Орган музыкасының концерттері

Где послушать орган?  - В Караганде!

Орган сияқты музыкалық аспап Қазақстанда сирек кездеседі, сондықтан оған деген қызығушылық зор. Қарағандыдағы Фатималық Аса қасиетті Мәриям Бике кафедралы соборының ашылу салтанатына дейін, 2011 жылдан бастап, осында орган музыкасының концерттері өткізіле бастады. Оларға деген қызығушылықтың үлкендігі соншалық, жылына 30-ға дейін концерт өткізіледі және сол кезде Орта Азиядағы ең үлкен собор адамдарға толы. Мұндай концертке діни наным-сенімге қарамастан кез келген адам қатыса алады. Өйткені өнердің шынайы мақсаты  – қоғамды гуманизациялау. Католик Шіркеуі осы үдеріске белсене қатысқысы келеді, оның дәлелі – Қазақстандағы Католик Шіркеуі ұйымдастырған осындай мәдени іс-шаралар.

Қарағандыға арналған Орган құралын Фельдкирх қаласында орналасқан австриялық Pflüger фирмасы шығарған. Ол 32 регистр, 1974 металл және 128 ағаштүтіктерден жасалған – жалпы 2102 түтік. Ол кіре берістің үстіндегі балконда орналасқан және собордың жалпы архитектуралық көрінісіне үйлесімді болып келеді. Оның қуатты дыбысы ғибадатхананың барлық бұрыштарын толтырады. Қарағанды классикалық трубалық органы әмбебап болып табылады, оған барлық стильдер тән: діни симфониялары мен месса тәртібінің әндері, барокко қатаң дыбысталуы, романтиктердің нәзік қиялдары мен XX ғасыр авторларының батыл эксперименттері. 

Кез келген органист үшін бұл аспапта өнер көрсету – үлкен құрмет және зор оқиға. Жоба аясында Қарағандыда орган симфониясының шеберлері өнер көрсетті, олар: ҚазҰӨУ оқытушылары – Салтанат Әбілханова мен Ғабит Несіпбаев, Ресейден келген атақты органистер – Евгений Авраменко, Алексей Шмиттов, Андрей Бардин, Денис Маханьков пен Дина Ихина дуэты, Владимир Королевский, Даниэль Зарецкий, АҚШ – тан келген белгілі органист Колин Эндрюс, Еуропаның үздік органистері –  Станислав Шурин (Словакия), Ирина Лампен (Финляндия), Чезаре Манчини (Италия), Илья Кудрявцев (Швейцария) және тағы басқалар.

Орган музыкасының концерттері

Тыңдаушылардың үлкен қуанышына орай, орган көбінесе концерттерде тек соло ғана емес, сондай-ақ басқа музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен де, вокалисттердің сүйемелдеуімен де жиі естіледі. Осылайша, талантты дирижер Петр Грибановтың басшылығымен орган бірнеше рет қарағандылық симфониялық оркестрімен бірге шырқады. Орган қазақ халық аспаптары – қыл-қобыз және жетігенмен ерекше, парадоксалды үйлесімді болып келеді, мұндай үндестікті Қазақстанда тек Қарағандыда ғана орган музыкасы жобасы аясында естуге болады.

Орган музыкасының концерттері

Ең басынан бастап, 8 жыл бойы ұйымдастырушы ретінде танылған Катажина Хенсы кейде концерттерді өзінің керемет вокалымен безендіреді. Ол бізге осы жоба туралы толық айтып берді.

– Қарағандыда орган концерттері қалай дамыды?

Орган концерттерінің идеясын Қарағанды тұрғындары бірден қабылдап алды. Қазақстанда шынайы үрмелі органды есту өте қиын. Қазақстанда тек төртеуі бар: біреуі Астанада, екеуі Алматыда және бізде. Көкшетауда да бар, бірақ ондағы орган Литвадан әкелініп, бөлік-бөлігімен жиналған. Біздің адамдарда сұлулықты аңсау сезімі бар, олар музыкаға тартылады, бұл концерттерде көрінеді. Біздің тыңдаушыларымыздың арасында тұрақты келушілер бар, олардың жүзі маған таныс.

– Сіз ұйымдастырушы ретінде қандай міндеттер қойдыңыз? Қарағандыдағы орган концерттерінің миссиясы қандай?

Біз адамдар Қарағандыда кафедралық собор сияқты осындай орын бар екенін білсін дейміз.  Бұл адамдардың ғибадатханаға байқаушы ретінде баруы ғана емес, себебі соборды еркін көруге болады. Бұл адамдарға біздің дәстүрімізді көрсету тәсілі, өйткені орган музыкасы литургия мен руханилықпен байланысты. Әр концертте көрермендермен қарым-қатынас жасап, шығармалар туралы әңгімелейтін жүргізуші бар. Осылайша біз адамдарды біздің көрермендерімізге таныс емес, яғни рухани музыкамен, ғибадатханамен байланысты музыкамен таныстыруға тырысамыз.

Орган музыкасының концерттері

Мен біздің миссиямызды және жеке менің миссиямды Папа Иоанн Павел II сөздерінде көріп отырмын, ол Area Gentium (Двор язычников) туралы айтқан,  яғни ол – ғибадатханадағы кеңістік, онда сенбейтін адамдардың келуі мүмкін. Ұйымдастырушы ретінде менің міндетім – біздің соборымызда Area Gentium  құру болып табылады. Адамдарға шіркеудің өміріне діни негізде емес, өзге принцип бойынша қатысуға мүмкіндік беретін орын, себебі олар басқаша келе алмайды. Мен Шіркеуден алыс адамдарға ғибадатханада болуға, атмосферасын сезінуге, Католик шіркеуінің мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысу мүмкіндігін бергім келеді.

– Сіз болашақта орган концерттерінен нені күтесіз және сіздің көзқарасыңыз қандай?

– Мен сенушілерге жолығып, оларды да концерттерге қатысуға шақырғым келеді. Өкінішке орай, органдық концерттер әлі де біздің келушілерімізден тыс өтеді. Көбінде сенушілер де орган мәдениетімен таныс емес. Бізге тек литургиялық орган ғана белгілі, ал аспаптың толық мүмкіндіктерін біз білмейміз, бірақ Месса уақытында бізде әрқашан кәсіпқой органистер ойнай бермейді және әндердің үндесуі өте қарапайым.Сонымен қатар, орган концерттері – біздің рухани қызығушылық танытатын көптеген адамдарды кездестірудің бірегей мүмкіндігі. Көбінесе бұл адамдар ғибадатханаға келіп, бізбен танысқысы келеді. Біз оларға достығымызды ұсына аламыз, ал ол арқылы Құдай туралы көбірек білуге мүмкіндік бере аламыз. Мен орган концерттерінің айналасында көбірек қозғалыстар жасауды қалаймын, олар туралы көбірек әңгімелесу керек, және олар зайырлы және діни баспасөзде де белсенді жарық көрсе екен деймін. Біз бір-бірімізге және Құдайға жақын болып, мәдениетті,рухани болғанымызды қалаймын.

Католическая информационная служба Центральной Азии

Егер  сізге бұл мақала ұнаған болса, әлеуметтік желілерде немесе  мессенджерлерде  сілтемемен бөлісу арқылы достарыңызға ұсыныңыз:

Facebook
VK
OK
WhatsApp
Басып шығару

Жаңа материалдар,видео және трансляцияларды жіберіп алмас үшін,бізге YouTube, VKFacebook немесе  Instagram, желілерінде жазылыңыз.

Scroll to Top