мұқият түрде өз тілімізде жазамыз және хатты да, аудармасын да Папа мырзаға апарып жеткіземіз. Сонда олар, бізді қалдырып, императорға кетті.
Х. Ал әулие Мартин күні бізді екіншілей шақырып, Қадақ, Хингай, Бала және жоғарыда ескерілген жазғышылардың көбісі бізге шықты және хатты сөзбе-сөз түсіндірді. Біз оны латын тілінде жазғанда, бір сөзде де қателеспейтінімізді білгісі келіп, олар жекелеген сөйлемдерді аударуға бізді мәжбүр етті. Ал екі хат жазылып болғанда, олар, бізде аздау болмасын деп, бірінші, сосын екінші рет бізді оқыттырды, және бізге былай деді: «Байқандар, бәрін дұрыстап ұғып алындар, өйткені оншама алыс аумақтарға түсінбей барсаңдар, пайда болмас». «Біз бәрін жақсы түсінеміз» деп жауап бергенімізде, олар, Папа мырза қаласа, елдерімізде хатты оқый алатын адамды табу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін хатты саррацин тілінде көшірді.
XI. Татар императорының әдеті бойынша ол ешқашан да шетелдікпен, қандай ұлы болса да, өз аузымен сөйлемейді, бірақ, жоғарыда көрсеткендей, делдал арқылы оны тыңдайды және жауап береді. Дегенмен, әрдайым олар Қадақтың алдында шаруаларын баяндағанда немесе императордың жауабын тыңдағанда, оған бағынған адамдар ұлылықтарына қарамастан әңгіме біткенше тізелерін бүгіп тұрады. Император мәселені шешкен соң біреунің бұл турады бірдемені айтатыны мүмкін емес, мұнадай әдеті де жоқ. Ал жаңағы императордың басқарушысынан, бірінші хатшыларынан және жазғышыларынан басқа да қоғамдық пен жеке шаруалары үшін тағайындалған бишікештер бар, тек соттары жоқ, өйткені бәрі соттық талқылауның шуылысыз императордың еркі бойынша жасалады. Татарлардың басқа төрелері де оларға қатысты мәселелерде дәл осылай істейді.
XII. Ал императордың өзі қырық не қырық бес немесе одан да көп жаста болуы мүмкін. Бойы ұзын емес, өте зерделі және тым жымырысқы, мінезі аса байыпты және маңғаз. Онымен ұдайы бола жатқан мәсіхшілер бізге айтқандай, оны бостан-босқа күлетінді немесе ұшқалақтық іс жасайтыны ешкім ешқашан да көрген жоқ. Сондай-ақ малайларының арасындағы мәсіхшілер оның мәсіхші болуы тиіс екеніне қатты сенетіндерін бізге айтатын. Мұнын айқын белгісі деп олар императордың христиан дін қызметшілерін қасында ұстайтынын және оларды асырайтынын, сондай-ақ оның үлкен шатырдың алдында әрдайым христиан шіркеушенің тұратынын санайды. Олардың өздері, басқа да мәсіхшілер сияқты, татарлардың әлде басқаларадың жиының үлкендігіне қарамай, бүкіл елдің алдында ашыла өлеңдерін айтады және гректер дәстүріне сәйкес қоңырауға соғып сағаттарға шақырады. Қалған көсемдерде былай емес.
XIII. Татарларымыз бізге айтқандай, император бізбен бірге өз елшілерін жіберу ниеті болатын. Алайда, біздің ойлауымызша, ол бұл туралы біз сұрайтынымызды қалаған, себебі татарларымыздың ең үлкені мұны сұрауға бізді нындырып жатқан еді. Дегенмен, олардың бізбен баратыны бізге мүлдем қолайсыз болып көрінгендіткен, сұрау дегені біздің ісіміз емес, бірақ егер императордың өзі оларды өз еркі бойынша жіберсе, біз оларды Құдай көмегімен қауіп-қатерсіз өткізіп апарамыз деп жауап бердік. Бізге олардың келуі көптеген себептермен ыңғайсыз болып көрінді.
Біріншісі – арамызда бола жатқан жанжалдар мен соғыстарды көріп, олар бізге қарсы жорық жасауға одан да шабыттана түседі деп қауіптендік.
Екіншісі себебіміз – олар біздің жерімізде барлаушы болып шықпас деп қорқтық.
Үшіншісі себебіміз – біздің халықтарымыз едәуір пандық және асқақ болғандықтан, татарларды өлтіруден қорыққанбыз. Мысалы Алемания легаты кардинал өтініші бойынша біздің қызметшілеріміз татар киімдерінде оған барғанда, тевтондар оларды өлтіре жаздады, сондықтан олар киімдерін шешуге мәжбүр болды. Ал татарларда олардың елшілерін өлтірген адамдармен ешқашан да бейбітшілік орнатпайтыны әдеті бар.
Төртінші себебіміз – саррациндер сұлтанына бір рет болғандай, оларды да біреулер бізден күштеп алып қоятынан қорқтық. Жаңағы сұлтанды айтсақ, ол, егер өлмесе, әлі де тұтқында қалып жатыр.
Бесінші себебіміз – олардың келуінен ешқандай пайда болмаған еді, өйткені оларға императордың хатын Папа мырза мен қалған князьдерге тапсырудан басқа тапсырма немесе билік берілген жоқ, ал хат бізде болатын, және біз осыдан шыға алатын нәтежелерін жаман деп санадық. Сондықтан біз олардың баратынды ұнатпадық. Осыдан кейін үшінші күні, әулие Бриций мерекесінде, олар бізге кетуімізге рұқсатпен бірге императордың таңбасымен басылған хатын берді және бізді императордың анасына жіберді. Ол біздің әрқайсымызға жүні сыртта, ал ішінен мақтамен астарланған түлкі тонды және қызылкүрең матаны сыйлады. Сол матадан біздің татарларымыз әр киығынан сүйемін, ал қызметшімізге берген матасынан тең жартысын ұрлап кеткен. Біз мұны біліп қойдық, бірақ осындай желеу үшін ұрысуымыз келмеді.
§ III. Оралу жолымыз туралы
I. Сонда біз кері жолға бет бұрдық та бүкіл қыс бойы жүрдік. Біз жиі ағаштар жоқ тегіс шөл далада қарда ұйықтауға мәжбүр болдық. Кейде біз тек аяқпен өздерімізге орын қаза алатынбыз. Жиі, жел қарды айдағанда, ол бізді толығымен бүркеп қалатын. Сөйтіп Тәңір Көтерілуі мейрамында Батуға келіп, Папа мырзаға не жауап бергісі келетінді оны сұрадық. Ол император жазғанынан басқа ештеңе тапсырғысы келмейтінді айтты. Дегенмен ол императордың жазғанын Папа мырза мен басқа да әміршілерімізге мұқият түрде айтып беруді тиіспіз деп қосты. Сөйтіп, жол жүру хатын алып, біз одан кеттік және Үштік аптасыдан кейінгі сенбі күні Мауциге жеттік. Онда біздің ұсталған жолдастарымыз бен қызметшілеріміз болды. Біз оларды өздерімізге кері жетелеп әкелгіздік. Сол жерден біз Коренцаға бардық, ал ол жаңадан бізден сыйларды сұрады, бірақ бізде түк болмағандықтан ештеңені берген жоқпыз. Ол бізді Киев деген орыс қаласына дейін шығара салатын татарлар арасынан екі кұман берді. Алайда біздің татарымыз біз соңғы татар сақшы жасағынан кеткенше бізді тастап қалдырған жоқ. Ал Коренца тағандайыған басқалар алты күннің ішінде бізді соңғы сақшы жасағынан Киевке дейін жеткізді.
ІІ. Сол қалаға біз әулие Жақия Шомылдырушы мейрамынан он төрт күн бұрын келдік. Киевтіктер біздің келгенімізді біліп, барлықтары қуанып қарсымызға шықты және біз өлімнен көтерілгеніміздей бізді құттықтады. Сөйтіп бүкіл Руссияда және Польша мен Богемияда бізді қарсы алатын. Даниил мен оның ағасы Василько бізге арнап үлкен той жасады да біздің еркімізге қарсы сегіз күнге бізді ұстап қалдырды. Сол екі орада олар бір-бірімен, епископтармен және басқа да лайықты адамдармен біз татарларға барғанымызда оларға айтқанымыз туралы ақылдасатын және нәтижесінде Папа мырзаны өздерінің айрықша мырзасы және әкесі ретінде, ал киелі Рим Шіркеуіні олардың ханымы және ұстазы ретінде көргісі келетінді бізге бірауыздан айтты. Одан әрі олар бұрын аббаты арқылы бұл мәселе туралы бізге хабарланған бәрін растады да бізбен бірге осы жөнінде Папа мырзаға хаты мен елшілерін жіберді.
§ IV. Татарлар жерінде бізді тапқан куәгерлер туралы
I. Біз татарлар жерінде болғанымызға күмән тудырмау үшін, біз сонда бізді тапқан адамдардың аттарын жазамыз. Патша Даниил Орыс барлық жауынгерлерімен және онымен келген адамдармен бірге бізді Бату әпкесіне үйленген Қартанның ордаларының қасында тапты. Коренцада біз киевтік жүзбасыны Монгрот пен оның серіктестерін таптық – олар бізді жолдың бір бөлігі арқылы шығарып салды, ал Батуға бізден бұрын келді. Батуда біз Руссиядан келген князь Ярославты және онымен болған аты Сангор жауынгерді таптық. Оның тегі құман, бірақ, басқа да Суздаль жерінен келген және Батуда біздің тілмашымыз болған орыс сияқты, мәсіхші болып кетті. Татарлар императорында біз сол жерде қайтыс болған князь Ярославты және аты Темер оның жауынгерін таптық. Жаңағы Темер Күйік қанда, яғни татарлар имперторында болғанымызда біздің тілмашымыз болып, Папа мырзаға бағытталған император хатын да, сөйлеуміз бен жауаптарды да аударды. Сондай-ақ сонда жоғарыда аталған князьдің дін қызметшісі Дубарлай мен оның малайлары Яков, Михаил және басқа Яков болды. Бесерминдер жеріне оралғанда, Лемфинк қаласында біз Ярослав әйелі мен Батудың бұйрығы бойынша жоғарыда аталған Ярославқа бара жатқан Угней мен Көктелепті оның барлық серіктестерімен бірге таптық. Олардың барлығы Руссиядағы Суздаль жеріне оралып қайтты. Оларда, қажет болса, шындықты табуға болады. Мауциде біз онда қалған жолдастарымызды, князь Ярослав пен оның серіктестерін және Святополк деген бір орысты таптық. Ал Құманиядан шыққанда біз татарлар жеріне кіре жатқан князь Роман мен оның серіктестерін және бүгінге дейін тірі қалған князь Алогуны оның серіктестерімен бірге таптық. Құманиядан бізбен Чернигов князінің елшісі де шығып, ұзақ уақыт бойы бірге Руссия арқылы жүрдік. Айта кетейік: олардың бырлығы орыс княздері.
ІІ. Алғашқы татар сақшы жасағына дейін бізге қосшылар мен жылқыларды берген және қайтып келгенімізде бізді татарлар қосшылармен және олардың аттарымен бірге қарсы алған Киевтің барлық азаматтары және біз өткен жерінде тұратын Батуның желімделген хаты мен бізге жылқы мен азық-түлік беруге бұйрығын қабылдаған барлық орыс адамдары куәгерлер болып табылады. Олар Батуның бұйрығын орындамай қалса, өлу шеді. Оның үстіне бізбен бірге Киевке дейін барған және біздің жасағымыздың татарлар жеріне кіргенін білген Бреславль көпестері, сондай-ақ біз татарларға кеткеннен кейін Киевке Польшадан да, Австриядан да келген көптеген басқа да көпестер куәгерлер бола алады.
Константинопольдан татарлар жері арқылы Руссияға келген және біз қайтып оралғанда Киевте болған көпестер де куәгерлер ретінде жүреді. Ал олардың есімдері келесідей: Генуялық Михаил, сондай-ақ Варфоломей, Венециандық Мануил, Акрадан шыққан Яков Реверий, Пизалық Николай – бұл ең бастылары. Басқалар оншама маңызды емес: Марк, Генрих, Иоанн Вазий, тағы біреуі Генрих Бонадиес, Петр Пасхами. Басқалар да көптеген адамдар болған еді, бірақ олардың есімдері бізге белгісіз.
[Бүкіл кітаптің соңы]
Жоғарыда жазылғанын оқығандардың барлықтарыңызды ештенеңі өзгертпеуді және қоспауды өтінеміз, өйткені біз ештеңені әдейі қоспай ақиқаттың алдында сенім лайықты деп санаған басқалардан естігенімізді немесе өздеріміз көргенімізді жаздық, ал Құдай бұған куә болсын. Бірақ Польша, Богемия, Тевтония, Леодия және Кампания жерлерімен өткенімізде, онда тұрған адамдар жазылған тарихты оқығысы келгендіктен, олар оны біз жазып бітіріп толығымен түзеткенімізден бұрын оқып болды, өйткені оны тұжырымды бітіруге бос уақытымыз әлі болған жоқ. Сондықтан мынау кітабымыз бұрынғыдан гөрі егжей-тегжейлі екеніне және жақсырақ түзетілгенінне ешкім де таңғалмасын, себебі бос уақытқа жетіп, біз оны толығымен түзетіп, бұрын жаса алмағанымызды бітірдік.
Біз татарлар деп аталатын моңғалдардың тарихы аяқталды.